www.РЕФЕРАТ.kz Қазақша рефераттар сайты
ХІХ ғ. Озық педагогикалық жүйелер
XVI ғасыр мен XVII ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский 1592 жылы 28 мартта туды. Бұл кезде XV ғасырдың бас кезінде болған тарихтағы аса зор ұлт-азаттыұ ұозғалысыныњ да әсері әлі де бар еді.
«Ұлы дидактика» Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жана мектепті үйымдастыру мәселелері зерттелді.
Онын ойынша адам ақылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны — мектеп. Мектеп — «барлық адамды барлык нәрсеге үйрететін» адамгершіліктің шеберханасы. Коменскийдің ойынша, мектеп — оқушылардың «адамгершілігін», «ақылын» тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық.
Ол адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отыра, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың 4 сатысы кезеңін, осыларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.
1) Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде — «Ана мектебі».
2) 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін әрбір кауымда «Ана тілі» мектебі.
3) 12-ден 18 жастағы жастар үшін — әрбір қалада латын мектебі (гимназия).
4) 18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді. Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір-бірімен байланысты болды; сүйтіп, Коменский XVII ғасырдың өзінде біртекті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды.
«Ұлы дидактикада» төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап берілді:
1.Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады.
2.Оқыту мен оқудың жеңілдігі.
3.Оқыту мен оқудың негіздігі.
4.Тез оқытудын, ережесі мен тәсілдері.
«Ұлы дидактиканың» арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын басты-басты дидактикалық талаптар баяндалды. Олар:
1.Оқытуға қолайлы уақытты таңдау.
2.Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру.
3.Материалды біртіндеп күрделендіру (дәйектілік, жүйелілік).
4.Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту.
5.Саналы түрде меңгеретін нәрседен басканы жаттатпау.
6.Бала табиғатын ескеріп отыру; калаған нәрсені немесе оның меңгере алатын нәрсесін ғана окыту.
7. Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сырткы сезімдерді де қатыстырып оқыту.
Джон Локктың (1632-1704) педагогикалық көзқарастары.
XVII ғасырда Англия экономикалық жағынан даму үстіндегі ел еді, дворянствоның біраз тобы мұнда өз мүдделерін өрлеу жолындағы капи
Локк өзінің педагогикалық көзкарастарын «Тәрбие жөніндегі ойлар» (1693) және «Ақылды тәрбиелеу туралы» деген еңбектерінде баяндады.
Ол адамның туысымен бірге бітетін идеяларға карсы шыға отыра, адамды қалыптастырудағы, оның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші мәнін мойындады. Он адамның тоғызы тәрбие арқылы жетіледі деген қорытындыға келді.
Локктың ұсынған тәрбиесінің мақсаты — өз ісін ойластыра отырып сақтықпен жүргізе алатын, өз мүдделерінің реттілігін камтамасыз ете алатын үстем таптың жac өспірімін тәрбиелеу.
Локктың дәлелінше, адамгершілік тәрбиесінің нақты тәсілдері мен құралдары мынадай принциптерге негізделуі тиіс: 1) табиғатқа сәйкестілік; 2) бала табиғатын жете зерттеу және балаға даралық қатынас орнату; 3) тәрбиедегі каталдықты балаға сүйіспеншілік білдірумен ұштастыру. Локк балалардың табиғатын терең және ұқыпты түрде зерттеуге және тәрбиенің олардың мінез-құлкын жүйелі түрде байқауға негізделу қажеттілігін баса айтты.
Локк іріктеп ұсынған тәрбиенің жолдары мен кұралдары: 1) үлгі-өнеге көрсету; 2) әдеттендіру; 3) балалармен пікір алысу және олардың әустенушілік ынталарын қанағаттандыру; 4) ңамыс және теріс ұғымдарына назар аудару.
Өздігінше ойлау дағдыларына үйрету — Локктың оқыту әдістерінің негізгі принциптерінің бірі. Демек, Локк құр жаттауға карсы келді, ол ойлауды дамытатын әдістемені жақтаушы болды. Құр жаттап оқy есті де, ақылды да дамыта алмайды, сондықтан мақсатты түрде балаларды өздігінше ойлау жұмысына үйрету қажеттігін дәлелдеді.
Жан-Жак Руссоның (1712-1778) педагогикалық теориясы
Атақты француз жазушысы, ағартушы-философы және педагогы, XVIII ғасырдағы революция қарсаңындағы буржуазиялық интеллигенцияның тамаша өкілдерінің бірі — Жан-Жак Руссо.
Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы негізінен көркем шығармасы «Эмиль» атты романында баяндалды, бірақ бұл әдеби мұра болуына қарамастан, онда ағартушы өзінің тәрбие жөніндегі пікірлерін жүйелі теория дәрежесіне жеткізді, тәрбиенің тым нәзік проблемаларына жете көңіл бµле отыра зерттеп, өз заманының арнасынан шығып жатқан топшылаулар жасап, ұсыныстар айтты.
Өз өмірінде гуманистік бағытты берік ұстаған ағартушы-педагог Руссо жаңа қоғамды аңсауына байланысты феодалдық салт-сананы түбірімен жою үшін, жаңа қоғамды орнату үшін кімді қалай тәрбиелеу қажет деген сұрақпен тәрбиенің міндеті мен өзгешеліктері жөніндегі мәселені зор педагогикалық проблема ретінде ұсынды. Бұл мәселелер негізінен адам еңбек арқылы өмір сүреді, еңбексіз өмір жоқ деген пікірлерге саяды.
Демек, Руссоның педагогикалық концепциясының негізіне феодалдық әдет-ғұрыптардан арылған, бостандықтағы, толық адамгершілігі бар адамды өсіру талабы жатады. Әрине, Руссоның педагогикалық теориясының шеңберінің кеңдігі, терең адам-шылығы осындай жаңа адамды тәрбиелеу талабын ұсынуында болды.
Баланың өсу кезеңдері және єр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктері. Руссо баланың өмірін 4 кезеңге бөледі:
1-кезең— баланың туған күнінен 2 жасқа дейінгі;
2-кезең — 2-ден 12 жасқа дейінгі;
3-кезең— 12-ден 15 жасқа дейінгі;
4-кезең— 15 жастан ер жетуіне дейінгі өсу дәуірлері. Баланың осындай жетілу дәуірінің әрқайсысына тәрбиенің негізгі бір саласын кеңінен және негізгі түрде жүргізуді ұсынды.
Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827) педагогикалық қызметі мен теориясы
XVIII ғасырдың ортасында Швейцария артта қалған феодалдық мемлекет еді.
XIX ғасырдың бас кезінде жарияланған «Гертруда балаларын қалай оқытады», «Аналар кітабі», «Бақылау азбукасы», «Сан жөнінде көрнекі ілім» атты еңбектерінде Песталоцци бастауыш білім берудің жаңа әдістерін ұсынды.
Тәрбиенің міндеті — адамның барлық табиғи күштерін, қабілетін дамыту және ол даму жан-жақты болу керек деп санады.
Песталоццидің педагогикалық жүйесінің негізгі мәселесі — балаларға элементарлық білім беру теориясы.
Дене-тәрбиесінің мақсаты — баланың күшін дамыту. Әр түрлі қимылға, қозғалысқа баланың өзі ұмтылады. Осыдан ойын, тағы басқа әрекеттер туады деп, Песталоцци -дене тәрбиесінде ойынмен қатар, әскери жаттыруларға үлкен мән берді.
Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци бастауыш білім берудің әдістемесінің негізін салды. Ана-тілін оқытудың міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады. Песталоцци әріптерді косып окытудың орнына бірден дыбыстарды косып оқытуды ұсынды. Балалардың сөздік қорын байыту жөнінде бірнеше бағалы кеңестер берді. Ана тілін оқытуды кµрнекілік негізінде жүргізіп, жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді ұсынды. Бірақ Песталоццидің өз сабақтары кейде ұзақ жаттығуларға айналды. Бірыңғай ондай ұзақ жаттығулар балаларды жалықтыратынына ол мән бермеді.
Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Песталоцци арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды. Бөлшек сандарды оқытуда квадратты бүтін сан деп алып, оны екіге, төртке бөлу аркылы түсіндіруді талап етті.
Адольф Дистервегтің (1790-1866) педагогикалық қызметі мен ой-пікірлері
Көрнекті неміс педагогы Адольф Дистервег XIX ғасырдың орта шеніндегі Герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының прогрессивті өкілі болып табылады.
Дистервег математикадан, неміс тілінен, географиядан, астрономиядан 20-дан аса оқулық жєне оқу құралдарын жазды. Олар Германияда және басқа елдерде кең пайдаланылды.
1827 жылдан бастап Дистервег «Тәрбие және оқыту жөнінде Рейн беттері» атты журнал шығарып тұрды. Ол журналға педагогика мәселелеріне арналған 400-ден аса мақалалар жазды. Дистервег бастауыш мектептің мұғалімдерін даярлауды жақсарту үшін күресті.
Дистервег жалпы халықтық тәрбие беру идеясын жақтады, яғни сословиялық тәрбиеге қарсы болды. Мектептің мақсаты — азаматтарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу деп белгіледі. Жалпы адамға және халыққа деген сүйіспеншілік бала тәрбиесінде ұштасып жатуы қажет деп көрсетті.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Бержанов К., Мусин С., Педагогика тарихы. Мектеп -1986ж.
2. Мектепке дейінгі тарих: "Педагогика және психология мектепке дейінгі" мамандығы бойынша пед. институт студенттеріне арналған қосымша оқулықтар (М.Ф.Шабаева, В.А. Ротенберг, И.В. Чувашев жєне т.б.; Литвина Л.Н.- редакциясынан 2-ші баспа, жұмыстан бұрын.- М;просвещение, 1989ж.
3. Я.А. Коменский Педагогикалық шығармалар жинағы. 2-ші том М.,1982ж.
4. Крупская Н.К. Мектепке дейінгі тәрбие. (Пед. шыѓ. 10- томдық- Т.6- М., 1959-216 бет.
5. Лушников А.М. Тарих педагогикасы: Жоғары педагогикалық оқу бөлімінің студенттеріне арналған оқулық қосымшалары. 2-ші баспа, қосымша жұмыс істелінген (Уральск. Мемлекеттік педагогикалық университет. Екатеринбург., 1994-368 бет
Достарыңызбен бөлісу: |