ТҮСІНІК ХАТ
«Қазақ тіл білімі» тақырыбында гимназиялылық үйірме жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында, 2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатындағы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 10 мамырдағы №596 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және үйірме, факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын» негізге ала отырып жасалды. Гимназиялық үйірмеде оқушыларға жалпы тіл білімі, сөзжасам, сөз тұлғасы мен сөз құрамын меңгерте отырып, сөз жасаудың амал – тәсілдерін түсіндіру, ізденгіштігін арттыра отырып, ой – өрісін кеңейту. Ауызша – жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту көзделді. Қосымшаның түрлері, туынды сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, терминдер мен дерексіз ұғым атаулары жайлы тақырыптарды оқыта отырып, білім алушылар тапсырмалар орындау арқылы сөздік қорларын дамытады, сөзжасамдық талдаулар жасауды толығымен меңгереді. Қазақ тілі бойынша білімдерін ғылыми-ізденіс тұрғысында жетілдіреді. Ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы мәтіндерінің маңыздылығын түсіне отырып, ұлттық танымын қалыптастырып, шығармашылық қиялдарын дамытады.
Гимназиялық үйірмені оқытудың мақсаты:
Оқушыларға жалпы тіл білімі, сөзжасам, сөз тұлғасы мен сөз құрамын меңгерте отырып, сөз жасаудың амал – тәсілдерін түсіндіру, ізденгіштігін арттыра отырып, ой – өрісін кеңейту. Ауызша – жазбаша сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Гимназиялық үйірмені оқытудың міндеттері:
Қазақ тілі бойынша білімдерін ғылыми-ізденіс тұрғысында жетілдіру. Ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы мәтіндерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту.
«Қазақ тіл білімі» гимназиялық үйірме жоспары
8-сынып
Жылдық сағат саны – 34
Достарыңызбен бөлісу: |