Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова



бет48/54
Дата01.11.2023
өлшемі5.76 Mb.
#482079
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54
ЛАНДШАФТ

Гүлзарлар қазіргі кезде кіші бақтарда, соның ішінде газондардың ішінде кеңінен қолданылады. Онда негізінен кілемгүлдер (седум, альтернатера, ирезине, стахис т.с.с.) немесе жаздық гүлдер отырғызылады. Гүлзардың пішіні әртүрлі болып келеді: сопақ, дөңгелек, шаршы т.б.
Көпжылдық өсімдіктер көбінесе топтастырылып, төбел (пятна) түрінде орналасады. Ондай композицияларды жасаған кезде фонды (мәңгіжасыл ағаштар мен шөптесіндер), гүлдердің гүлдейтін кезеңін (ерте көктем, көктем, жаз, күз), гүл төбелдерінің көлемін (0,5-3 ш.м.), түстердің үйлесімділігін және көретін жерден қашықтығын ескеру қажет. Мысалы, ерте көктемде гүлдейтін крокустар композициясының көрсеткіштері мынадай болуы мүмкін: фоны – арша, шырша, бір топ тас; түстер үйлесімділігі – 3 бөлігі күлгін-көк, 1 бөлігі – алтын-сары түсті; төбелдердің көлемі – 0,5-1 ш.м.; көретін жерден қашықтығы – 3-5 м (2-сурет).
Кіші бақта бір өсімдік өсетін монобақтардың (раушан, жұпаргүл, қызғалдақ т.б.) орны ерекше болады. Розарийлерге геометриялық бөліністер тән. Раушан бағына ешқандай жаздық не көпжылдық гүлдерді қосуға болмайды. Бұл композиция көзбен көріп тамашалау және хош иісін иіскеп рахаттану үшін барынша жақын орналастырылады. Розарийді өсімдіктің өз түр-түстерін әртүрлі етіп, және газон фонымен үйлестіріп, шағын ғана тазаколлерлы бөліктермен жасаған жөн. Раушан гүлінің әралуандығы мен ассортиментін (бұталы, штамбты, өрмелі, шырмауық, ремонтанттық, полианттық т.с.с.) кеңінен пайдаланған дұрыс. Оларды пішіні, биіктігі және түсі бойынша үйлістірілуі тиіс (3-сурет). Жұпаргүл бағы еркін-ландшафтық түрде жоспарлануы тиіс.
Аумақтың теңгерімінде бақтың көп бөлігін 60-70 пайызын жасыл желек пен газондар алуы тиіс. Ландшафтық дизайн сызбаларында шартты белгілер, өсімдіктердің ұсынылатын ассортименті және саны көрсетіледі (4-сурет).


3–сурет. Розарий (раушангүлдер бағы) құрудың ландшафтық дизайны


1-сәндік бассейн, 2-саяжол (аллея), 3-демалуға арналған алаң, 4- шырша, 5-дәрілік арша, 6-штамбтық раушангүл, 7-сары гибридті раушангүл, 8-Қазақстандық раушангүлдердің селекциялы түрлері: Қыз-Жібек, Жамбыл, 9-ремонтантты раушангүл, 10-флорибунда раушангүл, 11-көгал (газон).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет