1.Дененің бастапқы орынын соңғы орынымен қосатын бағытталған кесінді...
1. Үдеу.
2. Уақыт
3. Жол
4. Орын ауыстыру
5. Жылдамдық
2.Инерттіліктің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы көрсетіңдер.
1. инерция
2. күш
3. механикалық қозғалыс
4. еркін түсу
5. масса
3.Массасы 10 кг дененің салмағын анықтаңдар
1. 100Н
2. 10Н
3. 1000Н
4. 0,1Н
4.Шамасы 20 Н күш серіппені 4 см-ге созды. Серіппенің қатаңдығын табыңдар.
1. 5Н/м
2. 50Н/м
3. 500Н/м
4. 80Н/м
5.Физикалық жүйенің жұмыс істеу қабілетінің сандық өлшемі болатын скалярлық шама
1. Уақыт
2. Ұзындық
3. Масса
4. Тығыздық
5. Энергия
6. Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең физикалық шама
1. Инерция
2. Күш импульсі
3. Дене импульсі
4. Еркін түсу
7. OX өсі бойымен қозғалатын екі нүкте координатасының уақытқа тәуелділігі: х1=15+t2 . x2=8t. Денелердің кездесетін уақыты мен орнын табыңдар.
1. 3 с; 5 с; 40 м
2. 3с; 5 с; 24 м; 40 м
3. 3с; 24 м; 40 м
4. 3с; 5 с; 24 м
8. Велосипедші радиусы 200 м шеңбер бойымен 2 минут сайын толық бір айналым жасайтын болса, оның жолы мен орын ауыстыруын табыңдар
1. 0 м ; 1256
2. 125,6 м ; 0
3. 628 м ; 0
4. 1256 м ; 0
9. Егер Юпитердің Күнді айналу периоды 12 жылға тең болса, Юпитерден Күнге дейінгі қашықтықты табыңдар. (Жердің Күнді айналу периоды 1 жыл, Жерден Күнге дейінгі қашықтық 1 а.б.)
1. 4,5 а.б
2. 5,2 а.б.
3. 3 а.б
4. 4 а.б
10. Көлемі 25 л бензиннің салмағын есептеңдер. Бензиннің тығыздығы 710кг/м3 g=10H/кг
1. 170,5 Н
2. 17,5 Н
3. 187,5 Н
4. 177,5 Н
11. Егер массасы 6 кг дененің қозғалыс жылдамдығы υх = 5+4t заңымен өзгерсе, оған әсер ететін күшті табыңдар.
1. 20Н
2. 21Н
3. 26Н
4. 22Н
5. 24Н
12. Массасы 65 кг спортсмен биіктігі 10 м мұнарадан суға 13 м/с жылдамдықпен секірген кездегі кедергі күшті табыңдар.
1. 100,6Н
2. 100,8Н
3. 100,1Н
4. 100,4Н
5. 100,2Н
13. Массасы 4 кг дененің қозғалысы кезінде ол 800 Дж кинетикалық энергияға ие болса, оның қандай жылдамдықпен қозғалғанын есептеңдер.
1. 20м/с
2. 40м/с
3. 25м/с
4. 10м/с
5. 30м/с
14. Тербелмелі контур сыйымдылығы 1,2 нФ конденсатордан және индукетивтілігі 3 мкГн катушкадан құралған. Бұл контур қандай толқын ұзындығында жұмыс істейтіндігін анықтаңдар.( с=3*108 м/c)
1. 1130м
2. 11,3м
3. 113м
4. 123м
15. Массасы 40 кг дене тыныштық қалпынан 8 с аралығында еркін түседі. Ауырлық күшінің жұмысын табыңдар (g=10м/с2)
1. 2500 Дж
2. 128кДж
3. 28дж
4. 28кДж
16. ядросының байланыс энергиясын есептеңдер.
28,3 МэВ
29,3 МэВ
26 МэВ
25,3 МэВ
17. Шамасы 15 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан автобус, апаттық тежелу басталған соң қанша уақыт өткенде тоқтайтынын анықтаңдар. Үйкеліс коэффициенті 0,3 тең. (g=10м/с2)
1. 5с
2. 3с
3. 2с
4. 4с
18. Массасы 100 г жүк қатаңдығы 160 Н/м серіппеде тербеліс жасаған кездегі оның амплитудасы 15 см болды. Тербелістің толық энергиясын және ең үлкен жылдамдығын табыңдар.
1. 1,8 Дж; 0,6 м/с
2. 1,8 Дж; 6 м/с
3. 18 Дж; 1,6 м/с
4. 12 Дж; 1,6 м/с
19. Егер 1 минут ішінде жарық көзі толқын ұзындығы 500 нм болатын 2*1021 фотон шығаратын болса, жарық көзінің қуатын табыңдар.
11,3Вт
13,25Вт
14Вт
15Вт
20. Радонның жартылай ыдырау периоды 3,82 тәулік. Егер оның бастапқы атомдарының саны 106 болса, 7,64 тәуліктен кейін ыдыраған атомдар санын есептеңдер.
1. 0,25*106
2. 0,75*106
3. 0,85*106
4. 0,15*106
21.Механиканың негізгі есебін көрсетіңдер
1. Денеге түсірілген күштерді ескере отырып, қозғалыс заңдарын тағайындау
2. Қозғалыстың себебін қарастырмай зерттеу
3. Қозғалыстың себебін ескере отырып зерттеу
4. Қозғалыстағы дененің кез келген уақыт мезетіндегі орнын анықтау
22. Екі бала динамометрді екі жаққа қарай 80 Н күшпен тартуда. Динамомтер нені көрсететінін анықтаңдар.
1 80Н
2. 40Н
3. 160Н
4. 120Н
23. Денелердің Жерге тартылу күші
1. Ауырлық күші
2. Серпімділік кұші
3. Салмқ
4. Үйкелі күші
24. Тербелістің ең үлкен ауытқуы
1.Жылдамдық
2. Жиілік.
3. Амплитуда
4. Период
25. Спортсменді материялық нүкте деп есептеуге болатын жағдайды көрсетіңдер.
1. Қарсылас тарапына допты тепкен кезде
2. Қарсыластың допты тебуін күткен кезде
3. Алаңның ортасынан қарсы тараптың қақпасына жүгірген кезде
4. Қарсыластан допты алған кезде
5. Қарсыластың қақпасы жағына қарай 1 м қашықтыққа жүгірген кезде
26. Төменде келтірілген тәуелділіктердің қайсысы теңүдемелі қозғалысты сипаттайтынын көрсетіңдер.
1. υ = 5+10r2
2. x+2t
3. υ = 3
4. x = 2 + 3t
5. x = 8-2t-4t2
27. Массасы 15т автобус жылдамдығы υх = 0,7t заңымен өзгеретіндей қозғалады. Егер қозғалыстың үйкеліс коэффициенті 0,03 болса, тарту күшін табыңдар.(g=10м/с2)
1. 14КН
2. 15кН
3. 16кН
4. 17кН
28. Қатаңдық коэффициенті 100 кН/м трос массасы 2 т автомобильді 0,5м/с2 үдеумен сүйреу кезіндегі абсолют ұзаруын табыңдар.
1. 0,001см
2. 1см
3. 0,1см
4. 2см
29. Сыртқы периодты күштің әрекетінен туындайтын тербеліс
1. еркін тербеліс
2. акустикалық резонанс
3. резонанс
4. еріксіз тербеліс
30. Массасы 0,6 кг балта ағашқа 2м/с жылдамдықпен соқтығысса және соқтығысу уақыты 0,01 с-қа созылған болса, онда соққы күшін табыңдар.
1. 220Н
2. 110Н
3. 120Н
4. 210Н
31. Жазғы күн тоқырау кезіндегі бақыланатын құбылысты көрсетіңдер
1. оңтүстік жән солтүстік жарты шарда күн мен түн теңеледі
2. солтүстік жарты шарда ең ұзақ күн
3. оңтүстік жарты шарда ең қысқа түн
4. оңтүстік жарты шарда ең ұзақ күн
32. Еркін құлған дене соңғы 200 м биіктіктен 4 с-та түсті. Дене қанша уақытта түскенін табыңдар. Еркін түсу үдеуі а = 10м/с2
1. 4с
2. 7с
3. 5с
4. 6с
33. Жылдамдығы 5 м/с тік төмен құлған массасы 110 г шарик еденмен соқтығысқаннан кейін 80 см биіктікке қайта көтерілген кездегі оның импульсінің өзгерісін есептеңдер.
1. 9,9кг•м/с
2. 99кг•м/с
3. 0,99кг•м/с
4. 99кг•м/с
34. Қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары
1. Дыбыс
2. Жаңғырық
3. Тембр
4. Акустика
35. Қызған денелердің ішкі энергия есебінен сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуы
1. жылулық сәулелену
2. Булану
3. Қайнау
4. ішкі энергия
36. Атомның планетарлық моделін ұсынған ғалым
1. Резерфорд
2. Планк
3. Максвелл
4. Ньютон
37. 1932 жылы Чэдвик ашқан ядро құрамына кіретін бөлшек
1. Электрон
2. Протон
3. Атом
4. Нейтрон
5. Молекула
38. Берлин қаласының 1-ші сағаттық белдеуде, Нұр-Сұлтан қаласының 6-шы сағаттық белдеуде екенідігін біле отырып, Берлинде сағат 10:00 болғанда, Нұр-Сұлтандағы уақытты анықтаңдар
1. 05:00
2. 11:00
3. 15:00
4. 12:00
39. Жергілікті талтүсте саяхатшы Гринвич уақыты бойынша 14 сағат 13 минут екендігін байқады. Бақылау орынының географиялық бойлығын анықтаңдар
1. 2 сағат 13 минут батыс бойлық
2. 13 минут батыс бойлық
3. 2 сағат 26 минут шығыс бойлық
4. 2 сағат шығыс бойлық
40. Массасы 2 кг ағаш кесегін ағаш үстелдің бетімен көлденең бағытта, қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен тартады. Үйкеліс коэффициенті 0,3. Серіппенің ұзаруын табыңдар.
1. 2см
2. 6см
3. 3см
4. 5см
5. 4см
41. Көлденең бағытта әсер еткен 12 Н күштің әсерінен дене х=x0+t2 заңымен қозғалады. Егер үйкеліс коэффициенті 0,1 болса, дененің массасын табыңдар.
1. 5кг
2. 3кг
3. 1кг
4. 4кг
5. 2кг
42. Дене x=0,5sin2П заңымен гармоникалық тербеліс жасайды. Тербеліс амплитудасын, периодын және жиілігін табыңдар.
1. 5 м; 1 с; 1 Гц
2. 0,5 м; 1 с; 0,1 Гц
3. 0,5 м; 1 с; 1 Гц
4. 0,05 м; 0,1 с; 1 Гц
43. ядросындағы протондар мен нейтрондар санын анықтаңдар.
1. 3 протон, 4 нейтрон
2. 3 протон, 7 нейтрон
3. 3 протон, 3 нейтрон
4. 4 протон, 3 нейтрон
44. Үш протоннан және екі нейтроннан тұратын атом ядросының байланыс энрегиясы 26,3 МэВ. Меншікті байланыс энергиясын анықтаңдар.
1. 5,1 МэВ/нуклон
2. 5,26 МэВ/нуклон
3. 5 МэВ/нуклон
4. 5,6 МэВ/нуклон
45. Калий үшін фотоэффект байқалатын ең үлкен толқын ұзындығы 6,2•10-7 м. Электронның калийден шығу жұмысын табыңдар.(һ=6,62•10-34 Дж•с . с=3•108м/с)
1. 3,2•10-19 Дж
2. 3,2•10-16 Дж
3. 3,2•10-17 Дж
4. 3,2•10-15 Дж
46. Дене 80 м биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз құлайды. Құлаудың соңғы секундындағы орын ауыстуды табыңдар. Еркін түсу үдеуі g=10м/с2
1. 75м
2. 65м
3. 55м
4. 45м
5. 35м
47. Дене көлденең бағытта 20 м/с бастапқы жылдамдықпен лақтырылды. Дененің кинетикалық энергиясы екі есе артатын уақытты табыңдар.
1. 1,5с
2. 1с
3. 2с
4. 1,5с
48. Кернеуі 50 кВ жұмыс жасайтын рентген түтігі 1 мА токты қолданады және секундына толқын ұзындығы 100 нм шамасындағы 2*1013 фотон шығарады. Түтіктің пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңдар (ПӘК).
1. 7,95*10-2
2. 7,95*10-1
3. 7,95*10-2
4. 7,95*10-4
49. Радонның жартылай ыдырау периоды 3,82 тәулік. Егер оның бастапқы атомдарының саны 105 болса, 7,64 тәуліктен кейін ыдыраған атомдар санын есептеңдер.
1. 0,75*105
2. 0,85*105
3. 0,15*105
4. 0,35*105
50. Өзіне түскен әртүрлі жиіліктегі сәулелерді толық жұтып алатын дене
1. абсолют сұр дене
2. абсолют ақ дене
3. абсолют қатты дене
4. абсолют қызыл дене
5. абсолют қара дене
51. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 50 км/сағ жылдамдықпен, ал, екінші жартысын 80 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығын табыңдар.
1. 64,5 км/сағ
2. 61,5 км/сағ
3. 62,5 км/сағ
4. 65,5 км/сағ
5. 63,5 км/сағ
52. Автомобиль 0,2м/с2 үдеумен қозғала отырып, қанша уақытта жылдамдығын 15 м/c-тен 20 м/с-ке дейін арттыратынын табыңдар
1. 22с
2. 25с
3. 20с
4. 15с
5. 50с
53. Массасы 4 кг материялық нүктенің қозғалысы x=3+2t+t2 теңдеуімен сипатталады. Дененің 2 с кейінгі импульсін табыңдар.
1. 12 кг* м/с
2. 2,4 кг• м/с
3. 24 кг• м/с
4. 14 кг• м/с
5. 6 кг• м/с
54. Жиілігі 1 Гц және амплитудасы 0,4 м болатын синусоида графигімен өзгеретін гармоникалық тербелістің теңдеуін жазыңдар.
1. x(t)=0,4sinПt
2. x(t)=4sin2Пt
3. x(t)=0,4sin2Пt
4. x(t)=0,04sin2Пt
5. x(t)=0,04sinПt
55. Жиілігі 4.17•1015 Гц қызыл сәуленің энергиясын табыңдар. (һ=6,62•10-34 Дж•с ).
1. 25,6•10-19 Дж
2. 23,6•10-19 Дж
3. 26,6•10-19 Дж
4. 27,6•10-19 Дж
5. 24,6•10-19 Дж
56. Барий оксидін жиілігі 1013Гц жарықпен сәулелендіру кезіндегі электрондардың алатын максимал кинетикалық энергиясын табыңдар. Барий оксиді үшін шығу жұмысы 1,58•10--19 Дж. (һ=6,62•10-34 Дж•с, 1эВ=1,6•10-19 Дж ).
1. 3,25эВ
2. 3,15эВ
3. 3,35эВ
4. 3,5эВ
5. 3,45эВ
57. Бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бағытында жүзеге асатын толқын
1. бойлық толқын
2. жарық толқыны
3. электромагниттік толқын
4. көлденең толқын
5. магниттік толқын
58. Орынынан жылжи бастаған автомобиль, теңүдемелі 2м/с2 үдеумен қозғала отырып, үшінші секундта жүретін жолын есептеңдер
1. 6м
2. 9м
3. 3м
4. 7м
5. 5м
59. Тікұшақ көлденең бағытта түзу бойымын 30 км ұшқаннан кейін, 900 бұрышпен бұрылып, тағы 40 км ұшты. Тікұшақтың жүрген жолы мен орын ауыстыруын табыңдар
1. 70км, 70км
2. 70км, 0
3. 60км, 50км
4. 30км, 40км
5. 70км, 50км
60. Шамасы 150 Н күштің әсерінен дене x=100+5t+0,5t2 координатасымен өзгеретіндей түзусызықты қозғалады. Дененің массасын табыңдар
1. 200кг
2. 250кг
3. 100кг
4. 150кг
61. Жарық сәулесі сыну көрсеткіші п1=1 ауадан сыну көрсеткіші п2=165 шыныға өткен кезде оның жылдамдығы қалай өзгеретінін табыңдар.
1. 1,5 есе артады
2. 1,5 есе азаяды
3. 2,25 есе артады
4. 2,25 есе азаяды
62. ядросының байланыс энергиясы 139,8 МэВ болса, оның меншікті байланыс энергиясын есептеңдер
1. 7,47 МэВ/нуклон
2. 7,57 МэВ/нуклон
3. 7,77 МэВ/нуклон
4. 7,67 МэВ/нуклон
5. 7,78 МэВ/нуклон
63. Баланың, динамометр серіппесін 0 Н – 5Н-ға; 5 Н – 10 Н-ға; 10 Н – 15Н-ға созған кездегі атқарған жұмыстарын салыстырыңдар.
1. 1:3;2
2. 1:2:3
3. 1:3:5
4. 2:4:5
64. Екі дене OX өсінің бойымен координаталары х1=10+2t және х1=5+4t өзгеретіндей қозғалуда. Денелердің кездесетін орыны мен уақытын табыңдар
1. 15 м; 2,5
2. 5 м; 4
3. 10 м; 2,5
4. 10 м ; 2
5. 15 м; 5
65. Салмағы 270 Н болуы үшін алюминийдің қандай көлемі қажет екенін анықтаңдар. (тығыздығы 2700кг/м3 еркін түсу үдеуі 10Н/кг )
1. 10дм3
2. 100дм3
3. 1дм3
4. 0,1дм3
66. Массасы 3 т автомобиль қисықтық радиусы 50 м ойыс көпір арқылы 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобиль көпірді қандай күшпен қысатынын есептеңдер.(g = 10м/c2)
1. 39кН
2. 37кН
3. 36кН
4. 35кН
67. Массасы 60 кг адам 10м/с жылдамдықпен қозғала отырып, массасы 80 кг жылдамдығы 15 м/с арбаға секіріп мінді. Денелер жүйесінің жылдамдығын табыңдар.
1. 12,9м/с
2. 12,5м/с
3. 11,9м/с
4. 5м/с
5. 25м/с
68. Тербелмелі контур сыйымдылығы 40 мкФ конденсатордан және индуктивтілігі 40 Гн катушкадан тұрады. Тербелмелі контурдың жиілігін есептеңдер.
1. 30Гц
2. 30Гц
3. 40Гц
4. 4Гц
5. 3Гц
69. Электромагниттік толқындарды олардың толқын ұзындығының өсу реті бойынша орналастырыңдар: 1-инфрақызыл сәуле; 2-ультракүлгін сәуле; 3-көрінетін жарық; 4-гамма сәулелер; 5-рентген сәулелер.
1. 1; 2; 4; 5; 3
2. 1; 2; 4; 5; 3
3. 4; 5; 2; 3; 1
4. 4; 2; 3; 5; 1
5. 1; 2; 3; 4; 5
70. Толқын ұзындығы 5*10-7м фотонның энергиясын анықтаңдар.
1. 3*10-19Дж
2. 5*10-19Дж
3. 4*10-19Дж
4. 6*10-19Дж
71. Дене қозғалысы x=2+10t(м) теңдеуімен өзгереді. Дененің бастапқы координатасын, жылдамдығын анықтаңдар7
1. 2м; 10м/с
2. 10м; 2м/с
3. 2м; 5м/с
4. 5м; 2м/с
72. Ғарыштық ракета Жер бетінен ұша бастаған кезде тік жоғары 20м/с2 үдеумен қозғалады. Егер ғарышкердің массасы 90 кг болса, оның кабинаға түсіретін салмағын табыңдар. (g = 10м/c2)
1. 2500Н
2. 2700Н
3. 2900Н
4. 2600Н
5. 2800Н
73. Дененің жылдамдығы 20 м/с кездегі импульсі 500 кг*м/с болса, оның массасын табыңдар.
1. 40кг
2. 50кг
3. 25кг
4. 35кг
5.30кг
74. Серіппеге ілінген массасы 0,5 кг жүк 10 с аралығында 30 тербеліс жасайтын болса, серіппенің қатаңдығын табыңдар
1. 58Н/м
2. 55Н/м
3. 57Н/м
4. 56Н/м
75. ядросының ядросының бета- ыдырау реакциясын табыңдар.
76. Жердің бетінен қандай қашықтықта ғарыш кемесінің Жерге тартылу күші, оның бетімен салыстырғанда 100 есе кіші болатынын табыңдар. (Мұндағы RЖ - жердің радиусы деген сөз)
1. 8RЖ
2. 9RЖ
3. 10RЖ
4. 11RЖ
77. Ұшақ радиусы 100 м «өлі тұзақ» жасай ұшып, 288 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Егер ұшқыштың массасы 80 кг болса, ол тұзақтың ең жоғары нүктесінде ұшақ орындығына қандай күш түсіретінін есептеңдер.
1. 4,3кН
2. 4,6кН
3. 4,9кН
4. 4кН
78. Ядроның құрамына кіретін оң зарядты бөлшек
1. нейтрон
2. атом
3. протон
4. электрон
80. Дене 27 м биіктіктен еркін түседі. Осы биіктікті әр бөлігін бірдей уақытта жүріп өтетеіндей үш бөлікке бөліңдер.
1. 3 м; 9 м; 15 м
2. 3 м; 10 м; 14 м
3. 4 м; 8 м; 15 м
4. 3 м; 10 м; 14 м
81. Массасы 5 т автомобиль қисықтық радиусы 60 м дөңес көпір арқылы 21,6 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобиль көпірді қандай күшпен қысатынын есептеңдер.
1. 49кН
2. 48кН
3. 47кН
4. 46кН
5. 45кН
82. Ядролық реактордың негізгі бөлігін құрайтын элементі
1. тежегіш
2. жылу шығарғыш элемент
3. апаттық таяқша
4. белсенді аумақ
83. Кейбір биіктіктен еркін құлған дене, соңғы 200 м биіктіктен 4 с-та түскен болса, оның бастапқы биіктігін табыңдар. Еркін түсу үдеуіg = 10м/c2
1. 225м
2. 240м
3. 245м
4. 250м
Достарыңызбен бөлісу: |