Өнеркәсіпте суды дайындау. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған суға қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз



бет1/18
Дата21.03.2024
өлшемі46.51 Kb.
#496210
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ОХТ СЕССИЯ РУМ 2 (копия)


Билет 11
1.Өнеркәсіпте суды дайындау. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған суға қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз. Химия өнеркәсібі суды өте көп тұтынушылардың қатарына жатады. Кейбір химиялық кәсіпорындарда тұтынатын су мөлшері тәулігіне 1 млн/м3-ге дейін жетеді. Судың бұлайша көп тұтыну дәрежесіне ие болуы оның мынадай қасиеттеріне байланысты:- бағалы қасиеттер кешенінің бар болуы (жоғары жылу сыйымдылық, аз түтқырлық, төменгі қайнау температурасы жэне т.б.); - жеңілірек қолға түсушілігі жэне арзандығы; - усыздығы; - өндірісте пайдалануға жэне тасымалдауға ыңғайлылығы.Су химия өндірісінде мынадай бағыттарда пайдаланады: технологиялық мақсаттарға, жылу тасығыш және суытқыш ретінде жэне шикізат пен әр түрлі химиялық өнім алуда регент ретінде. Су технологиялық мақсаттарда қатты сұйық жэне газ түріндегі заттарды еріткіш ретінде, физикалық жэне механикалық процестерді жүргізуші орта есебінде (флотация, қатты материалды борпылдақ күйде тасымалдау жэне т.б.), газдарды жуушы сүйық ретінде жэне әр түрлі заттарға экстрагент жэне абсорбент есебінде қолданыс табады. Су жылу тасымалдағыш ретінде ыстық жэне бу күйінде жэне аппараттарды суытқыш агент есебінде де қолданыс табады. Су сутегі, ацетилен, күкірт жэне азот қышқылдары жэне т.б. өндірістерде шикізат жэне реагент қатарында болады. Химия өнеркәсібінде пайдаланатын сулар (технологиялық сулар) сапасы жағынан белгілі бір талаптарға сай болу керек. Судың мұндай сапаларына түсі, мөлдірлігі, исі, жалпы тұз құрамы, кермектік, тотығушылық және pH көрсеткіші жатады.Фармацевтикалық мақсаттар үшін қолданылатын су санитарлық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес келуі қажет, және оның сапасы ауыз су сапасына сай болуы қажет. АҚШ Фармакопеясында баяндалған заманауи талаптарға сәйкес фармацевтикалық мақсаттағы су оның мынадай түрлерге бөлінеді: фармацевтикалық мақсаттағы су, тазартылған су, инъекцияға арналған су, гемодиализге арналған су, таза бу.Суды алу және сақтау арнайы аппараттың ішінде орындалуы қажет, яғни бұл адам денсаулығына байланысты болғандықтан, өте таза жағдайлар орын алуы қажет. Алынған тазартылған және инъекцияға арналған суды таза стерильденген немесе бумен өңделген, судың қасиеттерін өзгертпейтін және оны бөгде бөлшектерден және микробиологиялық ластанудан қорғайтын материалдардан дайындалған жинағыштарға жинайдыФармацевтикалық СУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР•Түсінің қатты байқалмауы;•Иісінің жоқ болуы;•Температурасы процеске байланысты анықталады (ыстық,суық)•жалпы тұз мөлшері аз болуы•су кермектілігі процеске қарай таңдалады •Тотығу шамасының өте жоғары•құрғақ қалдық үлесінің өте төмен болуы;•жүзгін заттардың болмауы•су реакциясы (сутек көрсеткіші рН) орташа 5,5 болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет