Қ.Т.АБАЕВА, А.Ж. ҚОЖАБЕКОВА, А.А. ҚОПАБАЕВА
ЛАНДШАФТЫҚ ДИЗАЙН
Алматы, 2013
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Қ.Т.АБАЕВА, А.Ж. ҚОЖАБЕКОВА, А.А. ҚОПАБАЕВА
ЛАНДШАФТЫҚ ДИЗАЙН
Алматы, 2013ж
УДК 712
э.ғ.д., профессор Абаева Қ.Т., а.ш.ғ.к Қожабекова А.Ж., а.ш.ғ.магистрі Қопабаева А.А.
Ландшафтық дизайн
Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарының «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы студенттеріне арналған. //Оқулық. – Алматы, «Айтұмар» баспасы, 2013. Түрлі-түсті суретті.- 204 бет.
Ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындарының орман ресурстары және орман шаруашылығы студенттеріне ұсынылып отырған оқулық «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша оқу бағдарлмасын негізге ала отырып дайындалды.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Оқу-әдістемелік кеңесі шешімімен басып шығаруға рұқсат етілді (№_ хаттама ).
Рецензенттер:
Мазаржанова Қ.М. – «Өсімдік қорғау және карантин» ҚазақҒЗИ-ның аға ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Серікбаева А.Т. – ҚазҰАУ «Орман ресурстары және аңшылықтану» кафедрасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
КІРІСПЕ
Ландщафтық дизайн - құрамына участокты жобалау және бөлу, белгілі бір климаттық жағдайымен топырағына байланысты өсімдік таңдау, оны участокта бір-бірімен үйлестіру арқылы орналастыру,сонымен қатар аумақта архитектуралық және скульптуралық элементтермен, су қоймаларымен жолдар арқылы аумақты көгалдандыру өнері
Ландшафтық дизайн, бақ саябақ өнерін ұйымдастыру сияқты участокты жобалауды, белгілі бір өсімдік пішіндерімен үйлесімін, декоративті төсемдер, жарықтандыру және басқа құралдарды қолдана отырып шектеулі кеңістікте жұмақ бұрышын құру.
Ландшафтық дизайн тарихы Бірнеше мыңжылдап саналады. Оның тамырын Ежелгі Египет, Ежелгі Греция, Ежелгі Римнен және Ежелгі Шығыстан іздеу керек.
Ландшафтық дизайнның ежелгі формасын жобалауда чектерді жатқызуға болады және ол египеттіктердің үлесі. Ніл өзенінің жағалауындағы бөлінген орындар уақыт өте келе сән- салтанатты үй маңының бағына айналған. Біздің эрамызға 4-5 мыңжылдықта ауқатты египеттіктердің декоративті бағы туралы мәліметтер сақталған.
Ежелгі египеттіктердің бағынан гректердің бағы декоративті және ерекше (көгалдандыру массиві террасса түрінде,безендірудің көптігімен, фонтандармен бұралмалы баспалдақтармен айрықшаланды.
Орта ғасырда бақтарды және саябақтарды жобалау асаөзгеріске ұшырамады, регулярлы болып қала берді. Участоктарды квадраттарға және тікбұрыштарға қажетінше бөлді, ол жерлерде емдік шөптер және жеміс- жидек түрлері өсірілді, бірақта бұралаңқы бір- бірімен қосылған жолдар пайда болды. Көкораймен алқаағштарды орта ғасырда ботаникалық бақ деп айтуға болатын. 17-18 ғасырда ландшафтық дизайнерекше танымалдыққа айналды 18 ғасырдыңекінші жартысынан бастап бақ- саябақ өнерінде регулярлы стиль пайда болды, яғни бір осьтен таралатын симметриялы таңдаулы композиция жасау( архитектуралық ғимараттар, фонтандар, скульптуралық композициялар, әңгімелесетін орын, галерея, каскадтар) және басты ғимараттан бақ немесе саябақтың түкпіріне жетелейтін
сәулелі, диагональды аллеялар ұйымдастыру қарастырылды.. Отырғызуларға ағаштармен бұталардың желектері геометриялық дұрыс пішінді, қырқу- шырпуды жақсы көтеретін дері алынса, ал таңдаулы, әдемі гүлдейтін декоративті тікбұрышты және квадратты клумбалар құрылды
Регулярлы жобалауға жиі жаңа дәстүрлер енгізіліп, кеңістік тарамдалып отырғанымен керекті шаблондар бұрынғысынша сақталып отырды. Регулярлы бақтармен саябақтарды ұстау аса қомақты қаражатпен адам күшін қажет ететіндітен 19 ғасырдың 60-шы жылдары қолданыстан шығып оның орнына пейзажды немесе ландшафты стиль өзінің табиғилығымен, қарапайымдылығымен қолданысқа енді.. ирелеңдеген жолдар, алаңқайлар, шекрасы анық көрінбейтін көлеңкелі ағш топтары, сыңғырлаған бұлақтар, еркін орналасқан гүлдейтін өсімдіктер, шалаш, хижина, ферма түрінде жасалған құрылыстар т.б пейзаждық бақта орын алып, романтикалық көңіл- күй береді. шШпалер, боскеттер,және партерлерлер геометриялық қатаңдығыменсозылмалы аллеяларға, арасында көкшалғынды ашық алаңқайлармен. Солитер ағаштармен, қоршаулармен бірте- бірте орын ауыстырды
19 ғасырдың аяғында өнеркәсіптік өндірістің күрт өсуіне байланысты адамдардың табиғаттан алыстауы байқалды. Осыған орай әркім өзінің үйінің маңайын абаттандыруға тырысты жасанды тоған, талар, аллеялар мен гүлзарлар жасады. Қаланың аздаған саябақтары қалалықтардың табиғатпен қарым қатынасын қамтамасыз ете алмады. Нәтижесінде аллеялармен бульварлар пайда болды. Біртіндеп дәстүрлі бақ- саябақ өнері ландшафтық дизайн түсінігіне айналды.
Сонымен ландшафтық дизайн – белгілі бір аумақта өсімдіктер, тастар, су және кіші архитектуралық формалар атмосферасымен табиғи және антропогенді пейзаж құру.
Достарыңызбен бөлісу: |