27
Басқару əдісін таңдау барысындағы негізгі қағида – барлық
əдістердің тиімді үйлесуі. Басқару еңбегінің өнімі, əдетте,
тиімді шешім
қабылдау болып табылады. Басқару шешімі басқарудың түрлі стильдерінің
көмегімен жасалған жəне жүзеге асқан болуы мүмкін. Оларға авторитарлы,
либералды жəне демократиялық стильдер жатады.
Басқарудың
авторитарлы стилінде шешімді дайындау жəне
қабылдау негізінен басқару субъектісінде, яғни, жетекшіде шоғырланады.
Керісінше, басқарудың
либералды стилінде шешімді дайындау жəне
қабылдау негізінен басқару объектісінде, яғни,
бағыныштылар арасында
шоғырланады. Шешімді дайындау жəне қабылдау кезінде басқарудың
авторитарлы жəне либералды стильдерінің тиімді үйлесуін басқарудың
демократиялық стилімен байланыстыраы.
Достарыңызбен бөлісу: