1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет1/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак


1 апта
Қарапайым деңгей
Коммуникацияға қатысу
Грамматикалық тақырып: Қазақ әліпбиі, Қазақ дыбыстарының айтылуы мен жазылуы
Лексикалық тақырып: Амандасу, қоштасу. Өзін таныстыру. Басқа адамды таныстыру
Қазақ әліпбиі, Қазақ дыбыстарының айтылуы мен жазылуы




Аа

Әә

Бб

Вв

Гг

Ғғ

Дд






















Ее

Ёё

Жж

Зз

Ии

Йй

Кк






















Ққ

Лл

Мм

Нн

Ңң

Оо

Өө






















Пп

Рр

Сс

Тт

Уу

Ұұ

Үү






















Фф

Хх

Һһ

Цц

Чч

Шш

Щщ






















Ъ

Ыы

Іі

Ь

Ээ

Юю

Яя






















Қазіргі қазақ кирил әліпбиіне 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ , Ү, Һ, І. Келесі әріптер: В, Ё (1957 жыл), Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Бұл әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дәуірінде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған ( Х әрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Һ әрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, және де Х немесе Қ сияқты айтылады. Е сөздің нағыз басында [ʲe]дифтонгоиды боп сөйленеді. Э әрпі әрдайым Е боп айтылады. О сөздің нағыз басында [ʷo] дифтонгоиды болып айтыла алады. У әрпі буын жасамайтын дыбысты белгілейді, және де ҰУ, ҮУ, ЫУ, ІУ псевдодифтонгтерді алмастыру үшін пайдаланылады.
Келесі әріптер алдыңғы және артқы ретті дыбысты жұпты белгілейді (әдетте жіңішке мен жуан деп аталады):

  • Е — А

  • Ө — О

  • Ү — Ұ

  • І — Ы

  • Қазақ тіліне тән дыбыстар/Специфические звуки казахского языка:

  • Әә– мягкий гласный звук: әже, әке, сәлем, жәрдем, тәуелсіз;

  • Өө– мягкий гласный звук: өмір, өлең, өз, көру, төрт, бөлме;

  • Іі– мягкий гласный звук: іні, білім, тіл, кілт, сәлеметсіз, көріскенше, көңіл-күй;

  • Ұұ – твердый гласный звук: ұл, ұзын, ұн, құлын, жұмыс, тұрмыс;

  • Үү– мягкий гласный звук:үй, үміт, күн, түн, шүкір, дүкен, түсіну;

  • Ғғ– звонкий согласный звук: ғалым, ғимарат, жағдай, баға, сағат, тоғыз;

  • Ққ – глухой согласный звук:қазаққалпақ, рақмет, тарақ, бастық, сабақ;

  • ң – сонорный согласный звук: алаң, таң, ертең, жаңалық, қаңтар;

  • һ – глухой согласный звук: қаһар, қаһарман, шаһар, жиһаз, гауһар, айдаһар.



СӘЛЕМДЕСУ
Адамдардың бір біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлемдесу тұрмыстық қатынастағы сөз басы. Сәлем сөз анасы, сөздің қасиеті. Кішінің үлкенге сәлем беруі үлкенді құрметтеуі, жастың ізеттілік білдіруі. «Сәлемдесу», ағайынмен туысты, дос жаранды, іні мен ағаны, бала мен дананы, жарастыру ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату. Сәлемдесудің ең басты шарты – жылы лебіз. Сәлемді селқос қабылдау, қолынның ұшын ғана беріп, кекірею, көргенсіздік белгісі.
Қазақ тілінде амандасудың (сәлемдесудің) түрі өте көп. Соның ішінде жас адам, жолы үлкен ер адамға алдымен ұмтылып, екі қолын кеудесіне қоя қусырып, «Ассалаумағалейкум» деп дауысын шығарып амандасады. Бұл арабша «Сізге Алланың нұры жаусын!» деген мағынаны білдіреді.
Егер жас адам қарияға жол үстінде кездессе, амандасудан кейін «Жолыңыз оң болсын» дейді. Қария «Әлей болсын» деуі керек.
Ауылдың бір адамы ұзақ сапардан оралса, мейлі ол жас болсын, оған ел адамдары барып амандасады. Халқымызда «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» деген мақал содан шыққан.
Жас жігіт: – Ассалаумағалейкум, ақсақал!
Қария: – Уағалейкүмассалам, балам! Амансың ба балам? Қай баласың?
Жас жігіт: – Сіздің балаңыздың досымын. Атым – Ағыбай.
Қария: – Әке-шешең бар ма? Өзің қай жерденсің?
Ағыбай: – Әке-шешем бар. Олар Ерейментауда тұрады. Әкемнің аты – Келден, шешемнің аты – Зәйдін.
Қария: – Руың кім? Мұнда не жұмыспен жүрсің?
Ағыбай: – Руым – арғын, ата. Мен Астанада «Руханият» орталығында жұмыс істеймін.
Қария: – Жасың нешеде? Әйелің, бала-шағаң бар ма? Қазір қайда тұрып жатырсың?
Ағыбай: – Жасым отыз сегізде. Әйелім, екі балам бар. Қазір «Көктал» кентінде тұрамын.
Қария: – Біздің үйге келіп тұр, балам.
Ағыбай: – Рахмет, ата! Уақытым болғанда келіп тұрамын. Қош-сау болыңыз!

- Сәлеметсіз бе? Қалыңыз қалай?


- Қайырлы таң! Көңіл-күйіңіз жақсы ма?
- Амансыз ба? Жұмысыңыз қалай?
- Саламатсыз ба? Денсаулығыңыз қалай?
- Қайырлы күн! Не жаңалық бар?


Сөздік:

қал-жағдайыңыз қалай? – как у Вас дела?
танысайық – познакомимся
жолдас – друг, товарищ
жас адам – молодой человек
жолы үлкен – почетный человек (обладающий большими привелегиями)
ер адам – мужчина
Алланың нұры жаусын – пусть Бог благословит
мағына – смысл
қария – дедушка
Жолыңыз болсын! – Счастливого пути!

сапар – поездка
оралу – вернуться
мақал – пословица
балаңыздың досымын – я друг вашего сына
қай жерденсің? – ты откуда?
ру – племя, род
бала-шаға – дети
орталық – центр
әйелің – твоя жена
кент – поселок
уақыт – время




Сәлемдесу – здороваться
Тұрмыстық қатынас – бытовое общение
Құрмет – почет, уважение
Ізеттілік – благовоспитанность, учтивость (вежливость)
Шарт – условия
Лебіз – пожелание
Дана – мудрец

Ата салт – обычай
Жарастыру – сближать, примерять
Жалғастыру – продолжать
Дос-жаран – друзья
Көргенсіздік – невежество
Селқос – равнодушно
Қабылдау – принимать
Белгі – знак


ТАНЫСУ
Менің атым Үрзада. Сенің атың кім?
Менің атым ... .
Менің атым Үрзада. Сіздің атыңыз кім?
Менің атым ... .
ТанысайықМенің атым Үрзада. Сіздің атыңыз кім?
Менің атым ... .
Танысқаныма қуаныштымын!
Мен де.
 
ТанысайықМенің есімім Үрзада. Сіздің есіміңіз кім?
Менің есімім ... .
Танысқаныма қуаныштымын!
Мен де танысқаныма қуаныштымын.
Сөз орамдары / Выражения речевого этикета
Танысайық. – Давайте, познакомимся.
Таныс болайық. – Будем знакомы.
Сізбен танысуға бола ма? – Можно с вами познакомиться?
Сенiң атың (есімің) кiм? – Как тебя зовут?
Сiздiң атыңыз (есіміңіз) кiм? – Как вас зовут?

Сенiң аты-жөнiң кiм? – Как твое имя-отчество?


Сiздiң аты-жөнiңiз кiм? – Как ваше имя-отчество?
Менiң атым /есiмiм/ – Меня зовут
Менiң аты-жөнiм – Меня зовут (мое имя-отчество)
Оның аты /есiмi, аты-жөнi/ кiм? – Как его зовут?
Оның аты /есiмi, аты-жөнi/ – Его зовут
Танысып қойыңыз, ... – Знакомьтесь ...
Таныстыруға рұқсат етіңіз. – Разрешите вас познакомить.
Танысқаныма қуаныштымын! – Рад(а) познакомиться!
Мен де танысқаныма қуаныштымын! – Я тоже рад(а) познакомиться.


ҚОШТАСУ

Сау бол(ыңыз)! 

До свидания!




Қош-сау бол(ыңыз)! 

Прощай(те)!

Аман бол(ыңыз)! 

Будь(те) здоров(ы)!

Көріскенше!

Пока (увидимся)!

Кездескенше! 

До встречи!

1.Тіл ширату. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесіне мән беріңіз.


Халық айтады....
- Бір адам көп адамға сәлем беруі керек.
- Ат үстінде тұрып сәлем бермейді.
- Атты адам жаяу адамға сәлем беруі керек.
- Келе жатқан адам отырған адамға сәлем беруі керек......
2.Мақалдарды дұрыс оқыңыз және мағынасын айтыңыз.
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.
Сәлем – сөз атасы.
Сәлем – сөз анасы.
3. Оқыңыз. Есте сақтаңыз!
Сәлеметсiң бе? Сәлеметсiз бе?
Амансың ба? Амансыз ба?
Қал қалай? Қалыңыз қалай?
Қалдарың қалай? Қалдарыңыз қалай?
Қал-жағдайың қалай? Қал-жағдайыңыз қалай?
Назар аударыңыз!
Ер адамдар арасында сәлемдесудің түрі мен ерекшелігі: Ассалаумағалейкүм! Уағалейкүмассалам!
.

Сізді көргеніме өте қуаныштымын!
Сізді көргенім қандай жақсы болды!

Очень рад(а) вас видеть!
Как хорошо, что я вас увидел(а)!

Выражение радости при встрече

Қалың(ыз) қалай?
Жұмысың(ыз) қалай? Отбасың(ыз) қалай?

Как дела?
Как работа?
Как семья?

Широко распространенное осведомление о жизни при приветствии

Денсаулығың(ыз) қалай?
Көңіл-күйің(із) қалай?

Как здоровье?
Как настроение?

Осведомление о здоровье при приветствии, адресованное человеку, который болел, болен, или пожилому, старому.

Не жаңалық бар?
Қалай жүріп жатырсың?

Какие новости?
Как идут дела?

Дружеское, непринужденное осведомление о жизни, адресованное хорошо знакомым людям, друзьям.

Жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап түрлері

Жақсы.
Рақмет, жақсы.
Өте жақсы.
Тамаша.
Жаман емес.
Бір қалыпты.
Шүкір. Құдайға шүкір.
Бәрі бұрынғыша.
Айтарлық ештеңе жоқ.
Ешқандай жаңалық жоқ.
Өзің қалайсың?
Өзіңіз қалайсыз?
Өзің(із) ше?

Хорошо.
Спасибо, хорошо.
Очень хорошо.
Прекрасно.
Не плохо.
Нормально.
Слава богу.
Все по-старому.
Ничего существенного.
Никаких новостей нет.
Как сам?
Как сами?
А ты/вы как?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет