1. Биофизика туралы түсінік
2. Биофизиканың негізгі бөлімдері
3. Жасушаның молекулалық құрамы. Органикалық заттар.
4. Жасушаның химиялық құрамы. Неорганикалық заттар.
5. Ақуыздар, ақуыздардың функциональды кластары.
Биофизика — биологиялық заңдылықтарды адам
қауымдастығы тұрғысынан қарастыратын жалпы биология ғылымының бір тармағы болып
табылады.
2.1 Биофизиканы 3 аймаққа бөледі: молекулалық биофизика, жасуша биофизикасы, күрделі
жүйелер биофизикасы. Молекулалық биофизика функциональды молекулалардың, әсіресе ақуыздар мен нуклеин қышқылдардың физика – химиялық қасиеттерін және құрылысын оқып үйретеді.
Жасушалық биофизика нерв импульсінің таралуы мен генерациялауын, бұлшықеттің жиырылуын, фотобиологиялық құбылыстарды (фотосинтез жарық рецепциясы, көру), арнайы тітіркендіргіштерді адам рецепторларымен (кванттық,молекулалық, жасушалық деңгейлерде) физикалық және физика – химиялық механизмдерін қабылдайтын сезім мүшелер биофизикасын қарастырады
Күрделі жүйелер биофизикасы көбінесе биофизиканың теориялық аймағына жатады, ол биологиялық үрдістердің физика - математикалық модельденуі және жалпы проблемалард қарастыруға арналады.
Су – барлық тірі ағзалардың басым бөлігін алып жатады, жасушаларда судың орташа
мөлшері 70%-н құрайды. Көмірсулар жасушада жуықтап алғанда 5% -н құрайды. Негізгі 3 кластары бар:моносахаридтер, олигосахаридтер және полисахаридтер. Тірі ағзаға кіретін көптеген заттардың ішінде ерекше орын алатын ақуыздар (жасушаның
жалпы массасының 60%-н құрайды).
Жасушада Менделеевтің периодты жүйесінің 109 элементі бар екені анықталды, әсіресе жасушада 4 элемент ерекше байқалады – оттегі (65-75%), көміртегі (15-16%), сутегі (8-10%), азот (1,5-3%). Осылардың қосындысы жасуша құрамының 98%-н құрайды. Келесі топты 8 элемент құрайды, жасушада олар ондық және жүздік пайызбен есептеледі. Олар күкірт, фосфор, хлор,калий, магний, натрий, кальций, темір. Нәтижесінде олар 1,9%-ды құрайды. Басқа қалған элементтер жасушада аз мөлшерде болады (0,1%-дан аз).
Жиырылатын және қозғалмалы – ағзаны немесе жасушалардың жиырылу мүмкіндігін жүктейді, формасын немесе қозғалғыштығын өзгертеді (актин, миозин, тубулин) Транспорттық – арнайы молекулалар мен иондарды бір мүшеден екіншісіне тасымалдайды және байланыстырады (гемоглобин, мембраналық ақуыздар Рецепторлы – сыртқы орта туралы ақпаратты жасуша рецепторлар арқылы қабылдайды (нерв қозуы кезінде маңызды роль атқарады) және т.б
Медицина мен диагностикада көптеген өлшеулер физикалық шамалардың өлшемдері
болып табылады. Сандық диагностикада ол дене температурасы, қан қысымы биопотенциалдардың уақыттық тәуелділігі, көздің оптикалық күші, қан тұтқырлығы, суд
медициналық экспертизада қолданылатын спектрлік сараптаммасы және басқалары болуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |