№ 4 дәріс Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
1. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
2. Ақшаның атқаратын қызметтері.
3. Қазақстанның ақша жүйесінің элементтері.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
Ақша бірлігі – ұлттық валютаның атауын білдіретін, мемлекетпен белгіленген ақша белгісі.
Ақша жүйесі – тарихи қалыптасқан және ұлттық заңдылықпен белгіленген елдегі ақшаның қызметінің ұйымдастырушылық нысандары.
Ақша белгілерінің түрлері – ақша массасы және ақша белгілерінің номиналының ұйымдастырушылық құрылымы.
Ақша белгілерінің түрлері:
а) қағаз ақшалар – әр елде әртүрлі атаулары бар купюралар;
б) құны әртүрлі және қоспасы әртүрлі металл ақшалар. Ақша жүйесінің түрлері:
а) ақша рөлін тауар орындайтын ақшаларға негізделген жүйе (алтын, күміс және т.б.);
б) құн белгісі ретіндегі ақшаларға негізделген жүйе (қағаз және тиын ақшалардың айналымы).
Ақша – сатып алу – сатуда құн өлшемі болып табылатын және тауарларды айырбастау кезінде жалпыға ортақ балама ролін атқаратын металл немесе қағаз белгілер, ерекше тауар.
Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай формасы – ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі XV – XVII ғасырлардан қалыптаса бастады.
Ақша жүйесі өз эволоциясында ақша – тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды:
Достарыңызбен бөлісу: |