Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі бойынша өткізілген «Әкеге қарап ұл өсер» шарасы туралы мәлімет
2020-2021 оқу жылы
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Осы мақсаты – әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, бала тәрбиелеудегі оның рөлінің маңыздылығын арттыруға, бала үшін қауіпсіз ортаны құру және қолдау, отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайтуға бағытталған "Әкеге қарап ұл өсер" атты онлайн танымдық бейнеролигі оқушыларға ұсынылды. Бейнеролик 1-11 сыныптар оқушыларын түгел қамтыды. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Баланы сеніммен тәрбиелеу – зор нәтиже береді. Балаңмен дос, сырлас бола біл. Ешқашан қаталдықпен адамды адам ете алмайсың. Қатыгездік баланы ашындырады, жүрегіне өшпенділік тудырады. Содан сырттай бағынышты көрінгенімен, ішкі қарсылығы өсе береді. Қарсылық қарсылықты туғызады деген физиканың заңы бар ғой. Қай уақытта да жұмсақ қаттыны жеңеді. Су жұмсақ, тамшылап тұрып, тасты теседі. Әке-шеше ретінде қоқаңдап, өз ойыңды тықпалай берсең, баланың тұлғалық қасиеттері ашылмай қалады. Бетінен қақпа, бірақ белін буып жолға сал. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.
Достарыңызбен бөлісу: |