1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жер иелену және жерді пайдалануды интенсификациялау



Pdf көрінісі
бет47/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

18. Жер иелену және жерді пайдалануды интенсификациялау
18.1. Оңтайлы жер иеленудің экологиялық-экономикалық негіздері
Жер ресурстары жер рентасы шамасымен экономикалық бағаланады.
Жер ресурсын экономикалық бағалау ерекшеліктері, оның ерекше
қасиеттерімен байланысты болады. Экономикалық бағалау жердің қоғамдық
құндылығын анықтау болып табылады. Жер өндіріс күші, орналасу орны,
тіршілік ортасы және экологиялық құндылық ретінде бағаланады. Соған
байланысты тек дифференциалды рента ғана емес, абсолютті және
экологиялық ренталар ескерілуі тиіс. Дифференциялды рента салыстырмалы
өнімділігі, құндылығы негізінде туындайды.
Ауылшаруашылық жер телімін бағалау үшін ең алғаш онда өсірілетін
өнімдерден алынатын орташа рента, одан кейін 1 га алынатын рента
есептеледі. Осындай рента ұдайы үздіксіз алынып отырады деп есептеп ұзақ
мерзімдегі ренталар есептеледі.
Жердің тұтыну құндылығы мен экономикалық өнімділігі тікелей
байланысты, бірақ ерекшеліктері де бар. Егер экономикалық өнімділік жер
мен оған жұмсалған еңбектің өнімділігі арқылы көретін болса, тұтыну
құндылығы онымен қоса еңбек ету және тіршілік ортасы құндылығын
қамтиды. Сондықтан жерді экономикалық бағалау оның экономикалық,
экологиялық және әлеуметтік құндылықтарын анықтау болып табылады.
Жердің
өнімділігі
мен
топырақтың
құнарлығы
(бонитеті)
тура
пропорционалды шамалар.
Сондықтан ауыл шаруашылық жерлерін экономикалық бағалауда
өнімділік орнына бонитет балының көрсеткішін қолдануға болады және
жерді табиғи қасиеттеріне сәйкес нақтырақ бағалауға мүмкіндік туады.
Өйткені, өнімділік шамасына топырақтың сапасынан басқа көптеген табиғи
және еңбек факторлары әсер етеді. Жердің тұтыну құндылығымен қатар
қалпына келтіру құнын анықтау да маңызды. Қалпына келтіру құны, әдетте,
жұмсалатын
потенциалды
шығындармен
анықталады.
Ауыл
шаруашылығындағы мақсаттардан басқа жерлер тұтыну құндылықтарына
сәйкес бағаланады. Мұнда жерге сұраныс, әлеуметтік, экологиялық,
жағдайлары бағалау шамасына әсер етеді [9].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет