Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « » _______
№ ______ қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылау және қадағалау саласында басшылықты және реттеуді жүзеге асыратын (бұдан әрі – реттелетін сала), салааралық үйлестіруді, стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында көліктегі, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары бар, ведомстволары жоқ.
3. Агенттік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер Агенттікке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан әрекет етуге құқығы бар.
7. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. Агенттіктің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан орны – 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі» мемлекеттік мекемесi.
11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
13. Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Миссиясы:
Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша заңнаманың сақталуын және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру.
15. Міндеттері:
1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
3) тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және сақтауды бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
4) реттелетін саладағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
5) тамақ өнімдерін сату сатысында оған қатысты, сондай-ақ тұтынушыларға сатылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге қатысты өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігіне және сапасына шағымы бар тұтынушылар жүгінген жағдайда, стандарттау бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
6) Агенттікке өзінің құзыреті шегінде жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16.Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметіне реттелетін саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
2) реттелетін саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
3) мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қауымдастықтармен реттелетін саладағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл;
4) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халық тұрмысының ерекше шарттары болатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу;
5) мынадай:
тексерулердің, бақылаудың өзге нысандарының және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды;
міндетті лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне өз құзыретінің шегінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
6) мынадай:
адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда, сондай-ақ техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін, халықтың пайдалануы мен қолдануына, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған және/немесе техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге;
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда және/немесе техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 200 қаулысымен бекітілген «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен белгіленетін жағдайларды қоспағанда йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салу;
7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
8) мынадай:
Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді өз құзыретінің шегінде сақтауды;
реттелетін саладағы мемлекеттік саясатты іске асыруды;
реттелетін саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды және жобаларды, стратегиялық жоспарларды іске асыруды;
өз құзыретінің шегінде ұлттық қауіпсіздікті;
тамақ өнімдерін сату сатысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
9) мынадай:
өз құзыретінің шегінде тағамнан уланулар, инфекциялық, паразиттік және басқа да аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды;
республиканың аумағын инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды;
санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу;
10) мыналарды:
реттелетін салада кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды;
реттелетін салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
11) мынадай:
тиісті аумаққа инфекциялық, паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін әлеуетті қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда Кеден одағының кедендік шекарасына сай келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде халықтың денсаулығы үшін қауіп төндіретін жолаушыларды, экипаждарды, поезд бригадаларын, көлік құралдарын, жүктерді санитариялық-карантиндік бақылаудың санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын жүргізуді және;
жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивтік, қауіпті, химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарын, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау шарттарын тексеруді;
Қазақстан Республикасы Үкіметіне мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізе отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметіне мониторингті және талдауды;
реттелетін саладағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді;
өз құзыретінің шегінде лицензиялануға жататын қызмет түрлеріне лицензия берумен байланысты қызметті және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республиканың аумағында реттелетін саладағы мемлекеттік қадағалау мен бақылауды;
Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және азық-түлікпен жанасатын материалдарды және бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсерін тигізетін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді қайтарып алуды;
тұрғындарға профилактикалық егулерді ұйымдастыру мен жүргізілуін бақылауды;
дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарын және тағамға биологиялық активті қоспаларды практикаға енгізуге және оларды қолдануға бақылауды;
йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуына бақылауды және қадағалауды;
тиісті деректер банкін жасай отырып, тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, есепке алу мен статистиканы жүргізуді;
инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылауды;
өз қызметінің саласында ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функцияларын;
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды;
тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.
12) Қазақстан Республикасының реттелетін саладағы заңнамасын жетілдіру бойынша шараларды қабылдау;
13) мыналарды:
өз құзыретінің шегінде реттелетін саладағы нормативтік құқықтық актілерді;
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлеу және келісу;
14) мынадай:
әкімшілік құқық бұзушылық және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы істерді;
тұтынушылардың құқықтары мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
15) мынадай:
радиоактивті заттар мен изотоптарды пайдалана отырып, рентген жабдығының, аспаптарды және жабдықтардың импортын;
есірткі заттары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттардың импортын (экспортын) келісу;
16) Қазақстан Республикасының реттелетін саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтар анықталуына байланысты мынадай актілер шығарылады:
объектіні тексеру актісі және (немесе) субъектіні тексеру актісі;
Қазақстан Республикасының реттелетін саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықты жою туралы ұйғарым;
санитариялық-эпидемияға қарсы, профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы;
жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулы;
халықтың пайдалануы мен қолдануына, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнiмдердi әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу туралы қаулы;
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда және/немесе техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін шикізаттардың, өнімдердің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, үдерістердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға, өткізуге тыйым салу туралы қаулы;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулы;
17) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін бағалауды зерделеу үшін қажетті материалды сұрату, сондай-ақ осы өнімнің құнына өтемақы төлемей, оны жүргізу үшін қажетті көлемнен аспайтын және жеткілікті көлемдерде өнімдердің үлгілерінің сынамаларын алу және іріктеу жүргізу;
18) жобалардың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу;
19) мынадай:
реттелетін саладағы даму тұжырымдамаларын, стратегияларын, жоспарларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеу бойынша;
Қазақстан Республикасының реттелетін саласындағы заңнамасын бұзатын олар қабылдаған актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы;
санитариялық-эпидемияға қарсы, профилактикалық іс-шараларды, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша және санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды реттеу бойынша халықтың жекелеген топтарына профилактикалық егулерді жүргізу туралы ұсыныстар енгізу;
20) мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының реттелетін саласындағы заңнамасын бұзушылықты жою туралы орындауға міндетті ұйғарымдарды беру;
21) Қазақстан Республикасының реттелетін саладағы заңнамасының бұзушылық фактілерін қарау үшін жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың лауазымды адамдарын тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі органдарға шақыру;
22) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануды тоқтата тұру немесе қолдануға тыйым салу;
23) мыналарды:
инфекциялық және паразиттік аурулардың таралудың әлеуетті көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық аурумен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттете отырып, зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін оларды медициналық тексеруге;
инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды көрсеткіштері бойынша емдеуге жіберу;
24) реттелетін салада мемлекеттік қызмет көрсету;
25) мынадай:
аурудан еркін немесе аурудың таралу деңгейі төмен аумақты немесе оның бөлігін;
бюджеттен қаржыланатын Агенттікке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің басымды бағыттарын және олардың жұмыстарының (қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау;
26) мыналарды:
тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында қадағалауды және бақылауды;
Қазақстан Республикасының аумағында реттелетін саладағы радиациялық бақылауды жүзеге асыру.
27) мыналарды:
инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулыны;
тауарлар мен қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, оларды өз құзыретінің шегінде заңнамада көзделген тәртіппен және мерзімде қарау;
28) тұтынушыларға сатылатын өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасына жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын құзыретіне өтініште қойылған сұрақтарды үш жұмыс күнінен кешіктірмей ол туралы бір уақытта өтініш берушіге хабарлай отырып, шешу кіретін мемлекеттік органдарға жіберу;
29) реттелетін саладағы нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектілерді пайдалануды тоқтата тұру;
30) мыналарды:
біліктілік санаттарын бере отырып, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі білімі бар мамандар үшін біліктілік емтихандарын;
реттелетін салалардағы заңнаманың бұзушылығын тексеруді жүргізу;
31) заңнама көзделген жағдайларда ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау бойынша есептерді қарау, келісу және бекіту;
32) халықты міндетті түрде вакцинациялауды, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында алдын алу және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізуді талап ету;
33) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен шектеу іс-шараларын, оның ішінде жекелеген объектілерде карантин белгілеу;
34) санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемін белгілеу және өзгерту;
35) мынаған:
өз құзыреті шегінде жобаларды мемлекеттік сараптауға;
реттелетін саладағы мәселелер бойынша республикалық және өңірлік семинарлар, ғылыми-практикалық конференцияларды, бюджетті жоспарлауға және орындауға, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
36) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімін жүргізу;
37) құзыретінің шегінде өнімдерге, тауарларға, үдерістерге, қызметтерге арналған мемлекеттік және халықаралық стандарттардың, жобалау нормаларының жобаларын келісу;
38) басқа елдердің санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын, егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, балама деп тану;
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке және заңды тұлғалардан реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
2) мыналарды:
реттелетін саладағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын;
аумақтық органдар мен ұйымдардың негізгі қызмет, республикалық бюджетті жоспарлау және атқару мәселелері бойынша жұмысын;
Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың бюджеттен тыс қызметін үйлестіру;
және реттелетін саладағы, оның ішінде мемлекеттік құпиялар, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар (бұдан әрі – АҚ және ТЖ) мәселелері бойынша қызметті үйлестіру және бақылау;
3) жеке және заңды тұлғалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы органдардың лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе ұйғарымдарды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;
4) мыналарды:
АҚ және ТЖ жұмысын жоспарлауды;
реттелетін саладағы аумақтық органдар мен ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
5) реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;
6) консультативтік-кеңесші және сараптау комиссияларын құру;
7) қаржылық есептілікті құрастыру және бухгалтерлік есепке алуды жүргізу;
8) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
9) Қазақстан Республикасының реттелетін саласындағы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;
10) басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргізуге тарту;
11) қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыру, реттелетін салада ғылыми қолдауды үйлестіру;
12) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыру;
13) реттелетін салада кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
14) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдарды (келісімдерді) жасасу.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
18. Агенттікке басшылық етуді Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
19. Агенттіктің төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
20. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Агенттік төрағасының өкілеттіктері:
1) Агенттікті Қазақстан Республикасы Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда білдіру;
2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және қол қою;
3) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
4) Агенттікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау.
Агенттік төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттігін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның орынбасары жүзеге асырады.
22. Агенттіктің төрағасы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
23. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппараттың басшысы басқарады.
4. Агенттіктің мүлкi
24. Агенттіктің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Агенттіктің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк есебiнен, сондай-ақ өзінің қызметі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер нәтижесінде алынған (ақша табысын қоса алғанда) мүлік есебінен қалыптасады.
25. Агенттікке бекiтілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
26. Агенттіктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңда өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар
1) Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2) Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары
1. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Шығыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Жамбыл облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Батыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Қарағанды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Қостанай облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Павлодар облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Солтүстік Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Оңтүстік Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
14. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Орал қалалық дезинфекция станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
16. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Петропавл қалалық дезинфекция станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
17. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
18. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Шымкент қалалық дезинфекция станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
19. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
20. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
21. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Агенттіктің қарамағындағы аумақтық бөлімшелері бар аумақтық органдардың тізбесі
1) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті:
Ақкөл ауданының басқармасы;
Аршалы ауданының басқармасы;
Астрахан ауданының басқармасы;
Атбасар ауданының басқармасы;
Бұланды ауданының басқармасы;
Егіндікөл ауданының басқармасы;
Еңбекшілдер ауданының басқармасы;
Ерейментау ауданының басқармасы;
Есіл ауданының басқармасы;
Жақсы ауданының басқармасы;
Жарқайың ауданының басқармасы;
Зеренді ауданының басқармасы;
Қорғалжын ауданының басқармасы;
Сандықтау ауданының басқармасы;
Степногор қаласының басқармасы;
Көкшетау қаласының басқармасы;
Целиноград ауданының басқармасы;
Шортанды ауданының басқармасы;
Бурабай ауданының басқармасы;
2) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті:
Ақтөбе қаласының басқармасы;
Әйтеке би ауданының басқармасы;
Алға ауданының басқармасы;
Байғанин ауданының басқармасы;
Ырғыз ауданының басқармасы;
Қарғалы ауданының басқармасы;
Қобда ауданының басқармасы;
Мәртөк ауданының басқармасы;
Мұғалжар ауданының басқармасы;
Темір ауданының басқармасы;
Ойыл ауданының басқармасы;
Хромтау ауданының басқармасы;
Шалқар ауданының басқармасы;
3) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті:
Ақсу ауданының басқармасы;
Алакөл ауданының басқармасы;
Балқаш ауданының басқармасы;
Еңбекшіқазақ ауданының басқармасы;
Ескелді ауданының басқармасы;
Жамбыл ауданының басқармасы;
Іле ауданының басқармасы;
Қарасай ауданының басқармасы;
Қаратал ауданының басқармасы;
Кербұлақ ауданының басқармасы;
Көксу ауданының басқармасы;
Панфилов ауданының басқармасы;
Райымбек ауданының басқармасы;
Сарқант ауданының басқармасы;
Талғар ауданының басқармасы;
Ұйғыр ауданының басқармасы;
Қапшағай қаласының басқармасы;
Талдықорған қаласының басқармасы;
Текелі қаласының басқармасы;
4) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті:
Атырау қаласының басқармасы;
Жылыой ауданының басқармасы;
Индер ауданының басқармасы;
Исатай ауданының басқармасы;
Қызылқоға ауданының басқармасы;
Құрманғазы ауданының басқармасы;
Мақат ауданының басқармасы;
Махамбет ауданының басқармасы;
5) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті:
Өскемен қаласының басқармасы;
Семей қаласының басқармасы;
Аягөз ауданының басқармасы;
Абай ауданының басқармасы;
Бесқарағай ауданының басқармасы;
Бородулиха ауданының басқармасы;
Глубокое ауданының басқармасы;
Жарма ауданының басқармасы;
Зайсан ауданының басқармасы;
Зырянов ауданының басқармасы;
Қатонқарағай ауданының басқармасы;
Көкпекті ауданының басқармасы;
Курчатов қаласының басқармасы;
Күршім ауданының басқармасы;
Риддер қаласының басқармасы;
Тарбағатай ауданының басқармасы;
Ұлан ауданының басқармасы;
Үржар ауданының басқармасы;
Шемонаиха ауданының басқармасы;
6) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті:
Тараз қаласының басқармасы;
Байзақ ауданының басқармасы;
Т. Рысқұлов атындағы ауданының басқармасы;
Жамбыл ауданының басқармасы;
Жуалы ауданының басқармасы;
Қордай ауданының басқармасы;
Мерке ауданының басқармасы;
Мойынқұм ауданының басқармасы;
Сарысу ауданының басқармасы;
Талас ауданының басқармасы;
Шу ауданының басқармасы;
7) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті:
Орал қаласының басқармасы;
Ақжайық ауданының басқармасы;
Бөкейорда ауданының басқармасы;
Бөрлі ауданының басқармасы;
Жаңақала ауданының басқармасы;
Жәнібек ауданының басқармасы;
Зеленов ауданының басқармасы;
Қазталов ауданының басқармасы;
Қаратөбе ауданының басқармасы;
Сырым ауданының басқармасы;
Тасқала ауданының басқармасы;
Теректі ауданының басқармасы;
Шыңғырлау ауданының басқармасы;
8) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті:
Абай ауданының басқармасы;
Ақтоғай ауданының басқармасы;
Бұқар жырау ауданының басқармасы;
Жаңаарқа ауданының басқармасы;
Қарқаралы ауданының басқармасы;
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының басқармасы;
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының басқармасы;
Нұра ауданының басқармасы;
Осакаров ауданының басқармасы;
Ұлытау ауданының басқармасы;
Шет ауданының басқармасы;
Балқаш қаласының басқармасы;
Жезқазған қаласының басқармасы;
Қаражал қаласының басқармасы;
Приозер қаласының басқармасы;
Саран қаласының басқармасы;
Сәтбаев қаласының басқармасы;
Теміртау қаласының басқармасы;
Шахтинск қаласының басқармасы;
9) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті:
Алтынсарин ауданының басқармасы;
Амангелді ауданының басқармасы;
Әулиекөл ауданының басқармасы;
Денисов ауданының басқармасы;
Жангелді ауданының басқармасы;
Жітіқара ауданының басқармасы;
Қамысты ауданының басқармасы;
Қарабалық ауданының басқармасы;
Қарасу ауданының басқармасы;
Меңдіқара ауданының басқармасы;
Наурызым ауданының басқармасы;
Сарыкөл ауданының басқармасы;
Таранов ауданының басқармасы;
Ұзынкөл ауданының басқармасы;
Федоров ауданының басқармасы;
Арқалық қаласының басқармасы;
Қостанай қаласының басқармасы;
Қостанай ауданының басқармасы;
Лисаковск қаласының басқармасы;
Рудный қаласының басқармасы;
10) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті:
Арал ауданының басқармасы;
Қазалы ауданының басқармасы;
Қармақшы ауданының басқармасы;
Жалағаш ауданының басқармасы;
Сырдария ауданының басқармасы;
Шиелі ауданының басқармасы;
Жаңақорған ауданының басқармасы;
Қызылорда қаласының басқармасы;
11) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті:
Ақтау қаласының басқармасы;
Жаңаөзен қаласының басқармасы;
Маңғыстау ауданының басқармасы;
Түпқараған ауданының басқармасы;
Бейнеу ауданының басқармасы;
Қарақия ауданының басқармасы;
Мұнайлы ауданының басқармасы;
12) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті:
Павлодар қаласының басқармасы;
Ақсу қаласының басқармасы;
Екібастұз қаласының басқармасы;
Баянауыл ауданының басқармасы;
Ақтоғай ауданының басқармасы;
Железин ауданының басқармасы;
Ертіс ауданының басқармасы;
Қашыр ауданының басқармасы;
Лебяжі ауданының басқармасы;
Май ауданының басқармасы;
Павлодар ауданының басқармасы;
Успен ауданының басқармасы;
Шарбақты ауданының басқармасы;
13) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті:
Петропавл қаласының басқармасы;
Айыртау ауданының басқармасы;
Ақжар ауданының басқармасы;
Аққайың ауданының басқармасы;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының басқармасы;
Есіл ауданының басқармасы;
Қызылжар ауданының басқармасы;
Мағжан Жұмабаев ауданының басқармасы;
Жамбыл ауданының басқармасы;
Мамлют ауданының басқармасы;
Тайынша ауданының басқармасы;
Тимирязев ауданының басқармасы;
Уәлиханов ауданының басқармасы;
Шал ақын ауданының басқармасы;
14) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті:
Арыс қаласының басқармасы;
Бәйдібек ауданының басқармасы;
Қазығұрт ауданының басқармасы;
Мақтаарал ауданының басқармасы;
Отырар ауданының басқармасы;
Ордабасы ауданының басқармасы;
Сайрам ауданының басқармасы;
Сарыағаш ауданының басқармасы;
Созақ ауданының басқармасы;
Төле би ауданының басқармасы;
Түлкібас ауданының басқармасы;
Шардара ауданының басқармасы;
Шымкент қаласының Абай ауданының басқармасы;
Кентау қаласының басқармасы;
Түркістан қаласының басқармасы;
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының басқармасы;
Шымкент қаласының Еңбекші ауданының басқармасы;
15) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті:
Алматы қаласы Алатау ауданының басқармасы;
Алматы қаласы Әуезов ауданының басқармасы;
Алматы қаласы Алмалы ауданының басқармасы;
Алматы қаласы Бостандық ауданының басқармасы;
Алматы қаласы Жетісу ауданының басқармасы;
Алматы қаласы Медеу ауданының басқармасы;
Алматы қаласы Түрксіб ауданының басқармасы;
16) Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті;
17) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Көліктегі департаменті:
Ақтөбе бөлімшелік басқармасы;
Алматы бөлімшелік басқармасы;
Атбасар бөлімшелік басқармасы;
Атырау бөлімшелік басқармасы;
Жамбыл бөлімшелік басқармасы;
Жаңаарқа бөлімшелік басқармасы;
Защита бөлімшелік басқармасы;
Қарағанды бөлімшелік басқармасы;
Көкшетау бөлімшелік басқармасы;
Қостанай бөлімшелік басқармасы;
Қызылорда бөлімшелік басқармасы;
Маңғыстау бөлімшелік басқармасы;
Павлодар бөлімшелік басқармасы;
Семей бөлімшелік басқармасы;
Орал бөлімшелік басқармасы;
Шымкент бөлімшелік басқармасы.
Агенттіктің қарамағындағы
мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы.
2. Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы.
3. Атырау обаға қарсы күрес станциясы.
4. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы.
5. Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы.
6. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы.
7. Орал обаға қарсы күрес станциясы.
8. Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы.
9. Шымкент обаға қарсы күрес станциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |