1-билет Гольджи аппаратының құрылысы жǝне қызметі, оның синтездегі, сеĸрет шығарудағы жǝне ĸлетĸаға басқа заттарды өтĸізудегі рөліне анықтама беріңіз


-билет 1)Пластидтердің құрылысы мен түрлеріне түсінік беріңіз



бет16/79
Дата29.04.2024
өлшемі161.36 Kb.
#500112
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79
шпор цитооо

7-билет
1)Пластидтердің құрылысы мен түрлеріне түсінік беріңіз.
Пластидтер − өсімдік жасушасының негізгі органоиді. Олар үшке бөлінеді: хлоропластар, хромопластар және лейкопластар.
Хлоропласт (грек. chloros — жасыл және plastos − соғып жасау) − фотосинтез процесін жүзеге асыратын өсімдіктердің клеткаішілік органоиды. Жарықсыз өсірген өсімдіктерде болатын этиопластар жарықтың әсерінен жасыл түске боялып, хлоропластға айналады. Осы айналу барысында ішкі мембрана қатпарлана өсіп тилакоид (бір қабат мембранадан тұратын жұқа құты-қапшық) түзеді. Тилакоидтар өзара топтасып граналар пайда болады. Тилакоидты граналар жуып, дестелеп қойған тостаған-табақшаны елестетеді. Онда пигменттер, электрон тасымалдағыш тізбек және ферменттер шоғырланады. Тилакоидты граналардан бос кеңістікті строма деп атайды. Хлоропласт тилакоидты граналардың саны бірнешеу. Оларды өзара стромалық тилакоид жалғастырып тұрады. Стромада фотосинтездің биохимиялық реакциялары жүреді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде хлоропласт сопақша, линза тәрізді. Оның ұзындығы 5 − 10 мкм, ені 2− 3 мкм. Әр клеткада шамамен 20−30-дай хлоропласт болса, балдырларда мөлшері өте үлкен, формасыз 1−2 данасы ғана болады. Хлоропласт жасушасында АТФ молекуласы және көмірсулар синтезделеді.
Хромопластар (хромо… және грек. plastos − сомдалған) − ішкі құрылысы онша айқындалмаған, пигмент әсерінен сары, қызғылт сары, қызыл, кейде қызыл қоңыр түске боялған өсімдік клеткасы протоплазмасында болатын пластидтер. Хромопластардың пішіні шар, ұршық, орақ тәрізді болады. Хромопластардың түсін әр түрлі пластидтерде шоғырлану пішіні бірдей емес пигмент − каротиноид қамтамасыз етеді. Біреулерінде пигменттер белокты-липидті мембранада ыдырайды; екіншілерінде белок фибриллаларында жинақталады, ал үшіншілерінде кристалл түрінде болады. Хромопластарда қос мембрана болады, олардың көмегімен цитоплазмадан ажырайды. Хромопластардың биологиялық маңызы зор, мұның құрамында биологиялық белсенді заттар − май ыдыратқыш D, E, K витаминдері және А1 провитамині, сондай-ақ тотықтырғыш және гидролиздік фермент болады. Хромопластар көбінесе жасыл хлоропластан, кейде реңсіз лейкопластардан не хондриосомадан (пішіні таяқша, түйіршік, жіп тәрізді екі мембранадан түзілген клеткаішілік тұрақты органоид) түзілуі мүмкін. Хромопластар айқас тозаңданатын өсімдіктердің жәндіктер арқылы тозаңдануын, жемістерінің құс арқылы таралуын жеңілдетеді.
Лейкопластар (гр. leukos− ақ және plastos − жасалған) − өсімдік жасушасындағы түрлі пішіндегі, (шар тәріздес, сопақ, эллипса тәріздес және т.б.), түссіз пластидтер. Көптеген жағдайларда күн сәулесінен қалтарыста жатқан ағзаларда, тамырда, түпте, тамырсабақтарда, тұқымда, сирек жарықтандырылатын өсімдіктерде кездеседі. Лейкопластар қабықшасы екі мембранадан тұрады. Лейкопластың ДНҚ-сы, рибосомы, сонымен қатар қордағы заттардың синтезделуін және гидролизделуін жүргізетін ферменттері бар. Лейкопласттардың физиологиялық орыны, органикалық заттарды синтездеу. Қайталанған крахмалды синтездеуші және жинақтаушы Лейкопластар амилопласт деп, майларды синтездеуші, элайопласт деп, белоктар, протеинопласт деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет