Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Дәріс сабақтардың мазмұны және тізімі



бет5/11
Дата20.04.2024
өлшемі226 Kb.
#499384
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәріс сабақтардың мазмұны және тізімі:


1-ші тақырып. Әдістеме ғылым ретінде.
Әдістемелік ғылымның нысаны мен пәні. Шетел тілдерін оқыту әдістемесіндегі ғылыми зерттеу жүргізу әдіснамасының ерекшелігі. Ғылыми ізденіс әдістер жүйесі – ғылыми теориялық деңгей әдістері (талдау, синтез, аналогия, моделдеу және т.б.), ғылыми эксперименттік деңгей әдістері (мақсатты бақылау, прогрессивтік педагогикалық тәжірибені зерттеу, эксперименттік және тәжірибелік оқыту), көмекші әдістер- сауалнама, тестілеу, әңгіме, сұхбат, хронометраж. Әдістемелік ғылымның заңдары мен заңдылықтары.
2-ші тақырып. Әдістеменің басқа ғылымдармен байланысы. Әдістемеге негіз болатын ғылымдар және олардың шетел тілдеріне оқыту теориясы мен практиккасының дамуындағы рөлі.
Әдістеменің психологиямен байланысы.
Сөз бен тілдің психологиялық сипаттамасы. Сөйлеудің түрлерінің психологиялық типологиясы – ауызша сөз және жазба сөз, сыртқы сөз және ішкі сөз, рецептивтік және репродуктивтік- продуктивтік сөз. Сөздің коммуникативтік сипаты. «Білім», «тілдік дағды», «сөз дағдысы», «сөйлеу іскерлігі», «коммуникативтік біліктілік» ұғымдарының болмысы. Шетел тілдер оқыту барысында ойлау, есте сақтау елестету және тағы басқа когнитивтік (танымдық) процесстің қызметі мен даму заңдылықтарын қолдану. Шетел тілінде қарым-қатынас жасауды меңгерудегі мотивация факторы. Шетел тілдерін оқыту барысында мотивация түрлері.
Әдістеменің тіл білімімен байланысы.
«Тіл» және «сөз» ұғымдарының анықтамалары. Бұл мәліметтердің оқыту мазмұнының құрамдас бөліңтерін анқытау үшін және тіл бөлімдері мен оның бірліктерін және т.б. анықтау рөлі. Мәтін лингвистикалық категория және шетел тілдеріне оқыту категориясы. Мәтін (айтылым) құрылымының негізгі ішкі заңдылықтары.
Әдістеменің психолингвисткамен байланысы.
«Сөз әрекеті» ұғымының болмысы. Сөз әрекетінің түрлері. Сөздің жасалуы (ойлардың көрініс табуы) және сөзді түсінудің (қабылдау және түсіну) психолингвистика мәліметтерінің рөлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет