1. 1-тапсырма: а



бет1/3
Дата30.04.2024
өлшемі28.61 Kb.
#500151
түріБағдарламасы
  1   2   3
Тапсырма №1. Манат



1.1-тапсырма: А) «Тілдерді меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) ескере отырып, оқу бағдарламасынан оқу мақсаттарды анықтаңыз.

Тәжірибелі қолданушы

Деңгей

Тыңдалым

Айтылым

Оқылым

Жазылым

Оқу мақсаттары

C1



Логикалық құрылымы мен мағыналық байланысы нақты көрсетілмеген ашық түрде жазылған мәліметтерді тыңдап, мағынасын түсінемін. Теледидардан көрсетілетін барлық бағдарламалар мен фильмдерді емін-еркін көре отырып, фильмнің немесе бағдарламаның не туралы екенін айтып бере аламын.

ДИАЛОГ
Мен дайындықсыз және қажетті сөздерді іздеп отырмай, жылдам өз ойымды білдіре аламын. Өз ойымды жеткізе аламын және кез келген әңгімеге кірісіп кете аламын.
МОНОЛОГ
Күрделі тақырыптарды түсінікті жеткізіп, құрамдық бөліктерін бір тұтас етіп, қажетті бөлімдерін жалғастыра отырып, қорытынды жасай аламын.

Көркем әдеби шығармалардың мағынасын түсінемін және олардың стилистикалық ерекшеліктерін ажырата аламын. Менің жұмысыма ешбір қатысы жоқ көлемді, арнайы мақалалар мен техникалық нұсқаулықтарды оқығанда мағынасын түсінемін.



Мен өз ойымды жазбаша түрде білдіре отырып, көзқарасымды толық жеткізе аламын. Хаттарда, шығармалар мен баяндамаларда күрделі мәселелерді, маңызды деп есептейтін мәселелерді жіктеп толық түсіндіре аламын. Мен қажетті тілдік стильді қолдана аламын.

7.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау;
7.1.5.1 тірек сөздер, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау


7.3.6.1 тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу

7.5.1.5 етістік шақтарының (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет