Бекітілді ___________
Сынып сағаты
|
«Мен отбасымды мақтан тұтамын»
|
Күні
|
12.02.2024
|
Сынып жетекші:
|
Нарымбаева Асем Кайратовна
|
Сынып: 6 «З»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
«Мен отбасымды мақтан тұтамын»
|
Сабақтың мақсаты:
|
Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру
|
Құндылықтарды дарыту
|
Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынастың маңыздылығын, отбасындағы құнды дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын айқындату.
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Көрнекіліктер
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
-Қане, балалар, шаттық шеңберіне тұрып, сабағымызды мына өлең жолдарымен бастасақ. Қайырлы күн деп айтамыз,
Мектептен білімді боп қайтамыз.
Қайырлы күн, қонақтар,
Біз әдепті баламыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
-Ал, балалар, сабағымызға сәттілік тілеймін.
2.-Сендер топқа бөліндіңдер. Топта жұмыс істеудің «Алтын ережесін» еске түсірейік. Топтарыңның аты «Айым», «Күнім», «Жаным» деп неліктен аталған деп ойлайсыңдар? Бұл сөздерді кімдер айтады?
- Ендеше бүгінгі сабағымызда отбасы туралы сөз қозғаймыз.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
|
Сабақ ортасы
|
ІІ. «Топтастыру» стратегиясы. І топ. Айым. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? ІІ топ. Күнім. Отбасына қатысты туыстық атауларды жаз. ІІІ топ. Жаным. Отбасындағы жарасым бірін-бірі сыйлайтын, түсінетін, бір-біріне қамқор болу үлкендерге де, кішіге де байланысты екен. Онда осы жарасымды күшейтетін «Отбасы ережесін» құрыңдар.
Мұғалімнің сөзі: Ертеде ата-бабаларымыз киіз үй ортасында от жағатын, оны ошақ деп атаған. Бүкіл отбасы мүшелері от басына жиналып әңгімелесіп, ас ішіп отыратын. Сол кезден бір үйде тұратын жақын туысқандарды отбасы деп атайды. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Оларды отбасы мүшелері дейміз.
ІІІ. «Текті білу тегін емес, өзіңді танығың келсе, тегіңді біл» деген халық даналығы тегін айтылмаса керек. Осы мақсатта мен Томириске тапсырма берген болатынмын. («Менің ата-тегім» отбасы ағашын қорғауы.)
IV. Мақал – мәтелдің жалғасын тап. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Отбасы туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар. Ата – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ. Ұлың – қымбат, Немерең – ыстық. Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер Ата – бәйтерек, Бала – жапырақ. Балалы үйдің еңсесі биік. Ұлы бар үйде қуат бар, Қызы бар үйде шуақ бар.
V. Ойын: «Біз екеуміз бірге…» Бұл ойында бала ата-анасымен бірге үнемі не істейтіндерін жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.
VI. Оқушыларға арналған жағдайларды талдау: Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің? Сенің досың – шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап өзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің? Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыр күнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой.»– деп кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап, дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің? IХ. «Менің отбасымдағы дәстүрлер» топтастыру. Бауырласқан жанымыз
Бұзылмаған салтымыз. Кең даланың ежелгі Қазақ деген халқымыз. Өзге ұлттай біздің де Бар дәстүр мен салтымыз, - дегендей әр отбасында жақсы дәстүрлер сақталған. Соларды топтастырып жазсаңдар
|
Оқушылар Топта ынтымақтастық атмосферасын сақтай отырып,берілген тапсырманы бірлесе шешеді
Оқушылар мақалды аяқтайды
|
|
Соңы
|
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрдің сақтаушысы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни, «Отбасы – алтын діңгек» екенін дәлелдейді.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы, алтын діңгегі.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |