1. Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е. Б. Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын бойынша «әділетсіз» деп айыпталуы



бет1/2
Дата02.01.2022
өлшемі18.93 Kb.
#452132
  1   2
01 (1)


1. Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын бойынша «әділетсіз» деп айыпталуы

Ермахан Бекмаханов Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген.1937 жылы Ресейдегі Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітірген .1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, яғни 1966 жылға дейін Қазақ мемлекеттік университетінде қазір Әл Фараби атындағы ұлттық университетте өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарған.

Ең танымал ірі еңбегі "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы  Мәскеуде  тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.  Бұл еңбегі Кенесары Қасымұлы  бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағаланып , оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан кейін 1951 жылы университеттегі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды. Біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы Шу ауданындағы  Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Ермахан Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, Гулагтың -тың алыстағы лагерінің біріне айдалды.  

Академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Ермахан Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.Ақталғаннан кейін "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі Анна Панкратованың баға жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді.1966жылы «ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихы очерктері» еңбегі жарық көреді.

Қазақ КСР Компартиясы ОК пленумының 1947 ж . наурыздағы қаулысында жергілікті партия комитеттеріне: «Тарих жазудағы, әдебиет пен өнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауларға қарсы большевиктік сынды кеңінен насихаттап КП (б) Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жөніндегі қаулыларын сөзсіз орындау» қатаң тапсырылды. Соған сәйкес сталиндік жүйе зиялыларға қарсы «жаңа шабуылға» көшті. Саяси қысым әдебиеттен бастап, музыка, жаратылыстану, қоғамдық Ғылымдарды камтыды. Бұл саясаттың алғашқылардың бірі болып талантты тарихшы Ермұқан Бекмаханов түсті.

Қазақстанда « Бекмаханов ісі » қолға алынды. Ғалымның 1947ж «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты зерттеу еңбегі жарық көрді. Онда Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қазақ халқының ұлт - азаттық қозғалысы деп өзінің ғылыми бағасын берді. Алайда, Е.Бекмаханов өзінің ғылыми көзқарасы үшін негізсіз сынға ұшырады. 1950 жылы желтоқсанда «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік - лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақала жарияланды. Бұл мақала Е.Бекмахановты ресми түрде саяси айыттаудың басы болды. 1951 жылы сәуірде Қазақ КСР КП ОК осы мақалаға байланысты қаулы шығарды. Қаулыда Е.Бекмахановтың К.Қасымұлы көтерілісіне берген ғылыми бағасын « буржуазияшыл ұлтшылдық » көзқарас деп айыпталады, Соған байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Сотының үкімімен Е.Бекмаханов 25 жылға бас еркіндігінен айрылы , Сібірге айналды.


Бір қуаныштысы, бұл әділетсіз үкімнің өмірі ұзақ болмады. Сталин өлгеннен кейін 1954 жылы Мәскеудегі ұстазы академик А.Панкратованың тікелей араласуымен ғана Е.Бекмаханов ақталып шықты. 1951 жылы қазанда Қазақ КСР КП ОК пленумында академик Сәтпаевқа тарихшы Бекмахановқа қамқорлық жасап, буржуазияшыл - ұлттаылдарды дер кезінде әшекерелемеген деген айып тағылды. Қазақ КСР ҒА Президенті болып қайта сайланған Қ.Сатпаев 1951 жылы қарашада орнынан алынып, президиум кұрамынан шығарылды.

Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Ермахан Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары жарық көрді.Тарихшы ғалым Ермахан Бекмаханов 1966жылы өмірден озды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет