Саяси шиеленісті реттеудің жолдары мен тәжірибесі



Дата15.11.2022
өлшемі15.54 Kb.
#464860
Эссе политология


Саяси шиеленісті реттеудің жолдары мен тәжірибесі
Бүгінгі күнде саяси шиеліністерді реттеудің келіссөздер технологиясы жоғары дәрежеде дамыған және өзінің тәжірибелік маңыздылығына сәйкес қазіргі конфликтологияның маңызды нысандарының бірі болып табылады.Шиеленістердің алдын алу мен реттеудің басқа технологиялардан ең басты ерекшелігі: дауласушы тараптар әрбірін қанағаттандыратын өзара тиімді келісімге келе алады. Сонымен қатар, келіссөздер ұзаққа созылатын, материалдық шығыны көп және бір тараптың жеңілісіне әкелетін сот процесінен босатады.
Сөзбен келісімге келудің өзге технологияларға қарағанда артықшылығы — қақтығысушы жақтар мұндай келісімді өздері жасап, әрбір жақтың қанағаттандыратын талаптарын өздері қоя алуында. Мұнан басқа, келісімге келу айтарлықтай ұзақ уақытты алатын, кәдімгі материалдық шығындар жұмсауды қажет ететін және бір жақтың жеңілуін тудыратын сот талқылауларынан аман алып қалады. Сөзбе-сөз келісулер “екі жақты да қанағаттандыратын және келісімге келу мақсатындағы өзара тікелей әрекеттесу, пікір алмасулар, бірлесе келісім ізденісі, сондай-ақ келісуші жақтардың ерікті түрде шешім қабылдаулары”. Басқаша айтсақ, сөзбе-сөз келісулер екі жақтың қақтығыс тудырған мәселе төңірегінде құрылымдалған диалог үрдісі. Келіссөздер келесі жағдайларда пайдасын береді: қақтығысушы жақтар нәтижеге жетуге тең құлшыныс білдірулері тиіс; қақтығыстың барлық субъектілері тиімді нәтижеге жетуге мүдделі болулары тиіс. Тек осы жағдайларда ғана өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.Саяси теория мен тәжірибелерден көретініміздей, шет елдердегі қақтығыстарды шешу бойынша жинақталған тәжірибелер келісім-шарттар барысында негізгі екі тәсілі ерекшеленеді: «бағыттық саудаласу» және «жақтардың мүдделері негізіндегі келіссөздер» Субъектілердің арасындағы қақтығыстың тоқтауымен шиеленіс аяқталады. Алайда, бұл жағдай көпке созылмай, шиеленіс қайта басталуы мүмкін. Шиеленіс толық шешімін тапқанда ғана, оның толық аяқталады. Әрине, бұл қоғамдағы барлық шиеленіс толық шешіліп, келісім орнайды деген сөз емес. Өмірде екі жақтың уақытша келісімге келуі немесе жартылай шешімі табылатын шиеленістер жиі кездеседі. Сол сияқты шиеленісті күшпен басып тастау да жиі орын алатын жағдай. Мұны шиеленістің шешілуі деп түсінбеу керек. Р.Дарендорф атап көрсеткендей, басып тасталған шиеленіс қатерлі ісік тәрізді, оның асқынуы әбден мүмкін. Әлеуметтік шиеленісті толық шешу үшін оны туғызған себептерді жою керек. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – субъективтік себептерден туындайтын шиеленістерді шешудің қиындығы. Эмоцияға байланысты шиеленістер толық шешілуі үшін екі жақтың адамдарының бір-біріне деген көзқарасы толық өзгеруі керек. Ол үшін қарама-қарсы жақтың адамдары бір-бірін «бітіспес жау» деп санамайкерісінше, әріптес ретінде қабылдайтындай қарым-қатынас орнауы керек. Шиеленісті шешудің белгісі инцидентті аяқтау болып табылады. Бұл дегеніміз, жанжалға түсуші жақтардың арасындағы шиеленісті қарым-қатынасты тоқтатады. Инцидентті шеттеу – қажетті, бірақ шиеленісті толық жоюға жеткіліксіз. Шиеленісті нәтижелі шешу келесі шарттарға байланысты:
Оның себебін уақытында және екі жақтың қызығушылық танытуы. 
Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттердің үкіметтері террористік қозғалыстардың таралуына жол бермеуге ұмтылады. Ол үшін саяси әдістер де, күштік қүрылымдардың ынтымақтасуы да, заңнамалық аралар да кеңінен пайдаланылады. Жекелеген мемлекет басшылары террорлық әрекеттердің алдын алу мақсатында ауқымды қаржылар бөлуде.Егер, жалпы тұрғыда саяси және әлеуметтік қақтығыстар туралы айтар болсақ, қақтығыстарды шешу пәрменділігі еол қоғамның саяси мәдениетіне, діліне және мемлекеттің тарихи тәжірибесіне тікелей тәуелді деп айтуға болады. Осы ретте, өткір қарсы тұрушылықтарды жоятын әртүрлі жағдайларда уақыт тезінен өткен тәсілдер жеткілікті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет