Сабақтың тақырыбы: Әр құсқа өз тұмсығы қажет. Сабақтың мақсаты



Дата09.07.2016
өлшемі67.29 Kb.
#187002
түріСабақ



Жанпейісова Айқын Өтежанқызы

Шона Смаханұлы атындағы

№62 гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Қазақстан Республикасынының құрметті қызметкері атағының иегері



Дүниетану

2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Әр құсқа өз тұмсығы қажет.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Бейімділік – құстардың тұмсығы қорғануы мен қоректену тіршілігін сақтауға көмектесетін қажет екені туралы оқушы түсінігін тереңдету.

Б)Дамытушылық: Оқушының өзінде бар білімді құстарды сипаттау арқылы жаңа білімді алуға қолдана білу дағдыларын жетілдіріп дамыту.

В) Тәрбиелік: табиғатты білуге сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

1) Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау

2) Сабақтың ұйымдастыру түрі:түсінгенін айтып, сын тұрғысынан ойлау сабағы

3) Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер және компьютер.

Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық жүргізу. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Оқушылардың үй тапсырмасын орындауларын тексеру. Іс–әрекеттегі кемшіліктерді анықтау.

Табиғат жағдайы жер бетінің барлық бетінде бірдей емес. Сондықтан жануарлар тіршілігіне бейімділік қажет.



  • Жануарлар қайда тіршілік етеді?

  • Суда, ауада, жер бетінде, топырақ арасында тіршілік етеді.

  • Олар қалай бөлінеді?

  • Олардың бір-біріне ұқсастығы, түрлеріне, ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

  • Бүркеніш рең , қорғаныш рең, сақтандырғыш рең дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Бүркеніш рең – көбелек, көкшегіртке өсімдік гүлінің, бұтағының түрін бүркеніп қорғанады.

  • Қорғаныш рең – дене пішіні қанқыздан аумайтын тарақан бар ол өзінің түрін қанқызға ұқсатып қорғанды.

  • Сақтандырғыш рең – денесінде улы немесе күйдіргіш заты бар бунақденелілерді басқа жануарлар жемейді. Сондықтан олар түстерін ашық, ашық көзге көріне береді. Оларды алыстан байқаса да шоқып жемейді.

  • Бунақденелілермен қоректенетін жануарлар өте көп.(құстар, балықтар, жорғалаушылар, қосмекенділер, сүтқоректілер) Сондықтан бунақденелілер жауынан алуан түрлі бейімділікпен қорғануға әрекет жасайды.

  • Жануарлардың бейімділігі дегеніміз не?

  • Жануарларға бейімділік тіршілігін сақтауға , жемтігін аулауға, ашықпауға, жыртқыштан құтылуға көмектесетін қасиет. Бейімділік жануарлардың сыртқы түрінде, түсінде, жекеленген мүшелеріндегі құрылысында көрінеді.

  • Аңдар неге жуынады?

  • Аңдар жуыну арқылы үстінің кірін, үстіне жұғып қалған тамақтың қалдығын тазалап қана қоймай, денесінен шығып тұрған иісті де жояды. Мұның маңызы өте зор. Себебі мысық, жолбарыс сияқты аңдар жемін аңдып отырып жейтіндіктен, олардың иісін жемі сезіп қойса қашып ұстатпай кетеді.



  1. Оқушының субъекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі:

І. Қызығушылықты ояту:

  • Балалар бейімділік құстарға қандай қажеттілігі бар екніне тоқталайық. Ө.Тұрманжановтың «Құстар біздің досымыз» өлеңін оқу:

Ей, балалар, балалар!

Аман болсын аналар!

Құстарда да ана бар,

Құстарда да бала бар.

Кім сүймейді баласын?! демекші,

  • Құстардың бейімділігі жайында ізденейік.

  1. «Топтастыру» стратегиясы бойынша құстарға сипаттама беріп көрейік.

Ұшады



пайдасын тигізеді құстар жұмыртқасы арқылы балапан ашады

табиғаттың сәні жыртқышы болады

жыртқыш құсты жемейді

  1. Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

ІІ. Мағынаны тану:

Компьютер арқылы «Табиғат көркі» стратегиясы бойынша көрініс көріп, тамашалайды, экраннан құстың тұмсықтарының әр түрлі болатыны және олардың ерекшеліктері туралы бейнелер көру.









Оқушыларды үш топқа бөлу және әр топ құс бейнесін талдау.


  1. «Ғылыми талдау» стратегиясы

І топ – құстардың пайдасы ( зиянды бунақденелілерді жояды.)

ІІ топ – тұмсығымен қоректенеді (қауіп қатерден сақтанады)

ІІІ топ – құстардың ерекшелігі (қанатымен ұшады.)

Әр топ ақылдаса, пікірлесе отырып, ғылыми тұрғыда талдап шығады.

  1. «Түйінді сөздер» стратегиясы бойынша «Ғылыми талдау» стратегиясындағы талдау бойынша түйінді сөздерді атау.

«Түйінді сөздер»

І топ –пайдалы

ІІ топ – тұмсық

ІІІ топ – ерекшелі
Тоқылдатады
тұмсығымен қоректенеді тұмсық тұмсығымен ұшып

жүріп қағып түседі


құрт құмырсқаны жеп пайда кетіреді

Қорғану үшін, қоректену үшін әр құсқа өз тұмсығы керек.


  1. Жаңа білім және іс - әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі:

Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу.

  1. «Қарама қарсы элементтер» стратегиясы



Пайдасы

Зияны

Ағаштардың діңін тазалайды

Егістіктегі дәнді жейді

Құрт құмырсқаны жейді

Шиқылдап ұйқы бермейді

Әндетеді

Ағаш жемістерін шұқылап тастайды

Табиғатқа сән береді

Ауланы бүлдіріп тастайды.



  1. Жаңа білім және іс - әрекет амалдарын бекіту кезеңі:

  • Оқулықпен жұмыс жүргізу.

  • Мәтінді оқу.

  1. Сергіту сәті: «Ұшты - ұшты» ойынымен интелектуалды ойын.



  1. Жаңа білім және іс әрекет амалдарын қорытындылау жүйелеу кезеңі:

Тапсырмалар бойынша жұмыс жасау

Дәптермен жұмыс жасау:жаңа сөздер «тұмсық, қорек, қорғану» сөздерін дәптерге жазу.



  1. Бақылау және өзіне өзі бақылау кезеңі:

ІІІ. Ой толғаныс:

  1. «Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша әр дыбысқа сөз ойлап табу.

Т–тынымсыз Ұ–ұшады М–мейірімді С–сайрайды Ы–ыждахатсыз Қ–қанатты

  1. Түзету кезеңі:

6)«Сұрақ – жауап» стратегиясы бойынша интелектуалды ойын.

Біз қорғану үшін, қоректену үшін әр құсқа өз тұмсығының керек екендігі туралы көп мәліметтер білдік. Ендеше өз білгенімізді ортаға салып көрейік.






Құсқа тұмсық не үшін қажет?



Бейімделу үшін қажет
Бейімделу не үшін қажет?


Қоректенуі үшін Жауынан қорғану үшін



Тіршілік етуі үшін
Бейімделу үшін әр құсқа тұмсық қажет

  1. Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі: «Әр құсқа өз тұмсығы қажет» тақырыбын оқу және құстар жайлы ізденіп және тұмсық түрлерінің суретін салып келу. Жаңа сөздер «тұмсық, қорек, қорғану» сөздеріне сөйлем құрап жазу.



  1. Сабақты қорытындылау кезеңі:

Біз нені білдік? Не үйрендік? Сұрағына оқушылар өз ойын айту

  1. Рефлекция кезеңі:

Құстың тұмсығының пайдасы жайында бір шумақ өлең оқу.

  • Сырымды кей құс білмейді,

Мазақтап күліп күндейді.

«Ақ пен қара шапанды

Қабаттап киіп жүр» дейді.

Қашаудай мықты тұмсығым,

Бәсеке тігем,

Бұл шыным –

Құрт, қоңыз аулап жарыссаң,

Ілеспей қалар шымшығың! – деп тоқылдақ мақтана алады екен.



Қорғану үшін, қоректену үшін әр құсқа өз тұмсығы керек екен.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет