1- дәріс Тақырыбы: Жиындар және оларға қолданылатын амалдар. Жоспары



бет6/7
Дата23.12.2023
өлшемі186.27 Kb.
#487694
1   2   3   4   5   6   7
1- ä?ð³ñ Òà?ûðûáû Æèûíäàð æ?íå îëàð?à ?îëäàíûëàòûí àìàëäàð. Æîñ 2

Жиындардың бірігуі
Берілген екі жиыннан жаңа жиын құрудың тағы бір тәсілін қарастырайық.
А және В жиындарының бірігуі деп не А, не В жиындарының ең болмағанда біреуіне енетін элементтерден тұратын жиынды айтады.
А және В жиындарының бірігуін А∪В деп белгілейді, мұндағы ∪жиындардың бірігуінің белгісі. Мысалы, А{1, 3, 5} және В{2, 4, 6, 8} жиындарының бірігуі А∪В{1, 2, 3, 4, 5, 6, 8,} жиыны болады.
Егер бірігетін жиындардың ортақ элементтері бар болса, мысалға, А{а, б, в, г, д, е} және В{г, е, ж, з} жиындары, онда олардың ортақ элементтері г, е бірігуде тек бір қана жазылады; А∪В{а, б, в, г, д, е, ж, з}.
М ысалға, А – кластағы фотография үйірмесіне қатысатын оқушылар жиыны, ал В – сол кластағы математика үйірмесіне қатысатын оқушылар жиыны болсын. Сонда А жиыны элементтерінің сипаттамалық қасиеті – фотография үйірмесіне қатысуы, ал В жиыны элементтерінің сипаттамалық қасиеті – математика үйірмесіне қатысуы болып табылады. Сонда берілген жиындардың бірігуіне аталған үйірмелердің ең болмағанда біреуіне қатысатын оқушылар енеді. Бұл оқушылардың ішінде не тек фотография үйірмесіне, не тек математика үйірмесіне немесе екі үйірменің екуіне де қатысатын оқушылар болуы мүмкін.
А ∩В деп санап, А және В жиындарын Эйлер-Венн диаграммалары арқылы кескіндейік (12-сурет). Осы суреттегі штрихталған бүкіл бөлік А∪В жиынын көрсетеді.Бірігу ұғымы геометрияда үлкен роль атқарады. Екі немесе бірнеше фигуралардың бірігуі деп осы фигуралардың ең болмағанда біреуіне тиісті нүктелер жиынын айтады. F1 және F2 фигураларының бірігуін F1 ∪F2 түрінде жазады. Мысалы, егер F1 – ABC үшбұрышы, ал F2 – ACDE төртбұрышы болса,
онда олардың F1∪F2 бірігуі ABCDE фигурасы болады. (13-
сурет).
Бастауыш мектепте шешімдерін табу шын мәнінде жиындардың бірігуімен байланысты болатын есептер қарастырылады. Бұған сандарды қосуға арналған және басқа да көптеген есептер жатады. Мысалы: 14-суретте берілген тік төртбұрышты фигураның ауданын есептеу керек. Ол үшін фигураны кішкене тік төртбұрыштарға бөліп, қажетті өлшеулер жүргізіңіздер. Берілген F фигурасын кішкене F1 F2 және F3 тік төртбұрыштарға бөліп, F1∪F2 ∪F 3 F деп есептейміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет