№ исх: 366 от: 29. 03. 2012 Қазақстан Республикасы


Халықпен кері байланыс жүйесі



бет3/3
Дата04.07.2016
өлшемі287 Kb.
#177331
1   2   3
Халықпен кері байланыс жүйесі

 

Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамыту жөніндегі ұсынылып отырған мемлекеттік шаралардың сапасы мен тиімділігі айтарлықтай дәрежеде осы Бағдарламаны іске асыруда халықтың өзін, қоғамдық ұйымдарды тартуға байланысты болады.

Осыны қорытындылай отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қызмет көрсету деңгейіне қанағаттанушылық, Бағдарламаны іске асыру барысында туындаған проблемалар бойынша уақтылы түзету іс-қимылдарын қабылдау үшін халықпен кері байланысты қамтамасыз ету арқылы сұранымдар мен күтулерге сәйкестікті бағалау бойынша шаралар қабылдайтын болады.

Халықпен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кері байланысты қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:

барлық мүдделі тараптардың тұрақты өңделіп отыратын өтініштері үшін on-line порталын қамтитын веб-сайт құрылатын болады;

тұрақты негізде пациенттерге сауалнамалар, конференциялар, проблемаларды зерделеу мен саланы дамыту перспективаларын зерделеуге және олар бойынша шешімдер шығаруға байланысты салалық жұмысшы топтардың кездесулері мен отырыстары өткізілетін болады;

тұрақты негізде мүдделі құрылымдар өкілдерінің қатысуымен қызметтерді дамыту проблемалары мен перспективаларына арналған теледидарлық бағдарламалар өткізілетін болады.

6. Қажетті ресурстар
Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты бағытталатын болады.

Нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу үшін бөлінген қаражаттың шегінде адами және қаржылық ресурстар тартылатын болады.



Бағдарламаны іске асыруға арналған қаржы қаражатының жалпы шығындары 178 592 369,0 мың теңгені құрайды.

2012 жылы10 865 225,0 мың теңге;

2013 жылы51 097 199,0 мың теңге;

2014 жылы56 080 946,0 мың теңге;

2015 жылы42 213 563,0 мың теңге;

2016 жылы18 335 436,0 мың теңге;

оның ішінде республикалық бюджет қаражатынан 178 544 369,0 мың теңге

2012 жылы10 817 225,0 мың теңге;

2013 жылы51 097 199,0 мың теңге;

2014 жылы56 080 946,0 мың теңге;

2015 жылы42 213 563,0 мың теңге;

2016 жылы18 335 436,0 мың теңге;

Жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен 48 000,0 мың теңге (2012 жылы – 48 000,0 мың теңге).

2013-2016 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемдері тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталатын (нақтыланатын) болады. 2012 жылға арналған мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі Республикалық бюджет комиссиясының 2012 жылғы 18 ақпандағы № 5 шешіміне сәйкес көзделген.

___________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет