, «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат» дегенге түсінік беріңіздер. Тіршілік өзі қалай дамыды



бет7/7
Дата12.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#129885
1   2   3   4   5   6   7

Күн өту - күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады.

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні салқын бөлмеге немесе көлеңкеге әкеліп, үстіндегі киімдерін шешіп, жүрек аумағына және басына суық басып, молырақ тұзды сусын беру қажет. Ауыр түрінде қолдан дем алдыруға және жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Қажеттілік болса зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Суға кету - тыныс алу жолдары сұйықтыққа немесе сұйықтық массасына толады. Суға кету белгілері аузынан көбік ату, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы, тері бетінің көгеруі, қарашықтың ұлғаюы болып табылады

Алғашқы жәрдем. Ауыз қуыстарын тазалау, зардап шегушіні ішімен құтқарушының санына жатқызу керек, зардап шегушінің басы жерге салбырап тұру үшін, жігермен арқасы мен кеудесінен басып, өкпе мен асқазандағы суды шығару қажет, қолдан дем алдыруға кірсу керек (зардап шегушіні жылындыру үшін үйкелеу керек).

Улану. Тағамнан улану көздерінің көптен бір тараған түрі біршама микроптар бар, өте күшті токсиналар бөлетін өнімдерден болуы мүмкін. Бұл біріншіден ботулинус таяқшасы. Улану консервіленген тағам өнімдерін қолданғаннан пайда болады. Әдеттегі кез-келген тағамнан уланғанда, бірнеше сағаттан соң көздің көруі әлсірейді (лоқсу, іш өту, іштің ауыруы), сөйлеу және жұтыну бұзылады. Тағамнан улану кеңінен таралған, ол стафилококк токсиналарынан болады. Бұл бактериялар әртүрлі тағам өнімдерінде көбейе береді (кремді пирожный, сүтті тағамдар, ысталған өнімдер, паштеттер).

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің асқазанын шайып, 5-6 стақан жылы су немесе аздаған ас содасының ерітіндісін ішкізіп, тілдің түбін саусақпен тітіркендіріп, лоқсытады, осындай процедураны бірнеше рет қайталайды. Асқазан тазартылғаннан кейін ыстық шай береді. Содан соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек.

Естен тану.

Басылып қалу синдромы

Буын шығу жарақаты

Созылу және буын аралығының созылуы

Қабу. Тістеу. Шағу

ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ҚАРАУ.

Жалпы жүйеліктегі алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде зардап шегушіні қарау маңызды бөлімге жатады. Оның әрқашан бірінші басын тексеру керек, содан кейін қолмен ұстап қарайды. Ол бас сүйегінің жұмсарғанын немесе жарылғанын, қанталаудың болуын айқындауға мүмкіндік береді. Бет жүзін тексергенде оның түсіне көңіл аудару керек. Бозғылт, терлеген, беті суық, көзі жұмылған және аузы ашық болса, естен тану жағдайында екенін дәлелдейді. Беті ысып, қызарып тұрса қызбалықты білдіреді. Мұрыннан қан кету бас сүйегінің, мұрын сүйектері немесе мұрынның қан тамырлары зақымдану салдарынан болуы мүмкін. Егер де мұрын сынған болса, оны байқау оңай. Көзді қарап тексеру басқа денелерді, жараны анықтау, көз қарашықтарының ұлғаю жағдайын, олардың жарыққа реакциясын анықтау үшін жасалады. Көзбен қатар бас сүйегінің жарақат қауіптілігін дәлелдейтін, құлақтың жарғағы қаралады, есту және құлақтан шығатын сұйықтық тексеріледі. Ауыз қуыстарын тексергенде ауыздың зақымдануына, ерін түсіне, тістердің бүтіндігіне және жақ сүйектеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бозарған ерін жүректің кемшіліктерін, ал көгерген ерін оттегі жетіспеушілігін көрсетеді. Ауыздан шыққан сұйықтық қан түсті болса, ішкі ағзалардың, тыныс алу және ас қорыту жолдарының бұзылуын білдіреді. Мойынды жағаны шешкеннен кейін қарайды, сонымен бірге мойын омыртқа бөлігінің бүтіндігін, оның функцияларын тексереді, мойнынан зорлықпен өлтіру ізін іздейді.



Зардап шегушінің арқасын тексеру үшін ішіне немесе қырынан жатқызу керек, егер де мұндай мүмкіншілік болса, арқасына қол сұғып ұстап қарайды. Бұл жұмыс процесінде сүйектердің, жұмсақ тіндердің зақымдалған орындары, аурудың шоғырланған жерлері анықталады. Арқаны тексеру кезінде омыртқаның күйіне ерекше көңіл бөлу керек. Кеуденің алдыңғы бөлігін қарағанда бұғананың бүтіндігін олардың ортаңғы бөлігін басу арқылы тексереді, содан кейін зардап шегушінің терең дем алуын сұрайды; егер де қабырға және кеуде клеткалары зақымдалмаса, онда тыныс алу түзу, ауырмайтын, бір қалыпты болады. Кеуденің үстіңгі жағын тексеріп болғаннан кейін ішті және жамбас сүйегіне тексеріс жүргізіледі. Қол-аяқты көзбен шолып тексеруде зақымданған жері болса қолмен тексеру біруақытта жүргізіледі. Сонымен қатар қол-аяқтың қозғалыс функциясын, олардың бүтіндігін, сезімталдығын, деформацияның бар жоғын, жара болған жерді, қансырауын тексереді. Тексеру зардап шегушінің жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді, едәуір зақымданған аумақтарды айқындайды, алғашқы жәрдем көрсету жолдарын белгілейді.Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде маңызды элементтер адамның тірі болуы мен өлуінің негізгі белгілерін құтқарушылардың білуі болып табылады.

80. Қан кетуін тоқтату түрлері Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін көбіне жараға стерильді (асептикалық) таңғыш кою арқылы жүзеге асады. Қатты қан кету кезінде оны уақытша токтату шара-ларын жасау керек. Қан тоқтату — уакытша жөне түпкілікті деп бөлінеді. Уакытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады жөне төмендегі төсілдер бойынша жүргізіледі:

  1. дененің зақымданған белігін кеудеге қатысты алған- да — көтеріңкі калыпта ұстау (аяқ-қол жараланғанда венадан қан кеткен кезде жараға қысып тұратын таңғыш салғаннан кейін жастық оралған киім кою);

  2. кішігірім кан кету кезінде қысып тұратын таңғыш көмегімен закымданған жерде қан ағып жатқан тамырды басу (жараны йодтың спиртті ерітіндісімен тазартканнан кейін қалың мақта салынады да, бинтпен оралады);

3)аяк-қолды мейлінше шүғыл бүгу немесе жазу қалпында тұрақтандыру (иық алды немесе балтыр, табан жараланғанда, шынтақ немесе тізе буьшын бүгу немесе жазу аяк-қол жарасына қатты кан кеткенде жгут салу мүмкін болмағанда, қолды аркаға мейлінше созып, ал аяқты ішке бүгіп, тұрақтандыру). Дененің өр тұсындағы артерияны сау-сакпен басу қан кетіп жаткан тамырды тікелей жара аумағында емес, одан жоғары жерде (зақымданған артерияның орталық бөлігі) басуға негізделеді. Бұл төсіл арте-риядан катты қан кеткенде колданылады. Тамырды басу (143-сурет) оны жакын жатқан сүйекті саусакпен кысьш, саңылауды жабу мүмкін болатын тері қабатына жакын жатқан жерде жасалады. Өрбір ірі артерия үтттін белгілі бір анатомиясыз нүктелер болады:

  1. иык алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі жағынан басады;

  2. балтырдан қан кеткенде — тізе асты артериясын басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап, ал қалған саусақпен тізе асты шүңкырындағы артерияны тауып, сүйекке басады);

  3. сан жараланғанда — сан артериясының шап астын- дағы жоғарғы жағын жүдырықпен басады;

  4. бастағы жарадан қан кеткенде — жара жактағы самай артериясын басады (артерия құлақтың жанынан өтеді, оны тамыр соғысы арқылы анықтайды);

  5. беттен кан кеткенде — жақ артериясьш басады (ол мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді жөне жақтың төменгі шеті арқылы оның бұрыпіы мен иек арасында иіледі);

  6. мойындағы жара кезінде — жара жақтағы жөне одан төмен ұйкы артериясын басады (трахея жайында);

  7. иық үстіндегі, иык буынына жакын немесе колтык айналасьшдағы жара кезінде бүғана асты артериясын бұғана астындағы шұңкырға (бірінпгі қабырғаға) басады, кейін аяқ-
    қолға бұрау немесе жгут салады.


81.Өнеркәсіп обьектілеріндегі АҚ және ТЖ.Құрылымы,қызметі.Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан, осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау және төтенше жағдайлардың пайда болу аудандары мен зақымдау ошақтарындағы басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі жалпы мемлекеттік шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады.Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу-мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарының құрамдас бөлігі.Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Азаматтық қорғаныс туралы 1997ж 7 мамырдағы ҚР заңымен белгіленген. Азаматтық қорғаныс-бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты,ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар жиыны.Қазіргі уақытта Азаматтық қорғаныс республикалық және жергілікті деңгейде шешіледі. Азаматтық қорғаныста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар ерекше орын алады. Ал біздің сұрағымыз сол техногенді төтенше жағдайға байланысты болып табылады. Себебі өнеркәсіп обьектілеріндегі төтенше жағдайлар дәл осы техногенді сипатқа тән.1996жылы 5 шілдедегі «Техногендік сипаттағы (өнеркәсіп орындарындағы) төтенше жағдайлар туралы»ҚР заңы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі республика аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.Ал АҚның құрылымына келер болсақ, АҚның аумақтық және обьектілік құрылымы болады. ААҚның аумақтық құрылымы облыс,қала,аудан әкімдерінің шешімдерімен,ал обьектілік құрылымдар ұйымдарының АҚбасшыларының бұйрықтарымен құрылады.АҚ обьектілік құрылымына: барлаушы буын, құтқару командасы,инженерлік команда, санитарлық дружина, қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ, өрт сөндіру командасы, байланыс командасы, қоғамдық тәртіпті қорғау командасы, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б.кіреді.

АҚ штабы→АҚбастығы→ АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары: байланыс↔қоғамдық тәртіпті сақтау; авариялық - техникалық ↔ қорғаныс ғимараттарына қызметкөрсету;тамақтандыру мен сауда↔РҚ және ХҚҚ;т.б.

Азаматтық қорғаныс негізгі қызметтері:басқару, хабарлау және дамыту, қолдау;тж кезінде АҚ күштерін құру; халықты оқыту ; радиациялық, химиялық, бактериологиялық ахуалды қадағалау; ақ құрамаларын даярлау; кешенді шаралар ұйымдастыру;АҚ мүлігін жинау; азықты, суды, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, биологиялық зақымданудан сақтау.

82.Төтенше жағдай кезіндегі халықты қорғау.

Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан қорғауды ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:қорғаныс ғимараттарына жасыру; халықты таратып қоныстандыру және көшіру; жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдану;дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру; азық түлікті, суды, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғану; радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлаумен дозиметрлік және лабороториялық бақылауды ұйымдастыру. Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі тж сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды. Жүргізілетін шаралар: инженерлік шаралар, көшіру шаралары, медициналық шаралар. Төтенше жағдайларда халықты қорғау және дұрыс қоныстандыру маңыздылығы аса жоғары. Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру шаралары болып табылады. Оған негізінен адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары пайдаланымда болуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында қалаларда істеп жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады. Уақытша көшіру шаралары ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін өндірістік принцип бойынша және халықты көшіру-аумақтық принцип бойынша жүзеге асырылады.

Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету-көшіру болып табылады. Ал соғыс кезінде қалалардағы ұйымдардың жұмысшыларын қала сыртындағы аймаққа ұйымшыл түрде орналастыру – қоныстандыру деп аталады.Қаладағы ұйымдарда тек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Оларды ауысым бойынша жұмысқа көлікпен жеткізеді. Ал халықты қорғау мақсатында жүргізілетін медициналық шараларда жеке қорғаныстың медициналық құралдары-медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезәндегі күрделіліктерді төмендету және зақымданудан ескету мақсатында қолданылады. Бұл шаралардың жедел түрде жасалуының адамдар өмірінің қауіпсіздігіне деген маңыздылығы аса жоғары.



83. Төтенше жағдай кезінде халықты көшіру.Егер адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп қатер төнсе, зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету(көшіру) мақсатында тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау тәсілі ретінде көшіру шаралары өткізіледі.Бұрында соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын, бірақ бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни ұлы отан соғысы кезінде зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларынан қатты ерекшеленеді. Мысалы ұлы отан соғысы кезінде халық жауға қарама қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін, қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау зілзала, авариялар мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді қарастырады. Көшіру халықтың тығыздығын көп есе төмендетеді, ал кейде оны тіпті жояды(Чернобыльде болған секілді), бұл айтарлықтай дәрежеде осы аумақтағы адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалуға ықпал етті. Оқиға орыныда АҚ құрамалары мен тұрғындардың бір бөлігі қалады, олар табиғи апаттардың, авариялардың және зілзалалардың зардаптарын жоюға кіріседі.Табиғи апаттар, авариялар мен зілзалалар аумақтарынан көшіруді қалалар мен аудандар АҚ бастықтары және олардың АҚны басқару органдары ұйымдастырады. Тікелей көшіру шараларын жүргізу мен ұйымдардың АҚ бастықтары мен штабтары, КМК басқарушылары, қалаларда, аудандарда құрылатын көшіру комиссиялардың басшылығы айналысады.Көшіру оны хабарлағаннан кейін қысқа мерзімде өткізіледі. Бұл шараларды өткізуге өндірістік және шаруашылық шұғыл тасымалдардан бос қоғамдық көліктің барлық түрлері(темір жол, автокөлік, су және авиациялық) сондай ақ жеке меншік көләктер пайдаланылады.Көшіруге жататын тұрғындардың бір бөлігі жаяу шығарылуы мүмкін.Автокөлік көшірілетіндерді көп жағдайда алыс емес қашықтыққа көшіру үшін қолданылады. Автокөлік 25-30машиналық коллонамен жүреді.Халықты теміржол және су көлігімен көшіру үшін жолаушы теміржол құрамымен және кемелерімен қатар әдетте қалыпты жағдайда адамдарды тасу үшін қолданылмайтын одан басқа да әртүрлі құралдар-тауар вагондары, жартылай вагондар, жүк кемелері мен баржалар, платформалар,т.б. пайдаланылады. Жаяу көшірілетіндердің коллоннары әдеттегідей жиналу-көшіру нүктелерінің қасында құрылады. Жаяу коллонналардың бағыты ықтимал қирау аумағынан шығу мақсатымен әдетте бір тәуліктікте өтетін арақашықтықта жоспарланады. Көшірілетіндер көшіру орынындағы елді мекендердің қоғамдық ғимараттарына, сондай ақ жергілікті халықтың елді мекендеріне, тұрғын үйлеріне орналастырылады. Жер сілкінісінен зардап шеккен халық республиканың зілзалаға, авария, апатқа ұшырамаған аудандарына, сондай ақ басқа республикалардың мекендеріне әкетіледі. Жалпы көшірудің сәттілігі көп жағдайда көшірілуге тиіс халықтың өзіне, осы шараларды іске асыру кезіндегі оның ұйымшылдығына байланысты.

84. Өндірістегі, тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, олардың шығу себептері.

Ірі авариялардың қауіпті нәтижелері өрттер мен жарылыстыр болып табылады. Көбіне жоғарғы қысымда болатын қазандар, баллондар, труба құбырлары, көмір шаңы және шахтадағы газдар, ағаш шаңы мен ағаш өңдейтін және жихазға арналған өндіріс орындарындағы түрлі-түсті заттар жарылу нысанына айналады. Өндіріс орындарындағы көптеген авариялар зақымдалған мекеме жұмысшылары үшін ғана қауіп тудырмайды, сонымен қатар жақын маңдағы мекемелер мен тұрғылықты жерлерге де қауіпті. Бұларды жұмысты ұйымдастырған кезде ескеру керек.



Жарылыс кезінде соққы толқыны тек ғимараттардың қирауына ғана әкеліп соқпайды, сонымен қатар адам өлімін тудырады. Қираудың сипаты мен дәрежесі көбіне жарылыс күшіне және құрылыс орынының техникалық беріктігіне байланысты болады. Көмірсутекті газдарды (метан, этан, пропан) көп пайдаланылатын өндіріс орындарында жарылыстар жиі кездеседі. Көбіне жарылатын заттар: қазан дайындйтын заводтағы қазандар, химиялық заводтың өнімдері және полуфабрикаттары, бензин булары және басқа компоненттері, диірмендердегі ұндар, элеваторлардағы шаң, қант заводтарындағы қант ұнтақтары, ағаш өңдейтін мекемелердегі ағаш шаңдары.

Өрттер барлық жерлерде болады: өндіріс орындарында, ауыл шаруашылығы нысандарында, оқу орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, тұрғын үйлерде және т.б. Олар жаңғыш заттарды барлық транспорт түрлерімен тасымалдау кезінде пайда болады. Нафталин, камфора, скипидар сияқты химикаттар өздерінен өзі жанады. Паралонның жану процессінде улы түтін бөлініп шығады, ол қауіпті улануға соқтырады. Өндіріс процессіндегі белгілі шарттарда ағаш, көмір, шым тезек, алюминнің, ақұнтақтың, бидай шаңының, сонымен қатар мақтаның, зығырдың жануы қауіпті болады. Жыл сайын миллиардаған ақша өрт күліне айналады, әр сағат сайын 1 адам өрттен қаза табады және 20 шақты адам күйік алады.

85. Адамдардың өрт кезіндегі іс әрекеті

Өндіріс орындарындағы өрт кезінде әр қызметкердің бірінші міндеті болып материалды бағалы заттар мен адамдарды құтқару болып табылады. Өрт шыққан кезде әр қызметкер міндетті:

1. бірден 01 телефонына звондап, жақын маңдағы өрт сөндіруші мекемеге өрт туралы хабарлау және жоғарғы мекемеге, басқармаға жағдайды айту.

2. мекемеден адамдарды шығаруда қолынан келетін іс-әрекеттерін аямау. Адамдарды шығаруды еңт алдымен өрт басталған ғимараттан, содан кейін өрттің таралу қаупі бар ғимараттардан шығару керек. 3. эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру.

4. эвакуциямен қатар шама келгенше өз күшімен және ғимаратта бар өрт сөндіргіш заттармен өртті сөндіруге ат салысу.

5. шақырылған өрт сөндірушілердің бастығына болған жайды дұрыс түсіндіріп бере алатын адамды дайындау.



  • өрт шыққан жерге жақындау жолдарын;

  • өрт гидранттарының орналасуын;

  • жанып, түтінденіп жатқан ғимараттан адамдардың бәрі эвакуация жасалды ма және қай ғимараттарда тағы адамдар бар екендігін.

Егер сіз отырған ғимаратта жарылыс болған болса, ең бастысы – сабырлылық сақтау. Аман шығатыныңызға сенімді болыңыз. Жарылыс болғаннан кейін бұл ғимараттан мүмкіндігінше тезірек шығу керек. Қажетті заттарыңызды жинаймын немесе қоңырау шаламын деп ғимаратта бөгеліп қалмаңыз. Егер сіздің айналаңызда заттар, бөлшектер құлап жатса жедел парта немесе столдың астына заттардың құлауы тоқтағанша тығылып қалыңыз, содан кейін тез арада ғимараттан шығуға тырысыңыз. Лифтпен пайдаланушы болмаңыз! Жарылыстан кейін өрт шыққан болса, сізге мүмкіндігінше төмен иіліп тіпіті еңбектеп жүруіңіз керек, бұл жағдайда сіз тезірек ғимараттан шығуыңыз керек. Бетіңізді сулы шүберкпен немесе киіммен орап алыңыз, сол арқылы демалыңыз. Егер ғимаратта өрт болып жатса ал сіздің алдыңызда есік жабық тұрса, оны ашпастан бұран тұтқасын қолмен ақырын ғана түртіп көру керек. Егер тұтқасы ыстық болмаса ақырын ашып көрші ғимаратта өрт жоқ па деп көріңіз де кедергілер болмаса басыңызды төмен басып сыртқа шығып кетіңіз. Егер түтін мен өрт шығуға кедергі жасаса есікті жауып басқа шығатын жол іздеңіз. Ғимараттан сонымен қатар терезе арқылы шығуға болады. Егер сіз ғимараттан шыға алмасаңыз құтқарушыларға көмек керектігі жайында белгі беріңіз. Бұл үшін киіммен немесе затпен бұлғаңыз
86. Ультракүлгін сәулесінен қорғану.

Көпшілігіміз бос уақытымызды таза ауада өткізгенді жақсы көреміз. Бірақ қыздырынған уақытта қаншалықты ультрафиолет сәулесін сіңіріп жатқанымызға мән бермейміз. Ал денеге сіңген ультракүлгін сәуле артқан сайын зияны да соншалықты көбейе түседі екен. Мамандардың айтуынша, ультракүлгін сәулелер терінің қатерлі дертке ұшырауына себепші болатын көрінеді.
Тұтастай алғанда, күн сәулесінің тері мен ағзаға пайдасы зор. Құрамындағы Д дәрумені тіс, тырнақ, шашқа ең қажетті кальцийді алмастыруға көмектеседі. Қыс мезгілдерінде тері ауруларының көбеюі де ультракүлгін сәулесі жетіспегендіктен.
Жағажайда байқаусызда ұзақ уақыт жатқанда тері күйіп кетуі әбден мүмкін. Терінің қызаруы екі-үш күннен кейін пайда болады да, дененің қызуы көтеріліп, әлсізденеді.
Ультракүлгін сәулесінен теріні қорғайтын пигмент-меланин. Ол сәулені бойына сіңіріп алып ультракүлгін-фильтр секілді теріні сақтайды. Қартайған тері зиянды сәулелерді көп тартады.
Сонымен, күн төбеден түсіп тұрғанда ультракүлгін сәулесінен қалай қорғанамыз? Осы сауалға жауап беру үшін мына мәселелерді ұмытпаған жөн:
1. Жаңбырлы күні қолшатыр немесе су жібермейтін плащсыз далаға шықпасақ, жаздыгүні де күннен сақтану үшін етек-жеңі ұзын киіммен жүру керек. Әрі матасы да теріге жабыспайтын жеңіл болғаны жөн.
2. Қолшатырыңыз болмаса, міндетті түрде қалпақ киіп жүріңіз.
3. Тікелей күн сәулесінен гөрі көлеңкеде тұруға жұмыстаныңыз. Терлегенде ағзадағы қажетті тұздар да жоғалады. Сол себептен жиірек минералды, қайнаған су ішіңіз.
4. Күннен қорғайтын кремді үйден шығардан 30 минут бұрын жағыңыз. Терлесеңіз немесе суға түссеңіз қайталап жағып алыңыз. Қай фирманың күн сәулесінен қорғайтын кремі болмасын, екі сағаттан кейін қорғаныш қуаты азаяды.
5. Ультракүлгін сәулелері көзге де кері әсерін тигізеді, сондықтан көзілдірік киіп жүруді естен шығармаңыз.
6. Жағажайда құмның үстінде көп отыруға әуес болмаңыз.
Ал жалпы ультра күлгін сәулелермен жұмыс жасайтын адамдар, яғни қызметшілердің қорғану жолдарының негізгі шараларына мыналар жатады:қорғаныс экрандарын пайдалану, жеке қорғаныс үшін арнай киімдер кию қажет, көзді қорғау үшін арнайы көзілдірік тағу қажеттілігі бар.

Қорытындылай кететін болсақ, адамдар ультракүлгін және басқа да сәулелену ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің болуына алып келетін өзгерістер өтеді.


88. лазер сәулелері, қолдану аймақтары

Лазер дегеніміз- жылулық, химиялық, электр энергиясын, электро магниттік өріс энергиясына айналдыратын құрылғы.Шу, вибрация және т.б.техногендік сипаттағы тж туғызатын факторлар қатарына лазер жатады. Лазер бұл тіршілік ортасына қауіп төндіруші факторлардың бірі. Лазерлік қоспаларды дайындауда эксплуатациялауда және сынақ жүргізу барысында адам физикалық, химиялық және психофизиологиялық қауіпті және зиянды факторларға тап болуы мүмкін. Физикалық факторлар: лазерлік сәулелену, лазерлік құрылғылардың жұмысына ауырлық күші түскенде,импульс әсерінен жарық түсуінің жоғарылауынан,лазерлік жұмыстар әсерінен шудың көтерілуі негізінде және вибрация болғанда, лазерлік жұмыс алаңында инфрақызыл радиациясының көбеюінде лазерлердің қатты қозғалу барысында құрылғылардың бұзылуы.

Химиялық факторлар: жұмыс алаңының лазерлік құрылғы арқылы бүлінуі, ауа бүлінуі; иісті газдар мен лазерлік құрылғылардың буы пайда болғанда. Психофизиологиялық факторлар: монотопия, гипоКИнезия, эмоцианалдық күш түскенде, ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДИСКОМФОРТ; анализаторлық функцияларға яғни көру, есту мүшелері жұмысына әсер етеді.

Лазерлік сәулеленудің негізгі ерекшеліктері:жоғарғы дәрежедегі когренттілік,монохроматты ,шоқтың қатаң бағытталуы,сәулелердің аса қуаттылығы.

Лазер түрлері: Рубин лазері,Газ лазері,Жартылай өткізгішті,Газодинамикалық

Лазерді қолданылуы:Байланыс үшін ғарыш кеңістігінде,Зор қуаты вакуумдегі материалдарды кептіру, пісіру үшін,Радио локатор ретінде,Зергерлік салада,Фотолитографияда,Машина жасау, құрылыс саласында,Медицинада,Әскери істе,Металл бетіне өте әдемі және дәл суреттер, логотиптер, вензелдер салуда

,Косметалогияда,Термоядролық реакцияны басқару үшін:

Лазерлік сәулелерден қорғанудың арнайы тәсілдері қалыптасқан. Оларға мыналар жатады:



  • лазердің қолдану аясындағы жұмыстарда ұйымдасқан тексеру жұмыстарының жүргізілуі;

  • тұлғаның лазерлік құрылғыларды пайдаланбас бұрын оны жақсы танып білетін білімділігі өте жоғары деңгейде болуы;

  • медициналық бақылау ұйымдарының болуы;

  • қорғанатын құрылғыларды, приборларды пайдалану;

  • құрылғыларды дұрыс алмастыру, жұмыстан тыс кезде блокка қою қажеттілігі.

қорғану жолдарының негізгі шараларына мыналар жатады:қорғаныс экрандарын пайдалану, жеке қорғаныс үшін арнай киімдер кию қажет, көзді қорғау үшін арнайы көзілдірік тағу қажеттілігі бар.


89-90Шудың, дірілдің ағзаға әсері, қорғану жолдарыТехногендік сипаттағы төтенше жағдай – адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттармен қирауларды айтады. Сондай қауіптердің бірі – шу болып табылады. Шу – қалалардағы атмосфераның ластану түрі. Атмосфераның ластануының адам ағзасына өте қауіптілігімен маңызды. Онвң жағымсыз әсері шудың белсенділігіне, спектрлік құрамына және әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Шудың жазық түрі азырақ әсер етсе, ол тар интервалдағы шу көбірек әсер етеді. Ең үлкен дәрежеде зиян келтіретін шу 3000 – 5000 Гц диапозонды болады.

Шу тек қана есту мүшелеріне ғана емес, сонымен қатар адамның жүйке жүйесінің орталығына, жүрек жұмысына, басқа да аурулардың тууына әсер етеді. Дыбыстардың ішінен өте күшті әсер етуші вертолеттер мен самолеттер болып табылады.

Видрациялар – серпімді дене мен айнымалы физикалық өрістің ықпалында болатын шам алы механикалық толқулар берілу жолдары бойынша , бағыты бойынша, уақыты бойынша классификацияланады. Вибрация жоғары биологиялық іскерлікке ие факторлар қатарына жатады. Әсер тетуші вибрация деңгейімен ағзаның жауап беру реакциялары арасында сызықтық байланыс жоқ. Оның себебі резонанстық байланыс жоқ.

Виброизоляция – вибрация тарапынан қорғаныс. Виброизоляция жасау үшін серпімді материалдардан алынған амортизаторлар қолданылады. Вибрация белгілі бір мөлшерде адам ағзасына жағымды ісер етеді. Алайда вибрациялық потология пайда болады. Бұл вибрация кезінде туындайтын ауру түрі.



шудан қорғайтын көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция - жоғарғы дыбыс оқшаулау қасиетін қамтамасыз ететін (көп қабатты шынының басқа түрлерімен салыстырғанда) конструкция

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет