, «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат» дегенге түсінік беріңіздер. Тіршілік өзі қалай дамыды


Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар



бет4/7
Дата12.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#129885
1   2   3   4   5   6   7

48. Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар).

Жер қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер дүмпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады. Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады.Осындай толқындар көлемді(жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады.Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады.Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады.Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі. Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Гипоцентр – алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының сілкініс ошағының ең жоғарғы тереңдігі 50км аспайды.


Эпицентр – бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі. Жер сілкінісі жиі жағдайда жердің жоғарғы қабатындағы жарық-жарылыстармен қоса қабат жүреді.Сілкіну көлемінің шамасы (жер сілкінісінің үдемелілігі) ғимараттардың бүліну деңгейімен жер бетінің өзгеру сипатымен анықталады және балмен есептеледі. Сейсмикалық толқынның жалпы қуатының шамасына жер сілкінісінің магнитудасы (кейбір шартты белгілері) жатады.

49. Жер сілкінісінің магнитудасы және қарқындылығы, өлшемі. Әр түрлі елдерде жер сілкінісі үнемділігін бағалау үшін қолданатын сейсмикалық өлшемдердің көптеген мөлшері (50 шамалы) пайдаланылады. Жапон аралдары тобы жағдайында жер сілкінісінің үдемелілігін анықтау үшін 7 балдық шкала жасалынған. 1964 жылы Медведев С.В (СССР) Шпонхойер (ФРГ) және Крик В.(ЧССР) МШК-64 (оның авторларының бас әріптері алынған) деп аталатын 12 балдық халықаралық өлшемді жасап ұсынды.Достастық және Европаның кейбір елдерінде оны осы кезге дейін пайдаланады. Әр түрлі балдағы жер сілкіністерінің төмендегі белгілерінің адамдардың мінез–құлқы мен іс қимылына, сілкістердің мүмкін болатын әсеріне, құрылыстар мен ғимараттардың жағдайына, жер қабатындағы табиғи құбылыстарға, жер қабатындағы және жер бетіндегі судың жағдайының өзгеру белгілеріне назар аударыңыздар.
1 балл. Жер сілкінісі сезілмейді. Тербелістің үдемелілігі адамдардың сезіну денгейінен төмен болады, жер қабатындағы сілкіністі тек сейсмографтар байқап тіркейді.
2 балл. Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі.Тербелісті ғимараттың ішіндегі тыныштықта, әсіресе жоғарғы қабаттарда болатын жекелеген адамдап ғана сезеді.
3 балл. Әлсіз жер сілкінісі. Үй ішінде болған адамдардың 50% шамасында, ашық жерлердегі адамдардың кейбіреулері ғана жер сілкінісін сезеді.
4 балл. Елеулі жер сілкінісі. Ғимараттардың ішіндегі көп адамдар сезеді, ал ашық жерлерде аз ғана адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандардың кейбіреуі оянып кетеді, бірақ оларды қорқыныш сезімі билемейді. Теңселу сезіледі,ол жүріп бара жатқан айыр жүк машинасы тудырған солқылдауға ұқсас болады.Терезе, есік,ыдыстар сылдырлайды. Еден мен қабырғалар шықырлайды.Мебельдер дірілдейді.Ілулі заттар жеңіл түрде тербеледі.Тұрған автомашиналар да серпіліс сезіледі.
5 балл. Ұйқыдан оянып кету. Жер сілкінісін ғимараттың ішіндегі барлық адамдар, ашық далада көптеген адамдар сезеді.Ұйықтап жатқандар тегіс оянады.Кейбіреулері ғимараттан жүгіріп шығады, жануарлар тынышсыздана бастайды.Ілулі тұрған заттар қатты шайқалады.Кейбір қатты бекітіліп ілінген заттардың өзі құлап түседі,орнынан жылжиды, ыдыстардағы судың бір бөлігі шайқалып төгіледі, кей жағдайларда су көздерінің көлемінде өзгерістер болады.
6 балл. Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді.Көп адамдар қорқып көшеге жүгіріп шығады.Үй жануарлары да қора-қопсыдан шығып кетеді.Тербеліс жүруге кедергі келтіреді.Ғимарат қозғалысқа ұшырап, босаңсиды.Полкалар, сөрелердегі заттар құлайды.Ыдыстар құлап, сына бастайды. Ауыр заттардың өз орнынан қозғалуы мүмкін.Әк, сылақтар түсе бастайды, сылақтарда ұсақ-жарық сызаттар пайда болады.Құдықтардағы су деңгейі мен су көздерінің көлемінде өзгерістер байқалады.
7 балл. Ғимараттардың зақымдануы.Көптеген адамдардың бойын үрей қорқыныш билеп-үй жайлардан жүгіріп шығады, кейбір адамдар үшін аяқпен тұру қиындайды.Көптеген темір бетонды, каркасты ғимараттарда жеңіл зақымдану болады.Ірі блокты ғимарратар мен кірпіштен салынған үйлердің қабырғаларында шамалы жарық-сызаттар пайда болып, түтін тартатын трубалардың бір бөліктері құлай бастайды.кейбір реттерде тіке баурайлардағы жолдардың өтетін бөліктеріндегі құмды жағалауларда құлау, көшкін, ал жолдағы тастарда жарықтар пайда болады, су ылайланып , бетінде толқын пайда болады.Су көздері мен құдықтағы сулар деңгейі өзгеріске ұшырайды.
8 балл. Ғимараттардың қатты зақымдануы. Қорқыныш пен үрей билейді. Кейбір жерлерде ағаш бұтақтары сына бастайды.Ауыр жиһаздар жылжып, кейде құлайды.Саманнан және саз балшықтан тұрғызылған көптеген үй-жайлар мен қора-қопсылар қирайды.Кірпіш үйлердің көпшілігінде түтін тартатын трубалар құлап, қабырғаларда саңылаулар пайда болады. Ғимараттардың кез-келгенінде зақымдану, кейде аралық бөліктердің кейбіреулерінде қирап-бүліну байқалады.Трубалардың жалғастырлған жерлері ажырайды.Ескерткіштер жылжып қозғалады, құлпытас белгілер, тас дуалдар, қоршаулар құлайды.
9 балл. Ғимараттардың жаппай зақымдануы.Жаппай үрей,адамдардың көпшілігі аяғымен тұра алмай,құлайды.Жануарлар азан-қазан, сергелдеңге түседі.Кірпіш және ірі блокты үйлердің көпшілігінің қабырғалары ойылады, ішкі қабырғалары құлайды, ғимарратардың жеке бөліктері бүлініп қирайды.
10 балл. Ғимараттың жаппай қирап-бүлінуі.көптеген панельді, темір бетонды және ағаштан салынған ғимараттардың жеке бөліктері қирап құлайды.Көпір, бөгеттер едәуір зақымдалады.Темір жол рельстері мен жер астындағы трубалар майысып, ажырап кетеді.Жер бетінде 1 м-ге дейін жарық пайда болады.
11 балл. Апат. Барлық ғимараттар, темір жол және автомобиль жолдарының көпірлері, жер асты трубалары, тас жолдар қирап, бүлінеді.Жер бетінің тіке жарылуы және ажырауы, кең жарық саңылау түрінде елеулі өзгеріске ұшырайды.Таулар қайта-қайта опырылп құлайды.
12 балл. Жер бедерінің озгеруі. Жер бетіндегі және жер астындағы барлық құрылыстар іс жүзінде күшті бүлінеді немесе қирайды. Жаңа көлдер пайда болып, өзендер бағытын, саласын өзгертеді.Үлкен аймақтарда таулар құлап-қирайды. Магнитудалар мен балдық қатынастардың кестесі
Магнитуда 2 3 4 5 6 7 8
Балдар 1-2 3 4-5 6 7-8 9-10 11-12

50. Авариялық-химиялық қауіпті заттар тобын сипаттаңыздар. Күнделікті тұрмыста және ауыл шаруашылығындахимиялық заттарды пайдалану кеңейіп келеді.

Олардың кейбірі тіпті зиянды. Суару немесе қоршаған ортаға тастаған кезде ауаны, адамдар мен жануарларды жаппай уландыру қабілетіне ие, сонымен қатар өсімдіктерді, суды улауы мүмкін. Бұл заттарды Авариялық Химиялық Қауіпті Заттар (АХҚЗ) деп атайды. Анықталған АХҚЗ көп мөлшерде оларды өндіретін немесе өндірісте пайдаланатын мекемелерде кездеседі. Авария жағдайында ол тек нысанадағы адамдарды ғана зақымдап қоймай, сыртта, жақын маңдағы ауыл аймақтағы адамдарды зақымдауы мүмкін. Химиялық улы заттардың ірі орталықтары болып обороналық, целлюлозды, мұнай өңдеуші, қара жіне түсті металургия орталықтар, мұнай және химиялық өндіріс орындары. Олардың айтарлықтай кең тараған түрлері хлор, аммиак, күкіртсутек, күкірт газы, нитрил акрилды қышқыл, синильді кислота, бензол, фтор, фторды сутек және т.б. Қарапайым жағжайда АХҚЗ көбіне газ немесе сұйық түрде кездеседі. Хлор – қалыпты жағдайда бұл сары-жасыл түсті, тітіркендіргіш иісі бар газ. -101 °С қысымда қатып қалады да подвалдарда жер астында сақталады. Әлемде хлорды пайдаланудың жылдық мөлшері 40 млн. т. Көп жағдайда заттарды ағартуда, ішетін суды зарасыздандыруда пайдаланылады. Аммиак – қалыпты жағдайда қатты иісті (нашатыр спирті тәрізді) түссіз газ, ауадан екі есе жеңіл болып келеді. Атмосфераға шыққан кезде түтіндейді. -78°С қысым кезінде қатаяды да, -34°С қысымда жанады. Синильді кислота – бұл цианисті сутегі, цианисті-сутекті кислота – түссіз сұйықтық. Ол миндальдің иісін еске түсіретін өзіндік иіске ие. -13,3°С ериді, ал +25,7°С қайнайды. Қалыпты температурада ол жеңіл және ұшқыш болып келеді. Фумигант есебінде, ауыл шаруашылығына зиян келтірушілерге қарсы күрес құралы ретінде және жабық мекемелерді, көліктерді өңдеуге пайдаланылады. Күкіртсутек- жағымсыз иісті түссіз газ. 60,3°С температурада балқиды. Қалыпты температурадағы тығыздығы ауадан 1,5 есе ауыр. Сондықтан да ол көбіне авария болған жерлерде жиналады. Су құбырларын ластайды.


51. Химиялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс-әрекеті.
Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң.
Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химиялық қауіпті объктілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерек-шелігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты. Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады.Соққы толқыны - негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша Шгт ядролық оқтүмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта, 5 километрге, 22 секундта, 10 километрге жетеді. Химиялық ошақ дегеніміз – улағыш зөаттар әсеріне ұшыраған әр түрлі құрылыстар, азық – түлік және шикізат қорлары , су көздері , өсімдіктер мен жануарлар әлемі,тұрғын халқы бар аумақ,оның әсерінен адамдардың, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің зақымдануы туындауы мүмкін. Химиялық зақымдау ошағындағы УЗ типін ескере отырып ұйымдастырылады және жүргізіледі,бұл кезде төмендегі ережелер басшылыққа алынады: -химиялық зақым ошағында жұмыс тыныс алу органдары мен терінің жамылғыш қабаттарын қорғаудың жеке құралдарымен жүргізілуі тиіс; -барлық зақымдаушыларды УЗ – дың одан әрі әсер етуінен қорғау керек,нашар киілген газтұмылдырықты жөндеу немесе қосалқыларын кию; -ең алдымен көмек балаларға, аяғы ауыр әйелдерге ,газтұмылдырығы жоқтарға және аралас зақымданғандарға көрсетіледі; -УЗ- зақымданғандарда жарақат болған кезде алғашқы мед. Жәрдем,ең алдымен УЗ әсеріне қарсы жүргізілуі тиіс,тек содан кейін жарақат бойынша жәрдем көрсетіледі; -химиялық зақым ошағындағы СД жұмысы оның командирі жетекшілігімен жүргізіледі; -химиялық зақым аудандарында қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау керек.

52. Қай өндіріс объектілерінде жиі-жиі өрттер мен жарылыстар болып тұрады? Олардың шығу себептері мен зақымдағыш факторларын атаңыз. Ірі авариялардың қауіпті нәтижелері өрттер мен жарылыстыр болып табылады. Көбіне жоғарғы қысымда болатын қазандар, баллондар, труба құбырлары, көмір шаңы және шахтадағы газдар, ағаш шаңы мен ағаш өңдейтін және жихазға арналған өндіріс орындарындағы түрлі-түсті заттар жарылу нысанына айналады. Өндіріс орындарындағы көптеген авариялар зақымдалған мекеме жұмысшылары үшін ғана қауіп тудырмайды, сонымен қатар жақын маңдағы мекемелер мен тұрғылықты жерлерге де қауіпті. Бұларды жұмысты ұйымдастырған кезде ескеру керек.

Жарылыс кезінде соққы толқыны тек ғимараттардың қирауына ғана әкеліп соқпайды, сонымен қатар адам өлімін тудырады. Қираудың сипаты мен дәрежесі көбіне жарылыс күшіне және құрылыс орынының техникалық беріктігіне байланысты болады. Көмірсутекті газдарды (метан, этан, пропан) көп пайдаланылатын өндіріс орындарында жарылыстар жиі кездеседі. Көбіне жарылатын заттар: қазан дайындйтын заводтағы қазандар, химиялық заводтың өнімдері және полуфабрикаттары, бензин булары және басқа компоненттері, диірмендердегі ұндар, элеваторлардағы шаң, қант заводтарындағы қант ұнтақтары, ағаш өңдейтін мекемелердегі ағаш шаңдары.

Өрттер барлық жерлерде болады: өндіріс орындарында, ауыл шаруашылығы нысандарында, оқу орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, тұрғын үйлерде және т.б. Олар жаңғыш заттарды барлық транспорт түрлерімен тасымалдау кезінде пайда болады. Нафталин, камфора, скипидар сияқты химикаттар өздерінен өзі жанады. Паралонның жану процессінде улы түтін бөлініп шығады, ол қауіпті улануға соқтырады. Өндіріс процессіндегі белгілі шарттарда ағаш, көмір, шым тезек, алюминнің, ақұнтақтың, бидай шаңының, сонымен қатар мақтаның, зығырдың жануы қауіпті болады. Жыл сайын миллиардаған ақша өрт күліне айналады, әр сағат сайын 1 адам өрттен қаза табады және 20 шақты адам күйік алады.

53. Өрттер мен жарылыстар кезінде адамдардың іс-әрекеті. Оларды болдырмау үшін қандай қауіпсіздік шаралары қолданылады?

Өндіріс орындарындағы өрт кезінде әр қызметкердің бірінші міндеті болып материалды бағалы заттар мен адамдарды құтқару болып табылады. Өрт шыққан кезде әр қызметкер міндетті:

1. бірден 01 телефонына звондап, жақын маңдағы өрт сөндіруші мекемеге өрт туралы хабарлау және жоғарғы мекемеге, басқармаға жағдайды айту.

2. мекемеден адамдарды шығаруда қолынан келетін іс-әрекеттерін аямау. Адамдарды шығаруды еңт алдымен өрт басталған ғимараттан, содан кейін өрттің таралу қаупі бар ғимараттардан шығару керек. 3. эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру.

4. эвакуциямен қатар шама келгенше өз күшімен және ғимаратта бар өрт сөндіргіш заттармен өртті сөндіруге ат салысу.

5. шақырылған өрт сөндірушілердің бастығына болған жайды дұрыс түсіндіріп бере алатын адамды дайындау.



  • өрт шыққан жерге жақындау жолдарын;

  • өрт гидранттарының орналасуын;

  • жанып, түтінденіп жатқан ғимараттан адамдардың бәрі эвакуация жасалды ма және қай ғимараттарда тағы адамдар бар екендігін.

Егер сіз отырған ғимаратта жарылыс болған болса, ең бастысы – сабырлылық сақтау. Аман шығатыныңызға сенімді болыңыз. Жарылыс болғаннан кейін бұл ғимараттан мүмкіндігінше тезірек шығу керек. Қажетті заттарыңызды жинаймын немесе қоңырау шаламын деп ғимаратта бөгеліп қалмаңыз. Егер сіздің айналаңызда заттар, бөлшектер құлап жатса жедел парта немесе столдың астына заттардың құлауы тоқтағанша тығылып қалыңыз, содан кейін тез арада ғимараттан шығуға тырысыңыз. Лифтпен пайдаланушы болмаңыз! Жарылыстан кейін өрт шыққан болса, сізге мүмкіндігінше төмен иіліп тіпіті еңбектеп жүруіңіз керек, бұл жағдайда сіз тезірек ғимараттан шығуыңыз керек. Бетіңізді сулы шүберкпен немесе киіммен орап алыңыз, сол арқылы демалыңыз. Егер ғимаратта өрт болып жатса ал сіздің алдыңызда есік жабық тұрса, оны ашпастан бұран тұтқасын қолмен ақырын ғана түртіп көру керек. Егер тұтқасы ыстық болмаса ақырын ашып көрші ғимаратта өрт жоқ па деп көріңіз де кедергілер болмаса басыңызды төмен басып сыртқа шығып кетіңіз. Егер түтін мен өрт шығуға кедергі жасаса есікті жауып басқа шығатын жол іздеңіз. Ғимараттан сонымен қатар терезе арқылы шығуға болады. Егер сіз ғимараттан шыға алмасаңыз құтқарушыларға көмек керектігі жайында белгі беріңіз. Бұл үшін киіммен немесе затпен бұлғаңыз.

54. Ядролық қару деген не, сипаттама беріңіз? Ядролық қару (немесе атомдық қару) – бұл ядролық оқ-дәрілердің, оларды мақсатқа жеткізу амалдарының, басқару амалдарының жиынтығы, биологиялық және химиялық сияқты жаппай жою қарулар қатарына жатады. Ядролық оқ-дәрі – ядролық энергияны пайдалануға негізделіп, ауыр ядроларды немесе жеңіл ядроларды бөлу кезіндегі тізбекті ядролық реакция кезінде босанатын жарылғыш қасиеті бар қару.

Ядролық жарылыс кезінде жылдам және жоғарғы дәрежедегі энергия бқлінуі жүзеге асады, бұл кезде реакция аймағындағы тепература ондаған миллион градусқа ал қысым шамамен миллиард атмосфераға жетуі мүмкін. Сонымен қатар ол жалтылдағыш жарыққа және күркірейтін дауысқа ие. Жарқылдаған жарықтан кейін бірнеше секундта жоқ болып кететін отты шар түзіледі, ал жер үсіндегі жарылыс кезінде отты жарты шар. Отты шар орнында жүз мыңдаған биіктікке кететін мыңдаған тонна зақымдаушы радиоактивті заттар шашыртқан грибок тәрізді бұлт түзіледі. Бұлт желмен бірге жарылыс ошағынан алыстап, жүздеген километрлерге кетуі мүмкін.Ядролық жарылыс ауада, жер бетінде, жер немесе су астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторларына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.

Соққы толқын- ауаның бірдей қосылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Оның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның п.б.

Жарықты сәуле болу-ядролық қару жарылысы әсерінен пайда болады. Оның құрамында күлгін, ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Ең қауіптісі-инфрақызыл сәуле.

Өткір радиация гамма сәулесінің және нейтрондар ағымы. Ядролық жарылыс нәтижесінде оның айналасындағы көтерілген радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды. Олардан арнайы панаханалар ғана қорғайды.

Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның п.б.әсер етеді. Бұл фактор әсерінен бйланыс аппараттары, электрондық есеп машиналары жарамсыз болып қалады. Ядролық қарудың тіршілікке деген зияндылығының жоғарылығына байланысты оған қарсы қорғаныс іс шаралары қалыптасқан. Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде хабардар ету керек;ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы құлақтандыру қажет; радиоактивті заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіндігінше түсіндіру қажет. Жалпы ядролық радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы өте зор. Дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу қажет. Және сонымен қатар су мен тамақты міндетті түрде радиоактивтік ластануға зерттеу жасау керек.



55. Ядролық қарудың зақымдағыш факторларын атаңыз.

Ядролық оқ-дәрінің жарылысы кезінде ядролық жарылыс түзіледі, оның мынандай зақымдағыш факторлары болады:

-соққы толқыны

-жарық сәулелену

-өткіш радиация

-радиоактивті улану

-электромагнитті импульс

-рентгенді сәулелену

Ядролық қарудың зақымдағыш факторларына шалдыққан адамдар, физикалық жарақаттан басқа, қирау мен жарылыстың қорқынышты көрінісінен кейін жаман психикалық әсер алады. Электромагнитті импульс тірі организмдерге зиян келтірмегенмен техниканың жұмыс істеуіне зиян келтіреді.

Соққы толқын- ауаның бірдей қосылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Оның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның п.б.

Жарықты сәуле болу-ядролық қару жарылысы әсерінен пайда болады. Оның құрамында күлгін, ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Ең қауіптісі-инфрақызыл сәуле.

Өткір радиация гамма сәулесінің және нейтрондар ағымы. Ядролық жарылыс нәтижесінде оның айналасындағы көтерілген радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды. Олардан арнайы панаханалар ғана қорғайды.



Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның п.б.әсер етеді. Бұл фактор әсерінен бйланыс аппараттары, электрондық есеп машиналары жарамсыз болып қалады. Ядролық қарудың тіршілікке деген зияндылығының жоғарылығына байланысты оған қарсы қорғаныс іс шаралары қалыптасқан. Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде хабардар ету керек;ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы құлақтандыру қажет; радиоактивті заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіндігінше түсіндіру қажет. Жалпы ядролық радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы өте зор. Дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу қажет. Және сонымен қатар су мен тамақты міндетті түрде радиоактивтік ластануға зерттеу жасау керек.
56. Жарық сәулеленуінің зақымдағыш факторлары. Жарық сәулелену – ядролық оқ-дәрінің жарылуы кезіндегі зақымдаушы факторлардың бірі, ол жарылыстың жарқырау аймағынан жылу арқылы сәулеленумен сипатталады. Оқ-дәрінің к үштілігіне байланысты сәулеленудің әрекет уақыты жарты секундтан ондаған секндтқа дейін созылуы мүмкін. Адамдар мен жануарларда әр түрлі дәрежедегі күйік және көз соқырлығын туғызады; әр түрлі материалдарды балқытады, ісітеді және жандырып жібереді. Жарық сәілелену жылу арқылы сәулеленумен сипатталады, ол жылу ядролық жарылыс нәтижесінде (~107 К) температураның жылынуынан алынады. Заттың үлкен тығыздығынан отты шардың жұту қабілетінің нәтижесі 1 жақын болады, сондықтан ядролық жарылыс сәулесінің спектры абсолютті қара дене спекрына жақын келеді. Спектр құрамында ультракүлгін және рентгенді сәулелену бар. Жылу арқылы сәулелену — біріңғай спектрлі электромагнитті сәулелену, жылытылған денелердің ішкі энергия нәтижесінде алынған. Жылу энергиясын тасымалдайтын элементарлы үш түрдің бірі
57. Адам сәулелі ауруға қалай ұшырайды? . Радиоактивті заттармен зақымданған жөрде түрған адам әрдайым сыртқы сәулеге үшырауы немесе сәуле ауруына үшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақым-дануы ықтимал. Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытына қарсы орналасқан үстінгі беттегі Ісм2 сәулелену кезінде өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем бірлігіне 1 кал/см2 алынады. 2-4 кал/см жарық серпіні кезінде қорғанбаған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4-7,5 кал/см2 кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда болуы). 5-12 кал/см2 кезінде үшінші дәрежедегі күйік (тері жамылғыларының толық жансыздануы), 12 кал/см2 өнан жоғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді). Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адам популяциясының техногенді-ластанған аймақтарда ұзақ уақыт мекендеуі, олардың тұқым қуалау аппаратының өзгеруіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, иондық радиацияның тұрақты төменгі дозасымен сәулеленген популяцияларды бақылаудың ғылыми практикалық маңызы зор. Адамға радиацияның әсері. Адам сәулеленудің екі түріне - сыртқы және ішкі сәулеленуге үшырайды. Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жүлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелөну дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, азонның қорғаныс қабаттары жүқара түседі, сондықтан да сәлелену жоғары. Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер үшырайды. Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосфера-дағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.
Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда түратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр (0,03-0, Ібэр).
Табиғи көздерден адамның сыртқы сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бүғы етімен қоректенетін солтүстік аудандар түрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бүл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері кө-бірек кездеседі.
58. Радияциялық қауіпті объектілерде авария болғанда адамдардың іс-әрекеті?

Авария - технологиялық процесстердің бүзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бүзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі өрежесін бүзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың қүлауы болуы мүмкін. Бірақта жағдайда атмосфера газданады, мүнай өнімдері, түтанғыш сүйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.



Улағыш заттар авариясы кезінде не істеу керек:

-тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету – қолдағы қорғаныс құралдарымен (суланған орамал, қолғап, мойынорағыш, ескі-құсқы заттар);


- терезені жабу, газды, электржылытқышты және тұрмыстық аспаптарды сөндіру, пештегі отты сөндіру;
- балаларды киіндіріп, қажетті жылы киімдерді және азық-түлікті, дәріқорапты алу, көршілерді ескерту;
- тез және дүрлікпей көрсетілген бағытпен ұйымнан, үйден шығу керек;
- егер Сіз «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналын далада жүргенде естісеңіз, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының – қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің нұсқауына сәйкес әрекет ету керек. Алғашқы көмек көрсету:

- зардап шеккен адамды зақымданған аймақтан таза ауаға шығарып, жылы жерге жатқызып тыныштықта қалдыру керек және терісін, кілегей қабықты сумен жуу қажет;


- хлормен уланған кезде – 15 минут ас содасының 2% ертіндісімен (бір стақан суға –1,5-2 шай қасық ас содасымен), судың буына демалдырып және ыстық сүт ішкізу керек;
- аммиакпен уланған кезде – 15 минут бор қышқылының 5% ерітіндісімен, жылы сүт беріп, көзіне таза су, мұрнына жылы сұйық май тамызадыу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет