1-бап. Негiзгi ұғымдар



Дата11.07.2016
өлшемі300.2 Kb.
#191747
Мемлекеттiк қызмет туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 453 Заңы



МАЗМҰНЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасуға үмiткер азаматтарға кәсiптiк даярлығының деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк лауазымға сәйкес келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
      2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
      3) лауазымдық өкiлеттiк – мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiн нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген құқықтар мен мiндеттер;
      4) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты – мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының лауазымдық өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн сыныптамалық сипаттамасы;
      5) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда лауазымдық өкiлеттiктердi тұрақты кәсiптiк негiзде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
      6) мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi;
      7) мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
      8) мемлекеттiк лауазым – нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер мен лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген мемлекеттiк органның құрылымдық бiрлiгi;
      9) мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттiк қызметшi;
      10) мүдделер қақтығысы – мемлекеттiк қызметшiнiң жеке басының мүдделiлiгi мен оның өз лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң арасында осы заңды мүдделерге зиян келтiре алатын қайшылық туындайтын жағдай;
      11) ротация – мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң арасында лауазымдық ауыстыру.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдар

      Мемлекеттiк қызмет туралы заңдар Конституциядан, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      3-бап. Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет:
      1) заңдылық
      2) қазақстандық патриотизм;
      3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
      4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
      5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсiби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
      6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
      7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiлiктiлiгi;
      8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу;
      9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшiлерi үшiн мiндеттiлiгi;
      10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
      11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
      13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
      14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
      15) мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi.
      2. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.

      4-бап. Осы Заңның қолданылуы

      1. Осы Заң барлық мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заң актiлерiнде олар үшiн өзгедей құқықтық мәртебе белгiленген жағдайлар қосылмайды.
      2. Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк қызметшiге жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

      5-бап. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi


             орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi

      1. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, мемлекеттiк қызмет саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, оған мыналар:


      1) мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      2) мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;
      3) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және бекiту;
      4) мемлекеттiк қызмет қызметшiлерi жөнiндегi республикалық деректер базасын қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк қызмет кадрлары жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарына орналастыру үшiн кадрлар резервiн қалыптастыру;
      5) мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, оларды әлеуметтiк-құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      6) Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн және осы Заңға сәйкес өзге де актiлердi әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;
      7) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлер даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде де, мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      8) мемлекеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды және мемлекеттiк қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiру;
      8-1) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн берiлген тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастауға келiсiм беру;
      9) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      10) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды атқаруға арналған конкурстарды өткiзу тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;
      10-1) кандидаттың қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келуi бөлiгiнде мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға тағайындауға келiсу;
      10-2) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң лауазымдық нұсқаулығын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн айқындау;
      11) мемлекеттiк органдардың осы Заңды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзу;
      12) мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың қолданылу мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың iс-әрекетi мен шешiмiне жасалған шағымдарын қарау;
      13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгiну;
      14) мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу;
      14-1) мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтердiң сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жүктеледi.
      2. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi органдардың бiрыңғай жүйесiн уәкiлеттi орган мен оған бағынысты аумақтық бөлiмшелер құрады.
      Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.
      2-1. Уәкiлеттi органның облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада тәртiптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. P990218
      3. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң шешiмдерi бұйрықтар нысанында ресiмделедi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08. N 75 (2-1-тармақтың күшi 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi; қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); 2011.07.05 N 452-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлетiн) Заңдарымен.

      6-бап. Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi

      Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi өз құзыретi шегiнде:
      1) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне байланысты шешiмдерiн ресiмдейдi, қызметшiлердiң жеке iстерiн жүргiзедi, мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек кiтапшаларына (қызмет ету тiзiмдерiне) қажеттi жазбалар енгiзедi;
      2) мемлекеттiк қызметшiлердiң заңда белгiленген шектеулердi қабылдауы туралы келiсiмiн жазбаша нысанда белгiлейдi (өзiне қабылдаған шектеулердi бұзған жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабардар етедi);
      3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың құқықтық жағдайының мәселелерi жөнiнде ақыл-кеңес бередi, мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулердiң сақталуын бақылайды;
      4) уәкiлеттi органға ұсыну үшiн бос лауазымдар тiзiмiн, бос лауазымдарды толтыру жөнiнде өтiнiмдер және өзге де қажеттi ақпарат дайындайды;
      5) мемлекеттiк қызметшiлердi оқытуды, қайта даярлауды (қайта мамандандыруды) және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      6) заңдарда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық жағдайы

      7-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн саралау

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кiредi.
      2. Саяси лауазымдарға:
      1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары; (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз U020828)
      2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары;
      2-1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментiн (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратын) басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшi, оның орынбасарлары;
      3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттiк саяси қызметшiлер;
      4) орталық атқарушы органдарды басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз U990317)
        Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер үшiн лауазымдар санаттары
белгiленедi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      4. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер үшiн лауазым санаттары белгiленбейдi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2007.07.27 N 315, 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      8-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары

      Мемлекеттiк қызметшiнiң:
      1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
      2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
      3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
      4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
      5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
      6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
      7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
      8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
      9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
      10) бiлiктiлiгi мен қабiлетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескерiле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
      11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз U990321)
      12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
      13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
      14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
      15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
      16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар. (РҚАО-ның ескертуi: қараңыз V001202)

      9-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер:
      1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
      2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге;
      3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
      4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
      5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;
      6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
      7) заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;
      8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
      9) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де  құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;
      10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
      11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
      12) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      12-1) өздерiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздерi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
      13) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға мiндеттi.
      2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң осы Заңда белгiленген негiзгi мiндеттерiнен туындайтын нақты мiндеттерi бiлiктiлiк талаптар негiзiнде айқындалады және қызметтiк нұсқаулықтарда көрсетiледi.
      Қызметтiк нұсқаулықтарды мемлекеттiк органның басшысы бекiтедi, ол осы өкiлеттiктердi жауапты хатшыға, мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына беруге құқылы.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2011.07.05 N 452-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлетiн) Заңдарымен. Заңдарымен.

      10-бап. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты


               шектеулер

      1. Мемлекеттiк қызметшiнiң:


      1) өкiлдi органдардың депутаты болуға;
      2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;
      3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, егер "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;
      4) үшiншi тұлғалардың iстерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттiк органда өкiл болуға;
      5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;
      6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
      7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.
      2. Мемлекеттiк қызметшi қызметке кiрiскеннен кейiн бiр ай iшiнде коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өзiнiң меншiгiндегi үлестi (акциялар пакеттерiн) және пайдаланылуы табыс табуға әкелетiн өзге де мүлiктi мемлекеттiк қызмет өткеру уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сенiмгерлiк басқаруға беруге мiндеттi, бұған осы адамға заңды түрде тиесiлi ақша, сондай-ақ мүлiктiк жалдауға берiлген мүлiк қосылмайды. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады. Мемлекеттiк қызметшi мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн нотариат куәландырған күнiнен бастап он күн мерзiмде жұмыс орны бойынша кадр қызметiне бередi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерiн, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiн қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлердiң өздерiне тиесiлi облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенiмдi басқаруға бермеуiне болады.
      Мемлекеттiк қызметшiнiң сенiмгерлiк басқаруға берiлген мүлiктен кiрiс алуға құқығы бар.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерiн, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiн қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлер тұрғын үйлерiн мүлiктiк жалдауға беруге құқылы.
      3. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.
      3-1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен шектеулер көзделуi мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк қызметке:
      1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;
      2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;
      3) бiлiктiлiк талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;
      4) өзiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;
      5) жұмыстан босату түрiндегi тәртiптiк жазаны қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрер алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған;
      6) мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
      6-1) мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
      6-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
      6-3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;
      7) мемлекеттiк қызметке кiру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамдарды қабылдауға болмайды.
      5. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.09.25 N 484, 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.07.21 N 308, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2009.12.08 N 226-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  3-тарау. Мемлекеттiк қызметке кiру

      11-бап. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру

      Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының


заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.

      12-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру құқығы

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.
      Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметшiнiң мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуы ол тиiстi бос тұрған лауазымға қойылатын  бiлiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттiк қызметшiнiң және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмiмен конкурстық iрiктеусiз ауысу тәртiбiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жыл iшiнде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған жағдайда, ауыстыру тәртiбiмен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасуына жол берiлмейдi.
      3. Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, өз өкiлеттiгiн кемiнде алты ай орындаған және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      4. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгiлеуге жол берiлмейдi.
      5. Осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық iрiктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдаған лауазымды адам осы Заңның 28-бабында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      13-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде қойылатын


               талаптар

      1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға:


      1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
      2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;
      3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
      3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      5. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын мемлекеттiк органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгi бiлiктiлiк талаптары негiзiнде әзiрлейдi және бекiтедi.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.

      14-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға


             арналған конкурс

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi.


      2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткiзудiң шарттары мен тәртiбiн, оның iшiнде конкурстық комиссия құру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттiк орган не Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша уәкiлеттi орган конкурс өткiзу туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде хабарландыру жарияланғаннан кейiн өткiзедi.
      Конкурс орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнде және ведомстволарда өткiзiлген кезде хабарландырулар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады. Жергiлiктi мемлекеттiк органдарда конкурс өткiзу туралы хабарландырулар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.
      3-1. Егер конкурс белгiлi бiр жұмыс мерзiмiмен бос тұрған орынға өткiзiлетiн болса, онда жасалғалы отырған еңбек шартының жағдайы конкурсты өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлуге тиiс.
      4. Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысуға құқығы бар.
      5. Алынып тасталды - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.
      6. Конкурстық комиссияның шешiмi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға не мұндай лауазымға кiруге бас тартылуға негiз болып табылады.
      7. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.
      8. Тағайындауға құқығы бар адам жарияланған лауазымға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны қабылдауға мiндеттi. Бұл орайда мемлекеттiк қызметке кiру үшiн заңдарда көзделген талаптар сақталуға тиiс.
      9. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған, бiрақ ол мемлекеттiк қызмет үшiн ұсынған конкурсқа қатысушылар уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi құратын кадрлар резервiне тiркелуi мүмкiн.
      10. Кадрлар резервiне тiркелген конкурсқа қатысушылар оларды тiркеу күнiнен бастап бiр жыл iшiнде қосымша конкурстан өтпестен тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналаса алады.
      11. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.06.04 N 204, 2003.03.11 N 393, 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  4-тарау. Мемлекеттiк қызмет өткеру және қызметтiк мансап

      15-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға кiру кезiндегi
               сынақ

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке алғаш рет немесе қызметiн тоқтатқаннан кейiн жаңадан қабылданған, сондай-ақ жоғары дәрежелi санаттағы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылданған азамат үшiн үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгiленуi мүмкiн.


      2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi дәлелдi себептермен қызметте болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.
      3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесiмен келiсе отырып, сынақ, мерзiмiнен өтпеген адам ретiнде жұмыстан шығарылуы мүмкiн.
      4. Егер сынақ мерзiмi өтiп, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi мемлекеттiк қызметтi жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып саналады және сынақ мерзiмi мемлекеттiк қызмет стажына есептеледi. Одан кейiнгi жұмыстан босатуға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша ғана жол берiледi.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      16-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi


               аттестаттау

      Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер олардың кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттiк органдарда кемiнде 20 жыл жұмыс стажы бар мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер тестiлеуге жатпайды. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тәртiбi мен талаптарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.


      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      17-бап. Жұмыс уақыты

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес белгiленедi.
      2. Тұтас алғанда мемлекеттiк органның немесе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң қалыпты (үздiксiз) жұмысы әрi қарай жедел атқарылуына байланысты болатын шұғыл және күнi бұрын болжанбаған жұмысты орындау үшiн орган басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның жазбаша өкiмi бойынша жұмысы Республиканың еңбек заңдарына сәйкес өтелетiн, демалыс және мереке күндерi қызметке келуге мiндеттi жекелеген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер тартылуы мүмкiн.
      Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      18-бап. Iссапарлар кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылар

      1. Мемлекеттiк қызметшiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен қызметтiк, оның iшiнде шет мемлекеттерге, iссапарларға арналған шығындары өтеледi.
      Мемлекеттiк қызметшiлерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген iссапарда болған уақытына тәулiкақы алуға, көздеген жерiне барып-қайту жөнiндегi шығындарға, тұрғын үй-жай жалдау жөнiндегi шығындарға кепiлдiктер мен құқығы тиесiлi болады.
      2. Iссапарға жiберiлген мемлекеттiк қызметшiлердiң iссапардың бүкiл уақыты бойы жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.
      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.

      18-1-бап. Ротация

      Мемлекеттiк қызметте мемлекеттiк саяси қызметшiлердi ротациялау жүзеге асырылуы мүмкiн. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi ротациялаудың тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      18-2-бап. Мүдделер қақтығысы

      1. Егер мүдделер қақтығысы бар болса, мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыруына тыйым салынады.
      2. Мемлекеттiк қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиiс.
      3. Туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте мемлекеттiк қызметшi өзiнiң тiкелей басшысына немесе мемлекеттiк органның басшылығына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
      Тiкелей басшысы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға, оның iшiнде:
      1) оған байланысты мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқаруды басқа адамға тапсыруға;
      2) мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң келiсiмi бойынша оны басқа лауазымға ауыстыруға тиiс.
      4. Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
      Ескерту. Заң 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      19-бап. Мемлекеттiк қызмет өткерудiң өзге де мәселелерi

      Мемлекеттiк қызметтен өтудiң осы Заңмен реттелмеген өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ережемен реттеледi.
      Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.

      20-бап. Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi

      1. Мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк лауазымдарға орналасу үшiн мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi қалыптастырылады.
      2. Кадрлар резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi туралы ережемен реттеледi.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

  5-тарау. Мемлекеттiк қызметшiлердi қамсыздандыру

      21-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу

      1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне төленетiн ақы қызметтiк мiндеттерiн сөзсiз және тиянақты атқаруы үшiн жеткiлiктi материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттiк органдарды бiлiктi және тәжiрибелi кадрлармен жасақтауға жәрдемдесуге, олардың адал да бастамашыл еңбегiн ынталандыруға тиiс.


      2. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
      Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Еңбекке ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаржылары есебiнен не Ұлттық Банк қаржысынан төленедi.
      Бюджет қаржысының қысқаруы жалақыны, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де кепiлдiктердi, жеңiлдiктердi және өтемақыларды қаржыландыруды азайту үшiн негiз бола алмайды.
      4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы мен оларға төленетiн басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен индекстелуге тиiс.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.

      22-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң демалысы

      1. Мемлекеттiк қызметшiлерге сауықтыру үшiн екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде жәрдемақы төленiп, ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалыс берiледi.
      2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн демалыс оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк қызметшiге жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк орган басшысының не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның шешiмi бойынша жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақыртылып алынуы мүмкiн. Пайдаланылмаған демалыстың қалған бөлiгi мемлекеттiк  қызметшiге тиiстi жылдың басқа кез келген уақытында берiледi не келесi жылғы демалысына қосылады.
      5. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi ауыстырылған жағдайда не мемлекеттiк саяси қызметшiнiң басқа мемлекеттiк лауазымға тағайындалуына байланысты, егер мемлекеттiк қызметшi бұрынғы жұмыс орнында демалысын пайдаланбаған болса, жаңа жұмыс орнындағы ақы төленетiн жыл сайынғы демалысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн берiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      23-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеу

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн:
      1) бiржолғы ақшалай сыйақы беру;
      2) алғыс жариялау;
      3) бағалы сыйлықтармен марапаттау;
      4) сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеудiң өзге де нысандары арқылы көтермеленуi мүмкiн.
      2. Мемлекеттiк қызметшiлер ерекше еңбек сiңiргенi үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапатталады.

      24-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк


               қорғау шаралары

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.


      2. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесi тегiн берiледi. Жер учаскесiн беру шарттарын Республика Үкiметi белгiлейдi.
      3. Мемлекеттiк қызметшiлер және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi белгiленген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетудi пайдаланады.
      4. Мемлекеттiк орган таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер жаңадан құрылған не басқа мемлекеттiк органда өздерiнiң бiлiктiлiгiне сай жұмыспен қамтамасыз етiледi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмыстан босатылады. Бұл орайда мемлекеттiк органдарда кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленедi.
      Мемлекеттiк органның штаты (саны) қысқарған жағдайда мемлекеттiк қызметшiге мемлекеттiк органдардағы жұмыс стажы үш жылдан кем болмаған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерiнде шығу жәрдемақысын төлеу жүргiзiледi.
      5. Мемлекеттiк қызметшi қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерiне мемлекеттiк органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа жалақысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi, бұл орайда жәрдемақының мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгеннен төмен болмауы керек.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393 Заңымен.

      25-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және


               әлеуметтiк қамсыздандыру

      Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.



6-тарау. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi
тоқтатуы

      26-бап. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң отставкаға


               шығуы және қызметтен босатылуы

      1. Отставка дегенiмiз мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша арызы негiзiнде жүзеге асырылады.


      2. Отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан дәлелдi бас тартылады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тартылу туралы шешiм жазбаша арыз берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады. Саяси қызметшi отставкадан бас тартылған жағдайда қызметтiк өкiлеттiгiн атқаруды жалғастыруға тиiс және оның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қызметтен босауға құқығы бар.
      3. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер Конституцияда, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша отставкаға шығады.
      4. Лауазымдық өкiлеттiгiн өрескел бұзу, мемлекеттiк қызметте болуға лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттiк саяси қызметшiнiң отставкаға шығуы үшiн негiз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшiн негiз болады. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен босатудың негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
      4-1. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық жасағаны үшiн бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдау мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметiн тоқтатуға негiз болып табылады.
      5. Осы Заңның 7-бабының 2-тармағында аталған лауазымды адамдар отставкаға шығу құқығы бар лауазымды адамдар және отставкаға шығуға мiндеттi лауазымды адамдар болып табылады.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2007.07.21 N 308 Заңдарымен.

      27-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң


               мемлекеттiк қызметтi тоқтатуының негiздерi

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн:


      1) олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi;
      1-1) тараптардың өзара келiсуi бойынша еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттiк қызметте болу мерзiмiн жыл сайын ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуы;
      2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;
      3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi;
      4) осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы;
      5) меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi;
      6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
      7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;
      7-1) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi;
      7-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдауы;
      7-3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтатуы;
      7-4) мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтердi беруi;
      7-5) мемлекеттiк лауазымға тағайындалу кезiнде осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;
      8) осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымды конкурстан тыс атқаруы;
      9) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
      9-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудiң терiс нәтижелерi;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздемелер негiз болып табылады.
      1-1. Осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5), 7), 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшаларына сәйкес жұмыстан босатылған адамдар терiс себептермен босатылған болып танылады.
      2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi босатуды мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылдауға құқығы бар тиiстi лауазымды адамы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      3. Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң уәкiлеттi органға шағымдануға, сондай-ақ өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.
      4. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң ауысуы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жаңадан тағайындалған мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң бастамасы бойынша атқарып отырған лауазымдағы мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн негiз бола алмайды.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2005.07.08 N 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.05.15 N 253, 2007.07.21 N 308, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

  7-тарау. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарды бұзу үшiн


жауаптылық

      28-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылығы



      1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, терiс себептермен жұмыстан босатуға әкеп соғатын тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен жұмыстан босатқаны, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ осы Заңда белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге тәртiптiк жазалар:
      1) ескерту;
      2) сөгiс;
      3) қатаң сөгiс;
      4) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;
      4-1) қызметiн төмендету;
      5) атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн.
      1-1. Мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жазаның мынадай түрлерi:
      1) қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту;
      2) лауазымын төмендету;
      3) атқаратын қызметiнен босату қолданылады.
      Қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi тәртiптiк жаза лауазымын төмендету түрiнде тәртiптiк жаза қолдану мүмкiн болмаған кезде қолданылады.
      Лауазымын төмендету түрiндегi тәртiптiк жаза төмен тұрған бос мемлекеттiк лауазым болған және мемлекеттiк қызметшi осы лауазымға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген кезде қолданылады.
      Атқаратын қызметiнен босату түрiндегi тәртiптiк жаза сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген негiздер бойынша қолданылады.
      2. Тәртiптiк жазаны:
      1) лауазымдық өкiлеттiгiне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданады;
      2) нақ сол терiс қылық үшiн қайтадан қолдануға болмайды;
      3) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленетiн тәртiппен қолданады.
      3. Тәртiптiк лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнi оны тағайындаған басшы белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк қызметшi өз iс-әрекетiнiң заңсыздығы үшiн жауап бередi. Атқару үшiн алынған өкiмнiң заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнiнде ол өзiнiң тiкелей басшысына және өкiмдi берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкiмдi жазбаша растаған жағдайда мемлекеттiк қызметшi, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиiс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға мiндеттi. Мемлекеттiк қызметшiнiң заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн осы өкiмдi растаған басшы жауап бередi.
      5. Мемлекеттiк қызметшiлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауапты болады.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.03.11 N 393, 2003.09.25 N 484, 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       28-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды


                  және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын
                  құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк
                  жаза қолдану мерзiмдерi

      1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.


      2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкiн.
      3. Мемлекеттiк қызметшiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiне, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн жұмыстан босатылуына, демалыста, iссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында бiр жылдық және үш айлық тәртiптiк жаза қолдану мерзiмi еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрады.
      Ескерту. 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.09.25 N 484 Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       29-бап. Мемлекеттiк қызметшiлер құқықтарының оларды


               тәртiптiк жауапқа тарту кезiндегi кепiлдiгi

      1. Мемлекеттiк қызметшi өзiн тәртiптiк жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен мiндеттi түрде таныстырылуға тиiс, оған қызметтiк тексеру рәсiмiне жеке өзiнiң қатысу құқығы берiледi.


      2. Жауапқа тартылушы мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның iс-әрекетi мен шешiмдерiне уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен не сотқа шағым жасай алады.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

8-тарау. Қорытынды ережелер

      30-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi

      Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет