Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Садихина Алмагүл Дюсенбаевнаның шығармашылық есебі



Дата12.12.2019
өлшемі190.25 Kb.
#447694
0004e69d-e7e4ad55

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Садихина Алмагүл Дюсенбаевнаның шығармашылық есебі

Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына кіруінің негізгі тетігі – білім. Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді, батыл шығармашылық ізденісті, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруы жолында аянбай еңбек етуді талап етеді. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс». Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы.Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің, соның ішінде тіл мамандарының алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен деп түсінемін. Егеменді еліміз өркендеп, жаһандық елдермен терезесі тең түсу үшін, қашан да үлкен істі шешу жолында тіл қажет. Ал мемлекеттік тілді талапқа сай жоғары деңгейде үйретпеу, баланың қызығушылығын оята алмау, сапасыз оқытуды заман талабы көтермейді . Сондықтан инновациялық іс-әрекеттерді менгеріп, сол жаңа педагогикалық техналогияларды өз практикамда қолданатын кез жетті. Маған көмек берген «Өрлеу» педагог кадрларды қайта даярлау институтының жаңаша тұрғыда деңгейлік курсы болды. Онда нақты жаңа формация ұстазына лайықты алған білімім арқылы оқушыны сыни тұрғыда ойландыра отыра, өзіме де сыни тұрғыдан өзгергенімді байқадым. Үнсіз оқушыларымның мінсіз оқушыға айналарына осы бағдарламадағы тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жетуге болатынын тәжірибе дәлелдедім. Өз жұмысымда осы тиімді оқыту мен оқу бағдарламасын негізге ала отыра, оқушылардың қалай оқу керектігін, яғни орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл қолайлы болды. Алдыңғы жылдарда «дәстүрлі» стиль арқылы берген білімім оқушылардың жинақтаған өзге білімімен тиімді сіңісе алмай, механикалық есте сақтап, үстірт естерінде қалдырды. Ол алған білімдерін сабақ барысында ғана игеріп, өмірде тиімді пайдалана алмайтын еді. «Жигсо-1» әдісі көлемі үлкен мәтіндерді талдауға жол ашып берсе, ЖАДА- оқушының құрбы-құрдастары арқылы түсінуін меңгертетін бірден-бір жол. Әлем мойындаған сындарлы оқыту теориясына негізделген оқытуда әр сабағымды оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал-ететін міндеттерге сай өткізудемін. Оқушының сабақты көтеріңкі көңілмен, құрбы –құрдастарына тілек, жылы лебіз айтып, ынтымақтастық орта қалыптастыра отыра бастауы арқылы оқушының сабаққа, тіл үйренуге деген құлшынысын байқадым. «Шаттық шеңбері», «Әуенді тыңда» атты әдістер арқылы жүзеге асырамын. Өткен тақырыпты қорыту мақсатында «Өрмекші торы», «Ыстық орындық», «Желпеуіш», «Қытай қағазы» әдістері арқылы жүргізу оқушыны жалықтырмай, қайта ұмытқанын еске түсіретін қолайлы әдіс . Оқушының сыни түрде ойлана отыра, сұрақтарға жауап беруде мұғалім жағдай туғыза отыра, сабақтың тақырыбын, мақсатын болжатады. Қызығушылықты ояту бөлімін «Ой шақыру» әдісі, яғни , бейнежазба, жұмбақ, сөзжұмбақ, өлең жолдары арқылы ашамыз.

Бейнежазба сендерге қандай ой салды?

Қалай ойлайсыңдар, неліктен осылай істеуге тура келді?

Бүгінгі сабақта не жайында айтылады деп ойлайсыздар? атты түрткі сұрақтар оқушыны сыни түрде ойландырып, нені білетіндерін болжай алуға жол ашады.

Мағынаны тану сатысында зерттеушілік тұрғыдағы тапсырмалар: Мысалы: «Фишбоун», «ВЕНН диаграммасы», «Ойлан, жұптас, пікірлес», Екі бетті күнделік», «Репортер», «Сахналық қойылым», «Бұрыш стратегиясы», «Кубизм», «Қос жазба күнделігі», « Алты ойлау қалпағы». Дұрыс әдісті таңдау, баланы жалықтырмайтындай, шаршатпайтындай етіп өткізу ол мұғалімге дұрыс бағыт-бағдар беруді талап етеді.

Ой қорыту сатысында «Ет тартқыш,сандық,себет», « Сэндвич мадақтауы», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы кері байланыс жүргізу оқушының нені біліп, нені білгісі келетінін анықтайды. Бұл мұғалімге келесі сабаққа дайындалар кезінде оқушыны не қызықтыратынын білуге жол ашады.

Бағалаудың жолдары : критериалды бағалау арқылы жүргізіледі. Тапсырмаға дискриптор құру бағаны толық,нақты қоюға, өзара бағалау түрлері топтың қаншалықты жұмыс істегенін анықтайды. Көбіне «Бағдаршам», «Бас бармақ», «От шашу».

Тапсырманы аяқтағанын шапалақ соғу арқылы білдіреміз. Топтың «Алтын ережесін» білу, сабақтың сапалы өтуінің бір негізі. Топтық жұмыс арқылы әр тапсырманы орындау кезінде оқушылардың белсенділігінің артқаны байқалады.

Диалог арқылы сөйлеу дағдыларын дамыттым, көп қырлы зиятқа ие, өзіндік мені қалыптасқан тұлға қалыптастыру жолында тиімді әдіс екенін байқадым. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады (Мерсер мен Литлтон).МАН,. 46 б.

Мектепішілік өткізілген «Қазақтың Әлиханы» атты әдеби іс-шара барысында театрланған қойылым кезінде оқушыларымның рөлдік, сахналанған пьессаға қатысып, сөз саптауы мен сөйлем жүйелеуі жағынан ерекшеленгендерін байқадым. «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты әдеби кеш те өз деңгейінде өтті. Қасым өлеңдерін мәнерлеп оқуда, қойылым кезінде топпен, жұппен, жеке жұмыс түрлерінің тиімділігі байқалды. Сондықтан әр уақытта сабақта оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыру басшылыққа алынуы қажет. Сыни ойлауды дамыту әдісі дәcтүрлі білімнің дайын күйінде берілуі кезінде дамымайды. Нақты жағдайда «Мынаны былай жасау керeк» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкiндік беру, шешiм қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру. Осы тұрғыда оқушылaрдың арасынан дарынды оқушылар анықтала бастайды. Дарынды оқушылар топта өзіндік пiкірлерімен ғана емес, көшбасшылық қасиетімен таныла бастайды. Олар топтық жұмыста белсенділік танытып, қасындағы cеріктесіне бағыт беріп, кей жағдайда «үнсіз оқушылардың» ашылуына да көп көмегін тигізеді.Мысалы 9-сынып оқушыларынан құралған топ Тілдер күні қарсаңында өткізілген мектепішілік «Дарабоз» интеллектуалдық жарысқа белсенді қатысып 1-орын иеленіп, қалалық деңгейге жолдама алды. Ал қала деңгейінде өткен осы іс-шарада 9-сынып оқушысы Оноприенко Екатерина 2-орынды жеңіп алды. Осы жерде айта кететін жағдай бұл оқушының топпен жұмыс кезінде өзін байқатқаны. Яғни мұндай жұмыс кезінде үнсіз оқушыны басқа қырынан тануға жол ашылды.

Бір сөзбен айтқанда, мен мұғaлім ретінде өзгерістерді не үшін енгізіп отырғанымды жетік білдім.НЕГЕ-ні білу оқыту және оқушылар туралы жан-жақты, терең білімімнің болуын, жоғары деңгейлі өзін-өзі тану мен мақсатты сын тұрғысынан талдауды талап ететініне тағыда көзім жете түсті(МАН 8б). Мұндағы негізгі басымдықтарым:


  • Жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;

  • Оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;

  • Кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілмен меңгерілетіндігін жете түсінуі;

Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы тізбектелген сабақтар топтамасы- білім сапасының негізі. Қазақ тілінің әр блогына арналған оқу жоспары оқылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын және нақты тақырыпты зерттеу үшін айтылым дағдыларын біріктірген. Белсенді және аудиовизуалды тәсілдерді біріктіре отыра оқыту өз тәжірибемде,оқушының көзқарас уәжін арттыруда табысты болып шықты.

Осы қазан айында өткізген 1-сыныпта өткізген «Мектеп кітапханасы» атты ашық сабағымда көзбен көру айғағы арқылы оқушылардың сыни тұрғыда белсенді білім көрсеткенін байқадым.

Бұл жаңаша білім арқылы мынадай оңтайлы оқыту ұсынысын байқадым:


  1. Оқушыларым оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар өз білімдерін бағалап, өздері ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсына біледі және бір-біріне сын тұрғысынан қарай алады.

  2. Өзім ұсынған дәлелдерді құру мен талдауға арналған тәсілдерге белсене араласады.

  3. Пікірлерді бағалауда біліктілік танытып келеді.

  4. Оқушылырдың диалогке қатысу кезінде сөз қорының байытқанын, оны тиімді қолдана білетіндерін байқатуда.

Сонымен бірге «Қазақстан барысы», «Кім күшті?», «Арыстан ақырады», «Арыстан мен түлкі» атты тізбектелген сабақтар топтамасы арқылы жүргізілген ашық сабақтарымда «Танығың келе ме?», «Репортер», «Рөлдік ойын», «Театр», «Аң үйретуші» жағдаяты әдіс-әсілдері жүргізілді. Талқылау, әңгіме-дебат, зерттеушілік әңгіме, түрткі сұрақтар оқушылардың өзара сұхбаттасуы мен өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесіп, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты қалыптастырды.

Сабақта алған білімдерін қоршаған ортадағы қиындықтардан шығу жолында жұмсап, тілдік орта қалыптастыра алды.

Жоғарыда өткізген тәжірибелеріме қарап отырып, білім беру немесе оқыту мен оқу үдерісін дамыту барысында жеке жасаған жұмыстардың жетістігі төмен болатынына көз жеткіздім. Жеке жұмыс жасағанда барлығы өзіңе дұрыс жасалғандай болып көрінгенімен, өзгемен салыстырғанда жасап жатқан жұмысыңның артықшылығы мен кемшілігіне көз жеткізесің. Сонда ғана әрбір ізденуші өз тәжірибесіндегі кемшіліктерді жөндеуге талпыныс жасайды деп ойлаймын.

Болашақта мен:



  • Әріптестерімнің бойындағы көшбасшылық қабілетінің ашылуына одан ары қарай ықпал жасай беремін.

  • Мұғалімнің өз жұмысына көзқарасын өзгертуге ықпал жасаймын;

  • Жас мамандарға қолдау көрсете отырып, пәндік деңгейден әдіснамалық деңгейге жетуіне ықпал етемін;

Осы аралықта өзімнің жеткен жетістіктерімді атап өтсем:



Уақыты

Тақырыбы

Жүлдесі

1

2014 жыл

«Талаптыға нұр жауар» қалалық сайысқа оқушы дайындағаны үшін

Мадақтама қағаз

2

2014

«Менің Қазақстаным» атты көркемсөз байқауы

Мадақтама қағаз. I орын

3

2015

«Инфоурок» жобасына қатысқаны үшін

Алғыс хат

4

2015

Қалалық қазақ тілі пәні бойынша олимпиада жүлдегерін дайындағаны үшін

Алғыс хат

5

2016

Қалалық тілдер күніне арналған «Дарабоз» атты интеллектуалдық жарысқа оқушылар дайындағаны үшін

Алғыс хат

6

2016

«Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында

Грамота

7

2016

Қазақ тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиада

Диплом

I орын


8

2016

«Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша деңгейлік курс

Сертификат

9

2016

«Қазақ тілі» пәні бойынша орта білім мазмұнын жаңарту курсы

Сертификат

Оқушылардың жетістіктері:





Уақыты


Тақырыбы

Жүлдесі

1

2013

«Ақ шағала» қазақ әндерінің қалалық сайысы

Диплом

2

2014

«Ақ шағала» қазақ әндерінің қалалық сайысы

II орын,Грамота

3

2015

Задорожная Вероника. Қалалық қазақ тілі пәнінен олимпиада

II орын

4

2015

Калиниченко Маргарита. Қалалық қазақ тілі пәнінен олимпиадаға қатысқаны үшін

Мадақтама

5

2016

Калиниченко Маргарита. Қалалық тілдер күніне арналған «Дарабоз» интеллектуалдық білім мен тапқырлар жарысы

Алғыс хат

6

2016

Акименкова Елизавета.Қазақ тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиада

I орын. Диплом

7

2006

Кудашова Валерия.Қазақ тілі пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиада

I орын. Диплом

6

2016

Оноприенко Екатерина. Қалалық тілдер күніне арналған «Дарабоз» интеллектуалдық білім мен тапқырлар жарысы

II орын. Алғыс хат

Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шынында да, сапалы білім, саналы тәрбиені тал бойына сіңірген жас ұрпақ ұлт тірегі болары анық. Сол себепті де   5-сыныпқа сынып жетекшілік қызметін атқарып келем. Білім мен тәрбиені ұштастыру мақсатында сыныбымда тәрбие саласында түрлі жұмыстар жүргіземін. Атап айтсам, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық – зор байлық», өзін-өзі тәрбиелеу бағытында «Біз болашақтың гүліміз», адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ана өмір шуағы», патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Қарағанды облысынан шыққан батырлар» , «Елін сүйген, жерін сүйген Елбасы» т.б. ашық тәрбие сағаттарын өткіздім. «Наурыз-думан» онкүндігіндегі атқарған іс-шаралар да жас ұрпақ тәрбиесі үшін жасалған жақсы шара болғандығын атап өткім келеді. Мектепте «Абай оқулары» және «Мұқағали оқулары» іс-шаралары өз дәрежесінде өтіп тұрады. Сондай-ақ, жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Тілдер фестивалі» шаралары да осы жолда жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы дей аламын.

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы ойшыл Әбунасыр Әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген екен. Ұлы ойшыл айтқандай, адамды жеке тұлға ретінде танытатын оның бойындағы барлық қасиеті ғана емес, сонымен қатар оның өзін-өзі танытуға деп қойған мақсатына ұмтылысы да ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады.

Мұғалім қажеттіліктің  туындауына ықпал ететін мына шарттарды атап өткім келеді.

–       қайшылықтарды  жеңе білу.

–       өзінің жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерін танып білу.

–       іс-әрекеттің біріккен түрін қолдана білу.

Оқыту процесінің өзекті мәселелері шеңберіндегі шығармашылық сипаттағы таңдалған тақырыптар әр мұғалімнің көздеген мақсатына қол жеткізу үшін тиімді ізденіс жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып жүргізе білуге мол мүмкіндік туғызады. Мектептің «Алғырлар» атты кәсіби желілік қоғамдастығын құра отыра, қала мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс істеуге, шығармашылық ой бөлісуге жол ашылды.

Қорыта айтқанда, ел болашағы - жастарды білімді, жан – жақты, шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру үшін оқыту мен оқуда жаңа әдістерді тәжірибеге батыл енгізу қажет, ал әрбір құзіретті мұғалім өз идеясын жүзеге асыруда ізденуге ерінбеу керек. Сондықтан мен бұл жұмыcымды жүйелі түрде жалғастырамын деп алдағы уақытқа мақсат етіп қойып отырмын.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі : Садихина А.Д.

Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық техналогияларды оқып үйренеді, меңгереді, тәжірибеде қолданады, оны дамытып нәтижесін тексереді.

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден бір шарты мұғалімнің ізденімпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, инновациялық түрлі тәсілдерді, педагогикалық білімдерді жетілдіре отырып, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті болуы керек. «Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі негізінде өткен сабақтар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық және ұжымдық бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады.

Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы оқытудың тиімділігі сол, әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ, бұлар бір-бірімен өзара өте тығыз байланысты болып келеді. Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін алдымен сыни тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек, оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау, үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану, бір-бінің  жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары: оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады, сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды, оқушылар өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады, мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынастар орнайды, сонымен қатар оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін, түсіну сезімдерін арттыру, сауатты жазу, мәнерлеп оқу, мағыналы сөйлеу, өлең шығару, эссе жазу, тағы да басқа көптеген қасиеттерін дамытып қалыптастыруға болады.

Қорыта келе менің мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым-оқушыларға  ұлттық педагогикалық тәрбие және білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша  жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру-әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп санаймын. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» деп Стронг айтқандай, ұстаздық білімділікпен қоса ізденпаздықты, дарындылық, ұйымдастырушылық, тағы да көптегенқұндылықтарды талап ететін маман иесі. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз-оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.

Жаңа педагогикалық техналогиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Оны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашылдық» яғни «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз-іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету-педагогиканың ең асыл заты негізгі ойды түсіну болып табылады. Негізгі ойды түсініп шығармашылық көзқараспен қараған мұғалім техналогия бойынша жұмыс атқара алады.

Оқу үрдісіндегі болып жатқан жаңалықтың өзі мұғалім қауымынан талап етіп отырған бетбұрыс, ол сындарлы оқытуға негіздеу болып табылады. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.

Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауда ықпалы зор. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. Олар оқушының креативті ой-санасын дамытып ойлануды үйретеді. Сондықтан сабақ барысында «ойлап табыңыз», «құрастырыңыз», «салыстырыңыз», «түзетіңіз», «дәлелдеңіз», «жинақтаңыз», «мағынасына қарай бөліңіз» деген тапсырмаларды ұсынуды қажет етеді.

Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Сыни тұрғыдан  ойлау бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау, көбінесе, қарсы пікір айтуға баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үрдісі төмендегі мәселелерді қамтиды: -дәлелдеуді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды; -ақпараттар жинауды; т.б. Сыни тұрғыдан ойлау- бұл кез келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау-бұл саналы мағынаны іздеу, өзінің көзқарасымен ғана шектелмей, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндікқате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуь оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.(МАН)

Ол шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениетті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын педагогикалық үрдістің нәтижесін жаңарта алатын мұғалім болуы керек.

Мектептегі еңбек жолымды Қарағанды облысы Нұра ауданы Талжанов орта мектебінде 2004 жылы бастауыш мұғалімі болып бастадым. Ал, осы мектепте 2009 жылдан бері жұмыс жасап келемін.

Әдістемелік тақырыбым: «Көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру».

Мұғалім – мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің  білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес.

Мұғалімдердің ортақ мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің  де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек.

Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын өзіміз оқытып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде заманауи оқыту технологиясының элементтерін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі   қолданып отыруға тырысамын.

ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол кісінің айтқанындай «жаңадан жаңаны» тауып жатпасам да, өзіме таныс жаңа технологияларды сабақтарыма кіріктіре отырып, жас буынға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісіне бар ынтамды салып келе жатырмын. Оның дәлелі ретінде соңғы үш жылдағы өткізген ашық сабақтарымды алға тартар едім. Атап айтсам: 6-сыныпта «Көсемшенің түрленуі»,  9-сыныпта «Асан қайғы. Еділ бол да, Жайық бол», «Бұқар жырау. Тілек», 8-сыныпта   «Толымды және толымсыз сөйлемдер» атты ашық сабақтарым мен соңғы екі жыл көлемінде өткізген пән бойыншасыныптан тыс мектепішілік «Абай оқулары-2012, 2013» және «Мұқағали оқулары-2013» іс-шаралары өз дәрежесінде өтті. Сондай-ақ, жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Тілдер фестивалі» шаралары да осы жолда жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы дей аламын.

Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру – оның рухани әлемін байыту, жеке дарындылығын дамыту. Осы мақсатқа жету жолында да аз жұмыстар жасалған жоқ.

Оқушылар пәндік олимпиадалар мен аудандық «Абай, Мұқағали оқуларына» үнемі қатысып отырады. 2012-2013 оқу жылында аудандық қазақ тілі олимпиадасында Галан Т. ІІ орын, 2013-2014 оқу жылында аудандық «Абай оқуларында» Ермекова Г ІІІ орын, Қажымхан Д «Белсенділігі» үшін марапатталса, 4 сынып оқушысы Сумин Д, аудандық қазақ тілі олимпиадасында «Белсенділігі» үшін марапатталды. Ал, 8 сынып оқушысы Өмірбек Ақбота  аудандық  пән олимпиадасы «Жарқын болашаққа» қатысып І орынға ие болды. Биылғы 2014-2015 оқу жылында аудандық пән олимпиадасына 8 сынып оқушысы Шамеш Алтыннұр қатысып, ІІІ орынды иеленіп келді.



Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шынында да, сапалы білім, саналы тәрбиені тал бойына сіңірген жас ұрпақ ұлт тірегі болары анық. Сол себепті де  2012 жылдан бері бүгінгі 8-сыныпқа сынып жетекшілік қызметін атқарып келем. Білім мен тәрбиені ұштастыру мақсатында сыныбымда тәрбие саласында түрлі жұмыстар атқарып келемін. Атап айтсам, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық – зор байлық», өзін-өзі тәрбиелеу бағытында «Біз болашақтың гүліміз», адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ана өмір шуағы», патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Ақмола облысынан шыққан батырлар» , «Елін сүйген елбасы» т.б. ашық тәрбие сағаттарын өткіздім. Оған қоса бастауыш сынып мұғалімі Құрмет Нұрсолтанұлымен бірігіп өткізген мектебіміздегі «Наурыз-думан» онкүндігіндегі атқарған іс-шаралар да жас ұрпақ тәрбиесі үшін жасалған жақсы шара болғандығын атап өткім келеді.

Сонымен қатар сынып оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс және мектепішілік іс-шараларға тұрақты әрі белсенді қатысып отырамыз.

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы ойшыл Әбунасыр Әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген екен.

Ұлы ойшыл айтқандай, адамды жеке тұлға ретінде танытатын оның бойындағы барлық қасиеті ғана емес, сонымен қатар оның өзін-өзі танытуға деп қойған мақсатына ұмтылысы да ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады.

Мұғалім шығармашылығының кәсіби іс – әрекетіне  деген қажеттіліктің  туындауына ықпал ететін мына шарттарды атап айтқан жөн.

–       қайшылықтарды  жеңе білу.



–       өзінің жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерін танып білу.

–       іс-әрекеттің біріккен түрін қолдана білу. Оқыту процесінің өзекті мәселелері шеңберіндегі шығармашылық сипаттағы таңдалған тақырыптар әр мұғалімнің көздеген мақсатына қол жеткізу үшін тиімді ізденіс жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып жүргізе білуге мол мүмкіндік туғызады. Мұғалімнің беделі өсіп, білім сапасы жақсарады. Елдің, жердің қамын ойлар жас буын тәрбиеленеді. Олардың білімге, ғылымға деген құлшынысы артады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет