1. Антикалық кезеңдегі саяси-ой пікір. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәүріндегі саяси ұғымдар



бет1/5
Дата10.02.2024
өлшемі29.07 Kb.
#491562
түріУтопия
  1   2   3   4   5
2 Саясаттану кезеңдері.


Ертедегі Греция мен Рим және орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі және Жаңа замандағы саяси ойдың даму кезеңдері


1. Антикалық кезеңдегі саяси-ой пікір.
2.Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәүріндегі саяси ұғымдар.
3. Жаңа дәурідегі саяси ілімдер.
4.АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі саяси ой-пікірлер.
5. Утопиялық социалистердің ілімі.


1. Антикалық кезеңдегі саяси-ой пікір.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі Грецияда қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама – қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар (полистер) құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иелеушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты.
Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Бірақ біз солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне – Платон мен Аристотельге тоқталамыз.
Платон б.з.б. 427 – 347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды.
Ол кезде әр ірі ғалымның мектебі болатын. Платон атақты фәлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Ол қаза болғаннан кейін қатты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейін Афиныға келіп өз мектебін – академияны ашты.
Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» және т.б.
Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке – дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т.с.с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай – бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін теңдестірген екендеген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге): 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп бөлді. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғаттан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып – білуге қабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер (егіншілер мен қолөнер) өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті атқаруы керек. Сонда ғана әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа (әсіресе, төменгі таптан жоғарғы таптарға) өтуге болмайды. Қай сословиеде тусаң, соның өкілі боласың. Адамдарды осылай жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта денгейді ұнатты.
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау – жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде жеке меншік пен отбасы болмауын қалады. Олар ортақ игілік үшін еңбек етуі керек. Сондықтан оларды адамды қызықтыратын әзәзіл жеке мүдде баю жолында құтқарғысы келді. Сол себепті олардың әйелдері мен балалары ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет өз қамқорлығына алуы тиіс.
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Оладың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызда. Онда ақыл – естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері – адамгершілік, абырой, ар – намыс деп санады.
Ертедегі гректердің саяси ой – пікірлерлерін одан әрі дамытып фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б. 384 – 322 ж.ж.) болды. Ол он жеті жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б.з.б. 342 – 340 жылдары Македония патшасы ІІ Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскиді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан.
Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектері бар.
Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты – адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді.
Аристотельдің ойынша, мемлекет – қауымның дамыған түрі, ал қауым – отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызады. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді.
Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көреді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашуызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдығын, парасаттылығын жоймайды.
Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон (б.з.б. 106 – 43 жж.) өмір сүрді. Оның «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» деген еңбектері көпке әйгілі.
Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі - адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді.
Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының «мінезі мен еркіне» байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) және демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының өзінің жақсы жақтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, патша рақымшылдығымен жұртқа ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы зорлық – зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін.Оптиматтар (аристократтар) даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде халық өз еркіндігін пайдалана алмайды, билік ақсүйектердің сұрқия тобының қолында қалуы мүмкін. Демократия болса бостандығымен жағымды, бірақ халықтың толық билігі зиянды зардаптарға, «тобырдың зорлығы мен есалаңдығына» әкеліп соқтыруы мүмкін.
Цицерон мүліктік тендік идеясына қарсы болды, қоғамдық саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет