Мұндағы, п1 - зиянкестермен залалданған дәндердің саны, (дана);
50 - анализге алынған дәндердің саны, (дана).
«Сынаманы» бояу әдісі: Орташа сынамадан бөлініп алынған 50 гр өлшендіден, 50 бүтін дәнді санап алады. Санап алынған дәндердің «сынамалары» ісіну үшін елек- ке орналастырып, 1 минут бойы (30°С) жылы суға батырады.
Елек пластмассадан жасалған ожау секілді. Ыдыстың диаметрі 6,0 см, биіктігі 2,5 см, табанында металдан тоқылған торы бар. Дәндерді жүзіп кетпес үшін оларды шыны таяқшалармен араластырады.
«Сынамалар» өлшемдері бойынша үлкейеді. Дән толтырылған електі 1% калий перманганаты бар ерітіндіге 20 - 30 секундқа салына- ды. Дәндердің зақымданған беткейлері және «сынамалар» күңгірт түске боялады. Дәннің бетіндегі артық бояулар 20 - 30 секунд аралығында сумен шайылады.
Дәндер тездетіп, сүзгіш қағазына жайып, мұқият қаралады. Са- науды тездетіп жүргізу керек, себебі кебу кезінде «сынамалардың» бояуы кетіп қалады. Бүлінген дәндер 0,5 мм-лік шығынқы дөңгелек күңгірт дақтарымен ерекшеленеді. Осы дақтар бізтұмсық аналығының жұмыртқа қалдырған орындары болып табылады. Дақтары бар дәндерді кесіп, даму сатысының кез келген деңгейіндегі зиянкестері бар дәндердің санын анықтайды. Ол:
Х= п*100/250=п*2/5
формуласы бойынша есептеледі, (%).
Мұндағы, п - зиянкестермен залалданған дәндердің саны, (дана);
250 - анализге алынған дәндердің саны, (дана).
57-кесте