жеткіліксіз болуы қажет. ОНЖ-нің барлық бөлімдерінде ПКҚГ пайда болуы
мүмкін.
Есеп: Лимфобластты жіті лейкоз
5 билет(скорее всего)
1.
Трофогендер (грек. trophe - қорек, қоректену) - аксондардың ұштарында
өндірілетін және синапстық саңылауларға түсіп, жасушаларды нервтендіретін,
сонымен бірге, оларға трофикалық әсер беретін макромолекулалық заттектер
(негізінен нәруыздар). Трофогендер иннервацияланған жасушалардың функциялық
қасиетін, заттек алмасу ерекшеліктерін, ультрақұрылымын және олардың
дифференциациялануын айқындайды.
2.
Ишемиялық инсульт (мидың инфаркты) (лат. infarcire - толтыру, набивать) –
бас миы немесе мойын артерияларының бітелуінен және бас миы тіндерінің өлуі
салдарынан, мидың белгілі бір бөліктерінің қанмен қамтамасыз етілуінің кенеттен
тоқтауы. Бұл клиникалық синдром ошақтық немесе жалпы милық бұзылыстардың
дамуымен сипатталады.
3.
Паркинсонизм - ОНЖ кейбір құрылымдардың дофаминдік нейрондарының тез
ыдырауы және олардың өлуімен сипатталатын созылмалы 110 нейродегенеративті
аурулар тобы. Түрлері: біріншілікті паркинсонизм (идиопатиялық, Паркинсон
ауруы), 75-80%-да кездеседі және екіншілікті паркинсонизм (дәрілік,
метаболизмдік, тамырлық, уыттық, өспелік). Қолдардың дірілдеуі, қозғалыстың
баяулауы, қимылды бастаудың қиындауы, бұлшықет тонусының жоғарылауы,
сіреспелілік, жүргенде тепе-теңдікті сақтай алмауы, деменция байқалады.
4.
Перифериялық (енжар, атониялық) паралич - перифериялық нейрондардың кез
келген бөліктері: жұлын-мидың алдыңғы мүйізі, түбі, өрімі, перифериялық
нервтері, сонымен бірге, қозғалыс бассүйек нервтері мен олардың ядросы
зақымданғанда дамиды. Бұлшықеттердің тонусының және рефлекстердің әлсіреуі,
гипертрофия мен атрофияның дамуы байқалады. Салданудың таралуы шектелген.
5.
Достарыңызбен бөлісу: