1-бөлім. Жалпы ережелер


-бөлім. Клавишалы аспаптар өндірісі



бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#124991
1   2   3   4   5   6
3-бөлім. Клавишалы аспаптар өндірісі

13. Клавишалы аспаптардың бөлшектерін жасау жөніндегі автоматшы


Параграф 1. Клавишалы аспаптардың бөлшектерін

жасау жөніндегі автоматшы, 2-разряд


121. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояльдің механикасының қарапайым ағаш бөлшектерін қарапайым құрылғыларды пайдалана отырып арнайы автоматтар мен жартылай автоматтарда өңдеу;

пианино мен рояльдің механикасының қарапайым ағаш бөлшектерінде бір жазықтықта орналасқан тұтас және бітеу саңылау бұрғылау және фрезерлеу;

құрылғыларды орнату. әперіп тұратын механизмнің жұмысын және операцияның орындалу дәлдігін бақылау.

122. Білуге тиіс:

арнайы автоматтар мен жартылай автоматтардың мақсаты мен жұмыс қағидаты;

қарапайым құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен қолданылу шарттары;

шектеулер мен әдіптер, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері туралы негізгі мәліметтер, ағаш жыныстары.

123. Жұмыс үлгілері:

Өңдеу:


1) пианино механикасының капсюльдері

2) ілмектердің, рулейстиктердің капсюльдері;

3) контрфенгерлер;

4) пианино мен рояль механикасының ауслезерлік кіндігі;

5) демпферлік кіндік;

6) пилоттық кіндік;

7) рулейстик ілмектерінің біріктіруші бөліктері.

Параграф 2. Клавишалы аспаптардың бөлшектерін

жасау жөніндегі автоматшы, 3-разряд
124. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояльдің механикасының күрделілігі орташа ағаш бөлшектерін арнайы және әмбебап құрылғыларды пайдалана отырып арнайы автоматтар мен жартылай автоматтарда өңдеу;

бұранданыны қалыптау, қайрау, кесу және вирбельді бұрғылау;

вирбельді ұзындығы, диаметрі бойынша іріктеу, оларды бункерге салу;

шпиллерлік серіппені орау;

бөлшектерді өңдеу сапасын шаблонмен және калибрмен тексеру;

өңделген бөлшектерді клавишалы аспаптардың мензурасы бойынша жинақтау;

жабдықтарды тексеру және жұмысқа дайындау, кесу құралын орнату және ауыстыру.

125. Білуге тиіс:

арнайы автоматтар мен жартылай автоматтардың құрылысы мен дәлдігін тексеру ережесі;

күрделі бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолданылу шарттары;

ағаш жыныстары, ақаулықтары және физикалық-механикалық қасиеттері;

арнайы және әмбебап құрылғылардың құрылысы мен оларды пайдалану шарттары;

геометрия, фреза мен бұрғыны қайрау ережесі;

шектеулер мен әдіптер, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері.

126. Жұмыс үлгілері:

Өңдеу:

1) пианино мен рояльдің ауслезерлейстиктері;



2) рояльдің контрклавиатуралық бөренелері;

3) пианиноның контрфенгерлері;

4) пианино мен рояльдің фенгерлері

5) пианино фигуралары;

6) пианино мен рояльдің шпиллері;

7) пианино мен рояльдің шультері.

Параграф 3. Клавишалы аспаптардың бөлшектерін

жасау жөніндегі автоматшы, 4-разряд


127. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояльдің механикасының күрделі ағаш бөлшектерін күрделі әмбебап құрылғыларды пайдалана отырып арнайы автоматтар мен жартылай автоматтарда өңдеу;

клавишалы аспаптар механикасының ойнау және үн шығару сапасын анықтайтын күрделі және негізгі бөлшектерде әртүрлі бұрышта және әр түрлі жазықтықта орналасқан саңылауларды бұрғылау және фрезерлеу;

сынақ партиясын іске қосу және автоматта қалыпты жұмыс процессін анықтау;

бұрғылау бұрыштарын арнайы бұрыштық калибрлермен тексеру;

бөлшектерді өңдеу сапасын жоғары сыныпты дәлдік калибрлерімен бақылау;

автоматтарды реттеу және баптау;

күрделі әмбебап құрылғыларды баптау.

128. Білуге тиіс:

арнайы автоматтар мен жартылай автоматтардың кинематикалық схемасы, ретте, баптау ережесі;

автоматтар жұмыстарына қызмет көрсетуге қойылатын талаптар, әмбебап құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктері және пайдалану ережесі;

әмбебап бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, пианино мен рояль механикасы бөлшектерінің мақсаты және бөлшектерді өңдеу дәлдігінің аспаптың ойнау сапасына тигізетін әсері;

шектеулер мен әдіптер, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері.

129. Жұмыс үлгілері:

Өңдеу:

1) гаммербанкілер;



2) демпфергальтерлер;

3) капсюльдер;

4) рояль фигуралары;

5) шпиллерлейстиктер;

6) рояль шультерлері.

14. Клавишалы аспаптардың рамаларына қола жағушы


Параграф 1. Клавишалы аспаптардың рамаларына қола жағушы, 4-разряд
130. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояльдің металл рамасының оң бетіне қола жалатушы құрам мен эмальді қолмен немесе бүріккішпен жағу;

қола жалатушы құрам қабатын тегістеу;

металл рамасының оң бетін қола жалатушы құрамның үстінен қолмен немесе бүріккішпен лактау;

металл раманы қолмен тегістеу;

қола жалату сапасын тексеру және қолжетімділігі қиын жерлерге қайталап жағу;

лак, қола жалату құрамдары мен эмальді рецептілерге сәйкес термиялық өңдеу режимдері мен металл рамалар бетінің сапасын ескере отырып, дайындау.

131. Білуге тиіс:

пианино мен рояльдің металл рамасының оң бетіне қола жалатушы құрам мен эмаль жағудың әдіс-тәсілдері;

жұмыс құралын дайындау, бүріккіштердің құрылымдық ерекшеліктері;

лак, эмаль және қол құрамның физикалық-химиялық қасиеттері мен сорттары;

металл раманың өңделу сапасына қойылатын талаптар, технологиялық сақтау мерзімдері;

металл рамалардың негізгі өлшемдері, қаптау режимдері.

15. Музыкалық аспаптарды әбзелдеуші


Параграф 1. Музыкалық аспаптарды әбзелдеуші, 2-разряд
132. Жұмыс сипаттамасы:

клавишалы музыкалық аспаптардың механикасының бөлшектерін әбзелдеу бойынша қарапайым операцияларды орындау;

металл және ағаш бөлшектерді, мауыты және мақта-мата материалдарды жабыстыру;

мауыты тығындарды декатировкалау;

әбзелденетін бөлшектердің сапасын тексеру;

штифтіленген бөлшектердегі осьті майлау;

сулага мен арнайы құрылғыларды дайындау және орнату.

133. Білуге тиіс:

механика бөлшектерін әбзелдеу бойынша қарапайым операцияларды орындау әдістері мен тәсілдері;

механика бөлшектерінің атауы мен мақсаты;

әбзелдеу кезінде қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар, желімнің қасиеттері мен сорттары;

декатировкалауға арналған қоспаның құрамы мен мауытыны шөктіру дәрежесінің қоспа құрамына тәуелділігі.

134. Жұмыс үлгілері:

1) бентиктер- былғарыға таспа жабыстыру;

2) демпфергальтерлер - сымды нығыздау;

3) капсюльдер - жапсырмаларды маймен майлау, декатировкалау және әбзелдеу;

4) фигуралар – серіппені желімдеу және қалақшаларды нығыздау;

5) шультерлер – серіппені орнату.

Параграф 2. Музыкалық аспаптарды әбзелдеуші, 3-разряд
135. Жұмыс сипаттамасы:

клавишалы музыкалық аспаптардың механикасының бөлшектерін әбзелдеу бойынша күрделілігі орташа операцияларды орындау;

пианино механикасының ағаш бөлшектерін мауыты, мақта-мата, былғары және киіз материалдарды арнайы құрылғыларда қаптап жабыстыру;

металл бөлшектерді ағаш бөлшектерге рычагты құрылғыларда нығыздау;

бөлшектер мен капсюльдердің қосылған жеріндегі мауыты жапсырмаларды майлау және декатировкалау;

мауыты мен былғары жолақты қалыңдығы мен ені бойынша механиканы әбзелдеу үшін іріктеу;

желім ерітіндісін колері мен консистенциясы бойынша іріктеу;

серіппе жасау және бентиктерді арнайы құрылғыларды шабу, қылауларды кесу;

кесу құралын кесудің белгіленген кесу бұрышы бойынша қайрау.

136. Білуге тиіс:

клавишалы музыкалық аспаптардың механикасының бөлшектерін әбзелдеу бойынша күрделілігі орташа операцияларды орындау әдіс-тәсілдері;

арнайы құрылғылардың құрылысы мен мақсаты, пианино механикасының құрылысы;

механика бөлшектерінің мақсаты мен жұмыс қағидаты;

сызбаларды оқу, негізгі материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

олардың механиканың ойнау қасиеттері мен пианиноның үн шығару қасиеттеріне тигізетін әсері;

әбзелдеу ақаулықтары және оларды жою тәсілдері.

137. Жұмыс үлгілері:

1) пианино демпфергальтерлері-демпферлік қалақша мен шайбаның астына кирзаны жабыстыру;

2)пианиноның демпферлейстиктері, шпиллерлейстиктері мен ауслезерлейстиктері - айнала фильц жабыстыру;

3) пианино демпферлері – мауыты мен фильц жабыстыру;

4) пианино контрфенгерлері-кейіннен тіліп және бентик жабыстыра отырып былғары жабыстыру;

5) пианино фигуралары- фильц жабыстыру, металл бөлшектерді нығыздау;

6) пианино шультерлері-мауытымен, киізбен, былғары-велюрмен, кирзамен әбзелдеу.

Параграф 3. Музыкалық аспаптарды әбзелдеуші, 4-разряд


138. Жұмыс сипаттамасы:

клавишалы музыкалық аспаптардың механикасының бөлшектерін әбзелдеу бойынша күрделі операцияларды орындау;

тірегі бар төменгі фигураның тікенін, шпиллерді рояль механикасының біріктіруші бөлігімен арнайы қол құралдарымен жабыстыру;

рояль механикасындағы реттеу бұрандалары мен шайбаларды орнату. механиканың біріктіруші бөлшектерінің өзара орналасуын реттеу;

рояльдің әбзелденген бөлшектерін қолмен кесу;

механиканың әбзелденген бөлшектерін жинақтау;

жұмыстардың орындалуы сапасын Мемлекеттік стандарт бойынша бақылау.

139. Білуге тиіс:

клавишалы музыкалық аспаптардың механикасының бөлшектерін әбзелдеу бойынша күрделі операцияларды орындау әдіс-тәсілдері;

әмбебап және арнайы құралдарды, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен пайдалану ережесі;

клавишалы музыкалық аспаптардың механикасының, мауытыдан, киізден, кирзадан, былғары мен басқа да әбзелдеу материалдарынан жасалған дайындаманың ағаш және металл бөлшектерінің мемлекеттік стандарты мен техникалық шарттары;

рояль механизмінің кинематикасы, клавишалы музыкалық аспаптардың механикасын жасау кезінде қолданылатын ағаштың жынысы, қасиеттері мен ақаулықтары, кесу құралын қайрау геометриясы және түзету ережесі;

тиісті консистенциялы, температуралы және түсті желім ерітіндісін дайындау есептері мен тәсілдері;

әбзелдеу жұмыстарына арналған арнайы жабдықтардың жиынтығы, бөлшектерді жасау дәлдігінің аспаптың ойнау және дыбыстық қасиеттеріне тигізетін әсері;

әбзелдеу жұмыстарына әсер ететін аспаптардың ақаулықтары, оларды жою тәсілдері, шектеулер мен әдіптер, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері.

140. Жұмыс үлгілері:

1) рояльді механиканың шағын барабандары – толықтай әбзелдеу;

2) рояль механикасының демпферлері - толықтай әбзелдеу, аспап мензурасының ішектерінің хоралары бойынша жинақтау;

3) рояль механикасының контрклавиатурасының фигуралары – қорғасын құю;

4) рояль механикасының төменгі фигуралары - тұғырларын желімдеу;

5) рояль механикасының шультерлері - толықтай әбзелдеу.

16. Клавишалы аспаптарға арналған балғашаларды жасаушы


Параграф 1. Клавишалы аспаптарға арналған балғашаларды

жасаушы, 5-разряд


141. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояль механикасының балғашаларын жасау;

керн жиынтығын профилі бойынша іріктеу, керндер мен галтельдерді қиыстырып келтіру, керн жиынтығының галтельдерін желімдеу;

киізден жасалған дайындамаларды арнайы құрылғыда пішу. Киізді контршаблон бойынша кескіндеу;

кескінделген киізді ыстық нығыздау;

киіздің көлемдік салмағының азаюын және киізді керн галтеліне қатысты дәл орнату ескере отырып, балғашалар жиынтығын нығыздау және жабыстыру;

нығыздау режимін анықтау;

балғашалар жиынтығы дайындамасын тегістеу;

балғашалар жиынтығы дайындамаларын жекелеген балғашаларға арнайы құрылғымен кесу;

балғашалардың сапасын бақылау;

балғашалардың киіз басына арнайы ерітінді сіңдіру;

балғашаларды аспап мензурасы бойынша жинақтау;

желімді арнайы рецепті мен режим бойынша дайындау.

142. Білуге тиіс:

балғашалар жасаудың технологиялық процессі, нығыздауыштарды, құрылғыларды пайдалану шарттары және оларды баптау, бақылау-өлшеу аспаптары;

пианино мен рояльдің клавишалы механизмінің құрылысы;

клавишалы механизм мен пианино мен рояльдің балғашаларының мемлекеттік стандарты және техникалық шарттары;

ағаш жынысы, оның қасиеттері, ақаулықтары және балғашалар керндерінің сапасына тигізетін әсері;

желімнің құрамы және дайындау тәсілдері;

желімдеу және ұстау режимі, киіз дайындамаларды пішу, өңдеу және кескіндеу;

геометрия, кесу құралын қайрау, түзету ережесі;

балғалық киіздің шамамен алғандағы тығыздығын органолептикалық анықтау машықтары;

сызбаларды оқу, шектеулер мен әдіптер жүйесі, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері.

17. Клавиатурашы


Параграф 1. Клавиатурашы, 2-разряд
143. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояль клавиатурасының бөлшектері мен тораптарын жасау және құрастыру жөніндегі қарапайым жұмыстарды орындау;

клавиатуралық капсюль планкасының ойық саңылауларына мауыты жабыстыру;

клавиатуралық капсюль планкасын тегістеу;

капсюльдерді барлық регистрлердің клавишаларының нөмірлері бойынша іріктеу;

клавишаның бетін қылауларын ала отырып, тегістей отырып капсюл жабыстыруға дайындау;

клавиатуралық раманың артқы бөренесіне алдын ала жасалған белгі бойынша польстер жабыстыру.

144. Білуге тиіс:

пианино мен рояль клавиатурасының бөлшектері мен тораптарын жасау және құрастыру жөніндегі қарапайым жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдері;

желімдеу режимі және ұстау мерзімі, ұсталық құралдардың түрлері, оларды қайрау және түзету ережесі;

ұсталық желімнің түрлері мен қасиеттері;

бақылау-өлшеу аспаптары және оларды пайдалану ережесі;

ағаштың ақаулықтары мен қасиеттері;

клавиатураның бөлшектері мен тораптарының атаулары мен мақсаты, қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар.

145. Жұмыс үлгілері:

1) клавишалар – октавалары бойынша жинақтау;

2) клавиатуралық рамалар - шайбаларды орнату.

Параграф 2. Клавиатурашы, 3-разряд


146. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояль клавиатурасының бөлшектері мен тораптарын жасау және құрастыру жөніндегі күрделілігі орташа жұмыстарды орындау;

мауытыны клавиатуралық қалқанның алдыңғы ойық саңылауына жабыстыру;

клавиатуралық қалқанды клавишаларға аралау үшін шаблон бойынша белгілеу;

пианино клавишаларын арнайы таразыда дәлме-дәл өлшей отырып теңгерімдеу;

қорғасын пломбаларды клавишаларға нығыздау;

клавишалар мен клавиатураны қабат пен жиегі бойынша түзету;

клавишаның шпацилерін алдыңғы және ортаңғы штифтілер бойынша түзету;

құрылғыларды түзету және баптау;

кесу құралын қайрау және түзету.

147. Білуге тиіс:

пианино мен рояль клавиатурасының бөлшектері мен тораптарын жасау және құрастыру жөніндегі күрделілігі орташа жұмыстарды орындау әдіс-тәсілдері;

қолданылатын желімнің рецептурасы, құрастыру, желімдеу кезіндегі ақаулықтардың себептері;

қолданылатын аспаптардың құрылысы мен мақсаты;

клавиатура бөлшектерінің атауы мен мақсаты, ағаштың физикалық-механикалық қасиеттері, жынысы мен ақаулықтар;

ағашты өңдеу технологиясы туралы түсінік;

аспаптардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі.

148. Жұмыс үлгілері:

1) капсюльдер – желімдеу;

2) клавишалар - клавиатуралық рамамен құрастыру;

3) полутонналар - желімдеу.

Параграф 3. Клавиатурашы, 4-разряд


149. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояль клавиатурасының бөлшектері мен тораптарын жасау және құрастыру жөніндегі күрделі жұмыстарды орындау;

клавиатураның бөлшектері мен тораптарын қолмен, пневматикалық престер мен арнайы құрылғыларда желімдеу;

рейкаларды алдыңғы бөрененің ойығына біріктіру;

вагебанкті клавиатуралық раманың ортаңғы бөренесіне жабыстыру;

целлулоид жапсырманы тон клавишасына жабыстыру;

тораптарды құрастыру, жабыстыру сапасын бақылау, анықталған ақаулықтарды жою;

құрылғыларды баптау, реттеу;

кесу құралын қайрау және түзету.

150. Білуге тиіс:

пианино мен рояль клавиатурасының бөлшектері мен тораптарын жасау және құрастыру жөніндегі күрделі жұмыстарды орындау әдіс-тәсілдері;

пневматикалық пресстердің құрылысы мен баптау ережесі, арнайы құрылғылардың құрылысы мен оларды пайдалану ережесі;

пневматикалық престер мен арнайы құрылғылардағы бөлшектерді желімдеу режимдері;

клавиатураның ойнау сапасына ықпал ететін факторлар, клавиатураны жасау үшін қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар, ұсталық желім дайындау тәсілдері;

целлулоидтің сорттары мен қасиеттері, сызбаларды оқу.

151. Жұмыс үлгілері:

1) клавиатуралық рамалардың алдыңғы бөренесі – рейкаларды желімдеу;

2) клавиатуралық қалқандардың клецтері – желімдеу;

3) клавиатуралық рамалар - штифтілерді нығыздау.

Параграф 4. Клавиатурашы, 5-разряд


152. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояль клавиатурасының бөлшектері мен тораптарын жасау және құрастыру жөніндегі өте күрделі жұмыстарды орындау;

пианино мен рояль клавиатурасын қолмен және станокпен жасаған кезде барлық ұсталық, құрастыру, өңдеу және реттеу жұмыстарын кешенді орындау. Клавиатураның жекелеген бөлшектерін бекіту орнына қиыстыра отырып жасау. алдыңғы және ортаңғы штифтілердегі клавишалар арасындағы шпацилерді дәлме-дәл реттеу;

клавиатураны іске қосу;

клавишаның алдыңғы ұштарын (друкты) түсіру тереңдігін реттеу;

реттеу жұмыстарын қайта қарау;

анықталған ақаулықтарды анықтау және жою.

153. Білуге тиіс:

әртүрлі модельді пианино мен рояльдің клавиатураларын жасаудың технологиялық процессі;

таспалық-аралау, таспалық-тегістеу, бұрғылау станоктарының құрылысы мен жұмыс қағидаты,

арнайы құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктері және оларды пайдалану ережесі;

әртүрлі модельді пианино мен рояльдің клавиатураларының құрылымы;

клавиатураның ойнау сапасының клавиатураның бөлшектері мен тораптарының дәлдігі мен өңдеу тазалығына байланыстылығы;

тапсырыс берушінің талабы бойынша клавиатураның эскизін жасау әдістері.

154. Жұмыс үлгілері:

1) вагебанкалар – жөндеу;

2) клавишалар – биіктігі бойынша түзету;

3) клавишалар – жасау, ақаулыларын түзету;

4) клавиатуралық рамалар – алдыңғы және артқы бөренелерді ауыстыру.

18. Пианино мен рояльдің күйін келтіруші


Параграф 1. Пианино мен рояльдің күйін келтіруші, 4-разряд
155. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояльдің ішектерінің күйін тыңдап көріп немесе аспаптар бойынша алдын ала келтіру;

тербеліс жиілігі 466 Гц дейінгі бірінші октаваның «ля» нотасының ішегін негізгі тоннан 1/2 тонға жоғары созу;

барлық хордың ішектерін унисонға баптау;

квинт және кварт интервалы бар негізгі октаваны баптау;

темперацияны шамалап бөлу;

бір октавалық интервалды дискант және бас регистр ішектерінің күйін келтіру;

ішекті жұмсарту;

үн шығару сапасын тексеру.

156. Білуге тиіс:

пианино мен рояльдің ішектерінің күйін алдын ала келтіру тәсілдері;

саптау кезінде ішектің күйін келтірудің стандарт биіктігін арттыру мақсаты;

барлық маркалы рояль мен пианино шанағының, футордың мемлекеттік стандарты және техникалық шарттары;

футор бөлшектерінің атауы мен мақсаты, барлық маркалы рояль мен пианино ішегінің мензурасы;

ішек түржиыны;

пианино мен рояльдің ішектері мен вирбельдерін ауыстыру тәсілдері;

музыкалық білім негіздері;

пианино мен рояльдің ішектерінің сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Пианино мен рояльдің күйін келтіруші, 5-разряд
157. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояльдің жоғарғы, төменгі және ортаңғы регистрлерінің күйін октавалары бойынша барлық диапазондар бойынша тонды диссондаушы дыбыстардың күйін келтіруде құлаққа елеусіз үндестіре отырып, бірінші рет және екінші рет келтіру;

тербеліс жиілігі 440 Гц бірінші октаваның «ля» камертоны (эталоны) бойынша ішектің күйін келтіру бірінші рет күйін (453 Гц) келтіру тонынан тон жиілігін 1/4 тонға, екінші күйін келтіруден (446 Гц) 1/8 тонға арттыра отырып келтіру;

«Ля» нотасы хорының барлық ішектерін бірінші ішекке икемдеп күйін келтіру;

бірінші октаваның күйін темперацияны 12 сатылы дыбыс қатарының кварт-квинт шеңбері бойынша бөле отырып келтіру;

дискант және бас регистрлердің арасына бір октава салып күйін келтіру;

ішектердің штегпен жымдасу тығыздығын, механиканың репетициялық және ойнау қасиеттерін, клавиатура мен педаль механизмін, балғашалардың, нахдруктың, ауслезердің, штейнунгтің, клавишалы друктың ішектерді ұру сызығы бойынша дұрыс орналасқандығын тексеру;

пианино мен рояльдің күйін келтіру сапасын барлық диапазон бойынша ойнау арқылы тексеру.

158. Білуге тиіс:

пианино мен рояльдің күйін бірінші рет және екінші рет келтіру тәсілдері;

механиканың, клавиатураның өзара әрекет ету қағидаты;

механиканың бөлшектері мен тораптарының және жалпы клавишалық механизмнің, ішек құрылғысының, вирбельдің, штегтер мен пианиноның дыбыстық сапасына тікелей әсер ететін басқа да тораптардың өзара әрекетін реттеу сапасына қойылатын талаптар, музыкалық білім, нота оқу, 12 сатылы дыбыс қатарының біртекті және темпераланған математикалық сипаттағы қатар туралы, музыкалық интервал туралы түсініктер;

мойнындағы ішектердің күйін келтірудің стандарт жоғарылығын көтерудің мақсаты;

бірінші және екінші баптау, пианино мен рояль ішегінің мензурасы, үндесімділікке сәйкес ішектерді хор бойынша жоспарлау тәртібі;

пианиноның күйін келтіру және күйінің келтірілуін тексеру кезінде секундына соғу санын есептеу ережесі мен тәртібі;

ішекті біркелкі созу және ішектің өн бойындағы тартылыстарды азайту мақсатында вирбельдерді ауыстыру кезінде күйін келтіру кілтімен жұмыс істеу ережесі.

Параграф 3. Пианино мен рояльдің күйін келтіруші, 6-разряд
159. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояльді күйін тербеліс жиілігі 440 Гц бірінші октаваның «ля» камертоны (эталоны) бойынша түпкілікті дәлме-дәл келтіру;

бірінші октаваның «ля» нотасының күйін келтіру;

темперация зонасының күйін келтіру;

дискант және бас регистрлердің хорларының күйін арасына бір октава сала отырып келтіру;

әртүрлі музыкалық интервалдардың көмегімен барлық құралдардың күйінің келтірілуін жекелеген музыкалық туындыларды тыңдау және ойнау арқылы тексеру;

күйін келтірудің дәлдігіне әсер ететін ақаулықтарды анықтау және жою.

160. Білуге тиіс:

пианино мен рояльді күйін «ля» нотасының стандарт биіктігіне түпкілікті дәлме-дәл келтірудің әдіс-тәсілдері;

темперация аймағы, акустика негіздері, үн табиғаты туралы түсінік;

ішектердің тербеліс заңы, аспаптың күйін келтіргеннен кейін оны тексеру үшін бірнеше музыкалық туындыны жатқа білуге тиіс;

монтаждау және реттеу жұмыстарының, ішектің, вирбельдің, штифтілердің, механика мен клавиатураның техникалық шарттары;

пианино мен рояль тораптарының атауы мен өзара әрекеттестігі, әр түрлі модельді пианино мен рояльдің ішектерінің мензурасын есептеу қағидаты;

жекелеген тораптар мен бөлшектерде монтаждау және реттеу жұмыстарын орындау ережесі;

балғашалардың фильцтерін өңдеу тәсілдері.

19. Клавишалы аспаптардың күйін келтіру жөніндегі стенд операторы


Параграф 1. Клавишалы аспаптардың күйін келтіру

жөніндегі стенд операторы, 2-разряд


161. Жұмыс сипаттамасы:

клавишалы аспаптардың күйін арнайы күйін келтіру стенділерінде келтіру процессін жүргізу;

стендіні аспапты орнатуға дайындау;

аспапты жылжыту, күйін келтіру стендісіне орнату;

стендінің ойнау бөлігін соққылау балғашаларының клавишалы аспаптармен жанасуына дейін түсіру;

аспаптың стендіде дұрыс орнатылуын тексеру;

аспапты белгіленген қалыпта сақтау;

дыбысты оқшаулау қалпағын орнату, күйін келтіру стендісін іске қосу;

күйін келтіру режимін сақтау;

аспапты стендіден алу.

162. Білуге тиіс:

клавишалы аспаптардың күйін арнайы күйін келтіру стенділерінің құрылысы мен жұмыс қағидаты;

стендінің жұмыс режимі;

күйін келтірудің аспапты реттеу және күйін келтіру процессіне, қатардың тұрақтылығына және пайдалану кезінде оны реттеуге тигізетін әсері.

20. Пианино мен рояльді реттеуші
Параграф 1. Пианино мен рояльді реттеуші, 2-разряд
163. Жұмыс сипаттамасы:

клавишалы аспаптардың механикасы мен клавиатурасын реттеу процессіне дайындау жұмыстарын орындау;

жекелеген тораптарды алу және оларды реттеуден кейін орнату.

164. Білуге тиіс:

клавишалы музыкалық аспаптарды реттеуге дайындау жұмыстарын орындаудың жүйелілігі және оларға қойылатын талаптар;

клавишалық механизмнің бөлшектері мен тораптарының атауы мен мақсаты;

күрделі емес арнайы құралдың, реттеу жұмыстары учаскесінде қолданылатын шаблондардың құрылысы;

мақсаты және қолданылу тәсілдері.

165. Жұмыс үлгілері:

1) пианино клавиатурасы – клавиша жиектерін тазалау;

2) пианино шанағы – шаң-тозаң мен жоңқадан тазалау;

3) ішектер – май, шаң - тозаң, кеуек тастан, тотықтан тазарту.

Параграф 2. Пианино мен рояльді реттеуші, 3-разряд
166. Жұмыс сипаттамасы:

клавишалы музыкалық аспаптарды реттеу жөніндегі қарапайым операцияларды орындау;

оське дұрыс қалыпта бөлшектерді орнату;

шультер, механика фигуралары, демпфергальтерлердегі бұрандаларды бекіту;

балғашалардың капсюльдерін қайта штифтілеу;

бұрандаларды ауыстыру.

167. Білуге тиіс:

қарапайым реттеу жұмыстарын орындаудың әдіс-тәсілдері, пианино мен рояльдің механикасы мен клавиатурасының құрылысы;

клавишалы механизмнің бөлшектері мен тораптарының өзара әрекеттестігі;

реттеу жұмыстарын орындаудың жүйелілігі;

клавишалы музыкалық аспаптардың механикасын әбзелдеу және құрастырудың техникалық шарттары;

монтаждау мен реттеу ережесінің бұзылуының аспаптың ойнау сапасына тигізетін әсері;

бақылау-өлшеу аспаптары және арнайы құралдар, арнайы аспапты қайрау және түзету ережесі.

168. Жұмыс үлгілері:

1) гаммерштиль – қыздыру;

2) пианино балғашалары – тегістеу және сызғыш бойымен түзету.

Параграф 3. Пианино мен рояльді реттеуші, 4-разряд
169. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояльді реттеу жөніндегі күрделілігі орташа операцияларды орындау;

штейнунгті, шпиллерлюфтіні орнату, клавиатураны іске қосу;

клавиатураны арнайы сызғыш бойынша дәлме-дәл түзету;

монтаждың дұрыстығын операция сайын тексеру. Кемшіліктерді анықтау және түзету.

170. Білуге тиіс:

пианино мен рояльді реттеу жөніндегі күрделілігі орташа операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдері;

пианино мен рояльдің механикасын монтаждау және реттеудің техникалық шарттары, барлық бөлшектердің дәлме-дәл орнатылуын олар өзара әрекеттескен кезде тексеру әдістері;

реттеу ақаулығының аспаптың дыбыстау сапасына және онда ойнаудың жеңілдігіне тигізетін әсері.

171. Жұмыс үлгілері:

1) клавиатура – биіктікті шаблон бойынша белгілеу;

2) пилоттар – реттеу.

Параграф 4. Пианино мен рояльді реттеуші, 5-разряд
172. Жұмыс сипаттамасы:

клавишалы музыкалық аспаптарды реттеу жөніндегі күрделі операцияларды орындау;

механиканы түпкілікті реттеу және жоғары сапалы және тапсырыспен жасалған пианинолардан басқа пианиноның барлық механизмдерінің өзара әрекеттесуі;

бөлшектер арасындағы қашықтықты шеутеулер мен сызбалар бойынша реттеу;

ауслезерлік кнопка (кіндік) пен шпиллердің арасындағы қашықтықты реттеу;

клавишаны тегістеу, ішектерді түзету, балғашалардың қозғалуын реттеу және оларды сызғыш бойынша түзету;

штейнунг пен балғашаларды хора бойынша орнату дәлдігін тексеру;

клавишалар, балғашалар, фигуралар арасындағы шпацилерді түзету және шпацилерді арнайы шаблондар мен сызғыштармен өлшеу;

ауслезер мен оң және сол педальдің клавишасын, фенгерлерін, бентиктерін түсіру тереңдігін, штангадағы және фигура қалақшасындағы демпферлерді реттеу;

пианино механизмінің барлық тораптары мен бөлшектерінің жұмыс дәлдігін ойнату арқылы тексеру;

пианино механизмінің ойнау қасиеттерін бақылау.

173. Білуге тиіс:

клавишалы музыкалық аспаптарды реттеу жөніндегі күрделі операцияларды орындау әдіс-тәсілдері;

барлық құрылымды клавишалы музыкалық аспаптарды жасау технологиялық процессінің негіздері;

механика мен клавиатураны әбзелдеу және құрастыру, баптау және реттеу арасындағы байланыс;

құрастыру кезінде қолданылатын клавишалы механизмді монтаждаудың технологиялық процессі және материалдардың;

бөлшектер мен тораптардың сапасына қойылатын талаптар, музыкалық білім туралы негізгі мәліметтер;

клавишалық механизмнің ойнау қасиеттерінің жекелеген тораптарының өзара әрекеттесуі мен механизмді құрастыру сапасына тәуелділігі;

ағаштың құрылысы, жынысы, физикалық-механикалық қасиеттері және ақаулықтары.

Параграф 5. Пианино мен рояльді реттеуші, 6-разряд


174. Жұмыс сипаттамасы:

клавишалы музыкалық аспаптарды реттеу жөніндегі аса күрделі операцияларды орындау;

рояль мен жоғары сапалы және тапсырыспен жасалған пианинолардың механикасын түпкілікті реттеу;

барлық жүйенің пианинолары мен рояльдарының мензурасын есептеу бойынша соғу сызығына балғашаларды шығару;

клавишаның статикалық жүктемесін реттеу;

балғашалардың ішектерге қарай еркін қозғалуына және қайтадан өз орнына келуіне жағдай жасауға арналған механизмнің бөлшектері мен тораптарының өзара әрекеттесуін белгілеу;

ойнау процессінде ішектердің тербелісін басу кезінде механизмнің демпферлік жүйесін реттеу;

механика тараптарының қозғалысы кезінде шулы кедергілерді, үйлесімсіз дыбыстарды басу;

форте, фортиссимо, пиано, пианиссимо ойнаған кезде педаль механизмін реттеу;

механизмді монтаждау және балғашалардың ішекпен өзара әрекеттесуі кезінде белгіленген өлшемдерді сақтау дұрыстығын тексеру;

концерттік, кабинеттік рояль мен пианиноның ойнауы және сарапшылық кеңестің тыңдауы үшін дайындау.

175. Білуге тиіс:

клавишалы музыкалық аспаптарды реттеу жөніндегі аса күрделі операцияларды орындау әдіс-тәсілдері;

барлық жүйенің пианинолары мен рояльдерінің құрылысы;

клавишалы механизмнің шанақтың негізгі тораптарымен өзара әрекеттесу кезіндегі кинематикалық схемасы;

механиканың тұрақты кедергісі, пианисттердің пианино мен рояльдің ойнау қасиеттеріне қоятын талаптары;

реттеу жұмыстарының аспаптың ойнау сапасы мен дыбыстауына тигізетін әсері;

аспаптардың мензурасын оның жүйесіне байланысты есептеу қағидаты, балғашық фильціне, капсюль мауытына және клавишалы музыкалық аспаптар өндірісінде қолданылатын басқа да материалдарға қойылатын талаптар.


21. Клавишалы аспаптарды құрастырып-монтаждаушы


Параграф 1. Клавишалы аспаптарды құрастырып-монтаждаушы, 2-разряд
176. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояльдің қарапайым бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау;

пианиноның қақпағын қаптай отырып құрастыру;

қаптаманы жоғарғы және төменгі қалқанға жабыстыру;

ағаш штапикртерді пианиноның металл рамасы мен шанақ бөлшектерінің арасындағы саңылауға жабыстыру;

металли планкасы бар консольдерді құрастыру;

тікендерді түзету;

гаммербанктегі шультер капсюлін, фигура мен демпфергальтерді бекіту;

демпферлік штанганың серіппесі мен рулейстик үшбұрышын орнату;

механиканың металл бөлшектерінің сапасын тексеру және ақаулыларын ауыстыру;

пианино мен рояльдің балғашаларын арнайы тігу станогында айлабұйымдарды, сулага мен кесу құралын пайдалана отырып тігу;

балғашалардың керндеріне реттік нөмірді жазу;

станокты балғашалардың өлшемі бойынша баптау және реттеу;

кесу және қол ұсталық құралды қайрау және түзету.

177. Білуге тиіс:

пианино мен рояльдің қарапайым бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау әдіс-тәсілдері;

клавиатура механикасы бөлшектерінің атауы, мақсаты және өзара әрекеттесуі, арнайы тігу станогының құрылысы, оларды баптау және реттеу тәсілдері;

қайрау, бұрғы, кескіштерді орнату ережесі, кескіштер мен басқа да кесу құралдарын қайрау ережесі;

пианино мен рояльдің дайын балғашаларының техникалық шарттары, ағаш жынысы;

қасиеттері мен ақаулықтары, қолданылатын желімнің құрамы мен қасиеттері;

ұсталық құралдардың түрлері, оны түзету ережесі;

арнайы құралдардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі;

қарапайым бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;

сызбаларды оқу, ақаулықтардың түрлері және оларды жою тәсілдері.

178. Жұмыс үлгілері:

1) резонанстық кнопкалар – бекіту;

2) таяқшалар мен педаль қадамдары - өңдеу;

3) демпферлік штангалар – серіппені орнату.

Параграф 2. Клавишалы аспаптарды құрастырып-монтаждаушы, 3-разряд
179. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояльдің күрделілігі орташа бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау;

футор рамасын құрастыру;

бачкалы карниз қадамдарды құрастыру;

пианино механикасының фигурасына мензураға сәйкес белгілі бір бұрышпен жабыстыру;

ойнау кезінде шпиллердің ұрмалы ұшын дәлме-дәл кіруін қамтамасыз ету;

рулейстик торабын монтаждау;

сол педальді керу кезінде рулейстиктің жылжымалы бөлігі ажырауының параллельділігін қамтамасыз ету;

жылжымалы және жылжымайтын рулейстиктің бөлшектері мен торабын іріктеу және оны құрастыру;

гаммерштильді қиғаш қабатының тексеру, түсі бойынша қайта сұрыптау;

гаммерштильдің иілуі мен беріктігін тексеру;

ішектерді хоралар бойынша орнатылуын тексеру;

рулейстикті орнату және бекіту;

шультерді, фигураны, шпиллерді, демпфергальтерді, рулейстик ілмегін капсюльмен осьтік сыммен біріктіру;

капсюльдің шұға жапсырмаларындағы механика тораптарын осьтік штифтіде бекіту;

механиканың ағаш бөлшектеріндегі Капсюльдің шұға жапсырмалардың еркін айналатын осьтік штифтілерін бекіту;

бөлшектердің белгіленген өлшемдік арақатынастарын, шұға жапсырманың беріктігін, жапсырманың ішкі диаметрлері мен осьтік сымның диаметрлерін техникалық шарттардың талаптарына сәйкес дәлме-дәл анықтау;

әрбір штифтелетін тораптағы люфті мен торап қадамын тексеру;

дайындамалардың, бөлшектер мен тораптардың құрастырылу сапасын тексеру және анықталған ақаулықтарды түзету.

180. Білуге тиіс:

пианино мен рояльдің күрделілігі орташа бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау әдіс-тәсілдері;

пианино мен рояльдің негізгі тораптарының құрылысы, операцияларды орындаудың белгіленген тәртібі;

бөлшектер мен тораптарды құрастыру сапасының аспаптың дыбыстық сапасына тигізетін әсеті;

арнайы сулагалар, шаблондар мен айлабұйымдардың құрылысы, мақсаты және оларды пайдалану ережесі;

бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдары және оларды пайдалану ережесі;

ағаштың физикалық-механикалық қасиеттері, ақаулықтарын анықтау ережесі;

ақаулықтары және оларды жою тәсілдері;

ағаштың сапасы мен жынысына байланысты желімді пайдалану ережесі;

пианино мен рояльдің механикасының мемлекеттік стандарты және техникалық шарттары;

осьтік сымды қайрау ережесі және штифтілеу сапасының механиканың дәлме-дәл жұмыс істеуіне тигізетін әсері;

шектеулер мен әдіптер, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері туралы түсінік.

181. Жұмыс үлгілері:

1) пианиноның гаммерштильдері – балғашалардың керндеріне жабыстыру;

2) пианиноның шанағы-жекелеген тораптарды құрастыру және бөлшектерді орны-орнына салу;

3) аяқтары бар және футорлары төменнен байланған – құрастыру;

4) рулейстиктер-бетіне жабатын және техникалық шұғаның дайындамасын іріктеу және оны бөлшектердің үстіне жабыстыру.

Параграф 3. Клавишалы аспаптарды құрастырып-монтаждаушы, 4-разряд
182. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояльдің күрделі бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау;

штегтері бар резонанстық үнтілшелерді құрастыру;

резонанстық үнтілшелерді өңдеу, өңдеуге дайындау;

футор құрастыру;

футорлы металл раманы құрастыру;

вирбель тығындарына арнап саңылау бұрғылау;

пианино корпусының бүйір тораптарын құрастыру;

педаль механизмін пианино корпусына монтаждау;

штульраманы қаптамасымен құрастыру;

ұсталық құралды қайрау;

механика бөлшектерін тораптарға біріктіру;

шекті жүктеме жағдайында тораптың жеңіл қозғалуын реттеу;

пианино механикасы гаммербанкінің тораптарын монтаждау;

механика тораптарын гаммербанкілерге олардың жинақтарын алдын ала тексере отырып монтаждау;

клавиша шпацилерін тексеру, оларды сызғышы бойынша түзету;

клавиша другын балғашалардың ең қажетті соғу күшін қамтамасыз ете отырып орнату;

киіз және шұға көпшіктерді салу;

шпиллерлюфт белгілеу;

бакенклец, цирлейстик, педаль қадамдары мен таяқшаларды орнату.

183. Білуге тиіс:

пианино мен рояльдің күрделі бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау әдіс-тәсілдері;

клавишалы музыкалық аспаптардың модельдерінің құрылысы;

клавишалы механизмдердің элементтерінің өзара әрекеттесуі;

клавишалы музыкалық аспаптар механикасының мақсаты, аспаптың ойнау қасиеттеріне өлшемдердің, қашықтықтар мен люфтілердің дұрыс орналасуының тигізетін әсері;

клавишалы механизмдердің ойнау сапасына қойылатын талаптар, айлабұйымдар мен сулагалардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдардың құрылысы және оларды пайдалану ережесі;

қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

шектеулер мен әдіптер, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері.

184. Жұмыс үлгілері:

1) рояль гаммерштильдері – балғашалардың керндеріне жабыстыру;

2) резонанстық үнтілшелер - футорлары бойынша құрастыру;

3) пианино шанағы - застрожка;

4) контрфенгерлер – сызғыш бойымен түзету;

5) пилот - бекіту, жастықшаларын қысу;

6) рояль механикасы бөлшектерінің тораптары - фигураның төменгі рычағын капсюльменм, шпиллермен, жоғарғы репетициялық рычагпен біріктіру, контрклавиатураны капсюльмен біріктіру;

7) шультер тораптары, демпфергальтер фигурасы - монтаж;

8) механиканың фигуралық тораптары – құрастыру.

Параграф 4. Клавишалы аспаптарды құрастырып-монтаждаушы, 5-разряд


185. Жұмыс сипаттамасы:

пианино мен рояльдің өте күрделі бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау;

белгіленген ылғалды температуралық режим бойынша резонанстық қалқанды термикалық өңдеу;

үнтілшені құрастыру;

рипканың өзінің сызба бойынша ұзындығы мен қимасына сәйкес үнтілшеде орналасуы;

резонанстық торапты құрастыру;

друкты орната отырып, металл раманы вирбельбанкке, бас және дискант штегтерге келтіріп түзету;

штегтегі хораларды фрезерлеу;

хоралардағы ішектердің арасындағы қашықтықты түзету және хоралар арасындағы қашықтықты түзету;

корпус консольдерін орнату. корпусқа клавиатура мен механиканы орнату;

балғашаларды, демпферлерді жабыстыру;

пианино мен рояль механикасының өлшемдерін реттеу;

пианиноның демпферлік қалақшасын демпфердің ішектен алшақтау көлемі бойынша реттеу;

рояль шанағына орнатып және оны бекіте отырып, вирбельбанкті түзету;

друкты реттей отырып, рояль шанағына металл раманы қиыстырып келтіру, орнату және бекіту;

механика гаммербанкіне ауслезерлік бұранда орнату;

ауслезерлік бұрандаға ауслезерлік кнопканы ауслезерлік шайбаларды салыстырып тексеру және біріктіру арқылы бекіту;

рояль механикасының металл тұғырындағы гаммербанк пен фигуралық бөренені бекіту;

гаммербанкте гаммерштиль тораптарын монтаждау;

гаммерштиль қадамының орналасуын және рояль механикасы шпацилерінің енін тексеру;

фигуралық тораптарды фигуралық бөренеде монтаждау;

контрклавиатура фигурасының тораптарын контрклавиатуралық бөренеде орнату;

қорғасын пломбаларды іріктеу және контрклавиатура фигураларын рояль механикасының мензурасы бойынша қорғасындау.

186. Білуге тиіс:

пианино мен рояльдің өте күрделі бөлшектері мен тораптарын құрастыру және монтаждау әдіс-тәсілдері;

пианино мен рояльдің барлық модельді механикасы мен клавиатураның құрылысы;

пианино мен рояль механикасының кинематикалық схемасы туралы негізгі түсініктер, клавишалық аспаптағы механикасы мен клавиатураның мақсаты және бөлшектер мен тораптардың өңделу мен құрастырылу дәлдігінің клавишалы музыкалық аспаптардың ойнау және дыбыстау сапасына тигізетін әсері;

пианино корпусының монтаждау схемасы және клавиатураның, механика мен ішектің өзара әрекеттесуі;

пианино мен рояльді жасаудың негізгі технологиялық процессі;

Мемлекеттік стандарттарға сәйкес рояль механикасы мен пианино механизмін жасау сапасына қойылатын талаптар;

желім ерітіндісі компоненттерінің сапалық және химиялық құрамы;

музыкалық білім негіздері, шектеулер мен әдіптер, квалитеттер мен сәйкессіздік өлшемдері.

187. Жұмыс үлгілері:

1) вирбельбанктер – құрастыру;

2) рояль контрклавиатурасы – толық монтаждау;

3) пианино мен рояльдің корпусы – толық құрастыру;

4) пианино мен рояль механикасы – толық монтаждау.

Параграф 5. Клавишалы аспаптарды құрастырып-монтаждаушы, 6-разряд


188. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары сапалы пианино мен барлық маркалы, экспортқа шығарылатын, ерекше тапсырыстармен жасалған пианиноны толық құрастыру және монтаждау;

кабинеттік және концерттік рояльдің, жоғары сапалы пианиноның тірек, акустикалық және ойнау элементтерін құрастыру және өңдеу;

музыкалық аспаптың беріктігін, дыбыс шығару беріктігі, жақсы дыбыс шығаруын қамтамасыз ете отырып, үнтілшені құрастыру;

рычаг иығы мен тораптардың тірек нүктелерін статикалық орналасуын қатаң сақтай отырып;

балғашаларды соғу сызығы бойынша орнату.

189. Білуге тиіс:

экспортқа шығарылатын, ерекше тапсырыстармен жасалған пианино мен рояль жасаудың технологиялық процессі;

барлық маркалы пианино мен рояльдің техникалық құжаттамасы, әртүрлі модельді пианино мен рояльдің құрылысы, дыбыс шығару;

ішектердің тербелу және дыбыс шығару теориясы, пианино мен рояльдің мензурасы;

клавишалы музыкалық аспаптарды жасау процессінде қолданылатын материалдарды өңдеу технологиясы;

ағашты кептіру әдістері және ауа ылғалдылығының клавишалы музыкалық аспаптарды жасауға тигізетін әсері.

190. Жұмыс үлгілері:

1) рояль корпусы – аяғына орната отырып жасау;

2) концерттік рояль және жоғары сапалы пианино - резонанстық жұмыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет