Реферат Тақырып:«Таным және шығармашылық.»



бет1/2
Дата21.10.2022
өлшемі70.5 Kb.
#463166
түріРеферат
  1   2
Реферат Та ырып «Таным ж не шы армашылы .»


KARAGANDA BUKETOV UNIVERSITY
Халықаралық құқық
Реферат
Тақырып:«Таным және шығармашылық.»
Пән:Философия

Орындаған: Әбүиір Қаныш


Мп-20
Қабылдаған:Уксукбаева М.Т

2021
Таным және шығармашылық.


1.Таным философиялық мәселе ретінде.
2.Танымның объекті мен субъекті.
3.Танымның мүмкіндіктерімен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптемизм, скептицизм мен агностизм.

1.Таным философиялық мәселе ретінде.


Таным деп бiз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегi ерекше рухани iс-әрекетiн айтамыз. Ол әрқашанда даму үрдісiнде. Дүниетанудағы негiзгi мақсат -зерттелiп жатқан заттар мен құбылыстардың iшкi сырын ашу, яғни оларды бiлу. Бiлiм - әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесi, өйткені бiрдеңенi бiлу дегенiмiз - сол жөнінде идеалдық түсiнiктiң болуы. Олай болса, танымды күрделі үрдіс, ал бiлiмдi белгiлi бiр нәтиже ретiнде қарауымыз керек.
Тарихи ғылыми бiлiм дүниеге келместен бұрын, күнбе-күнгi өмір тәжірибесiнен пайда болған бiлiм дүниеге келедi. Ол адамның кәсiби танымдық iс-әрекетiнен емес, күнбе-күнгi өмірдiң қажеттiлiктерiнен (аң аулау, балық ұстау, еңбек құралдарын жасау, үй салу, бала түрбиелеу, жемiс-жидек жинау т.с.с.) пайда болады. Ал ғылыми бiлiмге келер болсақ, ол арна ұлы бiлiмдi меңгеру мен оны шығармашылық жолмен дамытудың негiзiнде пайда болады. Оның қайнар көзi бертiнде, ой еңбегiнiң дене еңбегiнен бөлінуiнен басталады. Жүре келе, ғылыми зерттеудiң тақырыбына байланысты бiлiмнiң әртүрлі салалары пайда болады.
Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесi: түйсiктерi, ақыл-ойы, ырқы сезім тебiренiстерi, iшкi көкей көзi (интуиция) - бәрi де өзара бiр-бiрiмен байланысты түрде қатысады. Танымды жете түсіну үшін бiз теориялық деңгейде оларды бiр-бiрiнен ажыратып қарастыруымызға болады. Сезімдік тәжірибе және рационалдық ойлау, олардың негізгі формалары. Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын сезімдік танымның негізгі формаларына түйсік, қабылдау және елестету процестері жатады.
Түйсік дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей есер ететін объективтік дүниенің заттары мен нәрселерінің жеке қасиетгері мен сапаларының бейнеленуі. Сезімдік бейнелендірудің күрделірек формасы қабылдау деп аталады. Егер түйсік жеке сапа, қасиеттердің бейнесі болса, ал қабылдау нәрсенің бір тұтас бейнесі больш табылады, яғни нәрседе, затта қанша сапалық белгі, қасиет болса, олардың бәрі сол нәрсенің біртұтас бейнесін құрады Сезімдік бейнелендірудің күрделірек формасы қабылдау деп аталады. Егер түйсік жеке сапа, қасиеттердің бейнесі болса, ал қабылдау нәрсенің бір тұтас бейнесі болып табылады, яғни нәрседе, затта қанша сапалық белгі, қасиет болса, олардың бәрі сол нәрсенің біртұтас бейнесін құрады. Ендi елестетуге келер болсақ, ол санаға тiптi жат байқалады. өйткені көзге елестетiн зат, я құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сiз оны елестете аласыз. Адамның сана-сезімiнiң тағы да бiр керемет ерекшелiгi - өткендегiнi есте сактау. Физиологиялық тұрғыдан келгенде, ол адам жүйкесiнiң өткендегi болғанды акпарат ретiнде сактау қасиетi болып табылады. Оның негiзгi екi түрін көрсетуге болады. Бiрiншiсi сезімдік бейне болса, екiншiсi - сөздiк-ұғымдық түрі.
Ойлау дегеніміз заттар мен құбылыстардьщ мәнді қасиеттері мен қатынас-байланыстарын мақсатқа сай абстрактілі, жанама және жалпылау формасында бейнелендіру процесі. Ойлаудың тууының, дамуының және жузеге асуының негізгі формалары - үғым, пікір және ойқорытынды. Пікірдің таным формасы ретіндегі ерекшелігі - ол ақиқатгы, немесе жалғандықты білдіреді, ештеңе біддірмейтін бейтарап пікір болмайды. Белгілі бір пікірге келу үшін адам ойқорытындысын жасауы тиіс. Екі немесе одан да көп пікірлерден (алгышарт-тардан) қорытынды деп аталатын жаңа пікір тұжырымдап шыгарудың логикалық тәсілін ойқорытынды деп айтады.
Сезімдік танымның негiзгi формалары түйсiктер, қабылдау және елестету болып табылады. Айнала қоршаған дүниемен адам өз түйсiктерi арқылы байланысты. Адам белгiлi бiр затты көріп, оның жылы-суықтығыiн, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттліiгiн т.с.с. анықтай алады. Түйсiктер бiздi дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретiн бейнелеудiң ерекше түріне жатады. Адамның түйсiктерi бiр-бiрiмен байланысты, олар өзара бiр бiрiн толықтырып, сәйкестендiрiп отырады. Соның нәтижесiнде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік алады. Затты қабылдау дегенiмiз оның ащы-тұщылығын, түрлі түстілiгiн т.с.с. қасиеттерін бөлек-бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесiн тудыру болып табылады. Ол заттың тек оған қажеттi жактарын ерекше белгiлейдi. Ендi елестетуге келер болсақ, ол санаға тiптi жат байқалады. өйткені көзге елестетiн зат, я құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сiз оны елестете аласыз. Мысалы, жақсы көретiн досыңызды, я болмаса ауылдағы туысыңызды дәл қазiр жаныңызда болмағанмен көзге елестетуге болады.
Адамның сана-сезімiнiң бiр ерекшелiгi - өткендегiнi есте сактау. Физиологиялық тұрғыдан келгенде, ол адам жүйкесiнiң өткендегi болғанды акпарат ретiнде сактау қасиетi болып табылады. Оның негiзгi екi түрін көрсетуге болады. Бiрiншiсi сезімдік бейне болса, екiншiсi —-сөздiк-ұғымдық түрі.
Ендi интуиция (көкей көз) мәселесiне келер болсақ, ол - тiкелей шындыққа жету, оның ақиқатыгын анық та айқын көру, ешқандай дәлелдеудi талап етпеу. Қайсыбір көкей көз арқылы берiлген шындық сол мәселемен талай күндер, жылдар бойы айналысқан, оның бүкіл жан-тәнiн баурап алған адамға келедi. Кең түрде алғанда, гректiң «methodos» деген сөзi «жол» деген мағына бередi. Әр нәрсенi жасағанда, адам оны белгiлi бiр үлгiлер, тәсiлдерге сүйене отырып iстейдi. Мысалы, бүгінгі саясатта батыс елдерiнде алғаш пайда болған «пиар-технологиялар» қолданылуда. Педагогика саласында әр пәнді қалай үйрету керегi жөнінде неше түрлі әдістер шығарылған. Мұндай мысалдарды шексiз көбейте беруге болар едi. Сол сияқты ғылыми салада да неше түрлі әдiстер жасалып, нәтижелі қолданылады.
Танымдағы сезімдік жене ақыл-ой сатылары ғылымда зерттеудiң екi деңгейiн құрайды. Олар - эмпирикалық және теориялық бiлiм. Қайсыбiр зерттеу эмпириқалық сатыдан, яғни ғылыми деректердi жинаудан басталады. Ол үшін зерттелетiн зат (объект), я болмаса құбылысты (феномен) бақылау қажет. Аса назар аударатын нәрсе - ғылымдағы бақылаудың ерекшелiгi, өйткені ол «tabula rasa» - таза тақта емес. Таным субъектiсi (ғалым, я болмаса ғылыми қауымдастық) зерттелетiн объект жөнінде белгiлi бiр пікiр, тұжырым, идеяға ұқсайтын көзқараспен мақсатқа лайықты бақылауға кiрiседi. Тәжірибелiк таным барысында ғылыми деректер жиналып, салыстырылып, белгiлi бiр жүйеге келтiрiледi. Әрі қарай ғылым теориялық деңгейге - тәжірибелiк бiлiмдi ұғым, тұжырым, заң ғылыми құралдар арқылы өңдеуге көтерiледi. Теориялық таным арқылы бiз зерттелетiн заттың iшкi тұрақты байланыстары мен заңдылықтарын аша аламыз. Эмпирикалық таным әдістері: бақылау, өлшеу, салыстыру, эксперимент. Эксперимент түрлері. Теоретикалық таным әдістері: анализ және синтез, индукция және дедукция, идеализация және модельдеу. Жүйелік әдіс. Абстрактіліктен нақтылыққа өту диалектикалық логикалық әдісі ретінде. Теориялық таным — заттар мен құбылыстардың мәнін, заңдылығын білуге бағытталған таным; ол аса жоғары абстракциялық дәрежеде іске асады: теориялық таным ұғым, категория, заң, гипотеза т.б. формаларда жүзеге асады. Теориялық таным салыстыру, анализ және синтез, абстракциялау, жалпылау және шектеу, логикалық және тарихилық, аналогия әдістерінің көмегімен жүзеге асады.
Ендi теориялық бiлiмнiң құрылымына келер болсақ, оларға проблема (мәселе), гипотеза (болжау), теория, заңды жатқызуға болады.
Таным үрдісiнде белгiлi бiр сатыда тежеу, түсiнiксiз, адамды абыржуға әкелетiн ахуал пайда болады. Осы себепті проблема дүниеге келедi. Оны шешпейiнше, адамнан тыныштық кетедi.
Сондықтан кейбiреулер проблеманы - бiлмейтiнiмiздi бiлу дейдi. Гипотеза (болжау) — белгiлi бiр зерттелiп жатқан зат, я құбылыстың себебi жөніндегі кейбiр деректерге негiзделген болжам болып есептеледi. Ол әлі өзiн дәлелдеудi талап етедi. Кейбiр гипотезалар зерттелiп жатқан құбылыстың себебiн анықтаудың тiптi мүмкін еместiгiнен пайда болады. Нақтылы табиғи, я болмаса әлеуметтік саладағы гипотезалардың ақиқатығы ертелi кеш дәлелденедi. Сонда ғана ол теорияға айналады. Теория — зерттелетiн заттар, я болмаса құбылыстардың iшкi мән-мағынасын ашатын, практика арқылы дәлелденген, қайшылықсыз бiр-бiрiмен байланысты ұғымдар жүйесi. Мысал ретiнде А.Эйнштейннiң «Салыстырмалы теориясын», Ч. Дарвиннiң «Эволюциялық теориясын», К.Маркстiң «Формациялық теориясын» т.с.с. келтiруге болады. Теорияның қоғам өмірiндегi негiзгi қызметiне түсіндіру, алдын ала болжау, iс жүзiнде пайдалану жатады қайсыбiр теория сол саладағы неше түрлі деректердi тәртіпке келтiрiп, өзара байланыстырып, зерттелген заттың идеалдық моделiн (үлгiсiн) жасайды, сондықтан адам оның терең мәнiн түсінуге мүмкіндік алады. Жақсы сарапталған теория алдын ала болжауға, әлі де болса ашылмаған заттың қасиеттерін ашуға мүмкіндік бередi. Мысалы, Д.И.Менделеевтiң химиялық элементтердiң алмасу заңына сүйене отырып, ғалымдар бiршама жаңа элементтердi ашты. Әсіресе әлеуметтік теориялардың маңызы өте зор: солардың арқасында қоғам өмірiндегi болашақ өзгерiстердi алдын ала болжауға, яғни сол өзгерiстерге саяси, құқықтық т.с.с. жақтардан дайын болуға мүмкіндік ашылады.
Таным методологиясы. Қазіргі ғылымда сан алуан зерттеу әдістерi жасалған. Жалпы алғанда, ғылымдағы таным әдістерiн үшке болуге болады:
1. Жеке ғылым әдістерi
2. Жалпы дүниетану әдістерi
3. Ең жалпъi (универсалды) методологиялар.
Диалектика дүниедегі заттар мен құбылыстарды өзгерісте, дамуда, өзара байланыста, тәуелділік қатынаста қарастыратын, олай болса, олардың рухани бейнесі болып табылатын ойлау процесін де, ұғымдар мен ой-пікірлерді де қозғалыста, өзгерісте, өзара байланыста қарастыратын, яғни дүниедегі құбылыстар қандай күйде жүріп жатса, оларды дәл сондай күйде қарастыратын бірден-бір ғылыми философиялық әдіс болып табылады. Танымның деалектикаға қарама-қарсы әдісі метафизика деп аталады. Метафизика заттар мен құбылыстар бір-бірінен оқшау, байланыссыз, ішкі мәні өзгермейтін, қайшьшықсыз деп қарастыратын көзқарас.
Ғылымның эмпириқалық (тәжірибелiк) сатысында колданылатын жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау, эксперименттi жатқызуға болады. Эксперимент- ол зерттелетiн заттың әлі де болса ашылмаған қасиеттерiн бiлу үшін, оны жасанды жағдай жасау арқылы зерттеу болып табылады. Оны кейбiр кезде «табиғатты тергеу» дейдi. Бүгінгі таңдағы эксперименттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар кеңiнен пайдаланылады.
Теориялық деңгейде колданылатын жалпы әдістерге абстрактiлеу, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, экстраполяция, модельдеу, тарихтық және қисындық, абстрактiлiктен нақтылыққа өрлеу т.с.с. жатады.
Ой нақтылығы дегенiмiз зерттелген заттың абстрактiлiк ұғымдар арқылы iшкi жан-жақты байланыстары мен қатынастарының бiрлiгiн, олай болса, оның мәнін ашатын әдіс болып табылады. Ой нақтылығына жету үшін ең алдымен сезімдік нактылықтан абстрактiлiк ұғымдарды жасауға өрлеу қажет, абстрактiлiк ұғымдарды пайдаланып, абстрактiлiктен нактылыққа өтуге болады. Сонда ғана бiз ой нақтылығына өтемiз.
Танымның негiзгi мақсаты — ақиқатқа жету, соның нәтижесiнде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады. Ғылыми танымдағы ақиқат мәселесі.
2.Танымның субъектiсi және объектiсi .
" Таным субъектісі " мен " таным объектісі " гносеологиядағы орталық ұғымдар болып табылады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, мәселен, молекула, атом, адам, тіпті тұтастай табиғат. Таным объектiсi материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен қатар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектiсi мен субъектісі бір - бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектiсiз объект болмайды, объектiсiз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір - біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

  1. Танымның мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниені түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм мен агностицизм.

Таным жоғарыда айтылғандай - адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: - қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқыиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); - қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным – білім алу және дамыту үдірісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным оъектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Яғни білім дегеніміз - адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің занды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады. «Білім» терменинің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек:

  • Бірденені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері;

  • Кез келген танымдық мән бар ақпарат;

  • Практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік.

Дүние тану мәселесіне қатысты тұрқылар Ғасырлар бойы адамның ойы бөлініп келе жатқан мәселелердің бірі – «танымның қалай болатыны, дүниетаным ұстанымында дүние таныла ма?» деген сұрақтарға жауап алу. Расында, әлем шексіз, ал адам шектеулі, тұйық, ол шектеулілік тәжірибесі шеңберінде шексізді біле ала ма? Осы сұрақтың жауабына қатысты философия тарихында үш негізгі түсінік бар; олар – «скептизм», «оптемизм» және «агностицизм».
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет