Тапсырма
...Мұнара бұлар жақындаған сайын, биіктей берді. Күлім қағып тұрған өңі бірте- бірте сұстана түсті. Дәл іргесіне келгенде, зеңгір көкті төбесімен тіреп шалқалап жатып алды. Әміршінің көкірегіндегі бір-бірімен итжығыс түсіп, арбасып жатқан әр ұдай сезімдердің бәрі де жым болды. Көз алдында көк тіреп тұрып алған тәкаппар мұнара көңіліндегі көп түйткілді қуып шықты. Көк мұнара көзіңді жіберер емес. Әмірші тәкаппар сұлудың асқақ жүзіне телміре қараған бозбаладай тамсанып әлі тұр...
Үзіндідегі автор қолданған көркемдегіш құралдар мен сөз айшықтарын тауып, оқырманға әсеріне талдау жасаңыз.
Көркемдегіш құралдар мен сөз Оқырманға әсері айшықтары
«Аңыздың ақыры» шығармасын мазмұндас шығармалармен салыстырыңыз. Айырмашылығы мен ұқсастығына 1-2 мысал келтіріңіз.
«Аңыздың ақыры» шығармасының тарихи және көркемдік құндылығына мысалдар келтіре отырып, баға беріңіз.
Шығарма Тарихи құндылығы Көркемдік құндылығы Аңыздың ақыры
|