Сабақтың тақырыбы : «Жазбаша көбейту және бөлуді қайталау»



Дата23.02.2016
өлшемі52.71 Kb.
#5384
түріСабақ
Ахметова Шолпан Бурабаевна

Қостанай қаласы, М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: «Жазбаша көбейту және бөлуді қайталау»

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: жазбаша көбейту және бөлу тақырыбын бекіту; өз бетінше тапсырмаларды орындату арқылы білімдерін тексеру; ә) дамытушылығы: танымдық белсенділіктерін және ойлау логикаларын дамыту; б) тәрбиелігі: бір-бірін бағалауға, жұппен жұмыс жасау барысында ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта және компьютер.

Методикалық әдіс: сұрақ-жауап, ой қорыту, жеке жұмыс, бағдаршам арқылы өзін-өзі бағалау.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс: Қоршаған дүние, информатика.

Барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдас-тыру

кезеңі


Психологиялық дайындық. Оқушы назарын сабаққа аудару. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру:

білу керек:екі таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлуді білу.

Істей алу: іс-жүзінде алған білімді қолдана алу.

Зейінін сабаққа аударады.

Сабақ мақсатын білді.



Өткен тақырып-қа шолу.

«Математикалық диктант»

-ең үлкен төрт таңбалы сан,

- млн саны,

- бір қыры 3 см болатын текшенің көлемін

тап,

- 3 – тің кубы,



- 100 – дің квадраты қандай сан?

- 1400 бен 200-дің айырмасы;



Оқушылар жауаптарын Word бағдарламасында жазып отырады.

Бағалау кестесі арқылы өз-өздерін бағалайды.




Жаңа тақырып:Қайталау

Бүгін сабақта математика еліне саяхатқа шығамыз. Ол елдің атауын білу үшін мына құпия сөзді табуымыз қажет.


е


  • Сонымен біз бүгін

«Арифметика еліне» саяхатқа шығамыз.

Геометриялық фигуралардағы әріптерді теру арқылы математикалық сөзді табады. Жауабы: «Арифметика»

Сынақтан сүрінбе.

45 Х 13 244Х12

1716:78 3800:25



Оқушылар тақтаға бағандап орындайды. (4 оқушы шығады)

Информатикамен байланыс.

Компьютерде орналасқан калькулятормен жұмыс жасату.

123 Х 258

548 Х 697

450 Х 123

14336 : 56

546984:963 Калькулятормен жұмыс жасайды.

Жасыл желек арифметикасы.






Есепті өрнек құру арқылы шығар:

Зеравшан аршасы 100 жыл жасайды, ал Қарағай одан 4 есе артық өмір сүреді. Сібір балқарағайы Қарағайдан 100 жыл артық жасайды. Сібір балқарағайы неше жыл өмір сүреді?


Есепті өз бетінше ауызша орындайды.

Тақтаға бір оқушы шығып, талдайды.

(100*4) + 100 = 500 жыл
Жауабы: 500 жыл.


Құс

арифметикасы




Есепті шығар:

Қорғалжын қорығының қызметкерлері

құстарға сақина салып, бірнеше

құстың санын анықтаған. 1967-1970

жылдардың аралығында 650 қаз

сақиналанған, ал сұңқылдақ аққу қоқиқазға қарағанда 300 – і кем, ал сыбырлақ аққу сұңқылдақ аққуға қарағанда 180-і кем. Құстардың осы аталған үш түрі бойынша барлығы неше құс сақиналанған?





Есепті өз бетінше орындайды.

Тақтаға бір оқушы шығып, талдайды.

650 – 300 = 350 (аққу)

350 – 180 = 170 (аққу)

650 + 350 + 170 = 1170 (құс)
Жауабы: Барлығы 1170 құс.


Қоршаған дүние

пәнімен байланыс






Оқушылар тақтаға шығып есептің мазмұнында берілген құстар туралы өз білетіндерін ортаға салады.

Сергіту сәті

Музыка арқылы би жаттығуларын жасату.

«Би» жаттығуларын орындайды

Жануар

арифметикасы




Есепке теңдеу құру арқылы шығар:

Қарақұйрық белгілі бір жылдамдықпен, ал ақбөкен 70 км/сағ жылдамдықпен жүгірді. Қарақұйрық жылдамдығын 2 есе

кемітсе, ал ақбөкен жылдамдығын сағатына 15 км кемітсе, олардың жылдамдықтары

бірдей болар еді. Қарақұйрықтың

жылдамдығы қандай?


Х : 2 = 70 – 15

Х : 2 = 55

Х = 55 * 2

Х = 110 км/сағ
Жауабы: 110 км/сағ.



Информатикамен байланыс

(Мәтін мазмұ-нына сәйкес суреттер қою)



1)Ол адамдар сияқты бірлесіп еңбек етеді. Қысқа қорек жинайды. Олар суды бөгеп, тоғандар жасап, өздеріне жылы үй салады.
Ол – ақылды жануар.
2) Ол – шөлге өте төзімді әрі жүйрік, ақылды жануар. Оны “киік” деп те атайды.
3) Ол – жыртқыш аң әрі өте иіс сезгіш. Дымқылданған жалпақ тұмсығы кез-келген иісті тез сезеді. Қыста табанын сорып ұйықтайды.
4) Ол – мүйізді жануар. Жыл сайын қаңтар, ақпан айларында олардың мүйіздері түсіп, сәуір айында жаңадан мүйіз өсіп шығады.



Геометриялық фигуралар сыр шертеді.

1)Тік төртбұрыштың ұзындығы 27 см, ал ені одан 3 есе кем. Тік төртбұрыштың ауданын тап.

2) Шеңбер мен дөңгелектің айырмашылығы неде? Дәлелде.



1) 27 см : 3 = 9 cм

S = 27 * 9 = 243 см2


2) Оқушылар ауызша дәлелдейді.

Информатикамен байланыс

Геометриялық фигураларды сыз және боя.

Paint графикалық редактормен жұмыс жасайды.

Логика-лық тапсырмалармен жұмыс.

1 деңгей: 1 – ден 8 – ге дейінгі барлық цифрлардың қосындысы.

2 деңгей: Бір топ қоян бірінен кейін бірі жүгіріп келеді.Үш қоян екі қоянның алдында.Ал үшеуі екі қояннан кейін, тағы біреуі ортада келе жатыр.Барлығы неше қоян?

3 деңгей: 400 санының оннан бірінің ширегінің жартысы қандай сан болады?


1) 1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 = 36

2) 5 қоян.



3) 5.

Сабақты қорыту.

Біз бүгін сіздермен не өттік?
ББҮ-әдісі бойынша кері байланыс

Сабақтан алған әсері туралы өз ойын айтады. Бағдаршам арқылы өз-өздерін бағалайды, кері байланыс парағын толтырады


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет