№1 (130)/2020 вестник евразийского национального университета имени Л. Н. Гумилева Серия филология


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата07.12.2022
өлшемі1.58 Mb.
#466746
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
features-of-creation-of-documentary-and-military-prose-based-on-the-novel-by-a-beck-volokolamsk-high

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
ФИЛОЛОГИЯ сериясы 
66
№1 (130)/2020
Қорытынды. «Арпалыс» роман болмай тұрып, «Волоколамск тас жолы» повесі 
боп тұрған шақта, яғни алғашқы кітабы соғыс көріністерінің үлкен бір картинасын қамты-
маған кезі. Оқиға желісі небәрі он күндік соғыстың майдан даласының шағын учаскесін-
дегі көрінісін суреттейді. Композициясы жағынан шығарманы шартты түрде екіге бөліп 
қарастыруға болады: 
- бірінші бөлімінде дивизия жауынгерлерінің әскери машықты меңгеру процесі 
және И.В. Панфилов пен Б. Момышұлының тәрбиеші командирлер образында танылуы;
- екінші бөлімде Мәскеу түбіндегі екі айлық ұрыстың басы, оқиғалар ортасында 
ажалмен күрес сынынан өткен жауынгерлердің психологиялық бейнесі.
Әңгімені айтушы, баяндаушы образ – батальон командирі шынайы деректер мен 
мәліметтердің көзі ретінде қажет әрі құнды материалдың бірі. Автор мұны жақсы білді. 
Сондай-ақ, автор өзі суреттеп жатқан офицердің күрделі және әркелкі мінезі, өз әскери 
тәртібінің логикасы соғыс логикасына бағынып отырғанын да дер кезінде түсіне алды. 
Шығармадағы генерал Панфиловтың да орны ерекше екенін атап өтуіміз керек. Ол – сал-
мақты адам, білгір педагог, тәжірибелі жауынгер образында суреттеледі. Анығында да ол 
солай еді. Бұған Б. Момышұлының «Москва үшін шайқас», «Біздің генерал» атты шығар-
малары куә. Екі образ да Панфилов пен Момышұлы бірін-бірі толықтырып, шығарманың 
интеллектуалды бейнелеріне айналып, романды жаңа биікке көтере алды [6, 44 б.].
Қорыта айтқанда, мақаланың негізгі түйіндері ретінде мына мәселелерді нақтылап
атап өтуге болады:
- А. Бек өзінің творчестволық ұстанымын, (оқиғаны өз тікелей қатысушысынан жа-
зып алу, бұл оның журналистік шығармашылығындағы негізгі стилі) яғни документалды 
фактілерге сүйене отырып, деректі оқиғаның фактілер тізбегін құруы: «Арпалыстың» сю-
жеттік негізі Мәскеу қорғанысына қатысушысының әңгімесінен жазылып алынған.
- «Арпалыс» романының А. Бек көздеген мақсаты – образды сомдауда адамды соғы-
стың ауыр жағдайында, өзінің азаматтық борышына қаншалықты мән беруін, ерлік көрсе-
тудегі жан-дүниесінің сырын ашу еді. 
- Автордың ұстанымы шығарманың баяндау моделін қалыптастырды, яғни батальон 
командирі Б. Момышұлының әңгімесі мен романда қолданылған әскери жазбалары шығар-
маның ішкі әлемінің шынайы картинасына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет