1. Асқорыту жүйесі ауруларының негізгі клиникалық белгілері



Дата03.01.2022
өлшемі20.62 Kb.
#451680
Асқазанды шаю.


1.Асқорыту жүйесі ауруларының негізгі клиникалық белгілері

Клиникалық көрінісі:ауру өте жылдам, кейде кенет басталуы мүмкін, алдында бала аз уақыт мазасызданады — енжарлық қалтырау, лоқсу, асқазан толу сезімі, сілекей ағуболады.. Бұған қоса бас ауыру, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, іш бүріп, қайталап құсу болады. Ұзақтығы-2-5 күн. Инфекциялық гастритте улану белгілері, дене қызуының көтерілуі, сусыздану байқалады. Ұзақтығы-7-10 күн.

2.Асқазанды жуу техникасы                    
Көрсетулер: тамақтан, дәріден, алкагольден ж/е т.б. уланулар.
Қарсы көрсетулер: ойықтар, ісіктер, асқазан ішек трактісінен қан кету, бронхиалды астма, ауыр жүрек патологиясы.
Жабдығы: ұзындығы 70 см залалсыздандырылған резеңке түтік ж/е диаметрі 8 мм біріктіргіш залал.н шыны түтік, сыйымдылығы 1л залал.н оймыш, вазелин майы,суға жуылған леген, бөлме темп.10-12л 1шелек су ж/е көтергіші  бар 1 кружка, резеңке қолғап, алжапқыш.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Жууға жүйені жинаңыз:зонд, қосылғыш түтік, резеңке түтік, оймыш.
2.Өзіңіз ж/е науқасқа алжапқыш кигізіңіз, науқасты отырғызыңыз.
3.Қолыңызға қолғап киіңіз
4.Зонды залал.н вазелин майымен не жылы сумен сулаңыз
5.Науқас тілінің түбіне зондтың соқыр соңын салыңыз, мұрын арқылы терең демала отырып жұтыну қимылын жасауын сұраңыз
6.Науқас жұтыну қимылын істегеннен-ақ зондты өңешке итеріңіз
7.Зонд қажетті көрсеткішке жеткен соң оймышты науқастың тізесіне дейін түсіріңіз
8.Оймышты қиғаш ұстап тұрып оған 1л су құйыңыз
9.Науқастың басынан 30см жоғары оймышты ақырын көтеріңіз
10.Оймыштағы су азайған кезде төмен түсіріңіз
11.Ішіндегісіне легенге қосылғыш түтік арқылы су өткенше төгіңіз, бірақ резеңкеде ж/е оймыш түбінде болу керек
12.Әрекеттерді қайталай отырып оймышты қайта толтыруды бастаңыз
13.Осылайша су тазарғанша жуыңыз
14.Енгізілген ж/е шыққан сұйықтық мөлшерін өлшеңіз
15.Жуылған судың жартысын зертханаға жіберіңіз

ҚҰСҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ
Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, науқастың тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу

Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллоншаны, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді, қолғапты, масканы, алжапқышты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Ес-түсі бар науқас (отыру қалпындағы).



  • Науқастың қал-жағдайы туралы дәрігерге хабарлаңыз.

  • Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.

  • Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Жедел дәрігерді шақырыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғы арасына шылапшынды қойыңыз.

  • Науқастан алмалы-салмалы тіс протезін алып тастауын сұраңыз (егер де олар болса).

  • Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын алдынан ұстаңыз.

  • Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.

  • Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

  • Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз.

  • Белгісіз умен уланғанда құсықты контейнерге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.

  • Дәрігердің нұсқауы бойынша құсықтылабораториялық зерттеуге жіберіңіз.

  • Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  • Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет