Инъекция. Иненің шаншу әдістері Пәні



бет1/8
Дата03.09.2022
өлшемі0.62 Mb.
#460159
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
иньекция, иненің шаншу әдістері


«БОЛАШАҚ» ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



Келісемін
Колледж әдіскері
_________ Ф.Ж.Төлегенова
«_»_________ 2020ж.

Бекітемін
Директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
_________ Г.А. Утеулиева
«_»_________ 2020ж.


ВЕБИНАР САБАҚ


Инъекция. Иненің шаншу әдістері



Пәні: Мейіргер ісі негіздері
Оқытушылар: Қалымбетова Шәрі
Сұңқарбаева Алия
Байтукаева Гулмайра


Топтары: ФД 11-20-4
ФД 9-18-5
Қызылорда, 2020ж


Бұлшық етке дәрі енгізу
Мақсаты: емдік Бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: Дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: Бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің
және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.
Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігі ,
Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру
Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану төмендегідей
даярланады.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектерін, қолғапты, бір рет
қолданылатын шприцті, тері антисептигін, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті.
Бір рет қолданылатын шприцті құрастыру.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, тері антисептигіне ылғалдатылған мақта түйіршіктерімен (шариктерімен) тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
2. Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
3. Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.
4. Поршень жағынан орауды ашыңыз.
5. Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.
6. Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын үйкеңкіреп бекітіңіз.
7. Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.


санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігі

иықты ң сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігі.




Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған инені, мақта шариктерін қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет