1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау



Pdf көрінісі
бет82/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

7. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау
7.1 Топырақты бонитеттеу, агроөндірістік топтарды анықтау
Бонитет латын тілінен аударғанда «сапалық» дегенді білдіреді.
Топырақтың бонитеті – оның сапасының көрсеткіші. Әдетте бонитеттеуді бір
белгілі мақсаттар және талаптар үшін топырақтарды топтастыру мен бағалау
деп түсінеді. Көбінесе бонитеттеу негізіне топырақтардың табиғи
нышандары және қасиеттері алынады.
Топырақ құрамын зерттеп, оның физикалық қасиеттерін топырақ
астындағы
қабаттармен
байланысын
бөліп
алып,
топырақтардың
салыстырмалы құндылығын ұсынған Ресейде ғалымы В.В. Докучаев.
Қазіргі уақытта қолданылатын әдістемелік ұсыныстарға сәйкес
топырақтарды
бонитеттеу
деп
салыстыруға
келетін
егіншілік
қарқындылығында және агротехника деңгейінде топырақтарды олардың
құнарлығы бойынша сапасын салыстырмалы түрде бағалау түсініледі.
Көрсеткіштер ретінде дақылдардың шығымдылығы және өнімділікпен тығыз
байланыстағы топырақтың ең орнықты қасиеттері бойынша ұсынылады.
Топырақтардың табиғи қасиеттері бойынша құрылған шкала көрсеткіштеріне
(балл) өнімділік бойынша балдарды ескеріп, түзетулер енгізіледі.
Топырақтарды бонитеттеу жер бағалау жұмыстарының бірінші сатысы
ретінде жерді экономикалық бағалау үшін топырақ топтары түрінде бастапқы
негіз беру керек. Бонитеттеу барысында анықталған, белгілі жаратылыс
нышандарымен сан жүзінде сипатталатын топырақ топтары кейін
эконокмикалық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Топырақты бонитеттеу


105
мәліметтерінің жерді, оның жаратылыс сипаттамаларын ескере отыра, тиімді
пайдалану мәселелерін шешуде маңызы зор.
Жалпы, топырақтарды бонитеттеу жұмыстары екі сатыдан тұрады:
1. бонитеттеу шкаласын құру;
2. бағалау шкаласын бағаланатын жерлерге салу (жеке суарылатын,
суарылмайтын егістер, табиғи мал азықтық алқаптар және көпжылдық
екпелер). Бағалау объектісі ретінде топырақ түрлері алынады.
Бонитеттеу шкаласын құру үшін топырақ, мелиоративтік және басқа
зерттеулердің сапалы мағлұматтары пайдаланылады. Бағаланатын топырақ
мәліметтері ретінде:
1. 0-50 см қабатындағы қарашірік мөлшері, %;
2.0-50см қабатындағы жұтылған натрийдің орта салыстырмалы
мөлшері, % жұту сыйымдылығынан;
3. 0-50 см қабатындағы жұтылған магнийдің орта салыстырмалы
мөлшері, % жұту сыйымдылығынан;
4. 0-50 см қабатындағы тұздардың орта салыстырмалы мөлшері (%)
және тұздану түрі;
5. Шағылдық (ұсақ тастақтық)
6. Тастақтық, топырақ түрі орналасқан жердің тастану дәрежесі;
7. Топырақ түрі орналасқан жердің гидроморфтік дәрежесі.
Әр топырақ түрінің бонитет негізі болып 0-50 см қабатындағы
қарашірік мөлшері (%) бойынша есептеледі, ал барлық басқа қасиеттеріне
түзету коэфиценттері енгізіледі.
Қазақстан жағдайында топырақтың құнарлылығын төмендететін негізгі
қолайсыз қасиеттері сортаңдану және тұздану болып табылады.
Сортаңданудың объективтік көрсеткіші ретінде топырақтың жұту
кешеніндегі жұтылған натрий және магний мөлшері (% жұту
сыйымдылығынан) алынады. Сосын 0-50 см қабатындағы жұтылған натрий,
магнийдің орта салыстырмалы мөлшері есептелінеді.
Тұздану көрсеткіші ретінде 0-50 см қабатындағы тұздардың орта
мөлшері алынады. Тұздардың топырақ горизонтындағы орта мөлшерін
есептеу қарашірік мөлшерін есептеумен бірдей. Тұздардың өсімдіктерге
тиетін зияндық әсері олардың құрамына байланысты. Сондықтан тұзданудың
орта салыстырмалы түрі анықталады. Ол үшін 0-50 см қабатта хлор және
сульфат аниондардың, сондай-ақ соданың, егер бар болса, орта мөлшері
есептелінеді. Осы аниондар қатынастары бойынша тұздану түрі анықталады.
Тұздану түрін ескере отыра, 0-50 см қабатындағы тұздардың орта мөлшері
бойынша тұздану дәрежесі анықталады.
Егер топырақ тастақталған немесе тастанған болса, онда бұл қасиетіне
түземе коэффициент енгізіледі:
мұнда:
- диаметрі 1 мм артық бөлшектер фракцияларының
жиынтығы.


106
Шалғын, шалғын-батпақ, батпақ топырақтар үшін гидроморфтікке
түземе коэффициенттер енгізіледі. Бұл коэфициенттер гидроморфтік
топырақтардың 0-10 см қабатындағы қарашірік мөлшерінің аймақтық
топырағының сол қабатындағы қарашірік мөлшеріне қатынасы бойынша
есептелінеді.
Топырақ түрлерінің жеке қабаттары бойынша есептелінген барлық
көрсеткіштер қосылып, топырақ аймағы немесе әкімшілік аудандар шегінде
әр топырақ түрі бойынша орта көрсеткіштер шығарылады. Егер әкімшілік
аудан шегінде топырақ түрі 20-30 талдаудан кем қамтылмаса, онда топырақ
қасиеттерінің орта арифметикалық көрсеткіштері осы аумақтық бірліктер
шегінде есептелінеді, ал бақылау саны одан кем болса, есеп топырақ
аймақша шегінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет