Конференциялар құжаттар



бет1/2
Дата18.05.2022
өлшемі0.6 Mb.
#456977
  1   2
Дип.-Халық-Ағарту-Комиссариатының-қорындағы-қазақ-зиялылардың-көзқарасына-қатысты-құжаттар (1)
Педагогика, о ыту дістемесі (каз) Ма сатты аудитория сипаты мен

ХАК
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................4-15
Қазақ зиялылары қызметін зерттеудегі Халық Ағарту Комиссариатының құжаттары дерек көзі ретінде.

  1. Халық Ағарту Комиссариатының қорындағы зиялылардың қызметіне қатысты үкімет қаулылары 16-35

  2. Халық Ағарту Комиссариатының қорындағы қазақ зиялыларының қызметіне қатысты хаттамалар…………….36-67

2 Халық Ағарту Комиссариатының қорындағы қазақ зиялылардың көзқарасына қатысты құжаттар.
2.1Халық Ағарту Комиссариатының баяндамалары мен баянхаттары зиялылардың көзқарасы бойынша дерек көзі 68-98
2.2 Халық Ағарту Комиссариаты қорындағы съезд, пленум және конференциялар құжаттары зиялылардың көзқарасы бойынша
дереккөз ………………………………………………ж.. 99-119
3. Халық Ағарту Комиссариаты қызметіне қатысты мерзімді
басылым деректері
3.1 1920-1930 жылдардағы халық ағарту мәселелерінің мерзімді
басылымда көрініс табуы ……………………………120-164
а) қазақ зиялыларының баспасөздегі мақалаларының деректік
құндылығы;
о) "Жаңа мектеп" журналы тарихи дерек ретінде;
б) партиялық және кеңестік басылымдар дерек ретінде;
ҚОРЫТЫНДЫ : 165-168ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ ...169-


1. ХАЛЫҚ АҒАРТУ КОМИССАРИАТЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ РЕСПУБЛИКА ЗИЯЛЫЛАРЫ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДГІ
ДЕРЕК КӨЗІ
Кіріспе
Қазақстанның 1920-30 жылдарындағы тарихын зерттеу деректерді талдау жұмысын қажет етеді. Тарих ғылымында әр уақыттың, әр кезеңнің өзіндік құндылығы бар. Әсіресе, Кеңес өкіметімен бірге Қазақстанда жаңадан дүниеге келген мемлекеттік мекемелердің алғашқы жиырма жылдағы өсіп-өркендеуін терең деректанулық талдау жасау арқылы көрсетуге болады. Кеңес өкіметінің кұрылуымен катар жаңа мемлекеттік мекеме жүйесі де қалыптаса бастады. 1920 жылғы қазан айында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Құрылтай съезінің шешімінің негізінде республика территориясында мәдени құрылысты басқарушы біріккен орталық орган құрылды. Ол - Халық Ағарту Комиссариаты (бұдан былай ХАК-авт.) еді. ХАК-ы республикадағы мәдени кұрылыстың барлық салаларымен айналысатын орталық мемлекеттік мекеметін /32,14/. Комиссариаттың мемлекеттік мекеме ретінде қалыптасуы және 1920-1936 жылдардағы қызметі Ш.Тәукебаева еңбегінде терең талдауға алынған /32/. Сондықтан біз Комиссариаттың мемлекеттік мекеме ретіндегі қызметін арнайы зерттеу объектісі етіп алмадық. Дипломдық жұмысты зерттеудегі біздің негізгі мақсатымыз — осы аталған мекемеге қатысты зиялылардың қызметін баяндауда құжат деректік материалдарды көрсету. Мәселен, сол тарихи кезендегі азаттық қозғалыстың басшыларының бірі А. Байтұрсынов жаңа кұрылған Комиссариаттың тұңғыш басшысы болды, соған байланысты бұл мекеменің қызметінің бағыттары мен мазмұнын айкындауда оның ролі зор еді.
Міне, осы мазмұндағы тұжырымды А. Кенжин, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жолдыбаев, К. Тоқтыбаев және басқа осы уақытқа дейін мемлекеттік және қоғамдық қызметтері зерттеушілер назарынан тыс қалып келген алаш және кеңестік зиялылар жөнінде айтуға болады.
Кеңес өкіметі алғашқы жылдарындағы мекемелер жаңадан ашылғандықтан нормативті және басқарушы құжаттар саны өте көп болды. Коммунистік партия алғашқы жылдарда бірден орталықтандырылған толыққанды үкімет жүйесін құрып кете алмағандығын ағарту мекемелерінің құжаттарынан көреміз. Шын мәнінде, Комиссариаттың практикалық қызметі, тек 1921 жылдың қаңтарынан бастап қана жүзеге асты. 1921 жылдың шілдесіне дейін барлық губерниялық және уездік халық ағарту бөлімдерінің толық бағынуы және басшылықтың орталықтандырылуы жүргізілмеген еді /24,71/. Жылдар бойы тоталитарлық жүйе орнығып келген кеңес тарихын зерттеушіге деректердің толықтығы мен көптүрлілігін көрсету міндет.. Құжаттарды талдау барысында оның ауқымының өте кең екендігіне көз жеткіздік. Сондықтан жұмыс барысында құжаттарды мазмұн жағынан түрге бөлу принципі негізге алынды. Бұл принцип кеңес тарихшылары арасында 1930 жылдарда-ақ орнықты қолға алынды және соңынан М.Н.Тихомировтың КСРО тарихынан деректану оқулығында жан-жақты баяндалды. Нормативті және басқарушы құжаттар жайлы академик И.Д.Ковальченко былай деді: "Басқарушы құжаттар ұйымдастырушылық негізінде жатқан, басқару қызметтін жүзеге асыру үшін жасалады. Оған шешімдер, қарарлар, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, үкімдер жатады. Басқарушы құжаттарда мекеменің, ұйымның қызметінің тек қана бастапқы қалыбы емес, оның жүзеге асуындағы белгілі шаралар көрініс табады. Ұйымдастырушы-басқарушы құжаттарындағы ерекше көптүрлілікті хаттамалар, Коллегияның және коллективті ұйымның мәжілістерінің стенографиясы құрайды. Хаттамалар мен стенографиялар — мәселенің талқылануының және шешілуінің өнделген жобасы" /84/. Барлық басқарушы шешім әрқашан қаралып отырған мәселемен және объектпен қаралады. Объектілікпен, ақиқаттылықтан, оперативтіліктен және ақпарат толықтығынан қабылданған шешімнің дұрыстығы, нақтылығы көрінеді. Ақпаратты көрсетуші (фактінің көріну нәтижесі объективті шындықтың және адамның ойлау қызметінің құбылысы) құжат болып табылады /85/ Мемлекеттік мекеме жүйесінде қордаланған басқарушы құжаттардың тасқыны көп болғандықтан, зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты құжаттарды талдау жұмысы қолданылған принцип нәтижесінде объективтілікті көрсетеді.
Қазіргі Ресей тарихшылары посткеңестік деректану ғылымында позитивисттік ағым орын алғанын айта келіп, деректану ғылымында жаңа әдіс ұсынды. Жаңа әдіс бойынша тарихи деректі мақсатқа ұмтылған адам қызметі, мәдениет құбылысы ретінде, адам қызметі процесінде құрылған мәдени шығарма ретінде қарау ұсынылды. Бұл әдісті басшылыққа ала отырып, біз архив құжаттары арқылы 1920-36 жылдардағы қазақ зиялыларының ағарту саласындағы қызметін қоғам өмірімен, әлеуметтік жағдайлармен байланыстыра отырып зерттедік /86/.
Басқару құжаттары мекеменің қызметінің барысын және құрылымының мазмұнын көрсетеді. Комиссариатта қорынан кездескен ең көп түрлері үкімдер, мәжіліс хаттамалары, мұғалімдер және партия-кеңес сьездерінің материалдары болып табылады.
Алаш қайраткерлерінің Кеңес өкіметі жағына шығуы 1920 жылы қазан айында Қазақ АКСР-інің құрылуымен қатар ХАК-ының қызметінің басталуына септігін тигізді. Зиялылардың Кеңес өкіметі жағына шығуына большевиктердін өз мүдделілігі болғанын, Қазақ ревкомының 1920 жылғы 27 қаңтардағы хабарламасынан көруге болады: "Кеңес өкіметінің құрылысы мен қалыптасуы үшін Қазақ өлкесінде зиялылардың мөлшері көп болуы қажет. Сондықтан әскери ревком барлық зиялы қауым күшін жұмысқа тартуды қажет деп санайды" /87/. ХКК-інің төрағасы В.И.Ленин де зиялы қауымды қоғамға тартудың қажеттілігі туралы айтты. Ол пролетариаттық мәдениетті өткен ұрпақпен жасалғанды лақтырып, бос жерде құруға болмайтынын баса айта келіп, пролетарлық табынушылыққа қарсы шықты /88/.
Ресейлік тарихшылар пікірінше: "Марксизмнің дағдарысы қоғамның бастаушы тобы пролетариат болуында"/89/. Осы жерде жалпы интеллигенция деген сөзге тоқталып өтелік. Бұрынғы кеңестік мемлекеттерде "интеллигенция" термині қолданылып келді. Ресей тарихшылары осы мәселе төңірегінде көптеген қызу пікірталастар өткізуде. "Интеллигенция" деген термин латыншадан аударғанда - түсіну, білу деген мағынаны білдіреді. Кеңес өкіметі кезінде зиялыларды тапқа жатқызбай, әлеуметтік топ деп атады. Зиялы қауым өкілдері тек ой еңбегімен айналысатын ғана емес, рухани жағынан толыққан адамдарды айта аламыз. Біз 1920- жылдар тарихында орны бар, қазақтың зиялыларының қызметін еңбегімізде көрсетпекпіз. Кеңестік әдебиеттерде Қазақстан зиялылар тобы Кеңес өкіметі тұсында қалыптасты деген пікір орын алып келді. Ал шындығында кеңестік қазақ зиялыларының қалыптасуына зор үлес косып, оларды даярлаған алаштық азаматтар еді. Олардың дені Комиссариатта қызмет етуімен қатар, ағарту жүйесінің толық жұмысын құрып, халықты сауаттандыру ісінің жандануына жол ашты. Бұл мәселені большевиктер де мойындаған еді. Қазақстан Өлкелік Комитетінің хатшысы Ф.И.Голощекин /кеңестік қудалауды бастаушы/ көрсеткеніндей, басты мәдени жұмыстың салаларында, идеологиялық әсер және басшылық жөніндегі мәселе шешілетін орында алашордалық зиялылардың қызмет етуі кеңес өкіметі тарапынан үлкен қателік еді /90/.
Кеңестік өкімет құжаттарының сарапталу кезеңін екіге бөлуге болады. Бірінші кезең-қазақ зиялыларының, яғни Алаш партиясының лидерлерінің, ағарту мекемелерінде қызмет еткен тұсындағы құжаттар. Олар объективтілігімен көзге түседі. Жалпы кезеңді қарай |отырып, бүкіл Қазақстан халық ағарту саласы осы жылдар нәтижесінен, қазақ зиялыларының ерен еңбегінің арқасында дами алды деген пікірге келдік. Екінші кезең - алаш қайраткерлерінің репрессияға ұшырап, оқу-ағарту саласынан біржола ығыстырылғаннан кейінгі кезең. Алайда, құжаттар орталыкқа бағынған Комиссариаттың бюрократиялық жүйесі қалыптасқанын көрсетсе де, деректерде халық ағарту ісін сол даму дәрежесінде қалдырмай, әрі қарай алып кеткен екінші топ — кеңестік зиялы қауым қызметі де маңызды. Бұл кезеңде де ХАК-і қазақ зиялыларының ерекше топтасқан мекемесі ретінде үлкен роль атқара берді.
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Қүдайбердиев, М.Жұмабаев және басқа қызметкерлер мәдениеттің дамуына зор үлестерін қосты /91/. Қазіргі тарихшылар арасында Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы басқару жұмыстарына тартылған зиялылар туралы көптеген пікірлер бар. "1920 жылдардың ортасына дейін, -деп көрсетті Х.М.Әбжанов,- ескі зиялы қауым өкілдері ұйымдастыру қызметіне белсене араласты. Сол кездегі Кеңес өкіметінің практикасы мен саясаты халықтың қайта өрлеуі мен оның мақсатқа ұмтылуына сай келгендіктен, бұл зиялы қауымның прогрессивті бөлігіне әсер (етпей қоймады"/44/. Ш.Тастановтың айтуынша, алаш зиялылары большевиктерге интеллектуальды вакуумды толтыру үшін керек болды /45/. Ұлттық зиялылардың Кеңес өкіметі жағына шығуы Қазақстандағы мәдени құрылыстың қарқыны мен көлемін кеңейтуге мүмкіндік берді /56,15/. Көрнекті тарихшы К.Нүрпейісұлы мәселені былай көрсетті: "Жиырмасыншы жылдардың басында ұлттық демократиялық интеллигенцияның жекелеген белгілі қайраткерлері Қазақстан мен Түркістан АКСР-нің мемлекеттік баскару жүйесінде жауапты қызметтер атқарды. Мәселен, А.Байтұрсынов Қазақ АКСР-нің Халық Ағарту Комиссары болса,, М.О.Әуезов Республиканың Орталық Атқару Комитетінде жауапты жұмыста болды. Алаш қозғалысының бұрынғы белсенділерінің айтарлықтай тобы ҚазАКСР мен Түркістан АКСР-інің республикалық, губерниялық және уездік деңгейлерінде жауапты қызметтер атқарды. Осындай адамдардың ықплымен Алаш Қозғалысының мүшелері баспасөз, оқу-ағарту, ғылым, өнер жүйелерінде жетекшілік етуге тиісті орындарда шешуші буындарды басқарды." /46/
Көріп отырғанымыздай, Алаш қайраткерлерінің Кеңес өкіметінің ағарту жүйесіне тартылуы большевиктердің мәдени саладағы реформаларын орындау үшін керек болды.
Жалпы ағарту мәселесіне байланысты алғашқы өкімет кұжаты ретінде 1920 жылғы 26 тамыздағы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті және РСФСР ХКК-нің В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған "Қазақ Автономды Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы" декретін алуға болады. Қазақстан Кеңесі Құрылтай съезі кабылдаған ҚазАКСР еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияда халыққа білім беру туралы мәселе де қаралды. "Еңбекшілердің білімге жол ашу мақсатында - делінген онда, - жұмысшыларға, кедей шаруаларға, барлық еңбекші қазақ халқының бәріне толық жан-жақты және ақысыз білім алу мүмкіндігін беруді, біруақытта халықтың сауатсыздығын жоюға қадам басуды, өсіп келе жатқан ұрпакқа жан-жақты физикалық және рухани дамумен қамтамасыз етуді міндет етіп қою керек" /27,15/. Қордағы қаулылар туралы айтқанда, олардың құрамының әртүрлілігіне көзіміз жетеді. Біріншіден, Ресей ХАК-ынан түскен қаулылар, екіншіден, Қазақстан ХКК-і мен Қазақ Орталық Атқару Комитеті қаулылары, үшіншіден, әрине, ХАК-ының өз қаулылары. Қаулылар таза ресми құжаттар болғандықтан, саны көп емес, халық ағарту ісінің барлық жұмысының мәселелерін ашып бере алмайды, бірақ олардың мазмұнын, оқу ағарту саласындағы өзгерістерді және бұндай заң актілерінің шығу себептерін анықтау белгілі бір дәрежеде қоғам өмірін көрсетіп тұрады. Бұл жерде тоқталатын мәселе, орталықтандырылған жүйе болғандықтан, Қазақ АКСР мекемелері Ресей ХКК-іне тәуелді болды. Олар өз нұсқауларын беріп отырды. Дегенменен, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жалпы орталықтандыру жүйесі болмағандықган, құрылым әлсіз болған соң, Комиссариат қызметіне тікелей басшылық жасай алмады. ХАК-ында құжаттар шашыраңқы орналасқан.
Комиссариат қорында оның құрылуы жөнінде, қызметін бастауы туралы бастапқы құжаттар сақталынған. Алғашқы қаулылардың бірі ретінде ХКК-інің төрағасы В.И.Лениннің қосымша істеген жұмыс үшін қызметкерлер мен жұмысшыларға қосымша ақы беру туралы 1920 жылдың 16 қаңтарындағы құжатын айтуға болады. Қаулы өкіметтің ағарту қызметкерлерінің жағдайын көтеру үшін жасаған шарасы еді /92/. Ал олардың зиялыларға тікелей қатыстысы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Калинин қол койған 1920 жылғы 10 қазандағы қаулысы. Онда Халық Ағарту Комиссарының баяндамасымен танысқанын айтты. Сондықтан БОАК ХАК-ының Коллегиясына Комиссариат бекіткен міндеттер мен жоспарларды жүзеге асыру үшін кең әкімшілік тәжірибе жинаған адамдарды кіргізу, Комиссариатқа балалар мен ересектерге сауат үйрету және қажетті оқу құралдарын шығару, осы мақсатта бірнеше адамдарды басқа жұмыстардан босатып, тартуды тапсырды. Сонымең катар, Комиссариаттың барлық тәжірибелі қызметкерлерін басқа, азаматтық мекемелерден (егер олар онда жауапты қызметкерлер болмаса) ағарту қызметіне қайтару керектігін көрсетіп өтті. Қаулыны талдайтын болсақ, бұл қазақ зиялыларының белді-белді өкілдеріне Комиссариат қызметіне араласуына ашылған даңғыл жол еді. Шынында да халықтың жартысынан астамы сауатсыз елдегі зиялыларды «буржуазияшыл« деп шетке итеру арқылы халықты сауаттандыру мүмкін, емес. Кеңес белсенділері бұл әрекетке амалсыздан барды. Қаулыда ағарту қызметкерлерін сақтау мақсатында шаралар кабылданды. Кеңестік жұмысшыларды қамтамасыз ететін Комиссариатка ХАК-ы азық-түлікпен қамтамасыз етуді іске асыру, олардың нормасын дәрігерлер мен инженерлермен бірдей ету, Азық-түлік Комиссариатына арнайы киім дайындау үшін мануфактура беру,мұғалім үйлерін ұйымдастыру тапсырылды /92,58/.Ағарту ісі кеңес өкіметінің кезек күттірмейтін екпінді жұмыстарының біріне айналды.Комиссариат қорындағы құжаттардың шашыраңқы орналасуынан кейбір ағартуға қатысты деректерді басқа қорлардан қарауға тура келді. Комиссариат материалдарының ортақ белгілері -қорда жобалардың көп кездесуі. Көптеген жағдайларда жобалар жүзеге асырылып отырылған. Мәселен, ХКК-і қаулысы. Онда мектеп және басқа ағарту мекемелерінің жағдайын жақсарту шаралары айтылады /93/. Жобаның қаулы болып шыққанын зерттеуші А.И.Сембаевтың көрсетуінен білеміз. Онда: "аштық басталған соң елдің жаңа экономикалық саясатқа өтуге байланысты РКП(б) Орталық Комитеті 1921 жылы "ағарту қызметкерлерінің арасындағы жұмыс туралы" қаулы қабылдады. Бұл құжатта ағарту қызметкерлерінің одағының жұмысын жақсарту бағдарламасы жасалынады" деп айтылды /24,76/.
Қазақ АКСР-і құрылып, оның Комиссариат қызметін бастаған тұсы елдегі 1921-1922 жылдардағы аштық кезіне тап келді. Сондықтан Комиссариаттың жергілікті орындармен қатынасы үзіліп, елдегі ағарту жұмысына басшылық ету қиынға соға бастады.
Азамат соғысы бүкіл Кеңес республикаларын тұралатқаны соншалық, мәдени құрылыстың кеңейтілген бағдарламасын жаңа экономикалық саясат басталғанға дейін тоқтатуға тура келді. Финанстық және басқа мүмкіншіліктердің жетіспеуі онсыз да өсіп келе жатқан мектеп жүйесінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады /94/. Комиссариат жағдайдан шығу үшін өзінің жергілікті бөлімдеріне арнап қаулыларын шығарып, оларды аштықка ұшырағандарға көмек көрсету қызметіне шақырып, Комиссариат жанынан Президиум құрды. Президиумді Комиссардың -Орынбасары А.Кенжин, әлеуметтік бөлім бастығы Лазовтар баскарады. 1921 жыл - Комиссариатта әлеуметтік мәселенің (қаражат, материалдық негізінің) шиеленіскен тұсы. Сол үшін Комиссариаттың жергілікті комитеттері қызметкерлер арасында еңбек тәртібін көтеру туралы қаулылар шығарып отырды. 1921 жылы 1 шілдедегі қаулыда Комиссариат Коллегиясы қызметкерлердің түрмысын көтеру ісінде барлық қолдан келген шараларды қолдануды, әйтпесе еңбек тәртібінің төмендейтінін айтты. Әрине, онсыз да әлеуметтік жағынан қорғалмаған, жалақысы аз ағарту қызметкерлерінің аштық жылдарында әлеуметтік белсенділігі төмендеп, тоқырай бастады. Әлеуметтік жағдайлардың күрделенуі тек Қазақстанға тән болмады, бүкіл РСФСР-да көрінді. Бұл мәселе Кеңес республикаларының толық орнап, аяғынан тұрып кете алмауынан келіп шықт. Сондықтан ағартуға байланысты Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ульянов қаулылар қабылдады. 1921 жылы 16 қыркүйекте шығарылған қаулыда мектеп пен ағарту мекемелерін әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуді жақсарту шаралары айтылды. Ол үшін ХАК-ына оқушылардың көмегімен, кооперативтермен, артельдермен бірігіп, жеке шеберханалар және ауылшаруашылық фермаларын ұйымдастыруға құқық берді. Сонымен қатар фабрика-завод кәсіпорындары және кеңес органдары ағарту мекемелерін азық-түлікпен қамтамасыз етуі, аштыққа ұшыраған елді мекендерден баска жерлерде ағарту қызметкерлерін азық-түлікпен (болыстық съездердің ерекше қаулысымен) ауыл тұрғындары қамтамасыз етуі тиіс болды. Бұл мәселе негізінде Қазақ АКСР ХКК-інде "Ағарту мекемелерін жабдықтау үшін ауылшаруашылық фермаларын және өндіріс мекемелерін кәсіпорындарын ұйымдастыру құқығы туралы" қаулысының жобасы шықты. Қаулыда Қазақстан ХАК-ы мен оның органдарына ағарту мекемелерін жабдықтау үшін ауылшаруашылық фермаларын және жеке өндіріс кәсіпорындарын ұйымдастыру тапсырылды. Ал, Қырпромбюро, Жер Халық Комиссариаты, Еңбек Халық Комиссариаты және басқа Комиссариаттарға көмек көрсету міндеттелді. Өкімет әлеуметтік қиын |жағдайда Комиссариатка ешқандай көмек бере алмаған соң, осы шараларды амалсыз қабылдайды. Мәселені Комиссариатта қызмет еткен қазақ зиялылары жалпыхалықтық үндеуге айналдырып, халықты оқу білімді қолдауға шақырды. Дерек қоғам өміріндегі қайшылықтардың ағарту ісіне қандай әсері болғанын шынтуайтты көрсете келіп, объективті жағдайды аша алады. Комиссариаттың көптеген құжаттары ХКК-нің қорларында сақталған. Қазақстанның экімшілік-территориялық құрылымының жетілдірілмегені ХАК-ы аппаратының жұмысына кері әсерін тигізді. Ескі әкімшіл территориялық құрылыстың толыктай дерлік сақталып қалуы Халық Комиссариаттарының нығаюына жағдай жасамады. Әсіресе, төменгі болыстық және ауыл, селолардың құрылымдары мүлде шиеленісті болды /97/.
Комиссар А.Байтүрсынов ХКК-нің сұрауына байланысты Комиссариат Коллегиясының болыстық халық ағарту кеңестерін енгізу туралы қаулы шығаруының себептерін былай түсіндірді: "көп қазақ болыстықтарында бір, екі мектеп қана, болыстарда халық Ағарту ісімен айналысатын адам түгіл, қоғамдық сипаттағы іспен айналысатын да зиялылар жоқ, сондықтан Комиссариат халық ағарту аппаратының халыққа жақындауы үшін, қаулыны шығаруға мәжбүр болды"/98/.
Қаулыларды іс жүргізу материалдары ретінде талдар болсақ, олардың пайда болуын, Комиссариат қызметіне, ондағы зиялыларды калыптастыру ісіндегі ролін аша аламыз.
Комиссариаттың қызмет еткен кезіндегі әлеуметтік мәселенің ең күрделісі, шешуін таппағаны-мұғалімдердің жалақысын уақытылы берілмеуі. Бұл туралы қаулылар Комиссариатқа ХКК-інен түсіп отырды. Басшы органдар Комиссариаттың жағдайымен, құрлымымен танысып, мағлұмат алып отырды. ХКК-і 1924-25 |жылдардың бірінші ширегінде ХАК-ына территориялық бөлініске байланысты қосылған облыстарда ауылшаруашылық, педагогикалық, орман шаруашылығы техникумдарындағы қарыз ақшаны жою туралы ұсыныс жасады /99/.
Комиссариат ауылдық мектептердің күшеюі үшін бар мүмкіндіктерін салып, барлық округтік халық ағарту бөлімдеріне жолдаулар жіберіп отырды. Комиссариаттың есептеуінше, ауыл мектептерінің негізгі жетіспеушіліктері: өндірістік базасының (оқулық курал-жабдық, мектеп жабдықтары) болмауы, мұғалім кадрлардың аздығы. Тіпті, төрт жылдық мектептерді қамтамасыз ету қиынға сокты. Бұл мәселелерді шешу зиялылардың міндетіне енді. Елде қиын жағдай орнап, Кеңес өкіметі тәртібін орната алмай жатқан кезде ұлттық зиялылардың басым бөлігі ағарту салаларын көтеруге күшін салып бақты. Сондай істердің бірі - қазақ мұғалімдерін даярлау үшін оқу орындарын ашу мәселесі. Педагогикалық техникумдар мен халықка білім беру институттары мектептерді ұлттық мұғалім кадрлармен камтамасыз ете алмады. Ташкенттегі Қазақ Ағарту институтында қазақ зиялылары көптеп қызмет етті. Осыны ескеріп, республиканың өкіметі Қазақ Ағарту, институтының көлемінде педагогикалық жоғары оқу орынын ұйымдастырмақшы болды. 1926 жылғы 2 маусымда Қазақ АКСР ХКК-ның үкімінде: "Қазақ АКСР-і үшін жоғары оқу орнын, әсіресе педагогикалық жоғары оқу орнын құру қажеттілігін мойындап отырып, Ташкент қаласындағы Қазақ Ағарту институтын "қазақ педагогикалық институты" деген атпен кайта күрылған педагогикалық жоғары оқу орны деп есептеу керек". Институттың ректоры болып Орта Азия Мемлекеттік Университетінің түлегі, соңынан Халық Ағарту Комиссары болған Т.К.Жүргенов тағайындалды /27,29/. Қазақ Ағарту институтының Ташкент қаласында ашылуы Қазақстанның өз жерінде жоғары оқу орнын ашуға әзірлік болмағанын көрсетеді, екіншіден, Қазақстанның астанасының жиі-жиі өзгеруі де белгілі бір қиыншылықтар тууына әсер етпей қоймады. Бірақ Қазақ АКСР-інде жоғары оқу орнын ашуға деген жұмыс жүріп жатты. Жоғары оқу орындарының ашылуының қажеттілігі мынандай мәселелерден туындады:

  • КАКСР-дың барлық облыстарында мамандардың жетіспеушілігі өткір көрінді. РСФСР-дің жоғары оқу орындары арқылы мамандарды даярлау баяу жүрді;

  • қазақ ұлттық мәдениетінің керекті қарқынмен жүзеге асуы тек кана жоғары оқу орны өмір сұрген жағдайда ғана мүмкін болатын еді;

  • жергілікті тұрғындардан Қазақстанға қажетті ғылыми кадрлар даярлау қазақ жоғары оқу орны мен ғылыми зерттеу институттары арқылы жүргізілуі тиіс;

  • жоғары оқу орындарында оқығысы келетін қазақ жастарынын саны әр жыл сайын көбейді және олардың бәрін Қазақстаннан тыс жерлерге оқуға жіберу мүмкіншілігі болмады/100/;

Қорыта айтқанда, жоғары оқу орындары ашылмайынша, халыққа білім беру жүйесінің дұрыс құрылуы мүмкін емес еді.
Жоғары оқу орындарын ашу қазақ халқы үшін аса маңызды еді, бұл білімді адамдарды даярлаудың ең кажетті жолы. Деректер қазақ білім ордаларының негізі Комиссариатта жасалғанын дәлелдейді. Алдыңғы қаулыларды салыстыру соңғыларының шығуындағы алға басушылықты көрсетеді. 1928 жылдың 7 желтоқсанында Халық Ағарту Комиссары О.Жандосовтың атына ХКК-нің баяндамасы бойынша РСФСР ХКК-нің қаулысы келіп түсті. Қаулыда ҚазАКСР укіметінің шаруашылық және мәдени құрылыстағы қызметі туралы баяндамасын .тыңдалғаны айтылып, Қазақстандағы мәдени кұрылысының дамуындағы белгілі жетістіктерді атады /101/.
ХКК-ның 1930 жылдардағы ең үлкен шараларының бірі-жалпыға бірдей білім беру мәселесі. Қазақ зиялылары бұл шараны қуана қарсы алды.
Ағарту тарихын зерттеген ғалым Х.Табылдиев мынадай пікір айтты: "Тұтастай алғанда, сауатсыздықгың жойылуы Қазақстанда большевиктер жүзеге асырған мәдени революцияның жемісі болып табылады. Осы арада бірнеше қосымша факторды еске алған орынды. Ол ағартушылар легінің қазақ халқының сана-сезіміне жасап кеткен ыкпалы, ол алаш үрпағының ұлт санасын оятуға жасаған ыкпалы, халық рухын көтеріп, өзінен озық- халықтарды қуып жетуге талпынысы, совет, партия қызметіндегі қазақ зиялы қауым элитасының (С.Сейфуллин, С.Мендешев, А.Байтұрсынов, Сәдуакасов) жігерлі істері ерекше болды" /31,43/.
1930 жылы 25 желтоқсанда БКП/б/ Өлкелік Комитеті "Жалпыға бірдей білім берудің барысы туралы" қаулы шығарды. Қаулыда жетістіктерге қарамастан, өлкелік, қоғамдық, шаруашылық орындар және партиялық ұйымдар жалпыға бірдей білім беру директивасын орындалмағаны көрсетілді. Оған бірнеше себептер болды: әкімшілік - кеңсе жұмысындағы мұғалімдерді педагогикалық жұмысқа тартылмауы, жалпыға бірдей білім беру майданында оқулықтармен қамтамасыз ету міндеті орындалмауы, кәсіподақтардың жалпыға білім беруге тартылмауы, тек қаулылар шығарумен айналысуы. Өлкелік Комитет пен өкіметтің нұсқауларына қарамастан, Сауда Халық Комиссариаты мен өлкелік одақ және оның жергілікті органдары мұғалімдерді жабдықтау туралы директиваны орындамады, қалалық партия комитеттері мен аудандар жалпыға білім беру туралы мәселені қолдамады, ХАК-ы жалпыға білім беру ісіне басшылық жасауда өзгерістер жасағанымен кейбір аудандардың өз ерекшеліктерін есептеп, басшылық жасауға калыпқа келтірмеді және бүкіл Қазақстанда жүйелеу жұмысы жүргізілмеді.
БКП/б/ Өлкелік Комитеті осы жағдайларды ескере келіп, қаулы |шығарды:

  • аудандық партия комитеттеріне алдағы үш кезеңде барлық балаларды оқумен қамту ісінде шешуші болып табылатын қажетті шараларды қабылдауды міндеттеу керек;

  • қазақ ауылында қыздарды оқумен қамтудың саяси мәнісін көрсете отырып, аудандық комитеттерді бұл мәселе төңірегінде назар аударуға міндеттеу керек;

- оқушыларды ыстық тамақтармен қамту туралы өкіметтің |директивасын орындау керек;
- аудандық комитеттер кедей оқушыларды жылы киім және аяқ киіммен қамтамасыз ету үшін жергілікті мүмкіндіктерді тартуға шаралар қолдануы керек /102/;
Қаулы арқылы біз сол жылдардағы ХАК-ның ғана емес, бүкіл ағарту саласының мәселелерін көре аламыз. Қаулыларда басқа өкіметтік құжаттардағыдай емес, ағарту саласын мадақтап, асыра көрсету болмауы олардың ақиқаттылығын аша түседі. Қаулыға дерек ретінде қарасақ, ол тарихи ақиқаттың бір бөлігі болып табылатындықтан, оның жасаушылары шындықты обьективті түрде көрсетті. Құжаттың обьективтілігі сонда, әкімшіл-өміршіл жүйенің кызметкерлері өмірде болып жатқан шындықты айтуға мәжбүр болды. Кеңестік әдебиеттерді қарап отырсақ, деректерді зертеушілердің замана талабына сай субьективті дерекке айналдырғанын көреміз. Деректанулық талдау кезінде қолданылатын әдістің бірі мәселенің тарихнамалық құндылығын ашу. Сондықтан кеңестік әдебиеттерде қоғам өміріндегі ағарту мәселесінің орнын көрсеткен, тарихи ақиқатты анықтаған сәттер болды. Қаулылар бізге Ағарту саласының қаншалықты дамығандығын көрсетеді. Елде жалпыға бірдей міндетті білім беру реформасын енгізу жағдайы қалыптаспағаны қаулыдағы мәселелердің шиеленісуінен көрінеді Қаншама кеңестік қоғамға сай жазылса да, құжаттарды пайдалану кезінде обьективтілік принципі қолданылғанын ағарту саласының ірі зерттеушісі Р.Б.Сүлейменовтың сауатсыздықгы жою мәселесіне байланысты пікірлерінен көреміз. Оның ойынша ағарту жұмысын кұшейту жұмыстарына көтерме сөздер, ұрандар көмектеспеді, ұжымдастыру кезіндегі қиыншылықгар мәдени құрылысқа әсер етпей қоймады /103/. 1929 жылдан бастап қазақ зиялыларының репрессияға ұшырай бастағаны жалпыға білім беру реформасын жүзеге асыру жолындағы ең үлкен тосқауылдардың бірі болды. Бұрынғы оқулықтардың іске аспай қалуы, кадрлардың азайып кетуі ХАК-ының қызметін әлсіретіп, ірі көлемдегі жұмыстар жүргізуге мүмкіндік бермеді. Мұғалім кадрлардың білімінің төмендеуі жалпыға бірдей білім беру реформасын бүкілхалықтық даңғазаға, сапасыздыққа, санмен өлшеуге әкеп соқты. Әрине, бүкіл реформаны жокқа шығара алмаймыз, бірақ мәселенің субьективті жақтары кұшейіп көрсетілді: Қиындықтарға және елдегі ағарту саласының бостаңдығына қарамастан, ХКК-і 1931 жылы жалпыға бірдей жеті жылдық білім беруді енгізу туралы қаулы шығарды. Сонымен қатар 1930 жылы 27 тамызда жалпыға бірдей бастауыш білім беру туралы қаулы шыққан болатын. Қаулылар Кеңес өкіметінің білім беру саласының дамуын көрсетеді. В.И.Лениннің өзі жол салған мәдени революциясын большевиктер Қазақстанда мүмкіндігінше кұштеп болса да үкімет шешімдері арқылы енгізгісі келді, ал бүған ел дайын емес еді. Кеңес өкіметі жылдарында "мәдени революция" реформасы жүргізілді. Бұл туралы мәдениет тарихын зерттеуші ғалым Х.Әбжанов былай деді: "Мәдени революция - социалистік құрылыстың негізгі күрамдас бөлігі, қоғамның рухани өмірінің түбегейлі өзгерісі. Мәдени революция барлық еңбекшілерді социалистік құрылыстың барысында мәдени-тарихи процестің әлеуметтік-саяси белсенді мүшелеріне айналдырып жаңа адамды тәрбиелеуді қажет етеді. Қазақстандағы мәдени революция өзінің даму барысында және жүзеге асырылу әдістерімен тәсілдеріне қарағанда бірнеше кезенді бастан өткізді. Совет өкіметінің алғашқы он жылдығында мәдени құрылысқа партиялық-мемлекеттік басшылық жасаудың обьективті лениндік принциптері творчестволық қолданыс табуы арқасында қазақ халқының рухани өсуі әлеуметтік-саяси кемелденуі, жаңаша өмір сұруге деген ынтасы бұрын-сонды болмаған қарқында жүрді. Ал 1920-жылдардың аяғына қарай орныққан әкімшілдік жүйесін қой терісін жамылған қасқыр десе болғандай. Бұл кезең жарты ғасырдан астам уақытқа созылды. Өкімет билігін марксизм-ленинизм ілімімен бүркемелеген сталиншілдік басқару аппараты қолына алып алған соң социализм құру ісі, қоғамның, оның мәдени өмірі адам танығысыз бұрмаланды" /55,2-9/.
Мәдени революция жүргізілуінде халық ағарту ісі, сауатсыздықты жою, жаңа кеңестік зиялыларды қалыптастыру белгілі бір орынға ие болды. Алайда мәдени революция бұл мәселені шеше алмады.
"Мәдени революция" большевиктердің елдегі мәдени саланы социалистік құрылысқа, коммунистік тәрбиеге бейімдеу жолындағы мақсатын жүзеге асыру үшін керек болды. Мәдени революция қазақ халқын оқу-білімге шақырумен қатар, орыстандыру саясатының бүркемеленген түрін алып келді. Жоғарыдағы басшылар "халықты өркениетке жеткіземіз" деген желеумен, рухани отарлаудың жаңа әдістерін қолдана бастады. Сондықтан 1920-30-жылдардағы мәдени революция кезінде біз ағарту ісін жүргізу жақсы жағынан көрінді деп айта алмаймыз.
1920 жылдарда азамат соғысы, ашаршылық, жаңа экономикалық саясаттың жүзеге аспауы, қаптаған реформалар елді титықтатса, 1930 жылдардың басындағы үжымдастыру, зорлап отырықшыландырудың салдарынан болған аштық халық , ағарту саласы туралы ойландыртпады. Осылайша, қаулылардың жүзеге асуына елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайы мүмкіншілік бермеді. 1930 жылдардағы халық ағарту ісіндегі негізгі кемшіліктерді көрсетсек:

  1. Қазақстан мектептері Кеңестер Одағының алдыңғы қатарлы мектептерінің дәрежесінен артта қалды. Негізгі кемшілік балалардың бастауыш мектептерде өте көп жинақталуында және жоғары класстардың аз болуында еді /28/.

  2. Сауатсыздықгы жою ісі мандымады. Барлық губернияларда сауатсыздықгы жоюға қабілетті мамандар жетіспей жатты. Бар деген окытушылар, нұсқаушылар, әдістемешілер қиын материалдық жағдайға душар болды /31,43/.

3. Мұның бәрі 1928 жылдан басталған қазақ зиялы қауымының репрессияға ұшырауынан басталған еді. 1930 және 1932 болып өткен сот процестері нәтижёсінде 60-тан астам алаш қозғалысының басшылары сотталып, олардың біразы (М.Дулатүлы, Ж.Аймауытүлы) осы кеткеннен оралған жоқ/104/.
4. Астық дайындау, ет дайындау, егін егу тәрізді науқандардан колы босамаған көптеген округтар бұл мәселеге пәлендей мән бере қойған жоқ. Оның үстіне қазақ шаруалары әлеуметтік жағдайының төмендеуі мен орын алған жаппай босқыншылық жоғарыда көрсетілген сауатсыздықгы жою жоспарын 1932 жылға дейін орындап шығуға мүмкіндік бермеді /105/.
Сонымен қатар, қазақ зиялыларының С.Мендешев, Т.Жүргенев, О.Жандосов, Ф.Оликов, Н.Манаев сияқты өкілдері реформаға зор ыкыласпен кірісті. Елде көптеген мектептер ашылып, мұғалім кадрлары тоқтаусыз дайындалып жатты. Жүздеген ауыл мектептерінде, жаңадан ашылған оқу орындарында болашақ Кеңес өкіметіне қызмет ететін кадрлар қиыншылықтарға қарамастан калыптасып келе жатты. Сол кезеңнің контексінде қарасақ, қаулылар жүзеге асуы мүмкін емес еді.
Ағарту жұмысының мамандары Г.Береза, О.Сафро, Х.Амрин, С.Меңдешев, Н.Нүрмақов өз еңбектерінде Қазақстандағы жалпыға бірдей білім берудің жүзеге асырылуының бірінші қортындысын сипаттады /106/. Олар ағарту ісінің дамуына жақсы баға берді. Қазан төңкерісінен кейін қазақ халқының мәдени дамуы сүбелі де мазмұнды түтас бір дәуірді алып жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Бір кездегі көшпелі жартылай өмір кешкен халық адамзат ақыл-ойының сапалы жаңа биігі марксизм-ленинизмен табысты. Қысқа мерзім ішінде жаппай сауаттандыруды артта қалдырып, ұлттық театры мен оркестрін, баспасөзі мен мектебін құра алды /55,5/. Үлы Қазаннан бастау алған социалистік мәдени төңкеріс Отанымыздың басына төнген небір ьдысталаң сәттерде жұмысшылар мен жастарға қоғам мүшелерінің бәріне кұш-қуат беріп, болашакқа сеніммен қарауға үйретті, алға жетеледі /55,6/.
Міне, осылай кеңестік саясаттың үлкен бір күрделі бөлігі сауатсыздықгы жою ісі туралы осындай ёкі түрлі пікір қалыптасты. Комиссариат құжаттарының ішінде ағарту ісін жүргізуде зор үлесі адамдарды қудалау туралы ерекше құнды тарихи жаңалық ретіндегі материалдар кездеседі. Қор құжаттары кешенді түрде бұрын қаралмағандықган, бұл деректер Кеңес өкіметінің саясатын толық ашып, қоғам өмірін шынтуайтты тарихи ақиқат тұрғысынан көрсетеді. Дерек арқылы біз Комиссариатка жоғарыдан қысым жасалғанын байқаймыз. 1930 жылы 15 қыркүйекте ҚазМУ-дың профессоры Х.Досмүхамбетовтың іске тартылуына байланысты ОГПУ өкілі Поповтың ХАК-на жолдаған қаулысы Комиссариат қызметкерлерінің репрессияға ұшырауының басталғанын көрсетеді /107/. Материалды тарихи шындық тұрғысынан қарағанда, замана тіршілігін көрсеткен объективті құжат дәрежесін анықтаймыз. Себебі бұл өкіметтің қуғын-сұргін саясатының бет-пердесін айқын ашатын көріністердің бірі. Комиссариаттың 1930 жылдардағы қызметін көрсететін қаулы- Комиссариаттың есеп баяндамасы бойынша Қазақ Орталық Атқару Комитетінің III сессиясының Қазақстандағы мәдени кұрылыстың соңғы ұш жылының негізгі қорытындысы. Қаулыда Қазақ АКСР-нің мәдени құрылыс орнатудағы үлкен жетістіктерін көрсете келіп, соңғы үш жылда бірінші кезеңдегі мектептерде оқушылардың саны 347.511-ден 603 мыңға, техникумдарда 6.991-ден 13.560-ға, ФЗУ-ларда 386-дан 15.314-ке, жоғарғы оқу орындарында 625-тен 2.475-ке жетті деп көрсетілді. Сауатсыздықты жою 1929 жылы 140 мың, 1930 жылы 275 мың, 1931 жылы 600 мың, 1932 жылы 800 мың адамға жетті және жоғары оқу орындарының дәрежесі көтерілгені айтылды. Мектеп ісі жолға қойылып, оқу ана тілінде жүргізілді, оларда жаңа бағдарламамен жұмыс істелініп, маркстік-лениндік педагогика іске аса бастады. Қаулы осылайша жеткен жетістіктерді баяндады. Қаулының келесі бөлігі-жетістіктермен қатар алып тастауға болмайтын кемшіліктер. Кеңес әкіметі ағарту саласының мешеу қалуының себебі ретінде мәдени майданда көп уақыт бойы "алашордашылдардың идеологиясының әсерінен күтыла алмауын" көрсетті. Егер сол уақыттың обьективтілігі тұрғысынан сараласақ, халық ағарту ісін кеңестік даму дәрежесіне жеткізген алаш кайраткерлері.
Жалпы 1930 жылдардағы құжаттарда алаш қайраткерлерінің куғын-сұргінге ұшырауына байланысты оларға деген жағымсыз көзқарас калыптасты. Кеңес өкіметі өздерінің әлеуметтік-экономикалық саладағы артта калушылықтарынан туындаған ағарту саласының олқылықтарын қазақ ұлттық зиялы қауымының кызметімен байланыстырды. Ал, шындығында олар енді он жыл Ағарту саласында еңбек еткенде, Кеңес өкіметі мәдени төңкерістің нәтижесіне жетуші еді. Алаш қайраткерлерінің ағарту саласында шеттетілуімен қатар, бұл салада орыстандыру саясаты да ене бастады. Қазақ мектебін бітірген балаларға жол жабыла бастады. ХАК-ы және оның жергілікті органдарының жұмысының әлсіреуі, кеңестік, кәсіподақтық, шаруашылық ұйымдардың мәдени құрылыс мәселесіне көңіл аудармауы мәдени - революцияның бәсең жүруінің келесі себептері болды. Бұл артта қалушылық мынадай сипат алды:
-Орталық Комитет пен БКП/б/ Өлкелік Комитетінің қаулылары жүзеге аспады, сондықтан мектептер төмен дәрежеде қалды;
-мектептерде жалпы білім беру ісі дұрыс болмады, соның әсерінен политехникаландырылу формальды сипат алды;

  • бастауыш және орта мектептің материалдық базасы нашар болды;

  • жоғары мектептерге қазақ еңбекшілерінің балалары қабылданбады;

ересек тұрғындардың сауатсыздығын жою жоспары орындалмады;
- мұғалімдерге деген лениндік көзқарас жүзеге аспады жабдықтау, жалақыны уақытында беру, пәтермен қамтамасыз ету/;
Мұндай кемшіліктерді қарап отырсақ, келеңсіздіктердің тууына алаш қайраткерлерінің қатысы жоқ екендігін көреміз. Жоғарыда аталған мәселелер үкімет халықтың әлеуметтік жағдайын және ағарту саласының материалдық күйін жақсарта алмауынан туындады. Жоғарғы дәрежедегі өкімет қаулыларында бұл мәселелердің ашылып көрсетілуі халық ағарту құрылысының шыныменен төмен дәрежеде болганын білдіреді. Ағарту саласындағы қазақ зиялы қауымының өкілдерінің қудалануы мәдени төңкеріс саясатына үлкен зиянкершілік өкелді, өсіп-өркендеп келе жатқан құрылым бұзылып, регресс басталды. Сондықтан жоғарыда айтылған өкімет қаулысы осы процесстерді тоқтатпау мақсатында Қазақстандағы мәдени қурылыстың кезекті міндеттерін белгіледі.' Онда мына мәселелер көрсетілді:
- халыққа білім беру органдарының шешуші міндеті жалпыға бірдей білім беру және бастауыш, орта мектеп туралы Қазақ АКСР үкіметінің, БКП/б/ Өлкелік Комитетінің және Орталық Комитет қаулыларьшың толық жүзеге асуын қадағалау, сонымен қатар жалпыға бірдей жетіжылдық білім беруге көшу үшін жағдай жасау, мектептің қалыптасуына қол жеткізу, мектептердің ұлттық күрамын жақсарту, отырықшыланатын аудандардағы мектеп ісінің негізгі құрылымына ұйымдастырушы және оперативті өзгерістер енгізу; политехникалық мектеп үшін күрес, ХАК-ы мен оның органдарын, мектеп пен мұғалімдерді жедел бағдарламалық - әдіснамалық көмекпен жабдықтау;

  • барлық мектеп пен мәдени мекемелерді қажетті кадрлармен қамтамасыз ету үшін жалпы және арнаулы білім алуды көтеру және мұғалімдердің материалды-құқықтық жағдайын өзгерту;

- мектептің материалдық базасын құру және қалыптастыру (жаңа мектеп үйлерінің құрылысын жөндеу, оқу құралдары мен оқулықтарды өндіру) барлық кеңес органдарының шаруашылықтық, профессионалдық, қоғамдық ұйымдарының басты міндеті болуы;
- сауатсыздықты жоюдың толық орындалуы /99,3/;
Қазақ АКСР-індегі мәдени құрылыстың осы алдыңғы кезектегі міндеттерінен шыға отырып, барлық мектеп құрылымы және мәдени мекемелердің жергіліктендіру ісіндегі ХАК-ының күресі ұлттық ғылыми техникалық кадр және өнер қызметкерлерін даярлау болып табылады.
Қаулының практикалық шараларды жүзеге асыру туралы бөлігі Орталық Комитеттің алдыңғы шығарған бастауыш және орта мектеп туралы қаулысының жүзеге аспағанын дәлелдей түседі. Бұдан мынандай қорытындыға келуге болады, қаулының қарастырылып отырған бөлігіндегі материалдар тарихи деректанулық шынтуайттылық дәрежесін анықтай алады. Әрбір практикалық жүзеге асырылуы тиіс шаралар ағарту саласындағы орындалмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды. Салыстырмалы түрде қарасақ, кемшіліктер. барлық қаулыларда жасырын түрде елеусіз болса да көрсетілген. Бұл әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі толық орнамағанын, ағарту ісі жөніндегі қаулылардың бірінен соң. бірі шыкқанына карамастан жүзеге аспай жатқандығын көрсетеді. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің сессиясының негізгі мақсаты-орта мектеп туралы қаулыны тез әрі толық жүзеге асыру. Міндеттемелерді талдайтын болсақ, алдыңғы қаулыны жүзеге асыру үшін ХАК-ы мен оның органдарына жергілікті жерлермен байланысты кұшейтуді тапсырды. Негізгі мектеп туралы шаралар жергілікті жерлерде істелетіндіктен, байланыс болуы маңызды. Сондай-ақ, директивалық органдардың басты қаулылардың орындалуын тексеруі, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-көрсеткіш педагогикалық мекемелердің жұмыс істеу жоспары мен құрылымын жасап, ХКК-інің қарауына алуы Ағарту ісіңің төмендеуіне алаңдаушылықган еді. ХАК-ының шараларды жүргізуіне материалдық жетіспеушілік және кадрлардың аздығы тосқауыл етті. Келесі мәселе етіп алынған оқулықтар жайы. Қазақ зиялы қауымының кудалауға ұшырауына байланысты олардың шығарған оқулықтары жарамсыз деп табылды.
Оқулықтар туралы белгілі тарихшы М.Қойгелдиевтің пікірі:" тарихи шындық сондай, 1920-30 жылдары қазақ мектептері мен педагогикалық оқу орындарында пайдаланылған оқулықтар мен оқу күралдарының авторлары негізінен . партияда жоқ кезінде алаш қозғалысына белсенді ат салысқан ұлттық интеллигенция өкілдері болатын. Олардың қатарында А.Байтүрсынов, М.Дулатов, Х.Досмүхамбетов, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, С.Асфендияров және басқа көптеген жазушылар бар еді. Алаштық атанған зиялылардың үлкен тобы оқу-ағарту Комиссариаты жүйесінде, ғылым, өнер, баспа орындарында жұмыс жасап жүрді"/54,81/.
1928 жылдан бастап Комиссариаттың ауыл мектептерін ұлықтармен қамтамасыз етуі әлсіреді. Оқулықтар жазатын зиялылардың қудалануы, коммунистердің ішінде авторлардың әлі толық даярланып бітпеуі енді-енді дамып келе жатқан ХАК-ының мектеп туралы реформасын, жалпыға білім беруді орындауға кедергі болды.
Сондықтан қаулыда оқулықтарға бөлінген қаржыны дұрыс пайдалану, оқулықтарды уақытылы шығару туралы бөлімдер бар. Себебі оқулықтар мәселесіне өкімет орындарының араласуына тура келді. Алайда қаулылар оқулық мәселесін шеше алмады.
Жалпыға бірдей білім беру реформасының толыққанды жүзеге аспай жатқандығынан Қаржы Халық Комиссариатына қаржы бөлу тапсырылды. Ал, шаруашылық Халық Комиссариаттары мен колхоз одақтарына, МТС-тар мен жер бөлімдеріне, мектептер мен халыққа білім беру бөлімдеріне, жабдықтау Халық Комиссариатына, Қазақ ;Өлкелік одағына тапсырылған оқушыларды азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз ету туралы бөлімдер бар. Жалпыға бірдей білім беру ісіне осылайша барлық Комиссариаттар араласты. Келесі көтерілген үлкен мәселе - кадрлардың жетіспеушілігі, жеткен күннің өзінде де білімдерінің төмендігі. Бұл үшін шаралар жүргізу ХАК-ына міндеттелді. Мәселені тез арада шешу мүмкін емес еді, бүтіндей \ мұғалімдер армиясын жасауға жылдар керек еді.
Ағарту мәселесін жаңа көзқараспен зерттеп жүрген тарихшы Х.Әбжановтың көрсетуінше, ұлт мектебін өркендету қажеттілігі, оның жолдары мен межелері туралы қаулы-қарарлар, уәделер, партиялық тапсырмалар аз емес-тін/109/. Сондықтан қаулылар дерек ретінде Қоғам өмірін обьективті тұрғыдан көрсеткеніне қарамастан, орындалмай қалды. Қаулыда көрсетілген Қазақстанда түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет орнату мәселесі үлкен дау тудырады. Біздің ойымызша, Кеңес өкіметі тұсында мазмұны социалистік мәдениет орнату басым болды. Оның түп-тамыры 1930 жылдардағы «идеологиялық тазартулардан» басталып, жаңа зиялы қауым өкілдері толық социалистік қалыпқа салынып, біркелкі коммунистік партияның ықпалынан шыға алмайтын жаңа буын өкілдері ретінде даярлануынан басталған. Зиялылар тәрбиелеуші басты мекеме ХАК-ы болғандықтан, 1930 жылдардан бастап толық коммунистік идея, социалистік мәдениет үшін қызмет ете бастады.
ХАК-ына қатысты қаулылардың бір бөлігі ХКК-і мен Қазақ Орталық Атқару Комитетінің қорларында сақталған. 1934 жылы 3 сәуірдегі Қазақ АКСР ХКК-нің қаулысында тақырыптық жоспарды бекіту туралы айтылды. Қаулыда қазақ бастауыш және орта мектептері үшін 97 тұрақты оқулықтар мен оқу-әдістемелік кұралдарды шығару туралы тақырыптық жоспарды бекіту, қазақ баспасына оқулықтарды уақытында шығарып, кітап орталығына мектептерге оқу жылының басталуына қарай тарату тапсырылды.
Мемлекеттік жоспарлау комитетіне оқулықтарға қағазды бірінші кезекте бөліп, қамтамасыз ету, ХАК-ының оқулықтардың шығарылу жоспарын оперативті түрде тексеріп, әрбір мектептің нақты игіліктерін және нормаға сай бөлінуін қадағалау міндеттелді. баспасының қызметінің күшеюі мен қалыптасуы үшін оған өлкелік қордан 100 мың сом бөлу көзделді. /110/.
Оқулықтар туралы БКП/б/ Орталық Комитетінің 1929 жылғы 5 тамыздағы "Халыққа білім беру саласындағы басшы кадрлар туралы" қаулысында "кеңес аппаратын тазалау кезінде халыққа білім беру органдарында пролетарлық таптық линияны шеттететін идеологиялық бөтен элементтерден тазалауға ерекше назар бөлу керек" деп көрсетілді /24, 197/. Қаулымен Комиссариаттағы зиялы қауымға қарсы көзқарас қалыптасты. Мәселеге назарды 1930 жылғы Бүкілқазақтық ҮІІ- партконференциясы аударды. Конференцияда былай көрсетілді: "Қазақстанда ұлттық пиғылдағы алаш орда идсологиясымен тәрбиеленген зиялылар әлі де болса мәдени құрылыстың (оқулықтар құрастыру, әдістемелік басшылык) жұмысының басты салаларына көрнекті әсерін сақтауда" Партия конференциясы әрі қарай партия үйымдарға мәдени құрылыста өз басшылықтарын күшейтуге шақырды /24, 197/. Жалпыға бірдей білім беру реформасы елде қызу жүріп жатқан болса да басты қажетті оқу оқулықтардың басылуы мен дайындығы қанағаттанарлықсыз болды. 1934-35 оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларды (оқулықтармен 60 пайыз қана қамтамасыз етті /25,183/. Кеңес өкіметі мәселені шешуге бүкіл күшті жұмсап, 1930 және 1936 жылдарда С.Асфендияров, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллиннің, Ө.Тұрманжановтардың оқулықтарын шығара бастады /25, 186/. Бүкіл оқулықтардың жүзеге аспай қалуы мәдени құрылыс салаларының дамуына әсер етті. Жалпы 1920-30 жылдары оқу-ағарту ісінің үкіметтік материалдарына кешенді түрде деректанулық сын және талдау жасағанда тарихилық принциптерді қолдана отырып, екі кезеңге бөлуге болады:
-1920 жылдан бастап 1930 жылға дейін - Кеңес өкіметінің ағарту саласындағы реформаларының шарықтау шегі. Халықтың ғасырлар бойы қол жетпей келген өзгерістерді қызу қолдауына сүйеніп, қазақ ағартушыларының сан қырлы жұмыс жүргізуі;
-1930 және 1936 жылға дейін - ағарту салаларында кеңестік идеологияның үстемдік алуы. ХАК-ынан ұлттық зиялыларды алыстатып, Комиссариатты тікелей партиялық органдардың ыкпалымен басқаруы;
Әрбір қаулы ағарту саласының қайшылықтарын көрсетті. Бұрынғы кеңестік әдебиеттерде бұл құжаттар Кеңес өкіметінің мәдени саланы күшейтуге шығарған қарарлары деген субъективті пікірлер орын алды. Ал қазір тарихи тұрғыдан келіп, объективті түрде қарай аламыз.
1934 жылы оқулықтар жетіспеушілігі айқын көрінді. Осы жылы 4 карашада ХКК-інің қаулысында оқулықтарды тарату және басып шығару жағдайы туралы айтылды. Қаулының шығуына ХАК-нан Т.Жүргеневтің Қазақ баспасынан шыққан оқулықтардың таратылуы және басылуы туралы баяндамалары әсер етті. ХКК-нің төрағасы О. Исаевтің ХАК-ы мен Қазақ баспасының жұмысындағы жетістіктерді көрсете келіп, әлі, де көптеген жетіспеушіліктерді, әсіресе жергілікті атқару комитеттері мен органдардың оқулықтарды тарату ісіндегі енжарлықарын сынады /111/. Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы қаулылардың жиі-жиі шығуы мәселенің шиеленіскенін дәлелдейді.
1935 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақ АҚСР ХКК-нің БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің қаулысында - 1935-жылғы 7 тамыздағы КСРО ХҚК-і және БКП/б/ Орталық Комитетінің қаулысына тікелей сілтеме жасалады. Деректе Қазақстанның бастауыш және орта мектептері туралы оқу жылының басына қарай қазақ оқулықтарын басып шығару және тарату ісінде қамтамасыз етілмегені айтылды. Қаулыда: "...оқулықтардың бұндай жағдайына қарамастан, ХАК-ы, қазақ баспасы және кітап орталығы, сонымен қатар облыстық атқару комитеттері оқулықтармен жеткілікті түрде қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдамай отыр" — делініп, қазақ баспасына оқулықтарды шығару бастауыш мектеп үшін 277 мың дана 14 тақырыптағы кітаптарды қайта шығару міндеттелді. ХАК-ы мен қазақ баспасына оқулықтарды қазақ тіліне аударуды тапсырды /112/. 1930-1931 жылдары босап қалған оқулықтар "хаосын" толтыру үшін жоғары жақтың жиі-жиі қаулылары ХАК-ын аудару жұмысына ерекше мән беруге мәжбүр етті.
Жаңа коммунистік идеология кадрларының толық қалыптасып бітпеуінен қажеттілікті аударма жолымен толтыруға тура келді. Бұл да 1930 жылдардағы оқулықтар шығару тарихының бір белесі еді.
Қазақ АКСР БКПІбІ Өлкелік Комитетінің 1935 жылы қарашада шығарған "ҚАКСР жоғары оқу орындарында оқытуды қазақ тіліне көшіруді ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысы кең көлемді, мемлекеттік маңызы бар мәселені көтерді /113/. Бастауыш және орта мектептерді толыққанды тұрақты білім ордасына айналдыра алмай отырған шақта, қазақ тілін жоғары оқу орны дәрежесіне көтеру мүмкін емес еді. Қаулының бөлімдерінде көтерілген мәселелерге көз жүгіртсек, жоғары оқу орындарына қазақ тілін енгізу ХАК-ы мен Халық Комиссарларын толғандырып жүрген шаралардың бірі болды. Алайда тұңғыш қазақ орта мектебінің 1935, жылы Алматыда дүниеге келуі, онда бар болғаны 11 баланың оныншы класта оқуын еске алсақ, шараның іске асуының еш мүмкіншілігі жоқ еді /109/. Қаулыда 1936-37 оқу жылынан ҚАКСР-інің барлық оқу орындарының бірінші курстарында оқытуды қазақ тіліне аудару үшін жоғары дәрежелі оқытушыларды даярлау мақсатында бірнеше жұмыстар жүргізу көзделді. Ол үшін қазақ баспасы мен ХАК-ына жоғары оқу орындарының бірінші курстарына арналған оқулықтарды басып шығару және аудару тапсырылып, оқулықтардың бекітілуі және қаралуы. үшін Комиссариат жанынан Т.Жүргенев төрағалық еткен арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Оқулықтарды шығару үшін бүкіл мүмкіндіктер пайдаланылған болатын. Егер бұл шараларға бүкіл зиялылар күшін жұмсап, үкіметтің қолдауына ие болса, жүзеге асуы мүмкін еді. Оған басқа кедергілердің болуы әсер етті. Бүкіл Кеңестер Одағында, соның ішінде Қазақстанда жүргізілген 1937 жылғы қуғын-сұргін қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілдерінің шзметін жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Жаңа буын кеңестік рухта торбиеленген зиялы қауымның толық даярланып бітпеуі, патша өкіметінің оқу орындарында тәрбиеленген зиялылардың қуғынға ушырауы екі ортадағы ұрпақтар жалғастығын уақытша үзді. Ал, бұл Қазақстанның ағарту ісін дағдарысқа ұшыратты.
ХКК-нің төрағасы Ораз Исаев пен Мемлекеттік Жоспарлау Комитетінің төрағасы В.Н.Андронниковтың баяндамасы бойынша Қазақ АКСР (Зрталық Комитетінің III сессиясы "1936 жылғы Қазақ АКСР-інің әлеуметтік-мәдени және халық шаруашылығының құрылысының жоспары" туралы қаулы қабылдады. Қаулының ағарту және өнер саласына арналған бөлімінде білім беру жағдайына кеңінен тоқталды. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ү.Құлымбетов қол қойған қаулы арқылы біз жоғары партия органдарының ағарту саласына кеңінен көңіл аударғанын көреміз. ХАК-ына бөлінген қаржы жыл сайын өсіп отырды. 1935 жылы 11.825 мың сом қаржы бөлінсе, 1936 жылы 217.014 мың сом бөлінді. Сонымен қатар бастауыш және орта мектепке қабылданатын баланың санын 9.318 мыңға жеткізу, облыс қалаларында педагогикалық институттар ашу, әсіресе мектептердің үйлерін салу, бастауыш мектепті 4 классқа жеткізу көзделді. Сессиядағы қаралған ағартуға катысты үлкен мәселе — жоғары білікті мұғалім кадрларының жетіспеуі. Ол үшін Орталық Атқару Комитетінің облыстық және аудаңцық атқару комитеттерінің мұғалімдерді даярлау ісін кұшейтуте шақырды /114/.
1934-36 жылдарда ауыл мектептерінің жайы туралы бірнеше қаулылар жарық көрді. 1934 жылы 15 мамырда Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Е.Ерназаров қол қойған "Ауылдық кеңестер жанындағы халыққа білім беру секциясының міндеттері туралы" қаулыда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен Қазақ Орталық Атқару Комитетінің бірқатар директивалары мен нұсқауларына қарамастан, ауыл кеңестер жанындағы секция жұмысы қанағаттанарлықсыз болып калуда деп көрсетті /115/. Мұндай ойдың тарихи деректің өзінде көрінуі құжаттарға объективті тұрғыдан қарағанымызды дәлелдейді. 1931 жылы түгелдей сауатсыздықгы жою бастауыш және орта мектепті жүзеге асырамыз деген ұрандардың орындалмағанын 1934 жылғы құжаттар көрсетеді. 1936 жылы мамыр айындағы Қазақ АКСР ХКК-інің "Қазақстанның бастауыш, ортадан жоғары, орта мектептерін жаңа оқу жылына даярлау туралы" қаулысы да 1935 жылғы ағарту ісінің дайындығының өте төмен болғанын көрсетті /116/. Осылайша, жалпыға бірдей білім беру реформасы Қазақстанда ете қиын жағдайда өтті. Материалдық және рухани даярлығы жоқ уәде үлкен шара жүзеге асуы мүмкін емес. Мектептер қаулап ашылғанмен, онда ұстаздық ететін мұғалім кадрлар жетіспеушілігі, елдегі ұжымдастыру, отырықшыландыру, 1932 жылғы аштық, ет дайындау науқандары, белді-белді ағарту өкілдерінің қудалануы салдарынан туған түрлі қиыншылықтардың әсері болғанын қаулылардың өне бойынан көруге болады. Соның өзінде қатты шешім жасау арқылы Кеңес үкімет органдары белгілі жетістіктерге ие болды. Біздің пікірімізше, Кеңес өкімет орындарының мәдени төңкеріс ісінде жетістіктерге жетуінің ең басты себептері:
-жоғарғы органдардың ағарту ісіне тікелей араласуы, жиі-жиі қаулылар арқылы ХАК-ның қызметіне ықпал етуі;
-материалдық көмекті үсті-үстіне көбейтіп отыруы, мектеп үйлерін, құрал-жабдықгарды органдардың қадағалауы;
-мұғалім кадрларын күшейтуге барлық мүмкіндікті салып, іске жалпыхалықтық мән беру;
-қазақ зиялыларын Комиссариатқа тарту арқылы ағарту ісінде білімді адамдардың қызмет етуі;
Біз осылайша деректер арқылы зиялылардың осы тарихи кезендегі кызметіне қатысты тенденцияларды, нәтижелерді көрсеттік. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Архивінің қорында сақталған архивтік құжаттар арқылы ағарту- саласындағы кайшылықтарға толы. 1920-30 жылдардағы қазақ зиялы қауымының білім беру ісіне араласқанын талдап өттік. Ағарту ісіне қатысты қаулыларды кешенді түрде зерттеп, саралау Кеңес өкіметінің мәдени төңкеріс деп жариялаған кезендегі қызметін толық аша алады. ХКК-і мен Қазақ АКСР Орталық Комитетінің қаулыларын қарау барысында қазақ зиялы қауымының білім беру саласындағы, мектеп ісіндегі, оқулықтар шығару мәселесіндегі еңбегі баяндалады. Қаулыларда көрсетілген материалдарды зерттеу одардың мазмұнын, үқсас құжаттар құрылымында зандық актілердің маңыздылығын анықгап, терең зерттеулерге жол ашады.
1.2 Халық Ағарту Комиссариатының қорындағы қазақ зиялыларының қызметіне қатысты хаттамалар.
Халық Ағарту Комиссариатының қорында іс жүргізу материалдарының көлемді бөлігін хаттамалар (мәжіліс протоколдары) құрайды. Біз сонымен қатар Комиссариатта қызмет еткен зиялылар тарихына байланысты көптеген материалдарды жоғары партия, кеңес органдарының хаттамаларынан алып, мәселені кеңінен ашуға тырыстық. Хаттамалар арқылы ХАК-ында қызмет еткен Комиссарлар және басқа жұмыстар атқарған қазақ зиялы қауымы өкілдерінің ісінірген еңбектерін көре аламыз. ХАК-ының қорындағы хаттамалар : негізінен Коллегия мәжілісінің материалдары. Комиссариат Коллегиясы мекеменің бүкіл әлеуметтік-экономикалық мәселелерін ішешті. Ал басты рольде Коллегия мүшелері, яғни, қазақ зиялы қауымының өкілдері еді. Біз Коллегия хаттамаларын Қазақ АКСР-і өмір сүріп тұрған 1920-1936 жылдар аралығында қарадық. Қордағы хаттамалар екі типті, біріншісі мәжіліс хат түрінде, екіншісі — стенографияланған. Бірақ көптеген мәжіліс хаттар стенографияланбаған. Хаттамалардың талқыланып отырған мәселені толық, кеңінен ашуына қарап және қаралып жатқан сұрақты нақты көрсетуіне байланысты деректану ғылымында екі түрге бөледі. Олар "жабық" және "таратылмалы" деп айтылады. "Жабық" түрдегіге тек қана айтылған мәселе және қабылданған шешім көрсетілген хаттамалар жатады. Мұндай хаттамаларда мәселе толық тарқатылып ашылмайды, себебі мәселенің талқылану барысы айтылмайды. Егер хаттама "таратылмалы" болса, онда тек-қана мәселенің өзі мен қабылданған шешім ғана көрсетіліп қоймай, сонымен қатар талқылау кезінде сөйленген сөздер де кең түрде ашылып көрінеді. Кей жағдайларда талқылауға қатысқандардың сөйлеген сөздері де хаттамаға қосылып берілуі мүмкін. Алайда ХАК-ында хаттамалардың мұндай түрі аз кездеседі. Құжаттың түпнұсқалығы мәселесін ашу үшін деректің нақты формулярын зерттеу үлкен маңызға ие болады. Хаттаманың негізгі формуляры мынадай қалыптасқан элементтерден тұрады: нөмірі, күні, қатысқан адамдардың құрамы, мазмұны. Күн тәртібінде қаралған мәселелерді көрсету көбінесе, партия, кеңес ұйымдарының хаттамаларында көп кездеседі. Хаттамаларда мәселелер "тындалды" және "қабылданды" деп дәстүрлі түрде көрсетіледі. Күнін, айын, жылын көрсету тәртібі арқылы біз уақытты белгілей аламыз. Ал қатысқан адамдар мен шақырылғандар тізімі бізге қазақ зиялы қауымы өкілдерінің Қазақстанның ағарту ісіне қаншалықгы араласқанын, білім беру мәселесін шешуге еткен еңбектерін талдауға көмектеседі. Мысалы, Халық Комиссарлары А.Байтұрсынов, С.Сәдуақасов», Н.Манаев, О.Жандосов, М.Жолдыбаев, Т.Жүргеновтердің, Халық Комиссариатының қызметкерлері Ж. Аймауытов, К. Тоқтыбаев, М.Дулатов, Е.Омаров, Т.Шонановтардың, сырттан шақырылып отырған Ә.Бөкейхановтардың қандай мәселені шешуге атсалысқанын шаларды сараптау арқылы білеміз.
Хаттамалар субъектінің қолымен жасалатындықтан, деректерде көптеген субъеіктивизм факторлары орын алған. ХАК-ы қорын кешенді түрде қарау кезінде біздің зерттеу жұмысымызға үлкен кедергі болған, деректерді саралауда қиындықтар тудырған хаттамалардың жиі-жиі қайталану процесі. ХАК-ының қорының бірінші тізімдемесінде архивисттер қорды құрастыру кезінде бір хаттама бірнеше рет көрсетіп жүйелілік сақтамаған. Келесі бір байқағанымыз — Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында, яғни 1920-1925 жылдар аралығында іс жүргізу құжаттарының ішінде, хаттамалар өте көп жинақталған. Зерттеуші Ш.Тәукебаеваның пікірінше, ХАК-ының алғашқы кездегі сипаты ұйымдастырушылық-нұсқаулық дәрежесінде анықталған /32,15/. Мәселелердің шығу себебін жаңадан кұрылған мекеменің іс жүргізу тәжірибесінің әлі дамып кете алмағандығы деп білеміз. Ал кейінгі жылдарда мәжілістерде каралатын мәселелер ауқымы тарылып, нақтылана бастаған. Өйткені бюрократиялық жүйенің орнығып, Комиссариаттың көптеген мәселелерін жоғары партия - кеңес ұйымдарының мәжілістерінде шешкен еді.
Сондықтан деректанулық талдау жүргізу кезінде біз хаттамалардың ХАК-ы қорында жинақталуын екі кезеңге бөлдік. Бірінші кезең, хаттамалардың бүкіл Комиссариат қызметін көрсетуге атсалысқан түсы - 1920-25 жылдар, бұл кезде хаттамалар белгілі бір дәрежеде тарихи ақиқатты көрсетуде маңызды роль атқарды, яғни объективті факторлар орын алды. Осы жылдарда мәселелер ХАК- ның өзінде шешілді, кейбір жағдайларда ғана жоғары ұйымдар бекітіп отырды. Бұдан Комиссариаттың жартылай болса да тәуелсіз мекеме болғанын байқаймыз. Екінші кезең - 1925-36 жылдар, кезең әкімшіл-әміршіл жүйенің қалыптаса бастап, кейін мүлдем орнығып алған түсы. Көптеген маңызды мәрелелер жоғары партия — кеңес ұйымдарында шешіле бастап, хаттамалар формальді сипатта болады. Бірақ деректанулық талдау жүргізу деректерді объективті жағынан қарауға ықпал етеді. Іс жүргізу құжаттарына талдау бізге қор материалдарына кешенді түрде зерттеу жасауға көмектесіп, деректердің құндылығын айқындай түседі. Сонымен қатар хаттамаларды саралау ісінде біздің зерттеу объектімізге айналған Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің материалдары. Архивта ХАК-ына байланысты мәжіліс хаттар жинақталған. Оның ішінде қазақ зиялыларының қызметіне байланысты деректер көп. Бұл арқылы жоғары партия, кеңес органдарының ХАК-ына ықпал жүргізіп, Комиссариатта қызмет еткен қазақ зиялы қауымының тағдырын шешіп отырғанын көре аламыз.
Ресейлік деректанушылар Кеңес өкіметінің құжаттарына сыни көзқараспен қарай келе, хаттамалардың субъективті болуына себеп болатын мына факторларды көрсетеді: көбіне сөйлеушілер "Бұл хаттама үшін емес!" деп ескертеді. Мұндай өтініштің тууына әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін: этикалық ойлар, ақпараттық қүпиялығы және т.б. Осыдан келіп, деректанушылар былай дейді, зерттеушінің алдына шешеннің айтқан фрагментінің қалып қойған жерін өндеу жұмысын жасау міндеті тұрмайды, себебі оны дұрыстау мүмкін емес Көптеген уақыт өткен соң сөйлеген адам немесе қатысқандардың біреуі бұл эпизодты естеліктерінде көрсетуі мүмкін. Зерттеуші сонда ғана пайдалана алады. Сондай-ақ, деректанушы ғалымдар, 20-жылдарда мынадай практика орын алғанын көрсетеді: бірінші мәжілістің стенографиясы жазылып, сосын оның негізінде хаттама құрылып, кейбір жағдайда стенограмма фрагменттері хаттамаларда берілген /86,579-580/. Бұдан мынадай қортынды жасай аламыз, хаттамаларда субъектілік факторы кең орын алған. Біз бар мүмкіндігімізше мұндай жағдайларды ескеріп, объективті тұрғыдан қарауға тырыстық. Сондықтан хаттамалардың алғашқы түпнұсқалық негізде жасалынған деректерін табу мүмкін емес, ал хаттамалардың шынайылығы мен толықтығына сөйлеушілердің сөздерін таңдап жазуы, оларды құрастырушылардың субъективті ойлары әсер етті. ХАК-ының хаттамаларында мәжілісте сөйлеген адамның сөзін тура күйінде емес, мазмұндап беру кең орын алған. Бұл жерде субъектінің мағынаны өзгертуі мүмкін, сонымен қатар сөздің қысқартылып қалуымен автордың айтқан ойлары толық айтылмауы мүмкін.
Ағарту саласының қалыптасу мәселесі 1920 жылдарда үлкен маңызға ие болды. ХАК-ы Қазақ АКСР-і құрылуымен қатар 1920 жылдың қазан айында құрылғаны белгілі. Алайда одан бұрын Қазақ АКСР ХКК-інің мәжілісінде ХАК-ынан Дейнеганың "Қазақстандағы социалистік құрылыс үшін кадр дайындау туралы" баяндамасы тындалып, қаулы қабылданды. Қаулыда Қазақ Орталық Атқару Комитеті және ХКК-і Президиумының баяндамаға байланысты Қазақстанда социалистік құрылыс үшін кадр даярлау туралы қаулысының жобасын негізге алу айтылды /117/. Құжат Кеңес өкіметінің кадр даярлау саясатының мақсатын ашып көрсетеді.
Біздің тарихымыздағы өтпелі кезенде арнаулы мекемелердің дамуы мен кұрылуы халықтың санасына жаңа, социалистік идеологияны ендіруге арналды /32,11/. Кеңес мемлекеті жаңа еңбек мекеме мектебін коммунистік идеяның жол бастаушысына, ал мектепті 'социалистік қоғамның жаңа адамын қалыптастыру көзіне айналдырды /23,19/. Ал бұл мақсатты орындау ХАК-ының тікелей міндетіне енді. Комиссариаттың кадр мәселесі туралы қаулылар кабылдауы осы міндеттерден туындады.
ХАК-ының Коллегиясының қай уақытта құрылғандығы туралы құжаттар жоқ болғанымен, Коллегия мәжілісінің алғашқы хаттамалары тамыз, қараша айларында жасала бастаған. 1920 жылдың 16 казан айынан бастап мәжіліс төрағасы А. Байтұрсынов болғанын деректерді қарау арқылы білеміз /118/. 19 қазанда Қазақ Партиялық Бюросының Президиумы мәжілісінде Акулов, Киров, Радус-Зенкович, Авдеевтар қатысып, Халық Комиссариатының Коллгияларын бекітті. Соның ішінде ХАК-ының Коллегиясына А. Байтұрсынов пен Ж.Аймауытовты сайлады /119/. Осы жылдың 1 қарашасында ХКК-і мәжілісінде ХАК-ының Коллегиясына А. Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Акуловтарды мүше етіп берді /120/. ХАК-ының Коллегиясы жиі алмасып түрды. 25 қарашада ХКК-нің мәжілісінің Ж.Аймауытовтың орнына Бояновты бекітті. 5 қарашадағы жоғарыда көрсетілген Бюроның мәжілісінде 5 қарашадағы Акуловтың ХАК-ы туралы баяндамасы тындалып, Коллегияның мүшесі Ж.Аймауытовты Семей қаласынан тез арада шақыртып, Б.Сәрсеновты және Өлкелік коммолдан Төлеповты тарту туралы қаулы қабылданды /120,14/.
ХАК-ы жаңадан құрылып, аяғынан тұрып кету үшін қазақтың окыған азаматтарын ағарту ісіне тарту керек болды. Кадр тапшылығы, әсіресе оқу саласында қатты білінді. Қазақстанның партиялық ұйымдары мәселені шешу үшін шұғыл шаралар қолдануға мәжбүр болды. 1920 жылы 8 қарашада ХКК-інің мәжілісінде ХАК-ына мынадай ұсыныс жасады:
ж) азаматтық мекемелерден ағарту қызметкерлерін атқарып отырған қызметіне қарамастан шақырту;
з) сауатты қазақтарды тарту;
и) сауатты қазақтардың тартудың жоспарын А. Байтұрсынов жасап, ХКК-іне көрсетуін тапсыру керек;
м) қазақ тілінде оқулықтар құрастыруды әдебиетші қазақтарды тарту жолымен күшейтуге шаралар қолдану/120,14/;
Алайда біз бұл қаулы бүкіл кадр жетіспеушілігін толық шеше алды деп айта алмаймыз. Мәселенің 30-шы жылдарда да қойылғанын ескерсек, он жыл ішінде бұндай қаулылардың жүзеге аспағанын білеміз.
Кейінгі жылдарда қазақ зиялыларын қызметке шақыру, жалғаса бастады. 1922 жылғы 14 қыркүйекте Комиссариат Коллегиясы мәжілісінде М.Жолдыбаев аппарат және мекемелер жұмысын күшейту үшін қазақ қызметкерлерін облыстардан шақырту туралы қаулы қабылданды. Шақырылған қызметкерлер мыналар: Ырғыздан -Т.Шонанов, Костанайдан - Е.Омаров,, Жамбайдан - Жанқадамов, Ойылдан - Байсауов, Жанбайдан-Ишанов, Тоқпақбаев, Бекбатырова, Ордадан - Мәметова, Калмыковтан - Берекетова, Гурьевтен -Ибрашова, Ақтөбеден - Баймұқамбетова. Бұл зиялылар ағарту ісін дамытуға үлес қосып, Комиссариатты рухани өсіруге атсалысты. Ұлттық зиялылар тарихын зерттеуші С.Асанованың төмендегі пікіріне толық қосыламыз. Ол қазақ зиялылары қазақ халқын тотальды кеңестендіру жолында негізгі кедергі болды, тек қана қазақ халқының рухани көсемдерін құртқан соң ғана Қазақстанда "Кіші Қазан" идеясы мен жаппай коллективтендіру практикалық түрде жүзеге аса бастады деп көрсетті /122/.
Осы жылдардағы үлкен мәселелердің бірі — оқулық жазу. Оқулықтар жазу ісіне Комиссариатта қызмет еткен зиялылар ғана емес, сырттан шақырылғандар да қатысты. Мысалы, 1921 жылғы 2 куркүйекте Коллегия мәжілісінде көрсетілгендей, Чулошниковтың Хрестоматиясына Ә.Бөкейханов пікір жазды. Қазақстандағы білім ордасының орталығы ХАК-ы оқу-әдістемелік оқулықтар шығарумен айналысқан алғашқы мемлекеттік мекеме болды. Комиссариат құрылған күннен бастап-ақ оқулықтармен мектептерді қамтамасыз ету бірінші орынға қойылды. Бастаманы Комиссариаттағы қазақ зиялы кауым өкілдері қолдап әкетті. Негізінен қазақ тіліндегі оқулықтар шығуының бастамасы А. Байтұрсыновтың Халық Ағарту Комиссары, Академиялық Орталықтың төрағасы болып тұрған кездерінде қызу қолға алынды. Халық Ағарту Комиссары және ҚАКСР Мемлекеттік баспасының редакциялық Коллегиясының мүшесі А. Байтұрсынов I және II басқыш біріккен еңбек мектебі үшін оқулықтарды қазақ тіліне аудару, құрастыру туралы мәселе көтеріп, біріккен жиылыс өткізді. Жиылысқа Е.Омаров, Х.Болғанбаев, С.Сәдуақасов, Ф.Ғалымжанов, Б.Сәрсенов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Ә.Бөкейханов, С.Айтқожиндар қатысты. Жиылыста А. Байтұрсынов әлі күнге дейін I және II басқыштағы мектептер үшін қазақ тілінде оқулықтар жоқтығын, ал бар оқулықтардың еңбек мектептерінің 1 басқышының І, ІІ, ІІІ тобы үшін қазақ тілінде ғана жарайтынын айта келіп, I және II басқыш үшін қазақ тілінде оқулықтар жазу және құрастыруда тез шаралар қабылдау қажеттілігі туындап отырғанын көрсетті. Комиссар ағарту саласын дамытуда екі өзекті мәселені дәл таба білді. Біріншіден, оқулықсыз оқу ісі алға басуы мүмкін емес еді. Екіншіден, жиылыста қатысқан адамдар қазақ зиялы қауымының маңдай алды, өкілдері болды. Оларды А. Байтұрсынов арнайы шақырып, іріктеп алғаны көрініп тұр. А. Байтұрсынов жұмысты іске асыру үшін төмендегідей қаулы қабылдатты:
жоғарыда көрсетілген адамдарды орысшадан қазақшаға аударуға тарту; бұл мақсатқа Мағжан Жүмабаев, Маннан Тұрғанбаев, Қошке Кемеңгеров, Жұмағали Тлеулин, Сейітбаттал Мұстафин сияқты жазғысы келген адамдарды пайдалану;
1 және 2 басқыш біріккен еңбек мектебі бағдарламасына сай келетін мынадай оқулықтарды аудару: арифметика, геометрия, жаратылыстану, физика, алгебра, география, жалпы тарих және қазақ тарихы, мектеп гигиенасы, осы пәндерден әдістеме, педагогика және дидактика, оқу хрестоматиясы, синтаксис және қазақ тілінің сөйлеуінің теориясы;
3 пункт бойынш келісім және тілек білдіргендерге төменде көрсетілген пәндер тапсырылды:

  1. Арифметика - И. Тұрғанбаев

  2. Геометрия - Б.Сәрсенов

  3. Жаратылыстану - Е.Омаров

  4. Физика - Ф.Ғалымжанов

  5. География - Ә.Бөкейханов

  6. Қазақ тарихы - М.Жұмабаев

  7. Мектеп гигиенасы — Ж.Тлеулин

  1. Жалпы тарих — Х.Болғанбаев

  2. Алгебра1 — Е.Омаров

  3. Педагогика — М. Жұмабаев

  4. Дидактика - Ж.Аймауытов.

...6. Бұл пәндер бойынша әдістеме құрастыру осы айтылған адамдарға алған пәндері бойынша тапсырылуы керек.
7. 4-пункт бойынша құрастыру төмендегі адамдарға тапсырылуы керек:
І.Хрестоматия — С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов

  1. қазақ тілінің синтаксисі — А.Байтұрсынов

  2. сөз өнері теориясы — М. Жұмабаев

Оқулықтарды құрастыру мен аударуды 1-ші маусымға дейін бітіру керектігі айтылды.
...14. Үлкендер үшін хрестоматия құрастыруды С.Сәдуақасов пен Ж.Аймауытовқа тапсыру /123/.
Қазақ зиялылары ХАК-ының оқулықтарының, бағдарламалық-әдістемелік жүйесінің негізін салушылар әрі педагогикалық әдіснаманың ірге тасын қалаушылар болды. Аталған зиялылардың бір ерекшелігі — жан-жақты, энциклопедиялық білімділігі. Кітап жазушылардың тізбесін қарап отырсақ, бәрі дерлік Алаш партиясының лидерлері болған көрнекті қайраткерлер. Қазақ зиялы кауым өкілдері оқулықтар жазу ісінде ынтымақтастық көрсетіп, жан-жақты білімдерін дәлелдеді. Мұндай универсалдылықтың құпиясын қазақ ауылын ірі және көлемді әлеуметтік өзгерістерге қызу тарту жағдайында зиялылардың түлға ретінде өте ерте қалыптасқандығынан іздеу керек шығар /124/. Олардың Комиссариатпен тығыз жұмыс жасауына Алаш партиясының көрнекті лидері А. Байтұрсыновтың Комиссар болып қызмет етуі үлкен әсер етті. Оқулық шығару — зиялылардың кеңестік жастарды тәрбиелеу ісіндегі практикалық кызметтерінің басы еді. Ал А.Байтұрсыновтың оқулықтар шығару ісі өзінше бір зерттеу объектісі болып табылады. 1920-жылдардың басында оны қазақтың Чернышевскийі деп бекер атамаған, оны "қазақ баспасының әкесі әрі көсемі" деп көрсетті /123,41/.
1920 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақ Орталық Атқару Комитетінің президиумының мәжілісі А.Байтұрсыновка жіберген жолдамасында РСФСР ХАК-ы жанындағы аз ұлттарды ағарту бөлімі Қазақ Республикасын мекендейтін халықтардың мәдени-ағарту қызметінің еркін құрастыруға қатысуы туралы қатынас қағазын жіберді. барлық Атқару Комитеті жұмыстың орындалуын комссариаттардың басшы өкілдерінен тұратын жауапты комиссияға тапсырды. Комиссия құрамын ХАК-ынан А. Байтұрсынов, Азық-түлік Халық Комиссариатынан Саматов, Заң Халық Комиссариатынан Әлібековтер тартылды және жұмысқа қатысуға Ә.Бөкейхановтың, Мендешовтың құқы болды. Жұмыс ХАК-ымен тығыз байланыста жүргізілді. Президиум алдында жауапты А. Байтұрсынов болып таылды /120,29/.
Сондай-ақ, осы жылы 20-қарашада Коллегия мүшелерімен қатар Ә.Бөкейханов қатысқан мәжілісте Орталық Атқару Комитетінің Қаулысы көрсетілді, онда халыққа білім беру мәселесі мемлекеттің өмірінде алдыңғы катарда, екпінді роль атқаратын болғандықтан Комиссариатқа мықты қызметкерлерді тартып, толық әскери пакетпен қамтамасыз ету қажеттігін айтты /120,30/.
ХАК-ы бұл кезде республикадағы ең ірі Комиссариаттардың бірі болатын. Оған оқу орындары түгелдей, театр және өнер, ғылым және баспа өндірісі қарады. Республика өмірінде бұл Комиссариаттың ролінің жоғары болуы, сондай-ақ оның әлі де болса ұлттық көпшілік құратын жергілікті халықтың күнделікті тыныс-тіршілігімен, ұлттық санасының жаңару, өсу процесін бастан кешірумен тығыз байланысты болуында еді /125/.
ХАК-ының іс жүргізу құжаттарының ішінде ең көп көлемде кездесетін хаттамаларды саралайтын болсақ, алғашқы жылдарда олар "жабық" түрде болды. Яғни құжатта тек қана "тындалды", "қаулы қабылданды" деп қысқа түрде көрсетілді, талқылану барысы айтылмады. Әрине, жағдай Комиссариаттың іс жүргізу материалдары жүйесінің толық орнықпай, басқарушы аппаратының әлсіздігінен туындап жатса керек. Жалпы хаттамалардың 1920-21 жылдарындағы барысына қарап отырсақ, негізгі мәселе кадр жетіспеушілігінен туындаған вакуумды толтыру мақсатында зиялы қауым өкілдерін жаппай оқу ісіне тарту жұмысы болды. Жұмысқа алу кейінгі жылдарда жоғары партия-кеңес органдарының тікелей басшылығымен жүзеге асса, бастапқы өтпелі кезенде зиялыларды жұмысқа орналастыру Комиссариат басшылығының нұсқауымен, көрсетуімен шешіліп отырылды. Бірақ, кейбір жағдайда жоғары кеңес-партия органдарынан да нұсқау түсіп отырды. Коллегия өзінің 1922 жылғы , 15 маусымдағы мәжілісінде РКП/б/ Облыстық Комитетінің Халық Ағарту Комиссарының орынбасарлығына С.Сейфуллинді тағайындау туралы шешімін қарады. Коллегия мүшелері Комиссариат құрамы толық екенін ашық айтты. С.Сейфуллин үшін бірде-бір Коллегия мүшесі қызметінен кете алмайтынын, сондықтан мәселенің шығуына түсінік беруді сұрады. Комиссариат осылай жоғары орындарға ашық наразылық білдірді. Бұған жауап ретінде ХКК-і 21-маусымдағы мәжілісінде Сейфуллинді ұйымдастыру-әкімшілік жағынан, Комиссардың кіші орынбасары етіп тағайындап тастады. Комиссариаттағы қазақ зиялылары өз пікірлерін ашық көрсетіп отырды. Соның бірі 1922 жылғы 5 наурыздағы РКП/б/ Облыстық Комитеті Президиумының мәжілісінде айтылған С.Сәдуақасовтың арызы. Арызда С.Сәдуақасов былай деп көрсетеді: "барлық саяси линия Қазақстанның басқарушы органдарының жұмысына сай болмағандықтан, мен ҚАКСР ағарту огдарында жұмыс істеу мүмкін емес деп есептеймін. Мен саяси ағарту бас комитетінде жұмыс істемеймін. Облыстық Комитетінің жұмыс істегісі келетін немесе келмейтіндігімен санасуы керек" /127/. Бұл ашық қарсылық-тұғын.
Алғашқы Қазақ Университетін ашу идеясы 1921 жылы туындағаны белгілі. Қазақстандағы жоғары оқу орындары мәселесінде ХАК-ы мен Оның зиялылары үлкен роль атқарды. Оған орай хаттамалар кешенінде де құжаттар көп. Қазақ Университетін ұйымдастыру туралы Комиссариатта үлкен жиылыс болып, оған көптеген адамдар шақырылды. Мәжілісте Мемлекеттік Университетті ұйымдастыру уақытылы деп есептелініп, онда жұмысшы факультеті, биология, жер өндеу, агрономия және орман шаруашылығы, техникалық факультет, иедагогикалық, қоғамдық ғылымдар, медициналық факультеттер ашылмақшы болды /128/. Кейінгі 11 маусымдағы Комиссариат Коллегиясының мәжілісінде Ж.Аймауытов, Б.Сәрсенов, А.Кенжин, М.Маркевич, Мартыновтар қатысып, Мемлекеттік Университетте мелиоративтік бөлім ашу туралы баяндама тындалып, оның ашылуын ХКК-і тарапынан оқытушылар персоналы бөлінсе ғана мүмкін деген қаулыға келді /128,108/. Комиссариаттың бұндай қаулылар қабылдауын, тарихшы Р.Б.Сүлейменов, мамандарға кажеттіліктің өте жоғары болуынан республика үкіметі мен ХАК-ының басшылары реалды жағдайлар мен мүмкіндіктермен есептеспей алға жүгірді, тек кана орта мектептерді ғана емес, жоғары оқу орындарын ашуға да тырысқандықтан туындады деп түсіндірді. Сонымен қатар, ол 1921 жылы 19 сәуірде ХКК-і 15 қыркүйектен Орынборда Мемлекеттік университет ашуға қаулы шығарғанмен, тек жұмысшы факультетін ашуға ғана шамалары келіп, университет ашылу идеясы кейінге калдырылды деп көрсетті /25,131/.
Кеңестік тарихшылар арасында алғашқы болып Қазақ Университетінің ашылуы туралы қарастырған Қ.Жаманбаевтың пікірінше, жергілікті партия және кеңес органдары жоғары оқу орындарының дамуына көп көмектесті, бірақ олардың кейбіреулері уақытынан бұрын ашылды. Зерттеуші, әрі қарай 1921 жылы Орынборда ашылған Қазақ Мемлекеттік Университеті биологиялық, шаруашылық, эқономикалық, тау-кен, техникалық, педогикалық, әлеуметтік ғылымдар факультеттерімен ашылған атын деп көрсетті /27,26/. Біз бұл пікірге қосыла алмаймыз. себебі ХАК-ыңың жоғары оқу орындарын ашуда жетекші роль атқарғанын ескерсек, мекеменің хаттамаларына шолу жасау арқылы университеттің ашылу идеясы тек қана қағаз жүзінде қалғанын білеміз. Хаттамалардағы пікірлердің өздері бізге қазақ зиялы атқарушының идеяны жүзеге асыруда мүмкіншіліктері болмағандарын мойындағандықтарын көрсетеді. Әрине, Қ.Жаманбаев жоғары оқу базасының реалды мүмкіндіктерді есептемей құрылғандығын, құрал-жабдықтардың, оқытушы кадрлардың, сонымен қатар, қажетті дайындалған жастардың жетіспеушілігін, оқу базасының жоқтығын айтып өтті.
Біздің пікірімізше, Мемлекеттік Университеттің ашылуына қажетті жағдайда Қазақстанда қалыптаспаған еді. Оған себептер көп болды: -материалдық базаның болмауы. Бұндай база тіпті бастауыш мектептерде орнығып бітпеген (Бұл жерде тарихшы Қ.Жаманбаев орыс көрсетіп өтті : "істің дұрыс көрінісі үшін алдымен жалпы білім беретін мектептер жүйесін кеңейтіп, дайындық курстары мен жұмысшы факультеттерін ашу керек" /27,26/. 1921 жылғы мәжіліс хатта 29 шілдедегі паек пен үй болмауына байланысты күзде тек қана жұмысшы факультетін ашу туралы Маркевичтің арызы қаралып, ХКК-і мен Облыстық Комитеттен сұрауға шешім қабылдады. Ал техникалық және ауылшаруашылық факультеттерінің ашылуы жақсы жағдай қалыптасқанға дейін қалдырылды /94,144/. Бұдан көргеніміздей, Университет ашылуына мүлдем жағдай болмаған. Университет деген сөздің "универсал" деген сөзден шыкқанын ескерсек, бір факультетпен Университет ашылуы мүмкін емес еді. Жұмысшы факультеттері қаптап ашылып жатты. Құжат дерек ретінде қоғамдағы құбылыстарды объективті түрде көрсетті, бұл сол жылдардағы ағарту қызметін тарихи ақиқат тұрғысынан ашып берді. Комиссариатта қызмет еткен зиялылар тарихын қарау кезінде, көптеген деректерді деректанулық сын дәрежесінен қарағанда, қоғамдағы өмірді шынайы ашатынын байқадық);
-педагогикалық персоналдың жетіспеуі, қазақтың барлық оқыған азаматтары Кеңес өкіметінің басшы қызметінде жүрді (педагогикалық персоналдың жетіспеушілігін жоғарыда айтылған мәжілісте кабылданған қаулыдан көруге болады. Себебі мәселені Комиссариаттың өз қызметкерлері көрсетіп отырған);
-қазақ балаларының Университетте оқуға мүмкіншіліктерінің болмауы. Мемлекет қазақ балаларын оқытуға мүдделі болмады. Сондықтан барлық оқу орындарын орыс тілінде етіп қойды. (Бұл мәселенің айқын көрінуі 1921 жылғы 17 маусымдағы Коллегия мәжілісіндегі Маркевич пен Б.Сәрсенов арасындағы айтыстан ашылды. Айтыстың шығу себебі Университетке қазақ балаларын тартуға шаралар қолданылмауы. Маркевич Университетке ақтардың тартылмауын Б.Сәрсеновтың кінәсінен десе, Б.Сәрсенов университетке оқуға шақырылған адамдардың Орынборға келмеуіне кінәлі еместігін айтты. Бұдан қажетті қазақ балаларының санын санай алмағанын көреміз) /129/.
Қордағы зиялы қауым тарихына байланысты хаттамаларды талдайтын болсақ, әр түрлі мазмұндағы мәселелерді көтергенін байқаймыз. 1921 жылғы 2 сәуірдегі хаттаманы қарасақ, қазақ өлеңдерін жинау жұмысына қазақ зиялылары А. Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейхановтар қатысқанын анықтауға болады. жалпы А.Затаевичтің кітабының құндылығы сонда, ондағы қазақ әндерінің жазылуына қазақ зиялы қауымының үлесі аса зор болды. Академиялық МУЗО саяси бөлімінің меңгерушісі А.Затаевичтың жинаған қазақ ұлттық өлеңдері мен әндерін қабылдау үшін 1921 жылғы 9 мамырдағы Халық Ағарту Комиссары А.Байтұрсыновтың төрағалығымен құрылтай Муза Комиссиясының баяндамасы тыдалды. Онда А.3атаевичтың жұмысына жоғары баға беріліп, оған едәуір көлемде ақшалай сыйлық берілді. Қазақ зиялы қауым өкілдері қазақ әндерінің жинаушысы А.3атаевичтің жұмысы барысында үлкен ынтымақтастық танытып, оған моральдық және материалдық үлкен көмек көрсетті. А.Затаевичтің қазақ әндерін жинау кезіндегі жұмысы туралы баяндамалары Комиссариат Коллегиясында жиі-жиі тыңдалып отырылды. Коллегия мүшелері А.Затаевичтің еңбегінің Қазақстан үшін өте құндылығын мойындап, оған барлық жағдайды жасауға тырысты /130/.
А.Байтұрсыновтың Комиссар болған кезінде еткен үлкен қызметі ғылыми секторға байланысты болды. Ол оқу-ағарту жұмысындағы үлкен кедергі болған оқу-әдістемелік оқулықтарды шығарып, Қазақстан ғылымының дамуын мақсат етіп қойды. Бұл жұмысты Академиялық Орталықтың төрағасы болып тұрған кезінде одан әрі жалғастырды. Комиссар Коллегиядан ғылыми сектордың жауапты қызметкерлерін тағайындау үшін таңдап алынған адамдардан комиссия құрды. Комиссия құрамында қазақ зиялылары, оқыған азаматтар Ж.Аймауытов, Б.Сәрсенов, Чулошников және А.Байтұрсыновтың өзі кірді. Комиссияның негізгі мақсаты ғылыми секторға қажетті адамдарды басқа мекемелердегі жұмыстарын азайту арқылы толықтай қызмет етуіне жағдай жасау. Комиссия қызметкерлерді іріктеп алып отырды /94,80/.
Комиссариат материалдарын саралау кезінде көп кездесетін мәселе — Коллегия мәжілістерінде қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы жиі қаралуы. Комиссариат Коллегиясының мүшелері ағарту кызметкерлеріне берілетін азық-түлік және мануфактураны тікелей өздері бөліп отырды /94,170/. Бұл, біріншіден, әлеуметтік жағдайдың тым төмен болғандығын көрсетсе, екіншіден, Коллегиядағы зиялылардың мәселені шешуді тікелей қолдарына алғанын айқындайды. Бұл қалыпты жалақы беру мүмкіншілігі болмаған кезде, қиын жағдайда әділетсіздік орын алмауы үшін қабылданған шара деп айта аламыз. Орталықтанған жүйе болмағандықтан, кейін басқа Халық Комиссариаттардың міндетіне енген шараны Комиссариат өзі атқаруға мәжбүр болды.
Әлеуметтік жағдайдың мүлдем шиеленісіп кетті. Оны 1922 жылы 17 наурызда ҚАКСР Қаржы Халық Комиссариатының Орталық қазыналы Есеп Басқармасы жанындағы ведомствоаралық жиылыста Қаржы Халкомының орынбасары Генераловтың ХАК-ының ҚАКСР кіші ХКК-інде көтерген ұсыныдын көрсетуінен білеміз. ХАК-ы қаусынысында 1921 жылғы 22 тамыздағы РСФСР ХКК-інің декретіне сай жергілікті кіріс есебіне жататын шығындардың халық казынасының жалпы мемлекеттік құралдарынан бөлініс алуға рұқсат сұрады /131/. Комиссариаттың мұндай шараға баруы шарасыздықтан болды. Мемлекеттің халық ағарту саласына бөліп отырған қаржысы мүлдем қанағаттанарлықсыз болуы себепті осындай көмек сұрауға мәжбүр болды. Алайда, 1922 жылғы 27-30 қаңтардағы Мемлекеттік кіріс пен салық басқармасының өкіміне сай, жергілікті қажеттілікті қанағаттандыру орталықган тек қана губерниялық кеңестер съезі мен губерниялық атқару комитеттері атынан сұралатын болғандықтан орындалмайтын еді. Жауап ретінде ХКК-ы өкілдері осы уақытта дейін шығындар жалпы мемлекеттік қаржылан бөлінетіндігін, жергілікті кіріс пен шығыстың туралы білмейтіндіктерін айтты /131,
272/.
ХАК-ының материалдарын қарап отырсақ, жергілікті оқу бөлімдерінің жағдайлары өте төмен болды. Оны ХАК-ы қорына губерниялық атқару комитеттерінен түсіп отырған хаттамалардың жүйесінен көре аламыз. Мысалы, Адай, Сеійей, Актөбе уездері.
Ағарту мәселелері, соның ішінде, мектептерді жақсарту, мектептерді өзін-өзі қамтамасыз етуте көшіру, ағарту қызметкерлерінің жағдайын көтеру, Комиссариаттың экономикалық және өнеркәсіптік органдарға мектептер мен басқа ағарту мәдени мекемелерді қамтамасыз етуге беру Коллегия мәжілісінде қаралып отырылды. Мәжілісте мәселелердің қаралуы Қазақстандағы ағарту ісінің дамуына мүмкіндік болмай, көптеген ішкі-сыртқы қиындықгардың тууынан шықты. Комиссариаттың шамасының жетпеуінен және аясының тарылуынан істерге басқа Комиссариаттарды, мекемелерді тартуға мәжбүр болды. Сондай-ақ ХКК-іне де жиі өтініштер айтып отырды. Мәжілісте қабылданған шараларды талдау бізге Комиссариат қызметкерлерінің ағарту саласындағы шиеленіскен мәселелерді шешу үшін бар мүмкіншіліктерін салып, реформа жүргізуге күш салғанын ашады. Коллегия мәжілісі 1922 жылы қаулысында мына шараларды қабылдады:
-қалаларда халыққа білім беру қажеттілігіне арналған міндеттілік салықтарын, жинақтарын қабылдау. Көрсетілген салықты қалалық кәсіпорындардың кірісінен алып және көңіл көтеретін көрініс-спектакльдерден түскен қаржының белгілі бір пайызын бөліп алу жолымен жеңілдету;
-ауылдық жерлерде міндетті натуралды өзін-өзі қамтамасыз етуді енгізу;
-міндетті өзін-өзі қамтамасыз ету ауылдық жерлерде болыстық көлемде өткізілу; /131,-270/.
Ағарту саласына мемлекет тарапынан бөлінген шаралардың аздығынан Комиссариат күшті халыққа сала бастады. Халықтың қолдауына ие болуының негізгі себептері патша өкіметінің кезінде оқу-ағарту ісінде көп тепкішек көрген халықтың үміті Кеңес өкіметінің рухты көтеріп, жалпыхалықтың білім алуға шақыруы идеясымен ұштасып және қазақ зиялыларының бұл істі кең көлемде колдап, халықты жарқын болашаққа шақыра білуінде еді. Бірақ ХАК-ы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, өзін-өзі камтамасыз етуді Қазақстанның барлық аудандарында жүргізген жоқ. 1921 жылы аштыққа ұшыраған болыстарда аппараттар жоқ еді, барлық ауылдық мектептер мемлекет есебінен, күшейтілген көлемде қаржы бөлу арқылы қамтамасыз етілді /131,269/. Шындығында, қазақ ауылдары мұндай жағдайға дайын емес еді, біріншіден, негізгі аштыққа ұшыраған аудандар солар болды, екіншіден, мектептер ашуға жағдайлары тартпады.
Ағарту саласындағы тағы бір мәселе - қызметкерлердің жағдайының төмендігі. Ағарту қызметкерлері негізінен қазақ зиялылары болғандықтан, зерттеу жұмысымызда бұл, мәселеге бірнеше рет тоқталамыз. Оларға жалақыны үздіксіз төлеп отыруға Комиссариаттың шамасы болмады. Бұл тек қана әлеуметтік-экономикалық қиыншылықгарға толы алғашқы жылдарда ғана емес, бүкіл ҚАКСР-і өмір сүріп тұрған уақытта болды. 1921-жылдардағы хаттамалар ағарту қызметкерлерінің мемлекет тарапынан бөлінген натуралды немесе ақшалай қаржымен өмір сүргенін көрсетеді /94,170/.
Комиссариаттың әлеуметтік-экономикалық базасы төмен болғандықтан, ағарту ісінде шапшаңдатылған шаралар жүргізуге мәжбүр болды. Комиссариат бүкіл идеологиялық басшылықты, оқу-тәрбие жұмысын, әкімшіліктік жұмысты өздері атқарғанымен, ағарту ісінің экономикалық-әлеуметтік мәселелерін өнеркәсіптік ұйымдармен бірлесіп шешті. Сонымен қатар, Комиссариат экономикалық жағдайын көтеру үшін жеке өндірістік кәсіпорындар аша бастады /131,82/. Оқу-ағарту ісінде мұндай реформаның орын алуы РКП/б/ Облыстық Комитетінде 1921 жылы 15 қарашада қаралған РСФСР ХАК-ының мемлекеттік қамтамасыз етілетін мектептерді тұрғындардың өзін-өзі қамтамасыз етуіне ауыстыру туралы нұсқауын өмірге енгізу жайынан шыққан еді. Бұл туралы ХАК-ының қаулысы тындалып, бекіткен кезде мынадай түзету ендірді: "Басқарма аппараты дұрысталынбаған, жергілікті халық қамтамасыз ете алмайтын жерлерде мектептер мемлекет есебінен өмір сүрулері тиіс" /132/.
Ағарту саласындағы бүкіл әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бағыт алуы осы қаулы негізінде жүзеге асты. Көптеген Комиссариатқа жазылған хаттар жағдайдың төмендігін ашып көрсетті. ВЦСПС Қазақ бюросының мәжілісіндегі Халық Ағарту Комиссары А.Кенжиннің 11922 жылғы 13 қаңтардағы баяндамасында Комиссариаттың ауыр жағдайы айтылды. Ағарту қызметкерлері, әсіресе уездерде жалақыларын 6-7 ай бойы ала алмай жүрді. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің ХАК-ын басқа өндірістік Комиссариаттармен бірдей қанағаттандыру керек деген екі қаулы шығарғанына қарамастан, Ағарту қажеттілігіне броньнан 2-3 пайыз ғана бөлінді. А.Кенжин кадр жетіспеушілігі Комиссариат қызметін жандандыруға кедергі болып жатқанын айтты. Мемлекеттік баспада кітап басу ісі тоқырап жатты. Мекемені шаруашылық есепке көшіру туралы нұсқау жасалуынан кітап шығару қаржылы болды. Мемлекеттік баспаның шаруашылық есепке көшуі Комиссариаттың оқулықтар шығару ісіне үлкен кедергі болды. Сондықтан кітап шығару ісінің нашарлығына кейінгі кеңес одебиеттерінде орын алған "буржуазияшыл ұлтшылдардың баспа ісін басып алуы" деген пікіріне осы деректі қарсы қоюға болады. Кеңес өкіметі ағарту ісінің кері кетуіне бірден-бір зиян әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алмауынан туындағанын мойындағысы келмеді. Халық Ағарту Комиссары А.Кенжин мақаласында Комиссариатқа жаңа экономикалық саясат реформасы ене бастағанын көрсетті. Мектепті жергілікті өзін-өзі қамтамасыз ету жолымен жақсартуда декрет шығарылғаны және жүргізіліп жатқандығы айтылды. А.Кенжиннің баяндамасын талдап, ХАК-ының жағдайын көтеру туралы бірнеше пункттен тұратын қаулы шығарылды. Қаулыда Комиссариаттың әлеуметтік-экономикалық, кадрлар жетіспеушілігіне, аппаратты кушейтуінде, Академиялық Орталықтың жұмысын жақсарту мәселелерінде шаралар қолдану баса айтылды /133/.
Алайда партия, кеңес ұйымдары мұндай қаулыларды жиі шығарып отырса да, жүзеге асыра алмады. Бұл жерде деректі тек қоғам өмірін, тарихи ақиқатты ашып көрсетуші объективті фактор деп қараймыз. Ал деректегі қабылданған қаулылардың жүзеге аспауын кейінгі жылдарда ағарту саларында дәл осындай мәселелердің сақталып, кайта-қайта кездесуінен көреміз.
Жоғарыдағы Қаржы Халық Комисариатының көрсеткеніндей, (жергілікті қажеттіліктерді өтеу үшін губерниялық кеңестер сьезі мен губерниялық атқару комитеттері атынан сұрау керек) мәселені Қазақ Орталық Атқару Комитеті мен Кеңестер сьезі мәжілісінің күн тәртібіне қойды. Мәжіліске Б.Алманов, Мырзағалиев, Терехов, Ә.Әйтиев, Вайнштейн, Ә.Жангелдин, А.Асылбеков, Коростелевтер қатысты, ал ХАК-ынан А.Кенжин, А.Байтұрсынов қатысты. Комиссар А.Кенжиннің баяндамасынан Қазақ Орталық Атқару Комитетінің Президиумы мынадай қортындыға келді: ХАК-ына мемлекеттен бөлінетін қаржы өте аз, сонымен қатар мәдени-ағарту мскемелерінде жергілікті жерден бөлініп отырған қаржы жетіспейді, бұл бағыттағы жұмыс аяқталмаған. Қазақ Орталық Комитеті Президиумы Қазақстандағы халыққа білім беру ісінің қиын жағдайынан шыға келіп, қаулы қабылдады. Қаулыда ХАК-ының көптеген жұмысын қанағаттанарлық деп бағалап, жаңа экономикалық саясат жағдайында ағарту саласында қолға алынған жұмыс дұрыс жүргізілді, сондықтан губерниялық атқару комитеттерін ауылдардағы мектептермен, басқа ағарту мекемелерін тұрғын үйлермен қамтамасыз етуде тез шаралар қолдануға міндеттеді /134/. Жалпы, бұл қаулыда Комиссариаттың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін толық қамтымаған, негізінен тұрғын үйлермен қамтамасыз етуді бірінші орынға қойды. Алайда, Комиссариаттың әлеуметтік-экономикалық өмірінде бұдан басқа да мәселелер көп болды.
Біздің ойымызша, ағарту саласының әлеуметтік-экономикалық өмірінде мұндай жағдайлардың орын алуына қоғам өмірі де әсер еткен. Қоғамдағы, әсіресе Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында "соғыс коммунизмі", "жаңа экономикалық саясат" секілді күрделі экономикалық өзгерістер ағарту саласының дамуына әсер етпей қоймады. Оқу ісінде шаруашылық есепке көшу, өзін-өзі қамтамасыз ету мәселелері қоғамдағы реформалармен байланысты туындап жатса керек. Алайда, экономикалық өзгерістер ағарту ісінің дамуына әсер ете алмады. Оның бірнеше себептері бар : ең алдымен, бірінші дүниежүзілік соғыс, Қазан төңкерісі, азамат соғысы, шетел интервенциясы сияқты бірнеше соғыстың зардаптарын бастарынан кешіріп, онсыз да тұралаған халықтың ағарту ісін қолдай алмауы, екіншіден, елдегі бірінен соң бірі дүниеге келіп жатқан реформалар, үшіншіден, Комиссариатты көтеруге зор үлес қосқан А. Байтұрсынов және басқа қазақ зиялыларының қызмет барысында жай түрде төмендетіліп, реттетіле бастауы.
Қазақстан коммунистері Т.Рысқұлов, Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, С.Мендешов, В.А.Радус-Зенкович, С.Пестковский және басқалар жаңа мәдениет құрылысында тарихи және әлеуметтік жағдаймен және азамат соғысымен байланысты үлкен қиыншылықтар болғанын жасырмайды /106,209/.
Деректердің қоғам өмірімен тығыз байланысты болып, жағдайды ашып көрсетуі тарихи. ақиқатты объективтілік тұрғыдан көрсетуге себеп болды. Құжаттар тек ағарту ісіндегі кездескен қиындықтарды ғана емес, бүкіл қоғам өміріндегі қарама- қайшылық тенденциясын ашып көрсетті. Ал мұндай жағдайларда реформалар жүзеге асты деп айта алмаймыз. Кеңес өкіметі өз идеологиясына сай емес реформаларды ауызша айтқанмен, жүзеге асырмады. Сондықтан Ағарту саласындағы шараларды күрделі мәселелерден келіп туындаған шарасыздық процесі деп қарауға болады.
1923 жылдан бастап бүкіл Комиссариат қызметінің хаттамалар да бейнеленуі сирей бастады. Оған іс жүргізу құжаттарының басқа түрлерінің (баяндамалық хат, жылдық есептер) кең тарала бастауы себеп болды, А.Байтұрсыновтың 1923 жылғы 50 жылдық мерейтойы аталып өткені белгілі, Мерейтойды тойлауды ХАК-ы ұйымдастырып, Коллегия қаулы қабылдады. Қаулы РКП(б) Қазақ Облыстық Комитетінің Президиумы мәжілісіне үсынылып, пікірлері сұралды. Бұдан Комиссариат Коллегиясының жоғары партия-кеңес органдарына тәуелділігі орын ала бастағанын байқаймыз. Мәжілісте мерейтойдың тойлануы кеңес органдарының ұйымдастыруымен өтуі мүмкін емес делінді, бірақ жеке тұлғалардың тойлауына Президиум қарсы болмады. Хаттамада ерекше мән берілген нәрсе —мерейтойдағы адамдардың сөйлейтін сөздер мазмұны. Оған кеңес органдары атынан персоналды жауапты қылып С.Сейфуллинді тағайындады /135/. Бұл жерде көрнекті алаш қайраткері, ағартушы А.Байтұрсыновтың пікірлестеріне Кеңес өкіметінің цензуралық әдіс пайдалана бастағанын көреміз. Мерейтойда көптеген қазақ зиялылары сөз алып, А.Байтұрсыновтың қазақ халқы өміріндегі, соның ішінде ағарту саласындағы зор еңбегін көрсетіп өтті.
Е.Омаровтың көрсетуінше: "Ахмет Байтұрсынұлын бүкіл қазақ даласы біледі, бәрі оны сыйлайды, оның талантын жоғары бағалайды. Бірақ оны толық бағаламайды. Оны біз ақын, публицист, қоғам қайраткері, педагог ретінде бағалаймыз, бірақ ол біздің миымызда қазақ грамматикасы саласында бағалы жаңалық жасаған ғалым ретінде орныға алмады. Ахмет Байтұрсынов бірнеше томдық ғылыми еңбек, ол оған дейін көрінбей келген қазақ тілінің заңдары туралы бірде-бір трактат жазған жоқ. А. Байтұрсыновтың ғылымға сіңірген еңбегіндегі біздің көрмей қалғанымыз - қазақ тілінде грамматиканың қоғамдық ережесін мазмұндаудан басқа қазақ грамматикасы үшін өзі жеке жасаған жаңалық берді" /136/.
Көрнекті қоғам қайраткері, қазақ. зиялыларының белді бір өкілі М.Дулатов А. Байтұрсыновтың ағартушылығына тоқтала келіп, "Кеңес өкіметі кезінде А. Байтұрсынов әр түрлі жауапты қызметтер атқарды және сонымен қатар мұғалімдік-педагогтік қызметін тоқтатпады. Қазіргі уақытта Қазақ институтының оқытушысы және ХАК-ының жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның. төрағасы және қазақ өлкесін зерттеу қоғамының құрметті төрағасы. А. Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық еңбегінің арқасында біз қазақ әліпбиін, фонетикасын, синтаксисін, қазақ тілінің этимологиясын, сөз өнері теориясын және мәдениет тарихын білеміз. А.Байтұрсынов бұл күрделі еңбегімен қазақ сөз өнерін жоғары басқышка көтеріп және ұлттық мектеп пен ана тілі үшін мықты фундамент салды" /137/.
А.Байтұрсынов туралы кеңес партия қызметкерлері де әділ баға берді. С.Сәдуақасов: "А. Байтұрсынов қазақ халқына тегін, ерінбей қызмет етті. Ол тас үй қалады. Ахметтің қалаған үйінде тазалық пен тәртіп сақтау. — біздің міндетіміз. Біз әке жолын жалғастыруымыз керек". С.Сейфуллин: "Ол қазақты бай мён кедейге бөлген жоқ. Қазақ ұлты үшін ол коммунистік партияға кірді. Ахмет тек қазақтарды жақсы көреді, оны бай, кедей деп бөлмейді, адал ұлтшыл", С.Қожанов: "Байтұрсынов қазақ тілін барлық қоспалардан тазалап, оның құрылуы үшін ерінбей еңбек етті, қазақ орфографиясының мәселелерін шешті, қазақ мектептері үшін оқулықтар жазды, ұлттық мектепті құрды, ұлттық мәдениеттің негізін салушы болды " /56,12/.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, сөйлеген адамдардың сөздеріне цензура салынғанмен, олар А. Байтұрсыновтың қазақ халқына сіңірген еңбегін ашып көрсетті. Алайда, осы кезде "сұлтанғалиевшылдықты" кудалаумен қатар, Қазақстандағы зиялы қауымды шеттету "жасырын түрде" жүргізіле бастады. РКП/б/ Орталық Комитетінің төртінші жиылысындағы И.В.Сталиннің зиялыларды, олардың ішінде "оңшылдар" мен "солшылдар" туралы көрсетуі бүкіл Кеңестер Одағындағы ұлттық республикалардағы зиялы қауым өкілдеріне қырын қарауды бастады /56,32/. Бұған үлкен дәлел: А. Байтұрсыновтың Комиссарлықтан төмендеп, ғылыми жұмысқа ығыстырылуы, оның басқа пікірлестерін де ұйымдастырушылық жұмыстардан алып, таза ғылыми жұмыстарға, кітап жазу істеріне итеру процестері. Бірақ Кеңес өкіметі оларды мүлдем алып тастауға дайын емес еді. Кеңес өкіметі халық ағарту саласын ұлттық демократиялық зиялы қауымсыз дамыта алмаушы еді. А. Байтұрсынов ағартушылық қызметін Академиялық Орталықга жалғастыра берді. Академиялық Орталықтың республикадағы ғылымның дамуына өкілеттілігі жоғары болды. Орталықтың қызмет аясына республикадағы ғылыми өмір, ғылыми- техникалық білім беру және әлеуметтік тәрбиелеу мәселелері бойынша теориялық жұмыс, ғылыми мекемелер, ғылыми институттар мүшелері мен жоғары оқу орны профессорларын тағайындау және бекіту құқығы кірді /133,46/, Комиссариат Коллегиясының хаттамалары арасындағы кейбір деректер Академиялық Орталықтың қызметін де көрсетті. 1923 жылы 5-ақпанда Комиссариат Коллегиясының мәжілісінде Академиялық Орталықтан М. Жолдыбаев, Е. Омаров, А. Байтұрсыновтар қатысты. Академиялық Орталықтың 30-қаңтардағы Коллегиясының қазақ тіліндегі оқулыктарды құрастыру үшін қазақ әдеби қызметкерлерін жұмысқа тарту туралы қаулысын күн тәртібіне қойды. Комиссариат Коллегиясы Академиялық Орталыққа қазақ тіліндегі оқулықтар құрастырғысы келетін адамдармен келісім шарттар жасап, оқулық жазу жұмысын орындаушы әдеби қызметкерлерді басқа қызметтерінен босатуға шаралар қолдануды тапсырды. Академиялық , Орталық Қазақ Орталық Атқару Комитеті алдына оларды жауапты қызметкерлермен бірдей пакепен қамтамасыз етуді қойды/138/. А.Байтұрсыновтың бұл мәселені қоюынан қазақ зиялыларын Академиялық Орталыққа да тартқанын көреміз. Себебі олар әлі керек еді. РКП/б/ Облыстық Комитетінің Президиумының мәжілістеріндегі қазақ зиялыларының тарихын қарап отырсақ, Кеңес өкіметінің партияда жоқ зиялыларға қарсы күрес механизмінің ақырындап басталғанына куә боламыз.
1924 жылғы 15 ақпандағы РКП/б/ Облыстық Комитетінің Президиумының мәжілісінде Комиссариаттар Коллегиясы туралы сөз болып, С.Мендешев ХАК-ындағы К.Тоқтыбаевты жер Халық Комиссариатына ауыстыру керек деп шешті. Себебі К.Тоқтыбаев идеологиялық жағынан тұрақсыз, партияда жоқ қызметкерлердің әсеріне тез беріледі. С.Меңдешевті С.Сейфуллин қолдады, ал Ә.Жангелдин С.Меңдешевтің К.Тоқтыбаев туралы ұсынысын ұят деп есептеді /139/. Талқылау қазақ зиялылары арасында ХАК-ы Коллегиясы мүшесі К.Токлыбаев туралы әр түрлі пікір калыптастырды. Комиссариат қорының материалдарын қарап отырсақ, К.Тоқтыбаевтың қызмет еткен тұсында ағарту саласының өркендеуіне зор үлес қосқан қазақ зиялыларының бірі болғанына көзіміз жетеді Алайда бұл мәжілісте Комиссариат Коллегиясының мүшелері болып Залиев, Сабандықов, Токжігітовтер сайланып, К.Тоқтыбаев шет қалды. К.Тоқтыбаев секілді Комиссариатта үлкен роль атқарып, көптеген реформаларды жүзеге асыруға көмектескен зиялы қауым өкілдерінің Комиссариат қызметінен шеттетіле бастауы ағарту ісінің дамуына өз қиыншылығын тудырмай қоймады.
Қазақ зиялыларын "алашордашыл" деп қудалаудың бұл кезде ақырындап басталғаны 1922 жылы 16 қазанда РКП/б/ Облыстық Комитетінің Президиумының Мәжілісінде Комиссариатта қызмет еткен зиялылардың бірі А.Кенжин туралы мәселенің қаралуы. Мәжілісте жарыссөзге шыққандардың пікірлері әр түрлі болды. Алаштықтар туралы Кеңес өкіметі әлі толық бір пікірге келмеген еді, кеңестік қызметтегі қазақ зиялыларының ішінде де теріс көзқарас қалыптаспаған еді. С.Мендешев алашордашылдықгар туралы мәселені талқылауды өткізуге материалдар жетіспеушілігінен күн тәртібінен алып тастау керек деп шешті. А.Кенжиннің өзі бүкіл қызметі туралы баяндап беруге мәжбүр болды. Мәжіліске қатысушы Ә.Жангеддин А.Кенжиннің "алашордашыл" екендігін енді ғана естіп отырғанын айтты. Алайда бұл мәжілістің қаулысынан көргеніміздей, бұдан кейін А.Кенжин ХАК-ынан басқа қызметке ауысты /127,145/. ХАК-ында басталған тазалау бірте-бірте қарқын ала бастады. 1925 жылы 20 қаңтарда РКП/б/ Облыстық Комитетінің Бюро мәжілісінде ХАК-ының аппаратын тазалау жөнінде мәселе күн тәртібіне ашық қойылды. Әрине, бұл жерде Кеңес өкіметінің саясатын толық мәнінде ашпай, ақ гвардияшылдардан тазалау деп айтылды /140/. Біздің ойымызша, бұл ХАК-ына жүргізіле бастаған кудалаудың бастамасы, ресми түрде қолға алынуы.
Ресей тарихшысы В.А.Куманов мәселені былай көрсетті, XX ғасырдың екінші он жылдығы басталған уақытында елдің рухани дамуына байланысты лениндік концепцияға көптеген қарама-кайшылықгар әкелді: сталиндік императивтік қалыптың тікелей әсерімен, әміршіл-әкімшіл бюрократиялық кұрылымның орнығуынан отандық зиялылардың шығармашылық қызметіне — еркін ойлау мүмкіндігіне, ғылыми, әдеби, ағарту және өнер сферасындагы жеке пікірлеріне белсенді түрде шабуыл жасала бастады /42,28/. Қазақстандағы Кеңес өкіметі бұндай рухани шабуылды алдымен қазақ зиялыларының ең көп қызмет еткен ХАК-ын қатаң бақылауға алудан бастады. Қазақ Өлкелік Кокитетінің жауапты хатшысы Ф.И.Голощекиннің өзі де ұлттық қазақ зиялыларының мәдени жұмыстың басты салаларында қызмет етуіне қарсы шығып, олардың идеологиялық әсері бар екенін көрсеткен еді /90,19/. Сондықтан бүкіл тағайындау жоғары орындарда қабылданып, олар ХАК-інің жағдай ымен ұдайы танысып отырды.
1924 жылы 3 наурызда РКП(б) Облыстық Комитетінің Комитетінің Президиумында Комиссар Залиевтың баяндамасы тындалып, өлкелік бюджеттен ағарту қажеттілігіне жалпы соманың 50 пайызы бөлінуі қажет деп шешілді. Осы жиылыста Халық Ағарту Комиссары етіп Темірбековты сайлады. Темірбековтың Комиссариаттағы қызметі 1924 жылғы 8 мамырдағы РКП/б/ Облыстық Комитетінің Президиумының мәжілісіндегі сауатсыздықгы жою жоспарының орындалуы, мұғалімдерді қайта даярлау, мектеп-коммуналарының ұйымдастырылуы туралы баяндамасында ашылды. Баяндамадағы сауатсыздықты жою мәселесінің басты рольге қойылуы Кеңес өкіметінің Қазан төңкерісінің он жылдығына дейін толық жетістікке жетеміз деген ұранынан келіп шықты. Бірақ Комиссардың орынбасары Темірбеков көрсетілген уақытқа дейін мәселені жүзеге асыру ҚАКСР-ды қазынасының әлсіздігінен мүмкін еместігін айтты. қазақтар арасында сауатсыздықты 50 пайыз қана жоюға мүмкіншілік бар деп көрсетті /139, 95/.
Тарихшы Х.Әбжановтың пікірінше, 1926 жылғы халық санағы бойынша, республика халқының 25 пайызы сауатты екен /109/. Сондықтан мәжілістегі көрсетілімді Кеңес өкіметінің ұрандатуы сарынымен айтылған пікірі деп қабылдаймыз. Осы баяндама мектеп-коммуналар туралы айта келіп, жастарды тәрбиелеудегі Кеңес окіметінің негізгі мақсаты балаларды коммунистік қозғалыстың жолбастаушылары және коллективизм рухын дамытушылар ету екенін көрсетті /138, 95/.
1924 жылы халық ағарту жұмысының қаншалықгы дәрежеде жүргізілгенін 13 маусымдағы РКП/б/ Облыстық Комитетінің Президиумының мәжілісінде халыққа білім беру бойынша қабылданған қаулымен танысу арқылы білеміз. Қарарда оқу ісінің материалдық базасын күшейтуді және жергілікті бюджеттен халыққа білім беру қажеттілігіне қаржы бөлу азайғанын, сондықтан ағарту саласының нашарлағанын айтып өтті. Сондықтан, сессия губерниялық атқару комитеттеріне халыққа білім беру ісіне өте жоғары назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар қарарда ағарту қызметкерлерінің жалақысы төмен екендігін, кейбір губернияларда кешіктірілетіндігін көрсетіп, шара қолдану мақсатында губерниялық органдарға көптеген тапсырмалар берді. Сондай-ақ, сауатсыздықгы жою жолындағы жоспар орындалмай жатқандығын көрсетті /138,6/. Ағарту саласындағы өкімет енгізген өзін-өзі қамтамасыз етудің оқу ісін күшейтуге ешкандай үлес қоса алмағанын қарарда ағарту салаларына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу қажеттігі туындағанын көрсетуінен білеміз. Осы жылдары Халық Ағарту Комиссары болып қызмет еткен Ж.Залиевтің қызметіне 1924 жылы 19 мамырдағы РКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің хатшысы О.Жандосов қол қойған пікір хаттамада берілді. Пікірде Ж.Залиевтің Комиссар қызметінде екі жылдай еңбек еткендігін, бұл уақытта Комиссариат қызметінде кейбір алға басушылықтар болғандығын, алайда бұл жетістіктерді Комиссар қызметінен болды деп айтуға болмайтындығын, ол жұмыста қатты инициатива танытпағанын айтты. Оның қызмет еткен тұсында қызметкерлерді тандау мен оларды басқару ісі нашар болды, сондықтан Залиевті болашақта кішірейтілген көлемдегі кеңес жұмысына пайдалану керек деп шешілді /141/.
Комиссариат өміріндегі жарқын кезең 1925 жылғы 13 ақпанда РКП/б/ Облыстық Комитетінің Бюросының мәжілісінде С.Сәдуақасовтың Халық Ағарту Комиссары болып бекуімен басталды /141,14/- Комиссариат Коллегия мүшелері С.Сәдуақасов, Стародубцов, М.Жоддыбаев, Б.Сүлеев, .Бочагов, Киселевтар енді. С.Сәдуақасов келген бойда облыстардағы халық білім беру ісінің жағдайымен танысты. Жалпы, Комиссар С.Сәдуақасовтың көтерген ең үлкен мәселесі - мектеп ісі болды. Мектеп ісінің дамуы бүкіл Ағарту саласының кеңеюіне әсер етті.
1927 жылы 2 ақпанда С.Сәдуақасов мектеп ісі туралы ХКК-нің мәжілісінде баяндама жасады. Ол ХКК-і жанында Орталық мектеп кұрылысының комитетін құруға мүмкіндік алды. Орталық мектеп құрылысы Комитетінің кұрамына Н.Нүрмақов, С.Садуақасов, Қаржы Халық Комиссариатынан - Анненков, Сауда Халық Комиссариатынан - Носов, Жер Халық Комиссариатынан - Әлімбаев сайланды. Комитеттің мәжіліс қаулысына енгізген жетістігі - мектеп құрылысына материалдық жағдай жасауға қол жеткізді /142/.
С.Сәдуақасов мектеп құрылысының мәселесін Коллегия мәжілістерінде жиі қарап отырды. Біз Комиссар С.Сәдуақасовты Қазақстандағы мектеп құрылысын мемлекеттік деңгейге көтеріп, аяғынан тұрып кетуіне ат салысқан қазақ зиялыларының белсенді өкілі деп толық айта аламыз. Ал Қазақстандағы екі және төрт жылдық мектептердің" дамуына С.Сәдуақасовты кінәлау кеңес тарихнамасында орын алып келді. Ал ХКК-і жанындағы орталық қауыл мектеп құрылысы Комитетінің мәжілісінің материалдарынан көріп- білгеніміздей, Қазақстандағы мектеп үйінің түрі туралы мәселе қаралған кезде, екі және төрт жылдық мектептер үшін үй салу негізделді. Сондықтан бұндай мектептердің дамуы С.Сәдуақасовтың жеке ойлап табуы емес, қоғамдағы ішкі-сыртқы факторлардан туындаған жағдай деп қараймыз.
Ол Коллегияның мәжілісінде облыстардың оқу ісінің жағдайын нұскаушылар баяндамасынан тындап, танысып отырды. С.Сәдуақасов қызмет еткен түста Комиссариаттьщ бүкіл мәселесі Коллегия мәжілісінде шешілуін тоқтатты. Мәжілістерді кешенді түрде қарау кезінде іс жүргізу құжаттарының басқа түрлерімен таныса аламыз. Жалпы осы кезеңнен бастап әлеуметтік-экономикалық мәселелер баяндамалық хаттар, қаулылар, съезд материалдары арқылы шешілді. Байқағанымыз басқару жұмысын жоғары партия, кеңес оргаидары колдарына ала бастады. Біріншіден, кеңес, партия органдары жағынан саяси, идеологиялық қысымшылық тың күшеюі болса, екіншіден, ағарту саласына кеңес құрылысының екпінді бөлігі ретінде үлкен мән берілді. Тарихшы М.Қойгелдиев бұл қүбылысты, республика басшылығына Ф.И.Голощекиннің келуімен байланыстырады. Негізінен осы уақытта басталған Комиссариатты жиі-жиі тексеру жұмысы да Ф.И.Голощекиннің түпкі мақсатын, яғни Өлкелік Комитетте көпшілік арасында халком және редактор С.Сәдуақасов туралы жағымсыз пікір туғызуды көздегенін байқау қиын емес /54,81/.
ХАК-ында болған қым-қиғаш тексеру жұмысының мәнін ашу үшін БКП(б) Өлкелік Комитетінің хаттамаларына талдау жүргіземіз.
1926 жылдың 20 қаңтарында БКП/б/ Өлкелік Комитетінің Бюро мәжілісінде Ф.И.Голощекин, Ежов, Киселев, Боярский, Н.Нұрмақов, О.Исаевтар қатысып, күн тәртібінде ХАК-ын тексеру жұмысын қойды. Комиссариаттың тексерілетін мәселелері: орталық аппараттың жағдайы, Комиссариаттың қазынасы және оны жұмсау, жергілікті жерлермен басшылық әдістері, мектепті оқулықтармен, оқу кұралдарымен, бағдарламалармен қамтамасыз ету т.б. /143/.
Мәжілісте Комиссариат жұмысықың үлкен мәселе болып қойылуы мекемеде қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілдерінің жинақталуында, олардың бірлесіп қызмет етуінде. Тексеріс жүргізгеннен кейінгі берілген қортындылар мен ұсыныстар оған дәлел бола алады. Орталық аппараттың жағдайы туралы қорытындыда Комиссариат қызметкерлерінің таңдап алынуына жалпы қанағаттанарлық деп баға беріліп, кейбір партияда жоқ адамдарды іскерлік жағынан өз жұмысына сай. келмейтіндіктен ауыстыру керектігі, сонымен қатар қызметкерлерді пайдалану жолында кейрбіреуінің тәжірибе жағдайына қарай, дайындығына және персоналды икемділігіне қарай бөлу туралы мәселені қайта қарауды ұсынды. Кейбір қызметкерлердің арасында, деп көрсетті Комиссия, қарым-қатынас дұрыс емес, сепаратистік, іскерлік келіспеушілік, тіпті жұмыста кері әсер ететін қызметтік бағынбаушылық орын алды. Сондықтан Комиссар С.Сәдуақасовқа жекелеген қызметкерлер арасындағы көрінген алауыздықты жоюға барлық шараларды қолдану ұсунылды.
Келесі мәселе — Коллегия жұмысының нашарлап кетуі. Бұл жерде де Коллегияда жауапты қызметкерлердің, сондай-ақ, кейбір құрылымдық бөлімдердің арасында байланыс болмағаны көрсетілді. Оған себеп Комиссар мен Коллегияның жағынан басшылық болмауынан деп түсіндірідді. Академиялық Орталық пен ХАК-ының 1 функциональды бөлімдерінің арасында байланыс жоқтығы сыналды. 7-қорытындыда ХАК жұмысының негізгі әлсіздігіне қызметкерлерінің арасындағы нақты тәртіптің болмауы әсер етті делінді /143, 69/.
Тексерудің мақсаты- зиялылардың қызметін тексеру, олардың Комиссариатқа тигізген "зиянды" әрекеттерін ашу. Жиі-жиі басшылық аппаратты сынға алу зиялылардың еңбегін жоққа шығару еді. Академиялық Орталықтың бөлініп алынуы, ондағы әдістік қызметке арнайы көңіл бөлінуі онда демократияшыл қазақ зиялыларының шоғырлануынан туындады.
Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы ең бірінші жүргізген реформаларының бірі - қазақ зиялыларының қызметін тексеру. Зиялылар көп Комиссариаттың кезден таса қалуы мүмкін емес. Ф.И.Голощекин РКП/б/ Бүкіл қазақстандық конференциясында сөйлеген сәзінде қазақ зиялылары мәселесіне тоқталды /90,19/. Сондықтан жоғарыдағы деректі қарау кезінде, оның Ф.И.Голощекин бастаған өкіметтің тікелей басшылығымен жүргізілгенін, бұрын тек кағаз жүзінде қалып, - іс жүзінде тек қызметтен "төмендетумен" шектеліп қана қойған тазалау жұмысының жоғарғы жақтың бастауымен нақты жүзеге асырыла бастағанын көреміз. Тексеру кезінде ерекше қаралған мәселе Комиссариаттың мектептерді оқулықтармен, оқу құралдарымен қамту жөніндегі қызметі болды. Мұнда қазақ мектептерінің оқулықтармен 10 пайызы ғана қамтамасыз етілгендігі, оқулықтарға қажеттілік 200.000 дананы құрайтындығы көрсетілді. Сондықтан Комиссариатқа қазақ мектептері үшін идеологиялық тұрғыдан қанағаттанатын және әдістік талаптарға жауап беретін негізгі оқулықтардың жоқтығы орталық басылым беттерінен де, кейбір қазақ қызметкерлерінің пікірлерінен де көрінеді деп кінә тағылды /134,69/.1
926 жылғы 17 және 24-ақпанда өткен Бюро отырысында Комиссариатқа жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесі брйынша баяндама жасаған жұмысшы-шаруа инспекциясы Комиссариатының өкілі Смирягиннің қозғаған мәселесі де осы оқулықтар мазмұны еді. Ол қазақ мектептеріндегі оқулықтардың идеологиялық тұрғыдан жарамсыздығын, бастауыш кластарға арналған А. Байтұрсыновтың әліппесінің талапқа сай еместігін айтты /54,83/.
Оқулықтардың идеологиялық тұрғыдан дұрыс жазылуына тоқталуды партияда жоқ қазақ зиялыларының жазған оқулықтарын шетке ығыстыру және зиялыларға қарсы қудалаудың басты рычагы деп қарауға болады. Себебі Қазақ Мемлекеттік баспасының оқулықтар туралы жоспарлары БКП /б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің Секретариатының мәжілістерінде қаралып отырылды.
Соның бірі 1927 жылы 14 мамырда мәжілісте қаралған екінші жартыжылдыққа арналған кітаптар. Кітаптардың ішінде А.Байтұрсыновтың "Балалар әліппесі", М.Жолдыбаевтың және Т.Шонановтың "Оқу үшін", М.Дулатовтың "Есеп құралы", Айбасовтың "Жаратылыстануы", Ж.Күдериннің "Ботаникасы", Х.Досмүқамбетовтың "Зоологиясы", Е.Омаровтың "Геометриясы", Х.Досмүқамбетовтың "Анатомия және. физиологиясы", Қ.Сәтбаевтың "Алгебрасы", М.Әуезовтың "Қазақ әдебиетінің тарихы" және көптеген басқа кітаптар бар /144/. Кітап авторлары - Алаш партиясының лидерлері. Сондықтан кітаптар цензураға ұшырай бастады. 1927 жылы 13 шілдедегі БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитеті Секретариаты мәжілісіндегі "Басылымдардың саяси редакциялану тәртібі" туралы мәселе қаралды. Мәселенің күн тәртібіне қойылуының негізгі мақсаты — басылымдарға толық саяси тексерісті камтамасыз ету үшін /144,525/. ХАК-ының қызметкерлері шығарған оқулықтарға цензура басталып кетті. Оны Комиссар К.Тоқтыбаевтың Өлкелік Комитет Секретариатының осы жылғы 14 және 22-мамырдағы шешіміне байланысты Т.Шонанов пен А. Байтұрсыновтың "3 және 4 оқу жылының хрестоматиясын" шығаруға рұқсат беру туралы өтінішін осы мәжілісте қарауы дәлелдейді. Кітапқа рұқсат берілді, бірақ Қ.Тоқтыбаевқа басылымға нақты кіріспе беріп, хрестоматиядан кеңестік тәрбиелеу тәртібіне сай келмейтін материалдарды алып тастау міндеттелді /144,525/. Алаш азаматтарына кудалау басталған түста кеңес қызметіндегі бір топ зиялылардың араша түсуі ерекше көрінді. Кеңес, партия органдары оқулықтардың шығарылу дәрежесіне назар аудара бастады. Осы уақытқа дейін оқулықтарды шығартушылар Алаш лидерлері болғандықтан, Кеңес өкіметі бар күшті кітаптарды идеологиялық тұрғыдан тексеруге жұмсады. БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің үгіт-насихат бөлімінің ерекше жұмысы осы болды. Бұнда бөлім мәжілістерінде Комиссариаттың оқулықтар мәселесі жиі қаралып отырылды. Соның-бірі ересектерге арналған әліппе туралы. Мәжілісте қабылданған қаулыны қарар болсақ, әліппе шығару мәселесіне қажетті шараларды күшейткенін көреміз : біріншіден, әліппенің әдісіне барлық ережелер талаптардың сай келуі, екіншіден, идеологиялық .жағынан дұрыс болуы, үшіншіден, саяси сауаттылық элементтерінің болуы.
Осылай, оқулықтарға өкімет тарапынан саяси қыспақ күшейтілді. әліппе мәселесіне байланысты Комиссариаттың Академиялық орталығы конкурсқа тек қана Малабаевтың "Америкалық әдіс бойынша әліппе" атты қолжазбасы ғана түскенін мәлімдеді. Ғылыми- әдістемелік Кеңестің төрағасы М.Жолдыбаев ХАК-ы оның орнына А.Байтұрсыновтың американдық және дыбыстық әдістерге сүйеніп оқуга мүмкіндік беретін әліппесін шығаратынын айтты. Біріншіден, қаржыны үнемдеуден, еісіншіден, қазақ мұғалімдері арасында американдық әдіске дайындалған адамдардың болмауы себеп болды. М. Жолдыбаевтың пікірінше:"Малабаевтың әліппесінің А.Байтұрсыновтан айырмашылығы аз, бір ғана айырмашылық, А.Байтұрсынов әліппесі өлкелік тұрмыстық материалдарды, ал Малабаев саяси жақтарды қарайды. Сонымен қатар, материалдарды іріктеуде әдеби және ғылыми жіктеу жағынан А. Байтұрсынов Малабаевтан жоғары тұрды" /145/.
Деректерді саралау партияда жоқ зиялыларға қысым жасауға Комиссариатта қызмет еткен азаматтардың қарсы тұрып, оларға көмек беру жолында өкімет шешімдеріне де қарсы тұрғандарын көрсетті. Ал А. Байтұрсыновтың әліппесі үгіт-насихат бөлімінен өтпеуі, әрине, онда саяси коммунистік идеологияның болмауынан. |Әйтпесе, сол уақытқа дейін оқытылып келген әліппенің жүзеге аспай қалуы мүмкін емес, сонымен қатар онсыз да оқу құралдары жетіспей жаткан кезде кітап шығаруға өкіметтің мүдделі емес екендігі белгілі. Оқулықтар мәселесі осы жылдарда үлкен де күрделі құбылысқа айналды.
ХАК-ының "ерекше қүпия" деген белгі соғылған құжаттарын талдасақ, зиялылар тарихына байланысты көптеген маңызды мағлұматтарға кезігеміз.
БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің 1927 жылғы 2 наурыздағы мәжілісінде С.Сәдуақасовты Халық Ағарту Комиссары міндетінен босату туралы арызы күн тәртібіне қойылған. Қаулыда Бюро карарында көрсетілген ХАК-ының әлсіздігі мен дұрыс жұмыс жүргізілмеуі тек объективті жағдайлардан ғана емес, С.Сәдуақадсовтың дұрыс басқара алмауынан болғандықтан Өлкелік Комитет Бюросы оны қызметтен босатуға мәжбүр болды деп көрсетті /146/. Хаттамадағы айыптау С.Сәдуақасовтың орталық партия, кеңес органдарының саясатына көнбеуінен және оған тікелей Ф.И.Голощекиннің қарсы шығуынан туындады.
С.Сәдуақасовтың Комиссариатта істеген қызметін зерттеген тарихшы М.Қойгелдиевтің жазғанындай, С.Сәдуақасов пен Ф.Голощекин арасындағы пікірталас былайша туындаған : "Одақ Көлемінде Ф.Голощекин басшылыққа келген соң республикада партияда жоқ интеллигенцияға қырын қарау, оларды белсенді қызметтен ығыстыру науқаны басталып кеткен кезде С.Сәдуақасов, керісінше, партияда жоқ алаштық интеллигенция өкілдерін қамқорлығына алды, қызмет берді. Оның бұл әрекеті Қазақ Өлкелік Комитетіндегі Голощекин бастаған солшыл топ тарапынан алашордашылдықтың, ұлтшылдықтың көрінісі есебінде бағаланды, ал С.Сәдуақасовтың өзі болса алашордашылдардың советтік және партиялық аппараттағы өкілі қатарына жатқызылды" /54,81/. Алайда С.Сәдуақасов тарапына жасалған кудалау мұнымен тоқтамады. БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің мәжілістерінде С.Сәдуақасов мәселесі жиі қаралып отырылды.
Ал осы жылы 9 наурызда БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің Бюросы мәжілісінде С.Сәдуақасовты республика мекемелеріндегі кызметтерінен босатып, ауыл мектептері үшін керекті оқулықтар мен кітапшалар шығаруды тапсырды /146,156/. Ал 19 наурызда ХАК-ына С.Сәдуақасовты ғылыми қызметкер етіп қабылдау ұсынылды /146,164/. 247 мамырдағы БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің Секретариатының мәжілісінде С.Сәдуақасовқа мынадай кітаптар жазу тапсырылды :
-тап күресінің хрестоматиясы /оқу кұралы, компеляция/;
-мәдени жорықтағы ауыл ұйымының жұмысы /ауыл коммунисінің кітапханасынан/;
-ауылдағы кооперация;
-Қазақстанның экономикалық географиясы /партия мектептері, жұмысшы факультеттеріне арналған оқулық, осы оқу орындарының бағдарламалары негізінде/;
-малшы-қазақ мектебіне көмек /бас ғылыми кеңес бағдарламасы негізінде мұғалімдер үшін түсіндірме әдістемелік жазба мен ауыл мектебінің 4-ші тобының оқушылары үшін хрестоматия/.
Кітаптарды редакциялау "ауыл коммунистерінің кітапханасына" редакция жүргізетін Коллегияға тапсырылды /146,176/. С.Сәдуақасовқа мұндай кітаптарды жазуды тапсыру әдейі істеліп отырғандығы кітаптардың тақырыбынан-ақ көрініп тұр. Бұл кітаптарды жазу ісі С.Сәдуақасовқа БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің оның нағыз коммунист екенін тексеру үшін ұсынып отырған үлкен сыны еді. С.Сәдуақасовтың белгіленген мерзімде кітаптарды жазбауы және оның Қазақстан партия ұйымдарының күшпен тапсырған коммунистік идеологияны дәріптейтін кітаптармен жұмыс істеуге ашық қарсылығы 1927 жылғы 18 мамырдағы БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетіндегі Бюро мәжілісінде арнайы қаралды. Қаулыда С.Сәдуақасовтың тапсырманы уақытылы орындамауы осы уақытқа дейін Москва қаласында жүруінен деп көрсетілді. Сондықтан оған Өлкелік Комитеттің өкімі бойынша тапсырылған жұмысты рорындау үшін Қызылордаға тез арада келуін тапсырылды /147/. 26 мамырдағы хаттамадан көргеніміздей, С.Сәдуақасов олардың тапсырмасын орындамағанымен қоймай, БКП/б/ Өлкелік Комитеті алдына өзін Коммунистік Академияға оқуға түсу туралы ұсынысын қолдауды өтінді. Мәжіліс қаулысында С.Сәдуақасовтың бұл ісі Қазақ |өлкелік Комитеті Бюросының өкімін және Өлкелік Комитеттің оқулықтар және кітапшалар құрастыру туралы тапсырмасын жоққа шығарды деп қабылданып, оның Коммунистік Академияға мақсат тапсыру туралы өтінішіне Өлкелік Комитет қарсы шықты /147,243/. С.Сәдуақасовтың БКП/б/ Өлкелік Комитетінің қаулыларын ашықтан-ашық орындамауы оның идеология құрбандығы болмайтындығын және Кеңес өкіметінің қазақ ауылдарындағы саясатын қолдай алмайтындығын анықгап берді. Ал БКП/б/ Өлкелік Комитеті бұндай шаралардың арқасында ХАК-ынан талантты Комиссарды куып шығуға мүмкіндік алды.
БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің Секретариатының "ерекше күпия" деген атпен берілген мәжілістерінде С.Сәдуакасовқа қарсы кудалау жалғаса берді.
Соның бірі 1928 жылғы 23 шілдедегі мәжілісте "Сәдуақадсовшылдыққа қарсы" жинағын бекіту болды /148/. Бұл С.Сәдуақасовқа қарсы .ұйымдастырылған шараға жоғары партия ұйымдарының кең түрде атсалысуын білдіретін. Алайда Комиссариат Ғылыми-Әдістемелік Кеңесі мәжілістерінде қазақ зиялыларының кітаптарын шығарып отырды. Себебі онда зиялылардың үлкен тобы шоғырланған еді. Кеңесте І.Қабылов, Т.Шонанов, Ә.Сыдықов, М.Жоддыбаевтар қызмет етті. Бұлардың қолдауымен 1929 жылы 6 каңтардағы мәжілісте Ж.Аймауытовтың балаларға арналған кітаптары, Ә.Сыдықовтың орыс мектептері үшін қазақ тілі оқулықтары шығарылды /149/. Бірақ бұл бірлі-жарым оқиға еді, кезқарас сол күйінде қала берді. Осылайша, ХАК-ында кудалау ашық көрініске ие болды:
1920 жылдан 1930 жылдарға өту кезеңі республикада жоғары оқу орындарының құрылуымен есте қалды. 20-жылдардың ортасынан Қазақ Университетінің ашылуы туралы сөз қозғала бастады. Ағарту саласының орталығы болып есептелетін ХАК-ында бұл мәселе қызу қолдау тауып, мәжілістердің күн тәртібіне қойыла бастады. Комиссариат Коллегиясының мәжілісінде Қазақ Университетінің ашылуының алғышарттары жиі көтеріліп отырды. Кеңес тарихнамасында Қазақ Университетінің ашылуы кең түрде қаралғанмен, әміршіл-әкімшіл империялық саясат үстемдік етуінен ХАК-ында қызмет еткен зиялылар назардан тыс қалып келді. ХАК-ының материалдарын талдау кезінде көптеген тың деректерге жолықтық. Қор материалдары Университет ашылуына зор үлес қосқан зиялылардың еңбегін кең түрде ашады. Жоғары оқу орнын ашу идеясы 1925 жылдан басталды. Бірақ көптеген себептерге байланысты Университет ашылуы кейінге ысырыла берді.
Қазақстанда Университет ашу мәселесі 1925 жылы 4 тамызда РСФСР ХАК-ы мәжілісінде қаралып, Қазақ Республикасында жоғары оқу орны 5-7 жылдан соң ашылуы мүмкін деп айтылды /22,43/. Осы уақыттан бастап Комиссариат мәжіліс хаттарын қарап отырсақ, Университет ашылу мәселесі қарала бастаған. Комиссариат педагогикалық кадрларға сұраныс көп болғандықтан, 1925 жылы Ташкенттегі Қазақ Ағарту институтын Қазақ педагогикалық институты деп қайта құрды /22,43/. Казақ педагогикалық институты Қазақстанда құрылған ең алғашқы жоғары оқу орны болды. Институттың Ташкент қаласында ашылуы, оның мәдени орталық және қазақ зиялыларының көп шоғырланған жері болғандықтан таңдалды. 1926 жылы 2 маусымда ХКК-інің мәжілісінде Ташкенттегі Қазақ ағарту институтын Қазақ педагогикалық институты етіп қайта кұруға қаулы қабылдап, оны РСФСР оқу орындары жүйесіне РСФСР ХАК-ы мен ХКК-іне қабылдауды сұрады /22,43/. Осы жылдың 28 маусымында РСФСР Мемлекеттік Жоспарлау Комитетінің әлеуметтік-мәдени секциясының мәжілісінде Қазақстаннан өкіл болып С.Сәдуақасов қатысып, Қазақстан педагогикалық институтының Педагогикалық жоғары оқу орны болып қайта ісурылып, оның мемлекеттік қазынаға қабылдануы туралы тыңдалды. Алайда қаулы қабылданған кезде бұл мәселені қабылдамай тастады. Оның орнына 1927-28 оқу жылына Қазан Шығыс Педагогикалық Институтында немесе Саратов Университетінің педагогикалық факультетінде Қазақ лингвистикалық бөлімін құру туралы мәселені шешуді үсынды. Алайда қаулыға қарамастан Ташкенттегі Қазақ Педагогикалық институты өз жұмысьш бастап кетті /22,45/.
Зиялылардың ендігі мақсаты Қазақ Мемлекеттік Университетін ашу болды. 1927 жылдың 18, қаңтарында Қазақ Педагогикалық институтының басқармасында мәжіліс болып, оған зиялылардан төраға Т.Жүргенов, мүшелері Х.Досмүқамбетов, С.Сейдузов, І.Кабылов, жаратылыс-математика факультетінің деканы Ә.Ермеков катысты. Халық Ағарту Комиссарының орынбасары Д.Авксентьевскийдің Қазақ Педагогикалық Институтын Қазақ Мемлекеттік Университеті етіп қайта құру туралы баяндамасы тындадды. Мәжіліс қаулысында педагогикалық институтты Университетке айналдыру қабылданып, оның материалдық жағдайын көтерумен қатар оқу орнын Қазақстанның өз қалаларында ашу көзделді /22,46/.
1927 жылғы 17 наурыздағы Комиссариат Коллегиясы мәжілісіне көптеген зиялылар қатысып, ҚАКСР-інде Қазақ Мемлекеттік Университетін құру туралы мәселені талқылады. Баяндама жасаған Д.Авксентьевский Қазақстаңда Мемлекеттік Университет ашылу кажеттілігі туған табиғи-тарихи және экономикалық алғышарттарды айты. РСФСР ХАК-ы Қазақстанның нақты астанасы болмағандықтан, жоғары оқу орнын ашу мүмкін емес деп көрсеткен «Д.Авксентьевский былай деді: «Бірақ бұл аргумент қазір күшін жойды, себебі Қазақстан астанасы белгіленді«. Келесі жарыссөзге шығушы Т.Жүргенов Орталық Азия Мемлекеттік Университеті ауыл қажеттігін өтей алмайды және онда жергілікті қазақ тұрғындары аз, қазақ балаларын ана тілінде оқыту тек мектептерде ғана емес, жоғары оқу орындарында да керектігін ашып айтты. С.Сәдуақасов өз сөзінде Қазақстанда Университет ашылуына ғылыми дайындалған мамандар жетісетіндігін, сондықтан Университет ашылуына Қазақстан дайын екенін көрсетті /22,50/.
Шешендердің сөздерін талдар болсақ, Қазақстанда Университет ашылуына қажетті барлық жағдайлар туып және зиялылар бұл идеяны қолдағанын айта аламыз. Мәжіліс қаулысын қарар болсақ, онда Қазақ Мемлекеттік Университетінің ашылуына бірнеше кажеттілік туындағаньш көреміз :
а) қазақ тұрғындарының арасындағы кең көлемдегі сауатсыздық, медициналық персоналдың болмауынан және емдеу орнының жоқтығынан қазақтар арасында аурулардың таралуы;
б) халық шаруашылығының экстенсивті дамуы, жаратылыстану мамандарының ғылыми дайындығының болмауы, зоотехниктер, агрономдар, ветеринарлар жетіспеушілігі;
в) мемлекеттік күрделі машинаны басқарудың және басшылықтың болмауы;
г) ғылыми терминологияның жасалмауы;
д) ғылымды қазақ тілінде дамыта алмау;
Осы себептерден ХАК-ы 1927-28 оқу жылынан Қазақ Мемлекеттік Университетін құрамында педагогикалық, ауылшаруашылық, медициналық факультеттерімен ашты /22,50/. Университет ашылуына орай қаулылар жиі-жиі шығып, ондағы факультеттер көбейе бастады. 1928 жылғы 10 маусымдағы ХКК-інің қаулысында былай көрсетілді: "РСФСР ХКК-інің қаулысына сай 1928 жылдың 1 қазанынан КазМУ педагогикалық факультеті ұш бөлімнен ашылды: физика-математикалық, жаратылыстану және лингвистикалық-әдеби" /27,33/. Университет ашылуының негізгі себебі педагогикалық кадрларға өсіп келе жатқан қажеттіліктерден туындаған. Педагогикалық факультетке ерекше мән беріліп,, оған студенттер қабылдана бастады. Басқа факультеттердің ашылу мүмкіндігі болмады, себебі кадрлар мен студенттерді жинау қиынға соқты. Сондықтан 1930-31 оқу жылында Университетті Қазақ Педагогикалық институты етіп қайта құрды. Университет ашылуына әлеуметтік-экономикалық факторлардың мәдени төңкеріс майданында кедергі болып, орын алуы себеп болды:
-Қазақстанда ағарту жүйелерінің кең қарқынмен дамып, өрістеуі;
-барлық салалардағы арнаулы мамандардың жетіспеушілігінен қиындықтар тууы;
-жастардың арасында оқуға деген энтузиазмның кең орын алуы;
-қазақ зиялыларының ұлттық мәдениет пен өркениетті дамытуға умтылуы;
Қазақ Университетінің ашылуы идеясы басында жігерлі Комиссар С.Сәдуақасов тұрса, оның ашылуын нақты істер атқарған, зиялылардың.жаста жалынды өкілі О.Жандосов жалғастырып әкетті. Ораз Жандосов Қазақ Мемлекеттік Университетінің ашылуындағы басты мәселелерді шешудегі белсенді рольді атқарды. Университеттің 1928 жылы жұмысқа кірісуі сол жылы 4 маусымда Комиссариат мәжілісінде шешілді. Бұл мәжіліске О.Жандосов, Баруличев, Оликов, Құдабаев және Қазақ Педагогикалық институтының орынбасары Х.Досмұқамбетовтар қатысты. Мәжілісте Қазақ Мемлекеттік Университетінің 1928 жылы 1 қазаннан бастап іске кірісетіні айтылды /150/. Осы жылғы 1 шілдедегі Комиссариат Коллегиясы О.Жандосов төрағалық етіп, Қазақ педагогикалық институтының кейбір оқытушыларын Қазақ Мемлекеттік Университетіне жұмысқа шақыру туралы мәселе күн тәртібіне қойылды. Қаулыда Қазақ педагогикалық институтынан Х.Досмұқамбетовты, Ә.Ермековты, А.Байтұрсыновтың, сондай-ақ Орта Азия Мемлекеттік Университетінен Кун мен Смирновты шақыру ұйғарылды /150,20/. Бұл кезде Комиссариатта жылдар бойы жай жүргізіліп келген зиялыларға қудалаудың күшейгенін ескерсек, БКП/б/ Орталық Комитетінің назарына ерекше ілініп жүрген Алаш партиясының лидерлері А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, Х.Досмүқамбетовтардың жұмысқа алынуы Қазақ Мемлекеттік Университетінің өркендеуін шын тілеген Комиссар О.Жандосовтың арқасында жүзеге асты.
Сонымен қатар, Коллегия мәжілісінде Университетті Ұйымдастыру . Комиссиясының құрамы туралы мәселе қаралды. Ұйымдастыру Комиссиясының құрамына: О.Жандосов, С.Асфандияров, Ә.Байділдин, Д.Авксентьевский, А.Әбдірахманов, Х.Досмүхамбетовтер кірді /150,20/. Зиялылар арасында идеологиялық бөліну болмады. Коллегия мәжілістерінде Университет жайы да қаралды. 1928 жылдың 31 шілдесінде өткен мәжілісте ҚазМУ-ға түсуші жергілікті тұрғындарға жеңілдік жасау мақсатында оқуға түсу бағдарламаларын қайта қарау үшін Комиссия құрды. Комиссия құрамына О.Жандосов, Баруличев және С.Асфандияровтар енді /150,89/. Қазақ Мемлекеттік Университетінде қазақ балаларының қабылдануы өзекті мәселе болды. Қазақ зиялыларының алдында қазақ балаларын оқуға алуға байланысты қиындықтар туған еді. Олар, біріншіден, қазақ мектептерінің ақсауы, екіншіден, Университет бағдарламаларын меңгеріп кетуде қазақ балаларының дайындығының болмауы, үшіншіден, ауылдағы әлеуметтік-экономикалық қиын жағдайлардан туындаған мәселелер. Осы мәжілісте О.Жандосовтың тікелей үсынуымен М.Әуезовті Ташкент Қазақ Ағарту институтына оқытушы етіп тағайындау және Орта Азия Университетінің аспиранттары қатарына енгізу туралы мәселе қаралып, қолдауға ие болды /150,89/. Қазақ Мемлекеттік Университетінің ашылуы туралы шешім ХКК-інің мәжілісінде 1928-жылы 15 мамырда қабылданып, материалдық және экономикалық мәселелер шешілді /151/.
Университет ашудағы Кеңес өкіметінің негізгі мақсаты-коммунистік идеологияны ұстанушы жастарды даярлау болды. Бұны 1929 жылғы БКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитетінің "Қазақстан студенттеріне" арнауынан көреміз: "Жаңа инженер, техник, агроном, педагогикалық кадрларды өсірмең, олардың өнеркәсіпте, транспортта, ауылшаруашылығындағы дәрежесін көтермей тұрып, біз халық шаруашылығын қалпына келтіре алмаймыз. Бізге халық шаруашылығының нағыз ұйымдастырушылары болатын, марксистік интернационалды, біздің кеңестік және партиялық шешімдерімізді социалистік құрылыстың барлық салаларында дұрыс жүргізе алатын, Қазақстан жұмысында кездесетін барлық қиындықтарды жеңе алатын кадрлар даярлау керек" /27,35/. Алайда Қазақ Мемлекеттік Университетін Кеңес өкіметінің саясатын жүргізуші, кеңестік идеологияны дәріптейтін орын бодды деп айта алмаймыз. ХАК-ының қорының деректерін қарап отырсақ, университет ашылуының басты қызметі демократияшыл қазақ зиялыларының қолында болды. Олар жастардың миына коммунистік идеологияны қүю үшін емес, өркениетке жететін демократиялық жол арқылы қазақ жастарына білімге сара жол салуға көмектесті.
Деректерді талдауда көптеген субьективизм факторлары орын алды. Деректерді "идеологияландыру" тенденциясы жүзеге асты. Бұл тенденцияның салдарынан зиялылардың ролі ашылмады. ҚазМУ-дың ұйымдастыру комиссиясының мәжілістерін талдар болсақ, онда ректор С. Асфендияровпен қатар Х.Досмүқамбетовтың да ролі жоғары болғанын байқаймыз. Ұйымдастыру комиссиясының мәжілістерінде осы Университет профессоры А. Байтұрсынов та қатысып отырды. Мәжілістерден Х.Досмүхамбетовтың Университет шаруашылығына араласып отырғанын байқаймыз /152/. Бірақ Х.Досмүхамбетов Университетте көп жұмыс істей алмаған. Бүған себеп ОГПУ Әскери бөлімінің өкілдігінің үкімінің негізінде ХАК-ына келіп түскен "ерекше құпия" белгісі бар бүйрықга ҚазМУ. профессоры Х.Досмүқамбетов Қылмыстық Кодексінің 142-бабы бойынша қудалануына байланысты жұмыстан шығарылуы керек делінді /153/. Бүйрықтың негізінде Х.Досмүқамбетов жұмыстан шығарылды. Комиссариатта қудалау бұрын "жасырын" түрде жүрсе, енді жоғары жақтың құпия бүйрықгарымен злялылар жұмыстан шығарыла бастады. Қазақ зиялыларының Комиссариаттағы шоғырланған жері — Ғылыми-Әдістемелік Кеңес болды. Кеңес мәжілістерінде зиялылардың негізгі жұмысы — оқулықтардың жағдайы шешілді. 1929 жылы Кеңес мәжілісіне қазақ зиялыларынан І.Қабылов, Т. Шонанов, Ә. Сьщықов, О. Жандосов, Ж. Аймауытов, Оликов, Ембергенов, М. Мурзиндер қатысып, 1928-29 оқу жылында төмендегі кітаптардың құрастырылуы мен қайта басылуына қаулы қабылдады. Олар: балаларға арналған әліппе - Т.Шонанов, география және өлкетану — Иванов, II басқыш мектептер бағдарламасы негізінде жоғарылатылған мектептер үшін оқу кітабы ретінде әдеби хрестоматия - С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Мұратов, қазақ әдебиетінің тарихының очерктері — жоғарыда көрсетілген авторлар, Лесчаровтың негізгі дүниетанымынан аударылған физикалық география - Ж.Күдерин, қазақ халқының тарихы - Ә.Әйтиевтер т.б. Деректерден көріп отырғанымыздай, зиялылардың Ғылыми Кеңестегі саны азая бастаған. Осы мәжілісте бекітілген Ғылыми-Әдістемелік Кеңестің Президиумының секцияларының құрамын бекітті. Президиум төрағасы - І.Қабылов, мүшелері - Брихничев, Глазов, Оликов, Ә.Байділдин, М.Жолдыбаевтар болып, Өлкелік комитеттің үгіт-насихат бөлімінен өкіл болып Мартыненко, әдістемелік ғылыми кеңес қызметкерлері Т.Шонанов, Ә.Сыдықов, Қ.Жұбанов, ҚАрифановтар болды. Президиум үш секцияға бөлінді:
1.Ғылыми-саяси секция. Төраға - І.Кабылов. мүшелері О.Жандосов, Брихничев,Есова, Нұрмағамбетова, Ғ. Мұстафин.
2.Тіл және әдебиет секциясы. Төраға - М.Жолдыбаев. мүшелері -І.Кабылов, Тоқжігітов, Т.Шонанов, М.Мурзин, К.Жұбанов, Ж.Аймауытов, А.Байділдин.
3.Ғылыми-өлкетану секциясы. Төраға - Т.Шонанов, мүшелері -Ф.Оликов /148,55/.
Жаңа алфавиттің жүзеге асуы ХАК-ында шешілмей, жоғары партия және кеңес орындарында шешілді. Алайда реформадан туындаған терминологиялық мәселелер тікелей Комиссариат міндетіне берілді. Комиссариаттың 1929 жылғы 9 ақпандағы мәжілісінде терминологиялық комиссияның құрамына төраға -, М.Жолдыбаев, мүшелері - Ж.Аймауытов, М.Мурзин, С.Сарыбаев, Қасымов, Ембергенов, Есова, Ә.Байділдин, Ерімбетовтер кірді /148,78/. Деректерді карап отырсақ, 1929 жыл Комиссариаттағы қазақ зиялыларының жаңа құрамымен толығып, өзгере бастауына бастама болды. Бұрынғы Алаш лидерлерінің қудалауға ұшырауына байланысты Комиссариатқа жаңа .кеңес рухында тәрбиеленген болмаса да, өкімет органдарында қызмет істеп қалыптасқан зиялылар келді. Ендігі қызмет осы зиялылардың қолымен, солардың басқаруымен жүзеге асар еді. Бұлармен қатар өзгеріске ұшыраған "идеологияландырудың" басты құралдары оқулықтар мен оқу құралдары болды.
1929 жылы 9 қаңтарда Ғылыми-Әдістемелік Кеңестің ғылыми-педагогикалық секциясының мәжілісінде квалификацияны көтеру жөніндегі бағдарлама-минимумның құрастырушылары бекітілді. Олар Алмағамбетов., Б.Малдыбаев, Ә.Сыдықов, І.Қабылов, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, Ж.Аймауытов және т.б. Жаңа оқулықтар бекіту жұмысы үздіксіз жүріп жатты /148,88/. Ол бұрынғыдай Ғылыми-Әдістемелік Кеңесте емес, көптеген мемлекеттік мекемелер өкілдерімен бірге шешіліп отырылды. 1929 жылғы 9 ақпандағы Ғылыми-Әдістемелік Кеңес пен НКА Орталық Комитетінің біріккен кеңейтілген мәжілісінде оқулықтар және оларға берілген пікірлер туралы қаулы кабылдады. Қаулыда кейбір пікірлерді қабылдап, кейбірін кабылдамады. Себебі идеологияландыру саясатына сай келмеген оқулықтар болды, ал тексеру Комиссариаттың бүкіл оқулықтарын арнайы редакциямен және цензурамен шығару үшін керек болды /148,8/.
1930 жылдардан бастап бүкіл оқулықтар мен оқу бағдарламаларын кайта жасау тенденциясы кең орын алды. Бұл Кеңес өкіметінің бюрократиялық құрылымының күшеюі және ағарту саласын "жаппай тазарту" реформасының басталуы еді. 1932 жылы 20 қаңтарда мәжілісте оқулықтар басылуы туралы Кеңесбаевтың баяндамасы тыңдалып, Орталық Комитет пен Өлкелік партия комитетінің "Бастауыш және орта мектептер туралы" қаулысы негізінде жасалынған жаңа бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның жасалуын мәжілісте мектептерде ескі бағдарламамен жасалынған оқулықтарды пайдалануды жүзеге асырмау үшін істелінді деп түсіндірідді. Сондықтан Комиссариат бастауыш мектептерді оқулықтармен қамту мақсатында қаулы шығарды:
1.жаңа оқулықтарды басуды түзету. I басқыш оқулықтарды осы жылдың 1 наурызынан қалмай шығарылсын;
2.жұмысты орындау үшін мына авторларды 15 күнге сабақтан босату керек: Олар: М.Төлебаев, М.Қаратаев, Есбатырова, Ә.Қоңыратбаев, Ү.Қүлымбетов, Әбдірахманов, Хасанов және т.б. мәжілісте жаңа бағдарламаның идеологиялық және әдістік талаптарына жауап бере алмайтын оқулықтарды пайдаланудан тез алу, бастауыш және орта мектептерге арналып бұрын шыққан кітаптарды қарау үшін бригада құруға қаулы қабылдады /154/.
Мәжіліс қаулылары Комиссариатта жаңа кезең басталғанын көрсетті, ол идеологияландырылған, орталыққа бағынған мекеме жұмысының бастамасы еді. ХАК-ын ондаған жылдар бойы өркендетуте үлес қосқан зиялылар кудалауға ұшырап, оларды жаңа кадрлар айырбастады. Бүкіл оқу-әдістемелік жұмысты сонау 1920 жылдағыдай қайта бастауға тура келді. Бұл Қазақстанның ағарту саласының басынан бірнеше рет кешіріп отырған рухани дағдарысын күшейтіп, барлық салада қайта құру реформаларын жасауға әкеп соқты. 1940 жылға дейін ағарту жұмысының дами алмағанының негізгі себебі осы. Аяғынан енді тұрып келе жатқан ағарту саласы он жылдан кейін қайта құруды тез игеріп кете алмады. Хаттамалардың объективті қарау кезінде Кеңес өкіметінің идеологияландыру Коллегияның және жоғары партия орындарының хаттамалары қазақ зиялыларының тарихын терең әрі толық зерттеуге мүмкіндік береді. Әр түрлі деректердің мәліметтерін салыстыру тарихи хағдайдың дамуын бақылауға мүмкіндік береді, деректер бірін-бірі бірлесіп толықтырып, құбылыстың әр түрлілігін бейнелейді. Құжаттарды талқылау ұзақ та қиын процесс. Осыған байланысты зерттеуші үшін оларды таңдап алу принципіне, яғни оның ішінде деректе оқиғаның, не құбылыстың көрінуінің шындыққа қаншалықты сәйкестігі, деректік толықтығы, нақты құбылыстың мәнді белгілері және негізгі мазмұнының деректе бейнелену деңгейін көрсету маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет