286
КАМПАНЕЛЛА,
Томмазо Кампанелла (1568–1639) —
итальяндық философ және жазушы,
алғашқы утопиялық
социализм өкілдерінің бірі. Ол философия,
жаратылыстану
мәселелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген,
Испания монархиясына қарсы күрескен, сол үшін отыз
жылдай түрмеде отырған монах.
Шығармалары: «Күн
қаласы», «Галилей апологиясы», «Метафизика», т.б. «Күн
қаласында» оның тұрғындары –
солярийлер әлеуметтік
әділеттілікті орнықтырып, өмір мен мектептің рахатын көреді.
Кампанелла
гилозоизм (барлық нәрсенің жаны бар деген түсінік) идеясын универсумға
қолданады: «Әлем – үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір
сүреміз, теңіз – жердің тері».
КАМЮ,
Альбер Камю (1913–1960) —
француз жазушысы
(әдебиетшісі), публицист,
әрі философы,
экзистенциализм
өкілі, көзі тірісінде «Батыстың ар-ұяты» деген атқа ие болған.
1957ж. әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығына ие
болған.
Шығармалары: «Сизиф туралы аңыз», «Бүлікшіл
адам», «Бөгде», «Індет», «Құлау», «Калигула», «Жаңылыс»,
т.б. Ол адамның еркіндігі мен құқықтары туралы мәселелерді
көтеріп,
гуманистік тұрғыдан шешуге, сөйтіп адамды еркіндік пен сұлулық
жолын таңдауға, жан-жақты рухани дамуға шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: