Ана деген әр кезде ұлы саналар
Оны бәрі тек биікке бағалар
Құрметтеңдер, сыйлаңдар тек ананы
Деп өсиет айтып кеткен даналар.
Жүріп келем ізіңменен анашым
Әр кезде ұлы, ақыл айтар данасың.
Ешкімнен де кем қылдырмай өсірген
Аялаған, мәпелеген баласын.
Тек бақытты сезінемін өзімді,
Осыменен тәмәмдайын сөзімді.
Баласы үшін барын салған аналар
Шын мәнінде ең шыдамды, төзімді.
Автор: Жамалбек Кәусар.
Достарыңызбен бөлісу: |