Жылға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы



Дата22.02.2016
өлшемі61.42 Kb.
#1839


04-34

2009 жылға арналған

облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2008 жылдың 1 қаңтар айында облыс бюджетіне 113942,7 млн. теңге болжаммен 112735,1 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 70076,3 млн. теңге сомасында субвенция, нысаналы трансферттер мен қарыздар түсті.



Меншік кірістер 96,9-ға орындалды. Аягөз, Глубокое, Жарма аудандары мен Өскемен, Семей қалалары мен облыстық бюджет бойынша кірістер жоспары орындалмады. Әлеуметтік салық (94,9%), жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем (96,1%), орманды пайдаланғаны үшін төлем (58,8%), қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем (97,6%), коммуналдық меншіктегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер (42,4%), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ММ бекітілген мүлікті сатудан түскен түсімдер (1,6%), жер учаскелерін сатудан түскен түсімдерді (54,5%) және жер учаскелерін жалдау құқығын сатудан түскен төлемдер (54,5%) бойынша болжам орындалған жоқ.

Облыстық бюджеттің 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 19225,3 млн.теңге болжаммен 18255,7 млн.теңге меншік кірістері немесе 95,0%-ға орындалды.




Р

еспубликалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер, субвенциялар мен қарыздарды ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 116561,6 млн.теңге жұмсалды.

Ағымдағы қаржы жылына облыс бюджетінің жалпы көлемінен айтарлықтай үлесі ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға 78,7%-дан келетін іске асыруға 91748,7 млн. теңгесі бағытталды.

Облыстың білім беруге 36423,9 млн.теңге немесе 99,4% жұмсалды, соның ішінде:

- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 1362,7 млн. теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 21941,9 млн. теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 21614,1 млн.теңге, мектеп-интернаттар – 245,9 млн.теңге, кешкі мектептер - 81,9 млн. теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 2699,3 млн. теңге, соның ішінде кәсіптік лицейлердегі мамандарды дайындауға – 1517,1 млн. теңге, колледждерге – 1182,2 млн. теңге.

2008 жылы білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу және жеткізіп беруге 462,2 млн. теңге, білім беру жүйесін ақпараттандыруға 176,3 млн.теңге бағытталған.

2008 жылы жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) 703,5 теңге жұмсалды, ол 99,5%-ды құрады.

Облыстың денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға өткен кезеңде 27092,4 млн. теңге жұмсалды: стационарлық медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек көрсету, қан және оның құрамындағыларды өндіру, аналар мен балаларды қорғауға, салауатты өмір салты.

2008 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 232,9 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 516,9 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 591,5 млн. теңге көмек көрсетілді, соның ішінде жергілікті бюджет қаражаттары есебінен – 508,5 млн.теңге.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша игеру 99,5% немесе 445,6 млн.теңгені құрайды.

Өткен жылы білім беру объектілерін дамытуға республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 3550,0 млн.теңге жұмсалды. Осы қаражаттар сесебінен 5 елді мекендегі мектеп, оның ішінде Тарбағатай ауданының Үштөбе, Бесқарағай ауданының Беген, Көпекті ауданының Көкпекті ауылдары мен семей қаласында жәнеТарбағатай ауданының Ақсуат ауылындағы балабақша пайалануға берілді, сондай-ақ Үржар ауданы Благодарное және Науалы ауылдарындағы орта мектеп құрылыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірленді.

Облыстық бюджеттің 1045,4 млн.теңге қаражаттары білім беру объектілерін дамытуға жұмсалды. Есеп беру жылында

Тарбағатай ауданы Шорға, Ұлан ауданы Бестерек және Митрофановка, Катонқарағай ауданы Жаңа Үлгі, Күршім ауданы Аманат ауылдарындағы бұрын басталған мектеп пайдалануға берілді, сондай-ақ, Бородулиха ауданының Бородулиха және Жерновка ауылдары, Көкпекті ауданының Ажа ауылы, Зайсан қаласы, Зырян ауданы Серебрянск қаласы мектептердің құрылысына және «Нижние Таинты» демалу базасын балалар лагеріне қайта жаңғыртуға арналған ЖСҚ әзірленді.

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2884,5 млн.теңге жұмсалды. Осы қаражаттар есебінен 12 аурухана, оның Бесқарағай ауданы Үлкен Владимировка ауылындағы 1-объектісі пайдалануға берілген.

Облыстық бюджет есебінен Зырян ауданы Первороссийское ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысына арналған ЖСҚ әзірленді.

Тұрғын үй құрылысын дамыту арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру мақсатында Өскемен және Семей қалаларындағы, Бородулиха мен Абай ауылдарындағы инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылыс жұмыстары жалғастырылды, игеру сомасы 1119,2 млн.теңгені құрады, Семей және Зайсан қалаларындағы коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы, Риддер қаласындағы бұрынғы жатақхана ғимаратын тұрғын үй етіп қайта жаңарту жұмыстары басталды. Игерілген қаражаттар сомасы 546,5 млн. теңгені құрады.

Есепті кезеңде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен Риддер қаласының айналма жолының құрылысын жалғастыруға 708,5 млн.теңге жұмсалды. «Дмитриевка-Вавилонка-Шемонаиха», «Көкпекті-Самар», «Шемонаиха-Секисовка», «Аққайына кіре берісі – көмiр кенiшi» автожолдарын күрделі жөндеу, сондай-ақ «Семей-Қарауыл» автожолын күрделі жөндеуге арналған ЖСҚ әзірлеу жалғастырылуда, «Семей-Курчатов», «Большенарым-Күршім», Семей-Долонь-Бесқарағай», «Өскемен-Тарғын-Самар» автожолдарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды, бұл іс-шараларға 1090,0 млн.теңге бағытталып отыр.

2008 жылы облыстық бюджет есебінен дене шынықтыру және спорт объектілерін дамытуға 573,5 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде Өскемен қаласындағы «Восток» стадионының қайта жаңғырту және Семей қаласының спорттық-сауықтыру кешені, Үржар ауданы Үржар, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдарының, Ұлан ауданы Молодежный кентінің спорттық модульдерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді.

Біршама қаражат ауылшаруашылығы салаларын қолдау көрсету және дамытуға жұмсалады. Есепті кезеңінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 4057,6 млн.теңге тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар материалдар мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату, мал шаруашылығының өнімділігін және сапасын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға жұмсалды. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 21 ауыл шаруашылық құрылымдарын кредиттеуге 485 млн.теңге жұмсалды.

Өткен жылы 11 айында ағымдағы табиғатты қорғау іс-шараларын өткізуге 129,2 млн.теңге бағытталды, оның есебінен Өскемен қаласының атмосфералық ауаның ластану жағдайына бақылау жасауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар, облыстың бюджет ұйымдары мен тұрғындарынан сынапқұрамды қалдықтарын жинау және көму, сонымен қатар, басқа да ағымдағы жылы жоспарланған іс-шаралар жүргізілді.


2008 жылға республикалық бюджеттен дамытуға арналған ағымдағы нысаналы және нысаналы трансферттер 19 620,5 млн.теңге түсті, оның ішінде ағымдағы жылы 19 160,7 млн.теңгесі игеріді немесе игерілмеу 459,8 млн.теңгені (оның ішінде 75,6 млн.теңге - конкурстық рәсімдер нәтижелері бойынша үнем), ағымдағы бюджеттік бағдарламалар -4,5 млн.теңге, дамытудың бюджеттік бағдарламалары – 455,3 млн.теңгені құрады.

Жалпы облыс бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді игеру 99,9%, пайдаланылмай қалған қаражат сомасы 4507,5 млн.теңге; дамытуға арналған нысаналы трансферттер 96,3%-ды, қалдық 455,3 млн.теңгені құрады. Сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға 1174,1 млн. теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі мен ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге –194,0 млн. теңге, көлік инфрақұрылымын дамытуға – 708,6 млн. теңге, білім беру объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға – 3550,0 млн. теңге, денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға – 2884,5 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға – 1119,2 млн. теңге, ауыл шаруашылығы дамытуға – 2004,2 млн. теңге, мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға – 20,9 млн. теңге жұмсалды.

орынд. Рыльская Н.И.

Пахомова Г.В.

Кенжетаева Л.К

Слободнянюк С.М.

Манеева Л.А.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет