1. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық



Дата03.03.2016
өлшемі248.22 Kb.
#35468




1. Астана қаласының

әлеуметтік-экономикалық

жай-күйін сипаттайтын маңызды

индикаторлардың

ТІЗБЕСІ

2012 жылдың қаңтар-шілде айлары



р/с№

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштер

2011 жылдың тиісті кезеңіне %

1.

Өнеркәсіп өнімінің (тауарлардың, қызметтердің) қолданыстағы бағадағы көлемі, млн. теңге

100 843,1

97,5

2.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі, млн. теңге

295 114,3

116,2

3.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі, млн. теңге

146 994,2

121,2

4.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді қолданысқа беру, шаршы метр

782 487


(7 625 пәтер)

92,7

5.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі, барлығы млн. теңге

404 472,4

183,2

6.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болжамының орындалу пайызы, барлығы млн. теңге

162,0

-

7.

Бюджетке түсім бойынша бересі (айыппұлсыз), млн.теңге

8 521,8

-

8.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері шығаратын өнімнің көлемі, млрд. теңге

182,3

100,8

9.

Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтамасыз етілгендердің саны, адам

108,9

106,3

10.

Тұтыну бағаларының индексі (2011 жылғы желтоқсанымен салыстырғандағы 2012 жылғы маусым), %

103,0

-

11.

Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі, млн. теңге

220 638,0

114,2

12.

Экономикалық белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздардың үлесі, % (2012 жылдың маусымында)

1,1

-

13.

Өмір сүру минимумының мөлшері (маусымда), теңге

20 027

102,0

14.

Орташа айлық атаулы жалақы (2012 жылғы қаңтар – мамыр бойынша), теңге

137 810

117,7

Астана қаласының

әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы

АҚПАРАТ


2012 жылдың қаңтар – шілде айлары
1. Өнеркәсіптің жай-күйі
Астана қаласының өнеркәсіп секторының көпшілігі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары (оның үлесі 80,2% құрайды) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату кәсіпорындары 15,3% құрайды. Сумен жабдықтау өнімі (тауарлар, қызметтер), кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 4,5%-ды құрайды.

Жыл басынан бастап қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 100 843,1 млн. теңге сомасына өнім өндірді және қызмет көрсетті. Нақты көлем көрсеткіші (бұдан әрі - НКИ) 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 97,5%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде қала кәсіпорындары 80 916,7 млн. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірді. НКИ 97,0%-ды құрды.

Өндіру көлемінің мынадай салаларда:



- тоқыма өнімдері өндірісінде – 86,7%-ға;

- жиһаз, сабаннан жасалған өнімдер және өруге арналған материалдардан басқа ағаш және тығын өнімдері өндірісінде, – 46,6%-ға;

- киімдер тігуде – 41,2%-ға;

- тері және оған қатысты өнімдер өндіруде20%-ға;

- қағаз және қағаз өнімдері өндірісінде – 13,7%-ға

- машина жасауда - 10,3%-ға;

- дайын металл өнімдері өндірісінде, машина мен құрылғыларды қоспағанда - 2,7%-ға төмендеуі байқалады.

Өнеркәсіптің өңдеу секторында ең көп үлесті машина жасау алады (51,2%). Осы сала кәсіпорындары есепті кезеңде 41 449,9 млн. теңгеге өнім өндірді, НКИ – 89,7%-ды құрайды. Дизель локомотивтері өндірісі 3,6%-ға азайды. Сонымен қатар, сорғыштар шығару – 7,3%-ға ұлғайғаны байқалады.

Дайын метал өнімдері өндірісінде, машиналар мен құрылғыларды қоспағанда, шығару көлемі 4 680,4 млн.теңгені, НКИ 97,3%-ды құрады. Қара немесе аллюминий металдардан конструкциялар өндірісі – 43,3%-ға төмендеді. Сонымен қатар, металдан жасалған есіктер, терезелер шығару 2,2 есеге ұлғайды.

Өнеркәсіп өнімін шығару көлемі:

- химиялық өнеркәсіп өнімдері өндірісінде – 2 есеге;

- металлургия өнеркәсібінде – 1,9 есеге;

- жиһаз өндірісінде – 50,4%-ға;

- баспа ісінде және жазылған материалдарды қайта өндіруде – 4,5%-ға;

- тағам өнімдері өндірісінде – 3,4%-ға;

- резина және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 3,2%-ға;

- сусындар өндіруде – 1,0%-ға;

- басқа бейметал минералды өнімдер өндіруде – 0,3%-ға ұлғаюы орын алды.

Басқа бейметал минералды өнімдер өндіруде 15 264,3 млн.теңге сомасына тауарлар мен қызмет көрсетулер шығарылды, НКИ 100,3%-ды құрады. Құрамалы конструкциялар элементтері өндірісі - 21,3%-ға ұлғайды. Сонымен қатар, бетон өндірісі - 1,7%-ға, плиталар, кірпіштер өндірісі – 4,9%-ға, құрылыс қоспалары – 40,5%-ға төмендеді.

Тағам өнімі өндірісінің көлемі 8 298,5 млн. теңгені, НКИ 103,4%-ды құрады. Нан өндіру – 9,3%-ға, сүт – 1,3%-ға, ұн – 16,7%-ға ұлғайды. Сонымен қатар, макарон өндірісі – 8,3%-ға, шұжық – 4,5%-ға, жарма – 14,9%-ға төмендеді.

Резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде 7 989,7 млн. теңгені НКИ – 103,2%-ды құрады. Есіктер мен терезелер өндірісі – 4 есеге, тұрбалар жасау – 4,6%-ға ұлғайды. Сонымен қатар, преформ өндірісі – 7,1%-ға азайды.

Химиялық өнеркәсіп өнімдері өндірісінде 8,0 млн.теңгеге өнім шығарылды, НКИ 199,4%.

Бүгінгі күнге Астана қаласында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 392 млрд. теңге болатын 19 жоба (5 жоба республикалық индустрияландыру картасы және 14 жоба өңірлік индустрияландыру картасы бойынша) іске асуда. Көрсетілген жобаларды іске асыру шамамен 7,1 мың жұмыс орнын – 4,4 мың жұмыс орны құрылыс кезеңінде және 2,7 мың жұмыс орны пайдалану кезеңінде құруды болжайды.

Анықтама: 2010 жылдың қорытындысы бойынша 2 зауыт іске қосылды - темірбетон бұйымдарын әзірлеу зауыты («АБК-Мақсат» ЖШС) және «сэндвич-панельдер» өндіру зауыты («Кровля НС» ЖШС), 2011 жылы – метиз өнімін өндіретін («Стальцинк» ЖШС), Talgo» жолаушылар вагондарын шығаратын («Тұлпар Talgo» ЖШС), жеміс-көкөніс өнімін өндіретін және қайта өңдейтін («АстанаЭкоСтандарт» ЖШС) зауыттар іске қосылды.

Енгізілген жобалардың жалпы сомасы 15,3 млрд. теңгені құрады, 850 шамасында жаңа жұмыс орындары құрылды, соның ішінде салу кезеңінде 124 жұмыс орны.

2012 жылы 2,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын (салу кезеңінде 700-ден астам орын) жалпы сомасы 59,8 млрд. теңге болатын 7 жобаны іске асыру жоспарлануда. Қалған 7 жобаны, кестеге сәйкес, 2014 жылға дейін іске асыру жоспарланды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату саласында өнеркәсіп сипатында 15388,4 млн. теңге сомасына өнім өндірілді және қызмет көрсетілді (НКИ - 104,8%-ды құрады), оның ішінде электрэнергиясын өндіру, ұсыну және таратуда 9 965,0 млн. теңгеге (НКИ - 105,4%-ды құрады), газ отынын өндіру және таратуда 111,0 млн. теңгеге (НКИ - 101,3%-ды құрады), бу тарату және ауаны салқындату жүйесінде 5 312,4 млн. теңгеге (НКИ - 105,1% -ды құрады) қызмет көрсетілді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 4 538,0 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіп сипатындағы қызмет көрсетілді. НКИ 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 96,2%-ды құрды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы №733 «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді сатып аларда қазақстандық мазмұнның кейбір мәселелері туралы» Жарлығын орындау үшін өндірушілерден тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулерді сатып аларда қазақстандық мазмұнды дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік сатып алудың үлесін, шағын және орта бизнестің жергілікті субъектілерінен мемлекеттік органдардың сатып алуларын анықтау мақсатында ай сайын шағын бизнес субъектілерінде өткізілген мемлекеттік сатып алулар конкурстарының мониторингі жүргізіледі.

Астана қаласының әкімдігі өнім сапасын арттыру мақсатында ИСО, OHSAS, SA, ХАССП сериясының халықаралық сапа стандарттарын (бұдан әрі – ХСС) енгізуді насихаттау жұмысын өткізу үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмысын жүргізуде.

Қала кәсіпорындарында ХСС талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу жөнінде мониторинг жүзеге асырылады. 2012 жылдың 2-жартыжылдығында қаланың кәсіпорындар мен ұйымдарының саны 515 бірлікті құрды. Өндіріс, сауда және қызмет көрсету саласында ХСС белсенді енгізіліп жатқанын айтып өту қажет.

Жергілікті тауар өндірушілерінің өнімін сату мақсатында қала кәсіпорындарының қатысуымен әр түрлі іс-шаралар, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, атап айтқанда, екі жақты қатынастарды реттеуге мүмкіндік беретін шетел өкілдерінің қатысуымен бизнес-форумдар, «дөңгелек үстелдер», тұсаукесерлер мен кездесулер ұйымдастырылуда.
2. Көлік және байланыс
Автомобиль көлігі. Бүгінгі күні 52 қалалық бағдар бойынша күн сайын 771 бірлік көлік жұмыс істейді. Қалалық бағыт желісінің ұзақтығы 2,459 км. Қалалық автобустардың жалпы саны 771 бірлік, оның ішінде сыйымдылығы үлкен автобустар саны 591 бірлік, сыйымдылығы орта автобустар саны 180 бірлік. Қызметкерлердің саны 2 500 астам адамды құрайды.

Кеінгі бірнеше жыл көлемінде Астана қаласы әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы заңнамасы шеңберінде такси субъектілерін тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда Астана қаласында 5 мамандандырылған таксомотор компаниясы – «Сарыарқа», «Аруна», «Жебе», «Медео» және «Аққу» компаниялары жұмыс істейді, олардың жалпы көлік құралдары 246 бірлікті құрайды.

Қала көлігі 2012 жылдың қаңтар – шілдесінде 57 417,6 мың тонна жүк тасылды, оның ішінде жалпы жүк айналымы 3 128,9 млн. ткм құрады. 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тасылған жүк көлемі 23,6%-ға ұлғайды.

Автомобиль көлігі есепті кезеңде 998,2 млн. жолаушы тасымалдады, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындары – 183,3 млн. адамды (18,4%), жеке кәсіпкерлер – 814,9 млн. адамды (81,6%) тасыды.

Жол құрылысы. Қала аумағында жол салу бойынша жалпы ұзындығы 22,1 км. 11 жоба және қайта жаңарту бойынша 6,6 км. іске асырылуда. Бүгінгі күні «№27 көшеден әуежайға баратын жолға дейін Орынбор көшесін салу» - 4,145 км, «Сығанақ көшесінен №46 көшеге дейінгі учаскеде Тәуелсіздік даңғылын салу» ұзындығы 0,957 км., «Сығанақ көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде №46 көшені салу» - 1,375 км. жобалары толығымен іске асты.

Қалған жобалар бойынша инженерлік желілер, жылу желілері, сыртқы жарықтандыру орналастыру бойынша, шаруашылық-тұрмыстық, нөсерлік, телефон кәріздерін орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Әуе көлігімен 2012 жылдың есепті кезеңі бойынша 4,8 мың адам тасылды, бұл ретте барлық бағыттардағы жолаушылар айналымы 9,0 млн. текше/км құрады.

Қаланың байланыс кәсіпорындары 2012 жылдың қаңтар-шілде айлары бойынша 10 811,2 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 19%-ға жоғары.

Көрсетілетін қызметтерден түсетін кіріс құрылымында Интернет 37,8%, қалааралық, халықаралық байланыс түрлері – 15,9%, жергілікті телефон байланысы – 13,8%, өзге байланыс түрлері – 32,5% иеленген.


  1. Банк секторы

Астана қаласының банк жүйесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің орталық филиалымен, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ сияқты дербес банктермен, екінші деңгейдегі банктердің 32 филиалымен, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екі филиалымен және екінші деңгейдегі банк филиалдарының 154 құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылып отыр.

Қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің 165 айырбастау пункті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын өткізуге лицензиялары бар 63 өкілетті ұйымдар валютасының айырбас орны әрекет етеді.

2012 жылдың мамыр айының соңына екінші деңгейлі банктердегі резиденттер депозиттерінің жалпы мөлшері 1 466,4 млрд. теңгені құрды және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға төмендеді.

Банктердің Астана қаласының экономикасына несиелері бойынша негізгі қарызының жалпы мөлшері 2012 жылдың маусым айының соңына 851,6 млрд. теңгені құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,7%-ға ұлғайды.
4. Қаржылық-бюджеттік саланың жай-күйі
Бюджет және төлем тәртібі. 2012 жылдың 1 тамызына мемлекеттік бюджетке түсім 249 649,8 млн. теңге болжамында 404 472,4 млн. теңгені, немесе болжамға қарағанда 162,0%-ды құрады.

Жергілікті бюджетке 54 009,3 млн. теңге болжамында 59 174,5 млн. теңге түсті, болжамдық көрсеткіштердің орындалуы 9,6%-ды құрады.

Республикалық бюджетке 345 297,9 млн. теңге түсті, бұл болжамдық көрсеткіштерден 1,8 есеге жоғары.

Салықтық төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 237 383,6 млн.теңге болжамында, 229 415,7 млн. теңгені құрады, орындалу 96,6%-ды құрады, оның ішінде: республикалық бюджетке 190 035,7 млн. теңге болжанған жағдайда немесе 93,1% болжамға 176 845,2 млн. теңге түсті; жергілікті бюджетке 47 347,9 млн. теңге болжамында 52 570,5 млн. теңге немесе болжамға 111,0% түсті.

Салықтық емес төлемдер бойынша түсімдер 169 857,4 млн. теңгені құрады, болжам 164 148,8 млн. теңгеге артық орындалды, оның ішінде: республикалық бюджетке 5 601,3 млн. теңге болжанғанда 168 446,1 млн. теңге түсті; жергілікті бюджетке 107,3 млн. теңге болжанғанда 1 411,3 млн. теңге түсті.

2012 жылғы 1 тамызға қарыз 8 521,8 млн. теңгені құрады, 2012 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда қарыз (1 137,9 млн. теңге) 1 383,9 млн. теңгеге ұлғайды.




  1. Инвестициялардың жай-күйі


Негізгі капиталға инвестициялар талдамалы кезең бойынша 295 114,3 млн. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңіне 116,2%-ды құрады. Негізгі капиталға түсетін инвестицияның республикалық көлемінде Астана қаласы көлемінің үлесі 11,7%-ды құрады (өткен жылы 10,2%).

2012 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға инвестициялар салудың негізгі көздерінің үлесі 205 471,1 млн. теңге сомасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың жеке қаражаты болып табылады (инвестицияның жалпы көлемінің 69,6%-ы). Бюджет қаражатының үлесі 22,4%, қарызға алынған қаражат үлесі 7,3% құрады.


Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға

инвестициялар құрылымы



Көздер

2012 жылғы қаңтар-шілде

2011 жылдың тиісті кезеңіне

млн. теңге

қорытындыға %

Негізгі капиталға инвестициялар, барлығы, млн. теңге, оның ішінде:

295 114,3

100

116,2

республикалық бюджет

57 837,7

19,6

67,2

жергілікті бюджет

8 097,5

2,8

94,0

кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты

205 471,1

69,6

180,5

шетелдік инвестициялар

2 080,0

0,7

270,2 есе

заем қаражаты есебінен

21 628,0

7,3

47,5

Негізгі капиталдағы инвестициялардың негізгі құрамдас бөлігін машинаға, құралдар мен инвентарьларға құйылған инвестициялар құрайды. Жалпы сомадан олардың көлемі 160 192,8 млн. теңгені құрады (54,3%), 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ - 187,2%-ды құрады.

Салынған қаржының жалпы көлеміне құрылысқа құйылған инвестицияның 42,4%-ы келеді.

Есепті кезеңде Астана қаласының кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы көлем 782 487 шаршы метр тұрғын үйлер салды және іске қосты (оның ішінде тиімдісі – 577 697 шаршы метр), бұл 2011 жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден 7,3% жоғары. Тұрғын үйдің негізгі көлемін кәсіпорындар, жеке меншік нысанындағы ұйымдар мен халық енгізді.

2012 жылдың 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңінен бастап пайдалануға жалпы алаңы 367,3 мың шаршы метр 4 969 пәтер берілді, 2008-2010 жылдары жалпы алаңы 222,5 мың шаршы метр 5 069 пәтер берілді.

Барлығы тұрғын үй құрылысына 24 031,6 млн. теңге берілді, бұл 2011 жылдың қаңтар – шілде деңгейіне 57%.


6. Сауда және сыртқы сауда айналымы
Ішкі сауда

2012 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі іске асырудың барлық арналары бойынша 220 638,0 млн. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 14,2%-ға ұлғайды. Шағын кәсіпорындар 62 029,6 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтер іске асырды, бұл сауда кәсіпорындарының тауар айналымының жалпы көлемінің 41,3%-ын құрайды. Орта және ірі кәсіпорындардың қызметінен бөлшек тауар айналымы 88 209,6 млн. теңгені, соның ішінде орта кәсіпорындардың тауар айналымының жалпы көлеміндегі үлесі - 49,7%-ды, ірі - 9%-ды құрады.


Сыртқы сауда

Сыртқы сауда айналымы

Қаланың алыс және жақын шетелдермен сауда ынтымақтастығы табысты кеңеюде.

Сыртқы сауда айналымының дамуын бақылап отырсақ, ол 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде 4 776,8 млн. АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге ұлғайды.


Астана қаласының негізгі сыртқы сауда көрсеткіштерінің серпіні

Көрсеткіштер атауы


қаңтар – сәуір

2011 жыл

2012 жыл

Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ доллары

3 413,7

4 776,8

Экспорт, млн. АҚШ доллары

2 901,8

3 923,6

Импорт, млн. АҚШ доллары

511,9

853,2

Сыртқы сауда сальдосы, млн. АҚШ доллары

2 390,0

3 070,4


Экспорттық жеткізілімдер 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде 3 923,6 млн. АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге ұлғайды.

Елорда экспорты нақты айқындалған географиялық бағытқа ие: жалпы экспорт көлеміндегі ТМД-дан тыс елдердің үлесі 92,5%, ТМД елдері – 7,4%-ды құрады. Негізгі тұтынушылардың қатарына Румыния (32,7%), Италия (30,0%), Нидерланды (602%), Франция (4,9%) кіреді.

2012 жылдың қаңтар-шілдесінде 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экспортта үлесті салмаққа ие негізгі тауар топтары бойынша экспорттық жеткізілімдер көлемі ұлғайды: минералды отын және оны өңдеу заттарының көлемі (мұнай өнімдері, газ) – 1,3 есеге ұлғайды.

Импорттық жеткізілімдер 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде 853,2 млн. АҚШ долларын құрады және бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге ұлғайды.

Импорттық жеткізілімдер мөлшерінде ТМД-дан тыс елдерге 86,0%, ТМД елдеріне – 14,0% жеткізіледі.

Импорт түсімдерінде машиналарды, құралдарды, көлік құралдарын, құралдар мен аппараттарды тасу басымды болып табылады және 2012 жылғы қаңтар-шілдесінде олардың көлемі 424,9 млн. АҚШ долларын құрады.


7. Шағын бизнеске мониторинг жүргізу
2012 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қалада 40523 шағын кәсіпкерлік субъектісі белсенді жұмыс істейді, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7%-ға азайды.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 108,9 мың адамға жетті, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға жоғары.

Өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің көлемі 182 257 млн. теңгені құрады, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100,8% болып шықты.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында қала әкімдігі шағын және орта бизнес саласын дамытудың жобаларын, соның ішінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Астана қаласының үдемелі индустриялық дамуы бойынша аймақтық үйлестіру кеңесі пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 11,3 млрд. теңге сомасында барлығы 33 жобаны мақұлдады, соның ішінде 12,0 млн. теңге кепілдік сомасына несиені кепілдендіру бойынша 1 жоба және 140,3 млн. теңге сомасына өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша 4 жоба.
8. Тұтыну бағаларын талдау
Астана қаласы бойынша тұтынушылық баға көрсеткіші:


Атауы

2011 жылдың желтоқсанына қарағанда 2012 жылдың шілдесінде, %

Барлық тауарлар мен қызметтер

103,0

оның ішінде:




азық-түлік тауарлары

104,6

азық-түлік емес тауарлар

102,2

ақылы қызметтер

101,6


Анықтама:

2012 жылдың шілдесінде өмір сүру минимумының мөлшері 20 027 теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,0%–ды құрады.

Бір жұмысшыға орта және ірі кәсіпорындар бойынша орташа айлық жалақы 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде 137 810 теңгені құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға көбірек.

Азық-түлік тауарлары ағымдағы жылдың шілдесінде маусыммен салыстырғанда балық пен теңіз өнімдері – 2,9%-ға, алкогольсіз сусындар – 0,6%-ға, алкогольді сусындар, темекі өнімдері – 0,7%-ға, ет - 0,5%-ға (шошқа еті – 1,7%-ға, сиыр еті мен қой еті – 0,4%-ға, жылқы еті - 1,2%-ға, құс еті - 0,8%-ға), жемістер, көкөністер – 0,5%-ға (сәбіз - 10,5%-ға, алмұрт – 3,5%-ға, пияз – 12,3%-ға) баға өсуі байқалды.

Бағаның түсуі қияр – 11,2%-ға, қызанақ – 11,9%-ға, орамжапырақ – 7,2%-ға, жұмыртқа – 9,6%-ға, қант – 1,7%-ға тіркелді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында тұрмыстық тоқыма өнімдеріне 1,2%-ға, тұрғын жайларды ағымдық ұстауға және жөндеуге арналған материалдар, басқа да заттар, жеке күтім үшін құралдар мен тауарлар – 1,1%-ға, дәрілер, емдік құрылғылар мен аппаратуралар - 0,5%-ға, киім – 0,3%-ға бағалар көтерілді. Дизельдік отынға баға – 5,1%-ға, жанармайға – 2,8%-ға төмендеді.

Ақылы қызметтер құрамында медициналық қызмет – 2,4%-ға, экскурсиялар мен демалыстарға жолдамалар – 1,2%-ға, темір жол жолаушылар көлігі қызметі – 1,8%-ға бағалардың өсуі байқалады.

Әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарларға баға деңгейін реттеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі мынадай жұмыстарды атқарды.

Астана қаласы әкімдігі мен сауда ұйымдарының арасында 2012 жылға «Астана қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарларды көтерме-бөлшек сауда негізінде сатумен айналысатын сауда ұйымдарында сатудың үстеме бағасының мөлшерін анықтау мен қолдану туралы» меморандумға (бұдан ары - Меморандум) қол қойылды.

Астана қаласының аумағында қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның, орталықтандырылған сатып алу негізінде өнімдермен қамтамасыздандырылатын 32 әлеуметтік павильоны қызмет етеді. Әлеуметтік павильондарда халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктеріне 10%-дық жеңілдік ұсынылады.

Астана қаласының азық-түлік тұрақтандыру қоры құрылып, оған 6 928тонна шамасында азық-түлік сатып алынды, оны сату әлеуметтік павильондар, сауда желілері және супермаркеттер арқылы жүзеге асатын болады.

Бұдан басқа, елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нарықтық механизмді қолдану арқылы жүйелі шаралар іске асырылуда.

Индустриялық парк аумағында «Мир круп» ЖШС жарманы қайта өндіру жөнінде көпсалалы кешенінің, жылына 300 000 тонна өндіріс көлемімен «Аскар Тау KZ» ЖШС сүт өнімі мен ірімшікті өндіру бойынша кәсіпорынының, жылына 1800 тонна өндіріс көлемімен «Бакунов» ЖК ет өнімдерін өндіру бойынша кәсіпорынының құрылысы жүргізілуде.

Астана қаласының аумағында 2 жылыжай бар: «Наурзалина Г.О.» ЖК және «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС. Осы жылыжайлардың өнімдері ағымдағы жылдың сәуірінен бері елорданың базарларында сатылуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қуаттылығы жылына 800 тонна болатын тағы бір жобаны аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ 2013 жылы іске қосылу мерзімімен жалпы қуаттылығы жылына 3 500 тонна болатын 3 жылыжайдың жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Осы нысандар толық қуатпен жұмыс істеуге шыққанда 2013 жылы мезгіл аралығындағы жылыжай өнімдеріне (қызынық, қияр) қала қажеттілігін, тұрғындар санының өсуін есепке ала отырып, 80%-ға жабады.

Қала тұрғындарын жеміс-көкөніспен тұрақты қамтамасыз ету үшін сақтау көлемі 60 000 тонна көкөніс сақтау қоймалары қажет.

Қазіргі уақытта қала аумағында сақтау көлемі 19 000 тонна 4 көкөніс сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр, соның ішінде 2 көкөніс сақтау қоймалары ағымдағы жылы іске қосылды.

2012 жылы сақтау нысандарына сұранысты 46%-ға жабатын, жалпы сақтау көлемі – 8850 тонна болатын 2 жобаны аяқтау жоспарлануда.

2013 жылы сақтау көлемі 40 600 тонна болатын 8 жобаны аяқтау жоспарлануда.

9. Әлеуметтік сала

9.1. Халықты әлеуметтік қорғау және кедейлік деңгейін төмендету
Астана қаласы бойынша жергілікті бюджеттен төленген төлемдердің жалпы сомасы 2012 жылдың 1 тамызына 1 378,9 млн. теңгені құрады.

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 851,1 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Барлық әлеуметтік көмек ақшалай төлем ретінде берілді, олардың мөлшері жергілікті бюджеттің қаржылық мүмкіндіктерімен және мұқтаж азаматтардың санымен айқындалады, олардың ішінде:

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 16 585,8 мың теңгені құрады;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 11 349,4 мың теңге;

тұрғын үй жәрдемақысы – 74 642,2 мың теңге;

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне коммуналдық төлемдері, тұрғын үйді ұстауы, дәрі – дәрмектік қамтамасыз етуі, абоненттік төлемі үшін – 75 252,8 мың теңге;

мүгедектерге әлеуметтік көмек 181 524,04 мың теңгеге көрсетілді.
9.2. Жұмыспен қамту
Елорданы дамытудың әртүрлі жобаларын іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 11 493 (2011 жылы – 10 071) жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіпте – 663, саудада – 854, құрылыста және коммуналдық шаруашылықта – 4 269, көлік және байланыста – 507, білім және денсаулық сақтауда – 2 026, өзгелері – 3 174. Оның ішінде шағын бизнес саласында – 6 488.

2012 жылдың басынан бастап 8 025 адам жұмыс іздеп өтініш білдірді. Осы азаматтардың жалпы санының – 5 045-ін немесе 62,9%-н әйелдер құрайды, 14-29 жас аралығындағы жастар 4 839 адам немесе 60,3%.

2 080 адам жұмыспен қамтылды, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 932 адамға азайды.

Жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны а.ж. 1 тамызына 6 907 адамды құрайды.

Жұмыспен қамту мүмкіндігін арттыру, жұмыссыздарды еңбек нарығында қолдау және бейімдеу мақсатында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын қолдануда, оның ішінде: жұмыс іздестіруге жәрдемдесу, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ жұмыспен қамту саласында қосымша әлеуметтік қорғау шараларын ұйымдастыру (бұл оқудан бос уақытта оқып жатқан жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар, «Жастар тәжірибесі» кәсіптік диплом алдындағы тәжірибе, халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары).

Халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің маңызды элементі кәсіби дайындықты ұйымдастыру, жұмыссыз азаматтардың біліктілігін көтеру және қайта дайындау болып табылады.

Кәсіби оқуды ұйымдастыру шеңберінде білім беру мекемелерімен ынтымақтастық туралы екі жақты келісімдер жасалды. 2012 жылдың басынан бері кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті көтеруге 680 адам жіберілді, олардың ішінен 380 адам оқуын бітірді, 22 адам жұмысқа орналасты.

Ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру уақытша жұмыс орындарын құру мен елорданың жұмыссыз азаматтарын қосымша табыспен қамтамасыз етуді бағамдайды. Ақылы қоғамдық жұмыс ұйымдастыру үшін 125 жұмыс берушімен келісім шарт жасалды. Қоғамдық жұмыстарға жыл басынан бері 2 041 адам жіберілді.

Халықтың нысаналы топтарының тұлғаларын жұмыспен қамту үшін қоғамдық жұмыс орындары ұйымдастырылды. Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға елорданың 75 ұйымдары және кәсіпорындарымен шарт жасалды. 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде қоғамдық жұмыс орындарына 116 адам жіберілді.

Есепті кезеңде 218 білім беру мекемелерін бітірушілер «Жастар тәжірибесін» өтуге жіберілді.

2012 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органының деректер қорында 2 032 бос орын бар.


9.3. Білім
Астана қаласының білім жүйесі 263 білім ұйымдарынан тұрады. Педагогикалық қызметті 10 317 қызметкер іске асырады, соның ішінде 5 227 педагог жалпы білім беретін мектепте.

Мектепке дейінгі ұйымдар 121 соның ішінде:

- мемлекеттік меншік нысанындағы бала бақша – 69, соның ішінде - 5 кешен;

- ведомстволық 1;

- жеке меншік –51.

Қала бойынша бала бақшаларға орын кезегі 62 000 баланы құрайды.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту – 54,2 %-ды құрайды.

Астана қаласында 82 мектеп қызмет етеді, оның ішінде: 69 мемлекеттік және 13 мемлекеттік емес мектеп.

Мемлекеттік тілде оқытатын мектеп саны - 23, орыс тілінде – 11, аралас мектеп – 35-ті құрайды.

Оқу жылының аяғына оқушылардың жалпы саны 78 951 адамды құрайды, соның ішінде:

мемлекеттікте – 76 366 оқушы;

жеке меншікте – 2 585 оқушы.

Кәсіби және техникалық білім беру саласында білім беру қызметін 37 ұйым жүзеге асырады, оның ішінде: кәсіби лицейлер – 7, мемлекеттік колледждер – 5, мемлекеттік емес колледждер – 25.

Қазіргі күні елордада 13 қосымша білім ұйымы (жаңа Оқушылар сарайын қоса есептегенде) қызмет етеді,балаларды қамту – 23 658 адам (2011 жылы – 17 568 ).
9.4. Денсаулық сақтау
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының жүйесінде есепті кезеңде 32 медициналық ұйым қызмет етеді, оның ішінде: 3 371 жалпы кереуеттік қоры бар 14 аурухана ұйымы, 9 АМСК ұйымы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы.

Бұдан басқа, қала тұрғындарына 2 031 кереуеттік қоры бар республикалық маңызы бар 9 аурухана, 1 Республикалық диагностикалық орталық, 7 ведомстволық аурухана ұйымы.

Стационарлық ауысу көмегін көрсететін медицина ұйымдарының саны есепті кезеңде – 32.

Астана қаласының тәуліктік стационарлары 2012 жылдың 1 жартыжылдығында 84 699 адамды емдеді.

2012 жылдың есепті кезеңінде жас құрамында госпитальға жатқызылған балалар ауруы барлық емделгендер санының 22,2%, жасөспірімдер – 2,4%, ересек тұрғындар – 75,4% құрайды.

Қарастырылған кезең нәтижесі бойынша медициналық – демографиялық көрсеткіштердің мынадай динамикасыны байқалады:

- 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 24,62 құрады, бұл 2011 жылдың 7 айындағы 27,04 қарсы.

- жалпы өлім көрсеткіші 2011 жылғы 5-тен ағымдағы жылы 4,73-ке дейін төмендеді;

- тұрғылықты мекен – жайы бойынша ана өлімінің көрсеткіші 100 мың адам басына шаққанда 2011 жылғы 7 айындағы 18,6-ден 2012 жылғы 8,2-ге дейін төмендеді.

- бала өлімінің көрсеткіші ағымдағы жылдың басынан бастап 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1000 тірі туған балаға шаққанда 9,0 –ден ағымдағы жылы 9,2-ге дейін ұлғайды.


10. Мәдениет және спорт
2012 жылдың 1 қаңтарына мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының желісі мынадай: 23 кітапхананы біріктіретін бір «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі»; 17 – қазыналық кәсіпорын; 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Оның ішінде түрлері бойынша: кітапхана – 23; театр – 6; мұражай – 4; концерт ұйымдары – 1 (Мемлекеттік филармония); мәдени-демалыс кәсіпорындары (сарайлар, орталықтар) – 5; цирк – 1; кинопрокат ұйымы – 1; өзгелері – 2 (Дыбыс жазу студиясы, Астана Сазы).

Есепті кезеңде Елорда күні мерекелеу болды, оны тойлауда қаланың мұражайлары мен театрлары, кітапханалары мен сарайлары, Астаналық саябағы және Мемлекеттік филармониясы белсенді түрде атсалысты.

Елорда күнін тойлау «Астана» экшн-фильмдердің III халыаралық фестивалінен басталды. Осы жылы қызыл кілем үстімен атақты француз актері Венсан Касель, америкалық режиссер Джим Лемми, ресейлі жұлдыздар Елизавета Боярская, Владимир Меньшов, Юлия Ковальчук, Аркадий Укупник жүріп өтті. Фестиваль шеңберінде 20 фильм көрсетілді, соның ішінде 2012 жылдың жаңа туындылары, сондай-ақ дөңгелек үстелдер және шет мемлекеттердің кинематографистері және профессорларының қатысуымен шеберлік сабақтары болды.

Әйгілі қазақ композиторы және орындаушысы Құрманғазыға арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы болды, онда Қазақстан Республикасының Президенті қатысты.

Мемлекет басшысының қатысуымен «Хазірет Сұлтан» елордалық мешітінің ашылу рәсімі өтті. «Хазірет Сұлтан» мешіті мұсылмандардың рухани көпфункциялы және мәдени-ағарту орталығы болуға лайық. Ғимараттың жалпы ауданы 17 700 ш.м. құрайды және сыйымдылығы шамамен 10 000 дінге сенушілерге арналған.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыка-драма театрында Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» спектаклінің тұсаукесері болды.

«Қазақстан» орталық концерт залында посткеңестік кеңістіктегі үздік композиторлардың бірі Еркеш Шакеевтің концерті өтті.

Қазақстанның елордасында мәдениаралық диалогты алға қарай жылжытуға бағытталған әр түрлі халықаралық іс-шаралар өткізілді.

Елорда күнін тойлау шеңберінде шілденің 1 мен 8 аралығында Астаналық цикте «Эхо Азии» мерейтойлық V Цирк өнерінің халықаралық фестивалі болды. Мерейтойлық фестривальдің қатысушылары әлемдік аренаның «жұлдыздары» және жетекші әртістері болды. Фестиваль ұйымдастырушылары әділ қазылар алқасына Ресейдің, Қырғызстанның, өзбекстанның, Қытайдың және Қазақстанның цирктік номерлерінің және аттракциондарының үздік жиынтығын ұсынды.

Спорт. Астана қаласында дене тәрбиесін және спортты әрі қарай дамыту мақсатында, оқушылар мен жастардың спортпен тұрақты шұғылдану мүмкіндігін кеңейтуге балалар-жасөспірмдер спорт мектептері, спорт клубтары, және басқа да спорттық-көпшілік және сауықтыру шараларының орталықтары желісін кеңейтуге байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Астана қаласында 508 спорт ғимараты қызмет етеді, оның ішінде 4 стадион, 3 спорт сарайы, 2 спорттық ғимарат кешені, 1 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 12 спорттық кешен, 4 спорттық манежер, 1 шаңғы базасы, 27 ату тирі, 2 эллинг, 16 хоккейге арналған ашық корттар, 22 теннис корты, 19 жүзу бассейндері, 176 спорт залы, 46 іштен салынған спорт залдары қызмет етеді, 173 жазық спорттық ғимарат пайдалануға берілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қала тұрғындарын жүйелі түрде дене тәрбиесімен шұғылдануға тарту мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айы бойы келесідей елеулі іс-шаралар өткізілді:

- «Астана кубогі» халықаралық көпкүндік жасөспірімдердің велосипед жарысы;

- қала күніне арналған «Аударыспақ», «Көкпар» ат спорты бойынша жарыстар;

- «Өмір қуатымен қуаттан» акциясы шеңберінде функционалдық жаттығу;

- қала күніне арналған байдаркалар мен каноэларда есу, академиялық есу және желкенді спорт бойынша ашық қала чемпионаты.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет