1 билет
1.
Альцгеймер ауруы - біріншілікті дегенерациялық деменцияның ең таралған түрі,
ол пресенильді жаста немесе қарттарда біртіндеп басталып, сипатталады, ми
қыртысының қызметінің және есте сақтау қабілеттінің бұзылыстарының үдеуімен
сипатталады. Ми қыртысының атрофиясы, ми қатпарларының тарылуы, ми
жылғаларының тереңдеуі, бас миы көлемінің кішіреюі және салмағының азаюы
тән. Морфологиялық ерекшелігіне сенильді түйіндер мен нейрофибриллярлық
шумақтарды жатқызуға болады. Негізінен ми қыртысының самай-төбе, маңдай
бөліктеріндегі және белдеме қатпарларындағы нейрондар зақымданады.
2.
Денервациялық синдром
(лат. de – жоқтық + грек. neuron - нерв) - постсинапстық
нейрондарда, ағзалар мен тіндерде иннервация жоқ жағдайда болатын
өзгерістердің жиынтығы. Осы денервацияланған құрылымдардың медиаторларға,
биологиялық белсенді заттектерге, фармакологиялық дәрідәрмектерге
сезімталдығының артуы тән. Сонымен бірге, денервация кезінде иннервациясы жоқ
ағзалар мен тіндердің бүлдіруші факторларға резистенттілігі төмендейді.
3.
Инсульт (лат. insilio - шабуылдау) - ошақтық (қимыл-қозғалыстық, сөйлеу,
сезімталдық, координациялық, көру және басқа бұзылыстар) және/немесе жалпы
милық (сана сезімнің өзгеруі, бас ауруы, құсу) неврологиялық симптомдардың
кенеттен (бірнеше минут, сағат аралығында) дамуымен сипатталатын ми
қанайналымының жіті бұзылуы (МҚЖБ). Бұл кезде симптомдар 24 сағаттан аса
сақталады немесе цереброваскулалық патологиялардың салдарынан қысқа уақыт
ішінде науқас қайтыс болады.
4. Орталықты (спазмдық) салдану (пирамидалық жеткіліксіздік) - ми
қыртысындағы қозғалыс зонасының немесе перифериялық қозғалыс
нейрондарымен байланысқан нерв жүйесінің кез келген бөлігінің зардапталуынан
туындайды. Бұлшықет тонусының жоғарылауы, сүйекқап және сіңір
рефлекстерінің күшеюі, патологиялық рефлекстердің пайда болуы тән. Салданудың
таралуы диффузды түрде байқалады.
5. Эпилепсия (қояншық) (грек. epilepsia - ұстап қалу) – бұл нейрондардың тым
қуатты электрлік белсенділігінен туындаған, қайталанатын ұстамалармен
сипатталатын, вегетативті, сезу, ойлау, психикалық және қимыл-қозғалыс
қызметтерінің бұзылыстарымен сипатталатын мидың созылмалы ауруы.
Патогенезінің негізінде жасуша мембранасында пароксизмалық деполяризацияның
өзгерісін туындататын мидың үлкен жартышарындағы нейрондардың
мембраналарының спонтанды ауытқуы жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |