Құрметті студент!
(тапсырма тек ҚОТ бойынша оқитын студенттеріне арналған)
5-бағаланатын тапсырма
І.
І.
а) «Көркем шығарма тілі», «Шығарманың поэтикалық тілі», «Айшықтау тәсілдер» деген теориялық ұғымдарға не жатады?
ә) Айшықтау (фигура) тәсілдеріне қандай теориялық ұғымдар жатады, оның анықтамасын З.Қабдоловтың «Сөз өнері» еңбегінен тауып жазыңыз.
б) Айшықтау тәсілдерінің неше түрі бар?
ІІ.
«Көркем шығарма тілі», «Шығарманың поэтикалық тілі», «Айшықтау» деген теориялық ұғымдармен танысып, З.Қабдоловтың «Сөз өнері» еңбегінде берілген үлгі мысалдармен таныса отырып, өзіңіз таңдау бойынша алған авторлар шығармаларынан поэтикалық құралдарға, яғни ажарлаушы тәсілдерге: теңеу, эпитет, құбылту (троптар) тәсілдеріне: арнау, (оның түрлері), қайталау (оның түрлері) анафора, эпифора, шендестіру (антитеза), дамыту (градация), ауыстыру (инверсия) тәсілдерінің әрқайсысына 3 мысалдан теріңіз.
Ескерту: мысалдардың соңында мысал алынған автор, шығарма атауы, кітаптың беті міндетті түрде көрсетілуі керек. Ғаламтордан дайын мысалдарды алмауыңыз сұралады.
Әдебиеттер:
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Кітапта: А.Байтұрсынов. Шығармалары. 2003.
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. 1969.
Қабдолов З. Сөз өнері. 1992; 2002; 2006
Мақпырұлы С. Адамтану өнері. Алматы, 2009 ж.
Классикалық зерттеулер. Т.15 Әдебиет теориясы (1960-1970 жж.) –Алматы: 2013
Нұрғали Р. Шығармалар жинағы. Жеті томдық. Т.5 Әдебиет теориясы. – Астана: Фолиант, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |