«Қазақстан Даму Банкі» АҚ – бұл ел экономикасына инвесторларды тартуға қолдау жасау және өңдеуші өнеркәсіптерге, өндірістік инфрақұрылымның дамуына мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жоғарылату және жетілдіру мақсатында құрылған қаржылық институт.
Миссиясы – еліміздегі шикізаттық емес секторларға инвестицияларды жүзеге асыру арқылы ұлттық экономикамыздың тұрақты дамуына үлесімізді қосу.
Мақсаты:
мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру мен арттыру;
өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту;
елдің экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға көмектесу.
Қазақстан Даму Банкінің міндеттері:
инвестициялық жобаларға орта мерзімді (5 жылдан 10 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (10 жылдан – 20 жылға дейін) несие беру;
қазақстандық өнімді жеткізуші резидентке де, Қазақстандық өнімді сатып алушы резидент еместерге де қарыздарды беру жолымен бірлесіп қаржыландыру, сондай-ақ экспорттық операцияларға несие беру;
басқа несие институттары беретін қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік берілген міндеттемелерді беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторына несие беруді ынталандыру;
Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру;
экономикаға тікелей инвестициялар тарту;
экономиканың басым секторларындағы жобаларды қаржыландыру.
Құралдары:
инвестициялық жобаларға арналған қарыздар (несиелер) – 5 жылдан 20 жылға дейін, ең аз сома 5 млн АҚШ доллары;
қаржылық лизинг – 3 жылдан 20 жылға дейін, ең аз сома 1 млн АҚШ доллары;
экспорттық мәмілелерге арналған қарыздар (несиелер) – 1 жылдан 3 жылға дейін, ең аз сома 1 млн АҚШ доллары;
жобалық қаржыландыру;
кепілдіктер шығару;
мемлекеттік жобаларға агенттік қызмет көрсету.
капиталға қатысу;
мезониндік қаржыландыру;
банкаралық несиелеу;
айналымдық капиталды қаржыландыру.
«Қазақстан Даму Банкі» өз қызметін 2001 жылдың 1 сәуірінен бастаған. Экономикалық қызметінің жалпы жіктелінуіне сәйкес Даму Банкін несиелеу үшін оның инвестициялық салалары болып келесілер саналады:
ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу;
тігін өндірісі;
химиялық өнеркәсіп;
машина жасау және құралдарды өңдеу;
көлік және байланыс;
тас және суды, электр энергияны тарту және өңдеу.
Қазақстан Даму Банкі бүгінгі күнде мемлекеттік инвестициялық саясаттың ең басты жолсеріктерінің бірі болып табылады. Өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында бәсекеге қабілетті өндірістер құруды қаржыландырып және елдің инфрақұрылымын дамыта отырып, Банк Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.
Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық қызметі елдің барлық өңірлерінде және өңдеуші өнеркәсіптің маңызды салаларында танытылған. Банктің қаржыландыру көмегімен енгізілген жаңа және жаңғыртылған өндірістер Қазақстанның өнеркәсіптік және экспорттық қатаюына және өңіраралық интеграцияға іс жүзінде елеулі үлесін қосуда.
Қазақстан Даму Банкі экономиканы жаңғыртудың ең басты қатысушыларының бірі, сондай-ақ серпінді және кластерлік жобаларды іске асыруда, мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруда өз қызметін нығайта беретін болады.
Қолдау тапқан жобалардың ішінде неғұрлым салмақтылары химия саласындағы жобалар, көлік және байланыс, металлургия, электр энергетикасы, құрылыс материалдарының өндірісі саласындағы жобалар.
Қазақстан Даму Банкінің жетекші халықаралық Moody’s Investors Service, Standard & Poor’s және Fitch рейтингтік агенттіктері берген ең жоғарғы несиелік рейтингі бар.
Банк Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал ету мақсатында келесідей басымдық және перспективалы бағыттарды анықтады. Экономиканың өрлеуі және әртараптандыру базасы ретінде – инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде:
энергетиканы;
көліктік инфрақұрылымды дамыту.
Жеке сектор үшін өңдеу өнеркәсібіндегі өрлеу нүктелерін анықтау ретінде – келесі салалардағы перспективалы жобаларды іске асыру:
металлургия;
химия және мұнайлы химия өнеркәсібі;
құрылыс материалдарының өндірісі;
АӨК-де қосылған құны жоғары өнім шығару;
туризм.
Қазақстан Даму Банкінің ұстанымы:
Қазақстанның отын және минералдық шикізатты сатудан тәуелділігі, өнеркәсіптің, металлургияның инфрақұрылымдық және өңдеуші салаларында инвестициялық белсенділік ел экономикасының шикізаттық ресурстары нарығындағы өзгерістерге әсерін тигізеді. Сондықтан ҚР-ның Үкіметі экономиканы радикалды реформалауға қадам басып, Қазақстанның шикізат тәуелділігінен шығуына мақсат қойды. Елді жеделдетіп жаңғырту және елдің әлемдік нарыққа кіруі инновацияларға, экономиканың өсуінің жаңа бағыттарын құруға және елдің дәстүрлі бәсекелесті басымдықтарын үздік пайдалануға негізделген дамудың барлық бағыттары бойынша сапалы серпінді талап етеді.
Қазақстан Даму Банкінің миссиясы екінші деңгейдегі банктер қамтамасыз етпеген несие ресурстарында ел экономикасының бәсекеге қабілетті шикізатқа жатпайтын секторын жеделдетіп дамытудың инвестициялық қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен ҚР-ның тұрақты ұзақ мерзімді экономикалық дамуына қол жеткізуіне жәрдемдесуге негізделген.
Қазақстан Даму Банкінің орны:
өңдеуші өнеркәсіп, өндірістік және көлік инфрақұрылымы;
ұзақ мерзіммен қамтылған ірі (5 млн АҚШ долларынан асатын) көлемді капиталы бар инвестициялық жобалар;
қазақстандық тауар өндірушілер өнімінің экспортына жәрдем көрсету.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР-ның заңына сәйкес заңмен анықталған Қазақстанның Даму Банкінің ерекше құқықтық мәртебесі бар.
Заңға сәйкес Қазақстан Даму Банкі қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
Қазақстан Даму Банкінің несиелік саясатының негізгі қағидалары мен басымдықтары, инвестициялық басымдықтар, қарыз қаражатын тартуға сандық шектеулер, несие берудің лимиттері, бағыттары, мүмкін болатын шарттары, тәртібі мен мерзімі, жеке капиталды орналастыру, бірлесіп қаржыландыру, кепілдіктер беру, агент функцияларын орындау жалғыз акционердің шешімімен бекітілген Банктің несие саясаты туралы меморандумда белгіленген.
Қазақстан Даму Банкі бір жағынан даму институты бола отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі және «СамұрықҚазына» мемлекеттік холдингінің атынан акционер анықтайтын мемлекеттік инвестициялық саясаттың міндеттерін шешеді. Сонымен бірге, қаржы ұйымы бола отырып, Қазақстан Даму Банкі басқа банктер үшін барлық қажетті талаптарды орындайды және коммерциялық қағидаларда әрекет етеді.
Қазақстан Даму Банкінің несиелік саясаты туралы меморандумға сәйкес қаржыландыру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде Қазақстанда экономиканың шикізаттық емес салаларында, оның ішінде қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер мен капиталдың экспортына ықпал ететін бәсекеге қабілетті өндірістерді және инфрақұрылымды дамытуға және құруға байланысты инвестициялық жобаларға басымдық беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |