Табыс септігі
Табыс септіктегі зат есімдер кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға жауап береді.
Табыс септігі атау септіктегі сөзге -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті деген жалғаулар жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды табыс септік жалғаулары деп атайды.
1-тапсырма.Жұмбақты көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.
Кімде – кім бұраса құлақты,
Ағызыды құбырдан бұлақты. (Су краны).
Аяғы ұзын,
Тырнағы ұзын.
Балықты сүзбей,
Ұстайтын шоқып
Тұмсығы біздей. (Тырна).
2- тапсырма Мақалды жатқа жазыңыз. Табыс септіктегі сөздерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсетіп,сұрақ қойыңыздар.
Ұрыс ырысты кетірер,
Ынтымақ халықты асырар.
3-тапсырма. Берілген сөздерге табыс септігінің жалғауын қосып жазыңыздар.
Бала, дәрігер, базар, дүкен, билет, жол, тамақ, кітап, сурет, көше.
4-тапсырма. Кімді? Нені? сұрағына жауап беретін сөздерді анықтаңыздар.
Ол кітапты оқыды. Самал дәптерді көшірді. Ол сабақты жақсы оқиды. Мен Асанды көрдім. Еденді жудым. Сен досыңды сыйла. Әкем хатты оқыды. Екіні екіге қос. Ол тапсырманы орындады. Мұғалімді тыңдау керек. Мен қалада көп үйлерді көрдім. Аңшы аң ұстады. Мен сені таныдым.
5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аударып, табыс септігіндегі сөздерді теріп жазыңыздар.
Я видел этот фильм. Я выучил уроки. Охотник поймал зайца. Сауле сварила суп. Я не брала твое письмо. Мы ждали поезд. Бумагу положила на стол. Я открыла дверь.
СӨЖ: Мереке түрлері туралы мәліметтер жазыңыздар.
ОСӨЖ: «Отбасылық мерекелер» тақырыбына эссе жазыңыз.
Базалық деңгей (А2)
15-апта
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті.
Сын есімнің жасалуы. Туынды сын есімдер.
Адамның сыртқы келбеті оның ішкі рухани әлемінен, жан дүниесінен, әлеуметтік дәрежесінен, талғамынан міндетті түрде хабар беріп тұрады. Дегенмен, өмірлік тәжірибе сыртқы түрдің көбіне алдамшы болып келетінін де дәлелдеген. «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» дейді мұндайда қазақ. Алдымен сырт келбеттің өзі бірнеше фактордан тұратынын ескеру керек: киім, бет, шаш қою, өзін ұстау т.б.
Адамның ішкі әлемін оның көз жанары айтып тұратыны анық. «Көз – адам жанының айнасы» деп бекерге айтылмаған. Ал жалпы сырт келбетке қатысты айтқанда орыс халқының «Киіміне қарай қарсы ал, ақылына қарап шығарып сал» деген мақалы дөп келеді.
Адамның сыртқы келбетінен оның мінезін, темпераментін, интеллектісін, денсаулығын білуге болады. Дұрыс киіне білу арқылы да адам өзінің ішкі құпиясын, мінезінің жасырын тұстарын, тұлғалық қасиетін таныта алады. Мәселен, киімді мол пішілген, кең етіп киетіндер – флегматиктер, тарлау етіп киетіндер – холериктер, екеуінің ортасын ұстанатындар – сангвинниктер. Егер адам қалыптан тыс киінсе, көпшіліктен ерекшеленіп тұрса, онда олар шығармашылыққа бейім адамдар. Қызыл немесе жарқырауық түсті ұнататындар сезімтал, көңіл күйлері ауыспалы болып келеді. Бірыңғай түс мінездің салмақтылығын аңғартады.
Көздері жарқырап, ұшқындап тұратындар әдетте ұшқыр ойлы болып келеді. Мұндай адамды «Көзінде оты бар екен» дейді қазақ. Көз жанары үлкен, үкі көз адам көзі кішкене адамға қарағанда тез ойлап, тез сөйлейді, тез шешім қабылдайды, өте сезімтал, көңіл-күйі жылдам өзгереді. Әртістік таланты бар, техникаға бейім келеді. Көзі кішкентай адам сақ, көп сөйлемейтін, жай қимылдайтын, өз ойына тұншығып жүретін, жабырқаңқы, жұмбақ, өте тұрақты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |