1 Қаулысы қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық кеңесінің есебін бекіту туралы



Дата25.02.2016
өлшемі51.2 Kb.
#22015
Қазақстан Республикасының судьялары IV съезінің

1 ҚАУЛЫСЫ


Қазақстан Республикасы Судьялар одағы

Орталық кеңесінің есебін бекіту туралы

Астана қаласы 3 маусым 2005 жыл


Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық кеңесінің есебін тыңдап және талқылай келіп, Қазақстан Республикасы судьяларының IV съезі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық кеңесінің есебі бекітілсін.

Қазақстан Республикасы

Судьялар одағының төрағасы Н.Момбеков

Қазақстан Республикасының судьялары IV съезінің

2 ҚАУЛЫСЫ



Ревизиялық комиссияның есебін бекіту туралы


Астана қаласы 3 маусым 2005 жыл


Қазақстан Республикасы Судьялар одағының ревизиялық комиссиясының есебін тыңдап және талқылай келіп, Қазақстан Республикасы судьяларының IV съезі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Судьялар одағының ревизиялық комиссиясының есебі бекітілсін.

Қазақстан Республикасы

Судьялар одағының төрағасы Н.Момбеков

Қазақстан Республикасының судьялары IV съезінің

3 ҚАУЛЫСЫ


Қазақстан Республикасы Судьялар одағының атқарушы органдарын сайлау туралы
Астана қаласы 3 маусым 2005 жыл
Делегаттардың Судьялар одағының атқарушы органдарын сайлау туралы ұсыныстарын талқылай келіп, Қазақстан Республикасы судьяларының IV съезі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 9 адам көлемінде Орталық кеңес құрамы бекітілсін.

  2. Павлодар облыстық сотының төрағасы Момбеков Нұрлан Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы болып тағайындалсын.

  3. Орталық кеңес мүшелері болып тағайындалсын:

  1. Айсин Тілектес Сейпіұлы – Астана қалалық сотының төрағасы;

  2. Жалмұханбетов Кеңес Жексенбекұлы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы;

  3. Жұмағұлов Сүйіндік Сабырұлы – Көкшетау қалалық сотының төрағасы;

  4. Қаженов Әуезнұр Бейсенұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы;

  5. Өскембеков Сәбит Мансұрұлы – Қарағанды қаласы, Қазыбекби аудандық сотының төрағасы;

  6. Райымбаев Сансызбек Ілиясұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқаның төрағасы;

  7. Секішев Асқар Асанханұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы;

  8. Тұрғараев Бекет Тұрғараұлы – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы.

  1. 3 адам көлемінде ревизиялық комиссиясының құрамы бекітілсін:

  1. Мақажанова Ғалия Ақатайқызы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы;

  2. Баймұрзин Еркін Шахманұлы - Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқаның төрағасы;

  3. Тасыров Ерлан Жұмаұлы - Астана қаласының Алматы аудандық сотының төрағасы.


Қазақстан Республикасы

Судьялар одағының төрағасы Н.Момбеков
Қазақстан Республикасының судьялары IV съезінің

4 ҚАУЛЫСЫ


Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Халықаралық судьялар ассоцияциасына (IAJ) мүше болу туралы

Астана қаласы 3 маусым 2005 жыл


Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық кеңесінің есебін талқылай келіп, Қазақстан Республикасы судьяларының IV съезі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Судьялар одағы Халықаралық судьялар ассоцияциасына (IAJ) штаттан тыс мүше ретінде бекітілсін.

Қазақстан Республикасы

Судьялар одағының төрағасы Н.Момбеков


Қазақстан Республикасының судьялары IV съезінің

5 ҚАУЛЫСЫ


Қазақстан Республикасы Судьялар одағы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы 3 маусым 2005 жыл

IV съезд делегаттары мақұлдаған 1996 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы судьяларының І съезі Қаулысымен, 1999 жылғы 25 қаңтардағы ІІ съезі Қаулысымен және 2001 жылғы 6 маусымдағы ІІІ съезі Қаулысымен қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Орталық кеңестің ұсынысын талқылай келіп, Қазақстан Республикасы судьяларының IV съезі


ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.“Қазақстан Республикасы Судьялар одағы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің жарғысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1). 4.6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: « Конференцияны шақыру, оның өткізілетін орны мен күн тәртібі туралы конференцияның жұмысы басталардан кемінде жеті күн бұрын хабарлайды. Конференция Филиал кеңесі бекіткен мерзімде, бірақ кем дегенде бір жылда бір рет шақырылады. Конференция ашық дауыс беру арқылы төрағалық етуші мен хаттама жүргізетін хатшыны сайлайды».

2). Мынадай мазмұндағы 4.8 тармақпен толықтырылсын: «Судьялар одағы филиалдарының жанында судьялар этикасы жөніндегі комиссиялар құрылып, жұмыс атқарады».

3). Мынадай мазмұндағы 4.9 тармақпен толықтырылсын: «Одақтың баспа органдары болады».

4). 5.7 тармақтың 14 абзацтағы: « Комиссия құрамын филиалдар кеңестері бекітеді» деген сөздер алынып тасталсын.

5). 5.12 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Орталық кеңестің орналасқан жері: Астана қаласы, Есілдің сол жағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимараты».

6). 6.2 тармақтағы “судьялар съезімен” деген сөз “Орталық кеңес пен Судьялар одағының филиалдарының келісімі бойынша” деген сөзбен ауыстырылсын.


2. Аталған өзгерістер мен толықтыруларды Орталық кеңес Әділет органдарына тіркеуге өткізсін.
Қазақстан Республикасы

Судьялар одағының төрағасы Н.Момбеков

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет