СОРОКИН, Питирим Александрович Сорокин (1889–
1968) — ресейлік-американдық социолог, философ және
культуролог. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік
мобильділік теориясының негізін қалаушылардың бірі.
Шығармалары: «Әлеуметтік және мәдени динамика» (4 -
томдық), «Заманауи социологиялық теориялар» және т.б.
СОФИСТ, Горгий Софист (б.з.д. 480–380 ж.ж.): ештеңе жоқ, егер бір нәрсе
бар болса да, оны білуге болмайды, егер оны білген күнде де, оны тануға
болмайды.
СПЕНСЕР, Герберт Спенсер (1820–1903) — ағылшын
философы және социологы, XIX-ғас. соңында өз
идеяларымен
танымал
болған
эволюционизм
көшбасшыларының бірі, социологиядағы органикалық
мектептің негізін қалаушы; либерализм идеологы. Оның
көзқарастары Сен-Симон және Конттың социологиялық
дүниетанымының қалыптасуына жол ашты, Ламарк және
К.Бэр, Смит және Мальтус эволюциялық идеяларының
дамуына ықпал етті.
СПИНОЗА, Бенедикт (Барух) Спиноза (1632–1677) —
нидерландық философ. Жаңа дәуірдегі философиядағы
басты тұлғалардың бірі, рационалист, пантеизм және
натурализм өкілі. Математик, оптик, аспапшы сондай-ақ, ол
- физик те. Ол өз шығармаларын геометриялық әдіспен, яғни
дефинция
–
анықтама-аксиома
түрінде
жазды.
Шығармалары: «Геометрияда қолданылатын әдіспен
жазылған этика», «Құдай, адам және оның бақыты туралы»,
«Діни саяси трактат», «Ақыл-парасатты жетілдіру туралы трактат», «Декарт
философиясының принциптері», «Этика», «Саяси трактат» және т.б. Оның
ойынша, барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым
– ол субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат, әлем, түпнегіз біртектес, бір
реттегі түсініктер, синонимдер.
317
Достарыңызбен бөлісу: |