Макроэкономика және микроэкономика. Макроэкономика



Дата20.02.2020
өлшемі72.28 Kb.
#448015
микро және макро экономика

Микро және макро экономика

Экономика ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика

Макроэкономика (грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) — макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді. Макроэкономика шеңберінде зерттелетін мәселелерге теориялық талдау жасалып қана қоймай, сонымен бірге, экономикалық саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Экономикалық саясаттың стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау, құралдарды таңдау, мақсаттарды үйлестіру — қазіргі заманғы макроэкономиканың аса маңызды құрамдас бөлігі;Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс-әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканыңтұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.

Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секілді ірі масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтін бөлігі. Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс-әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индектсі қолданылады.

Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фималар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгеі және өндіріс көлемінің өзгері қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканыңдамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.

Макроэкономика ғаламдық мәселелерді де зерттейді. Белгілі бір уақыт аралығында ұлттық экономиканың байлығы өсті ме, әлдекеміді ме? Қарастырып отырған мемлекеттегі халықтың қор жинағының мөлшері қандай? Неге кейбір мемлекеттерде инфляция бар, ал бағы тіреулерінде ол жоқ? Міне, осындай және тағы басқа да сұрақтарға макроэкономика жауап береді.Экономикалық өсу халық саныныңартуы және техникалық прогресс сияқты салыстырмалы тұрақты факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы факторлардың ұзақ мерзімдегі динамикасы әлеуітті өндіріс көлемінің динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзімді экономика осы негізгі траекториядан ауытқып отырады. Сол себепті тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшіносы циклдік толқуларды басқарып отыру қажет.Ресуртардыңтолық пайдаланылуы және экономиканыңифляциясыз өсуі мақсатында экономикалық циклдерді басқару макроэкономикалық саясат арқылы жүзеге асырылады. Макроэкономикалық саясат бюджет – салық немес қазыналық және ақша – несие немесе монетарлық саясаттан тұрады. Бюджет – салық саясаты сыртқы саудада, тек қана үкімет арқылы, ал ақша – несие саясаты .Орталық банк арқылы жүзеге асырылады. Осы қазыналық, монетарлық саясаттардың көмегімен мемлекет ішкі және сыртқы макроэкономикалық тұрақтылық орнатуға және оныұстап тұруға тырысады. Кез келген мемлекет экономикасы үшін макроэкономикалық саясатын қатесіз анықтау, онытаңдалған бағытта дұрыс жүргізу ең өзектіде басты мәселе болып табылады.

Макроэкономика териясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні – үй шарушылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарды шешім қабылдау және сол “берілген ” шарттарды өзара қызметтері арқылы қалыптастыру механиздері болып табылады. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып , макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлеміз:

1 – кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауының зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, формаларды әртүрлі экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;

2 – кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарыныңжиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстарталдауға түседі. Бұл кезеңде агрегаттталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктік пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі;

3 – кезеңде макроэкономикалық ақпартты талдау және жинауарқылы теорияның нақтымағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталғанақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмензерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.

Макроэкономикалық талдау және саясат тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айнымалылардың бір қатарлары бар.Макроэкономика экономикалық теорияның өзге жақтарымен, ең алдымен микроэкономикамен тығыз байланысты. Алайда, оның мультипликативтік және синергетикалық әсерлермен байланысты өзгешеліктері бар. Макроэкономика пәнінің ерекшелігіне мультипликативтік әсер жатады. Оның мәні мынада: экономикадағы өзгерістердің түпкі нәтижесі қосымша шығыстар мен депозиттер арқылы жүзеге асырылған бастапқы импульстің шамасынан көп есе асып түседі. Кейбір аса маңызды макроэкономикалық үрдістердің пайда болу көздерін анықтау әрі талдау оңайға түспейтін факторлардан туындайды. Синергетикалық әсер беретін экономикалық үдерістер арасындағы тікелей және кері байланыстар жүйесі макроэкономикалық теориялар мүддесінің аясынан табылады.

Келесі ірі макроэкономикалық мәселе инфляция болып табылады. Бұл — бағалардың жалпы деңгейінің тұрақты өсуі. Инфляция барлық ұлттық экономиканың, оның негізгі құрылымы мен азаматтары зиян шегетін күйреткіш «вирус» болып табылады. Одан көбіне тіркелген табысы мен осы мәмілеге тартылған активтерінің кірістілігін түзетуге құқықсыз ұзақ мерзімді мәмілелері барлар зиян шегеді.

Жоғарыда аталған мәселелермен (ЖІӨ деңгейі, инфляция, жұмыссыздық) макроэкономика пәні сарқылмайды. ЖІӨ серпіні және жұмысымен қамтуда экономиканың нақты секторы мәселелерінің біртұтас «шлейфі»: ресурстар бағалары, инвестициялар, жиынтық тұтыну, қорлану және т.б. байланысты. Мәселелердің күрделі кешені ақша секторымен, ақша айналысымен, банк жүйесімен, бағалы қағаздармен және т.б. байланысты. Ерекше орынды пайыздық мөлшерлеме, біріктіруші нақты және қаржылық секторлар (ақша және тауарлық нарықтар) алады. Оның үстіне қазіргі заманғы макроэкономика ұлттық экономиканың шет елдермен атқарымдық байланыстарын зерттейді, валюта бағамы, төлем балансы болып табылатын маңызды мәселелер қарастырылады.

Макроэкономикалық талдаудың тағы бір ерекшелігі бөліп көрсетілуі тиіс. Макроэкономиканың нормативті функциясы экономикалық саясатты әзірлеу мен жүзеге асыруда маңызды орын алады.

Микроэкономика – жекелеген экономикалық агенттердің мінез-құлықтары мен тəртіптерін зерттейтін ұтымды субъектілердің дербес шешім қабылдауларын қарастыратын экономикалық теорияның негізгі бір саласы. Микроэкономика түсінігі бір мағынада ғана қарастырылмайды, ол бір жағынан, жекелеген фирмалардың, үй шаруашылықтарының жəне салалардың өз қызметтерінің ынталарын іске асыру жөніндегі шешімдерін зерттейді, ал екінші жағынан, ресурстарды тиімді пайдалану жəне оларды орналастыру, тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу сияқты сұрақтарды да қарастырады.

Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын жүргізу өнері) – 1) кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың, тұтынушылардың мінез - құлқын бағалау мен зерттеуге негізделетін экономикалық талдау әдісі.Классикалық мектептің экономистері іргелі зерттеулер арқылы экономика ғылымының тармағы ретінде микроэкономикалық талдау жүргізді. Кейін микроэкономикалық талдаумен қатар Микроэкономика саласындағы зерттеулер біртұтас экономика ғылымын құрады;

2) экономика ғылымының шағын ауқымды үдерістеріне, субъектілерге, кәсіпорындарға, фирмаларға, кәсіпкерлерге, олардың шаруашылық қызметтеріне, олардың арасындағы экономикалық қатынастарға қатысты зерттеулермен байланысты бөлімі. Микроэкономикада негізінен тауар өндірушілер мен тұтынушыларға, олардың қажеттілік, баға, шығын, пайда ескерілетін өндіру,сату, сатып алу, тұтыну көлемі жөніндегі шешімдеріне баса назар аударылады. Микроэкономика субъектілердің нарықтық мінез - құлқын, олардың арасындағы қарым-қатынасты,өндірушілер, кәсіпкерлер және мемлекет арасындағы бөлісті, айырбасты, тұтынуды зерделейді. Микроэкономиканың негізгі бөлімдері: тұтынушы теориясы; фирма және нарықтық құрылым теориясы; монополия мен бәсеке мәселелері; мемлекет пен жекеше сектордың өзара іс-қимылы мәселелері;еңбек рыногін талдау, табысты бөлу мәселелері.



Микроэкономика жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, фирманың қызмет атқару механизімі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта және т.б. жағдайлар талданады. Микроэкономика дәрежеде қоғамдық дәрежедегі пропорцияларды анықтайтын бастапқы (алғашқы) пропорциялар қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет