Қолданылған әдебиеттер:
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
2 Блок Бассүйектілер тип тармағы
Дәріс №11. Балықтар класы.
Мақсаты: Балықтар класына сипаттама беру.
Дәріс жоспары:
1. Балықтар класының жалпы сипаттамасы.
2. Ішкі құрылыс ерекшеліктері.
3.Систематикасы.
Балықтар – негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді. Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девонкезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады.
Ішкі құрылыс ерекшеліктері Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты). Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 – 2 жыл (кейбір бұзаубасбалықтар), тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері – біреу. Миының құрылысы қарапайым. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ – тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балықтар: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштарболып бөлінеді. Балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.). Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар (мысалы, қиыршығыс албырты, кета, т.б.). Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді. Балықтар – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі XX ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі,Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиология деп аталады.
Қолданылған әдебиеттер:
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
Дәріс №12. Қосмекенділер класы.
Мақсаты: Қосмекенділер класына сипаттама беру.
Дәріс жоспары:
1. Қосмекенділер класының жалпы сипаттамасы.
2. Ішкі құрылыс ерекшеліктері.
3.Систематикасы.
Қосмекенділер (Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін артерия қаны болады. Қарыншада артерия жәневена қандары араласады.
Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы болады. Зәр бөлу жүйесі мезонефростық (дене бүйрегі) типке жатады. Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 1,8 м дейін жетеді. Терісі жұмсақ, жалаңаш денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады. Тіршілігіне қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік қосмекенділердің сероз бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы келеді. Балықтардан айырмашылығы тері бездері ірі, көп клеткалы болады. Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығы, даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген.
Кейбір түрлерінін тіршілігі сумен байланысты. Олар ерте девонда балықтардан бөлініп шығып, құрлық жануарларымен балықтардың ортасындағы жануарлар тобына айналған. Казіргі қосмекенділердің дене ұзындығы 2-3 см-ден 1,8 м дейін. Терісі жұмсақ, тықыр, көптеген кілегей бездерінің сөлімен әрдайым ылғалданады және тері арқылы әртүрлі ауа газдарымен су алмасу процестерін жүргізеді. Олардың арасында кейбір түрлері артқы аяқтарын жоғалтқан,ал кейбіреулері аяқсыз калған. Кеуделері жоқ, өкпеге ауа ауыз қуысының түбіндегі бұлшық еттердің жиырылуымен жеткізіледі. Кейбір түрлері өкпесіз, (саламандрлар). Мишық жетілмеген. Құйрықсыз К. ортаңғы кұлағы мен дауылпаз жарғағы бар. Жүрегі үш камералы, ал өкпесі жоқтарда, екі камералы. Бүйректері балықтар бүйрегіне ұқсас, клоакаға ашылады. Қ., пойкилотермді жануарлар.
Қосмекенділердің систематикасы
Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалылар (Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер,құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі.
Қолданылған әдебиеттер:
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
Дәріс №13. Бауырмен жорғалаушылар класы.
Мақсаты: Бауырмен жорғалаушылар класына сипаттама беру.
Дәріс жоспары:
1. Бауырмен жорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы.
2. Ішкі құрылыс ерекшеліктері.
3.Систематикасы.
Бауырмен жорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы.
Бауырымен жорғалаушылар , рептилиялар (Reptіlіa) – омыртқалы жануарлардың бір класы.
Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдантараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердіңалғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар,мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты.
Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың, мезозой, кайнозойшөгінділерінен түрлі тасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған.
Бауырымен жорғалаушылардың 6500-ден астам түрі бар. Олардың ішінде ең көбі – 3700 түрі бар кесірткелер. Онан кейінгі орында – жыландар (2800). Тіршілік етіп жатқан жорғалаушылардың ең ірісі жорғалаушылардың ең аз тұқымтобына жататын тәмсақтар болып табылады. Олардың не бары 25 түрі бар.
Бауырымен жорғалаушылар (рептилиялар)– салқынқанды жануарлар. Бұл олардың денелерін қыздыру үшін күн сәулесі қажет екенін білдіреді, сондықтан да оларды өте суық климатта кездестіре алмайсың. Ауа райы суық кезде олар көбінесе тәтті ұйқыға кетеді.Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді.Денесінің ұзындығы бірнеше см-ден 10 м-ге дейін болады. Терісі әдетте безсіз, мүйіз қабыршақпен не қалқандармен жабылған, бұл олардың денесін құрғап кетуден және түрлі зақымнан қорғайды. Қаңқасы мен бұлшық еттері жақсы жетілген. Бауырымен жорғалаушылар өкпесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі 2 шеңберлі, жүрегі 3 камералы (2 жүрекше, 1 қарынша, тек қолтырауындарда 4 камералы).
Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа салу арқылы көбейеді, ірі жұмыртқаларын құрлыққа салады. Жұмыртқалары қоректік сары уызға бай, ұрық осы уыздың есебінен өсіп жетіледі. Кейбір кесірткелер (сцинк) мен жыландар тірідей туады. Олардың кейбір түрлері партеногенетик. жолмен (еркегінсіз) көбейеді. Қос бүйрегі арқылы зәр шығарады (көпшілігінің несеп шығаратын қуығы болады).
Бауырымен жорғалаушылардың тіршілік әрекеті көбіне күн сәулесі радиациясы мен өзін қоршаған орта температурасына байланысты. Дене температурасы 6 – 8°С-қа төмендегенде олардың қимылы нашарлайды, ал температура 2 – 3°С болғанда қысқы ұйқыға кетеді. Көбінесе шөлді жерлерді мекендейді. Су тасбақалары, қолтырауындар балықтармен, балдырмен, кесірткелер жәндіктермен, құрлық тасбақалары өсімдіктермен қоректенеді. Өздері де аң-құсқа жем болады. Ірі жыландар мен қолтырауын терісінен түрлі бұйымдар жасалады, кейбір елдерде тасбақа еті мен жұмыртқасы тағамға пайдаланылады, жылан уы медицинада қолданылады. Бауырымен жорғалаушылардың кейбір түрлері (жұмырбас шұбар кесіртке, Зайсан жұмырбас кесірткесі, кесел, сары жылан, т.б.) Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Систематикасы.
Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді. Олар: тұмсықбастылар,қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер.
Қолданылған әдебиеттер:
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
Дәріс №14. Құстар класы.
Мақсаты: Құстар класына сипаттама беру.
Дәріс жоспары:
1. Құстар класының жалпы сипаттамасы.
2. Ішкі құрылыс ерекшеліктері.
3.Систематикасы.
Құстар класының жалпы сипаттамасы
Құстар (лат. Aves) – омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы.
Құстар – жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.
Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.
Систематикасы
Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған. Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған.
1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген.
Қолданылған әдебиеттер:
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
Дәріс №15. Сүтқоректілер класы.
Мақсаты: Сүтқоректілер класына сипаттама беру.
Дәріс жоспары:
1. Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы.
2. Ішкі құрылыс ерекшеліктері.
3.Систематикасы.
Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасы.
Сүтқоректілер жануарлар дүниесінің жоғары сатыдағы тобын құрайды. Бұған ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5 000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Түрлі орта жағдайларында (суда, ауада, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия»(кейде «териология») деп атайды. Олардың тұрқы 4 см, салмағы 1,2 грамдық, сондай-ақ тұрқы 33 м, салмағы 150 тонна тартатындары да бар. Денесі түкпен қапталған, алдыңғы ми сыңарларының сыртында ми қыртысы жақсы дамыған.Қаңқасы. Бассүйек, омыртқа, төс клеткадан, алдыңғы және артқы аяқтарының белбеулерiнен, еркiн аяқтардан тұрады, бассүйек милы және беттi бөлiктен, көз қарашығынан, астыңғы және үстiңгi жақтардан тұрады (күрек тiстер, иттiстер, азу тiстер). Тiстерi шұңқырда орналасып, түбiрден, мойыннан және эмальмен қапталған қабықтан тұрады. Сүттiлерi әрқашанда ауысып отырады. Омыртқасы 7 мойынды, 12 төстi, қозғалмалы қосылған 6 белдi омыртқадан, 3-4 крестi, жамбаспен өскен, (қозғалмалы қосылған) құйрықты омыртқалардан тұрады. Құйрықты омыртқалардың саны әртүрлi. Көкiрек клеткасы омыртқаның төстi бөлiгiнен, төстiктен және 12 жұп қабырғадан түзiлген. Иық белбеуi: қарға сүйекгi бiтiсiп кеткен жауырыннан және бiр, бұғанадан құралады. Артқы аяқтарының белбеуi: жамбасының сүйектерi – сербек, қасаға және шонданай.
Ішкі құрылыс ерекшеліктері.
Бұлшықеттер. Ең күштiлерi шайнағыш, арқа және аяқтарының бұлшықеттерi. Диафрагма – тыныстық қозғалыстарға қатысып, дене қуысын төстi және құрсақты бөлiкке бөлетiн бұлшықет. Ымды бұлшықеттер.
Ас қорыту жүйесi. Тiстi ауыз, дәм сезушi клеткалары бар, бұлшықеттi тiл, сiлекей бездер. Жұтқыншақ, өңеш, қарын, iшек (алдыңғы, аш және тiк iшектер). Бауыр және қарын асты бездер. Жануарлармен және өсiмдiктермен қоректенедi.
Тыныс алу жүйесi. Ауа өтетін мүшелер мен өкпеден тыныс жүйесі құралады. Ауа өтетін мүшелерге танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамырлар жатады. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды өкпе көпіршіктері (альвеолдар) деп атайды. Өкпе көпіршектерінің сыртын қылтамырлар торлайды да, сол жерде газ алмасу жүреді. Кеуде қуысының кейде кеңейіп, кейде тарылуына сәйкес өкпеге ауа енеді және кері шығады.
Тыныс алуы кеуде клеткасы мен диафрагма көмегiмен iске асады. Тыныс алуы жиi, терең емес, сондықтан жылуберуi жоғарғы тыныс жолдарының ауыз қуысы мен тiлiнiң бетiнiң суытылуы арқылы iске асады.
Қанайналым жүйесi. Жүрегi төрткамералы. Екi қан айналым шеңберi бар. Жүрек соғысы 1 мин. 120 соғады.
Зәр шығару жүйесi. Бұршақ формалы жамбас бүйректерi, зәрағар, қуық, зәр шығару каналы. Зәр шығару сонымен қатар терi арқылы да жүредi (тер бездерi). Су, тұздар, несеп бөлiнедi.
Жүйке жүйесi. Орталық – бас ми және жұлын, ал перифериялық – олардан шығатын жүйкелер. Әсіресе мидың көлемі үлкен. Алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. Ми сыңарларының сыртындағы көптеген иірім, сайшалар ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сүтқоректілердің күрделі қозғалыс әрекетіне байланысты мишығы да жақсы жетілген. Мишықтың сыртында сайшалар, иірімдер көп.
Мидың жарты шарының қабығы – жоғарғы жүйенiң iс-әрекет ортасы. Қабығы қартар түзедi.. Шартты және шартсыз рефлекстерi күрделi.
Сезiм мүшелерi. Иiс сезу, жанаса сезу және есту жақсы дамыған. Түстi көруi дамымаған, бiрақ бейненi, ымды, қозғалысты көредi, себебi олар бас миының қабығында сарапталады.
Көпшілік сүтқоректілерде есту мүшесі жақсы жетілген. Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын құлақ қалқаны пайда болған. Дыбыс толқындарын сол арқылы қабылдайды.
Сүтқоректілер – дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі –жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық жолдасы» (плацента) пайда болған (178-сурет). Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар» деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды.
Систематикасы
Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер 2 класс тармағына жіктеледі. Олар: ілкіаңдаржәне қазіргі аңдар.
Ілкіаңдар (алғашқы аңдар) немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер – жұмыртқа салады. Құстарға ұқсас клоакасы болады. Оған Австралия және сол аймақтағы аралдарда кездесетінүйректұмсық, түрпі (ехидна), түрпітек (проехидна) жатады.
Қолданылған әдебиеттер:
К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов, Омыртқалылар зоологиясы.Алматы., 2011ж
Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.
Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007
Зертханалық сабақтар
Модуль 1 Омыртқасыз жануарлар
Блок 1 Біржасушалылар патшалық тармағы
Тәжірибелік жұмыс №1.
Тақырыбы: Зоология пәні, әдістері. Микроскоптың құрылысы. Онымен жұмыс жасау ережелері. Біржасушалылар патшалық тармағы.
Мақсаты: Микроскоптың құрылысымен танысу. Саркодиналар, талшықтылар кластарының өкілдерінің құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Тапсырмалар:
-
Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың дифференциациясына көңіл аудару. Органоидтарды анықтау.
-
Эвгленаның және трипаназоманың құрылысымен танысу. Қоректену, дененің осмос жүйесін, қимыл-қозғалысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу.
-
Шар тәрізді вольвокстің колониясымен танысып, клекталарының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып дифференциациялануына көңіл аудару.
Сұрақтар:
-
Амеба цитоплазмасының ерекшелігі неде?
-
Сұйық заттар амебаның денесіне қалай өтеді және оның қоректенуі?
-
Амебаның көбеюі қалай жүзеге асады?
-
Талшықтылардың қозғалыс тәсілі қандай?
-
Цистаға айналу себептері неде?
-
Талшықтылар мен саркодиналардың айырмашылығы мен ұқсастығы.
-
Стигманың фунциясы қандай?
-
Трипанозомалардың туғызатын аурулары және оларды табиғаттағы тасымалдаушылары.
-
Вольвокс колониясындағы клеткалардың соматикалық және генеративті болып бөлінуі нені көрсетеді?
-
Вольвокстің жыныссыз және жынысты көбеюі.
Қолданылатын әдебиеттер:
Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.
Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.
Достарыңызбен бөлісу: |